Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы Мазмұны



жүктеу 0,68 Mb.
бет2/4
Дата25.11.2017
өлшемі0,68 Mb.
#1770
1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА

ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫН 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІН

ДАМЫТУДЫҢ ПАЙЫМЫ
Туризмді Қазақстан Республикасындағы дамудың ұлттық басымдықтарының бірі ретінде қарастыру үшін бірнеше негізгі экономикалық және әлеуметтік алғы шарттары бар:

1) туризм саласында жаңа жұмыс орындарын құру, оның ішінде ауылдық және шалғай аудандардың халқын және жастарды дәстүрлі өмір салтынан үзбей жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндігі;

2) отбасылар, шағын және орта кәсіпорындар үшін бизнес мүмкіндіктер жасай отырып, оның ішінде туристік кластерлердің неғұрлым перпективалық өңірлерінде зәкірлік туристік жобаларды іске асыру есебінен, халықтың қалың санаты арасында кәсіпкерлік қызметтің мәдениетін дамытуға жәрдемдесу;

3) Қазақстан Республикасының өңірлері мен ауылдық аудандарды дамытуға үлес қосу, оның ішінде шалғай аудандардағы инженерлік-көліктік және туристік инфрақұрылымды, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің инфрақұрылымын дамыту;

4) ауыл шаруашылығын, машина жасауды, жеңіл және тамақ өнеркәсібін, креативті индустрияны, өндірістік емес секторды қоса алғанда, экономиканың басқа да секторларында ынтымақтастыққа жәрдемдесу және мүмкіндіктер жасау;

5) елдің жалпы ұлттық құндылықтарын «Үлкен ел-Үлкен отбасы» жалпы ұлттық жобамен тығыз біріктіріп, туризмнің жалпы ұлттық «Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтарын насихаттауға ықпал ететін, әлеуметті – мәдени, этникалық, медициналық, спорттық, қажылық, ғылыми-танымдық, балалар мен жасөспірімдер туризмі түрлері мен басқа да түрлерін қоса алғанда, ұлттық және мемлекетаралық өзара түсіністікті ілгерілетуге ықпал ететін жағымды және өнімді мәдениет аралық қатынастар құруға жәрдемдесу;

6) Республиканың өңірлік және әлемдік нарықтарда танымдылығын белсенді елдік маркетингін және Ұлы Жібек жолы брендін жылжыту арқылы арттыру;

7) ЮНЕСКО-ның Дүниежүзiлiк Мәдени Мұра тiзiмiне енген тарих және мәдениет ескерткiштерінің тізбесі кіретін Қазақстанның бай тарихи-мәдени мұрасы.

Қазақстан Республикасында туризм индустриясын дамытудың стратегиялық пайымдауы – бұл 2020 жылға қарай Қазақстанды жаһандық танымал туристік дестинация ретінде бекіту.

Экономиканы әртараптандырудың және республика халқының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттырудың ұлттық мақсаттарына қол жеткізу мақсатында туризм индустриясы туризмнің ішкі және халықаралық нарықтарында тартымды туристік өнімдерді ұсынатын туризмнің кәсіби қызметкерлері шұғылданатын бәсекеге қабілетті туристік бизнесі бар белгілі бір туристік кластерлерде дамуға тиіс. Осы бағыттағы даму барлық жұмылдырылған мүдделі тараптар – мемлекет, бизнес және қызметкерлер үшін туристік қызметтен түсетін кірістердің қуатты және тұрақты өсуіне ықпал етуге тиіс.




  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫН 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ДАМЫТУДЫҢ МАҚСАТТАРЫ, МІНДЕТТЕРІ, КЕЗЕҢДЕРІ ЖӘНЕ КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕРІ

2020 жылға дейін Қазақстан Республикасында туризм индустриясын дамытудың негізі мақсаттары:



  1. жаңа туристік «тәжірибелердің» жүйесін құру мен жергілікті және шетелдік туристерге арналған халықаралық бәсекеге қабілетті өнімдер мен қызметтер әзірлеу;

  2. экологиялық туризмді және экологиялық ағартуды, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда дамыту; туризмнің «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын насихаттауға ықпал ететін түрлерін жылжыту;

3) туризм саласын басқарудың кәсіби жүйесін құруға жәрдемдесу;

4) елдің тарихи-мәдени ландшафтын туристік саланың инфрақұрылымдық жобаларына белсенді түрде біріктіре отырып, мәдени-туристік кластерлерді дамытуға жәрдемдесу.

2020 жылға дейін Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясын дамытудың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:


  1. мемлекет экономикасына туристік саланың үлесін арттыру;

  2. Қазақстан Республикасында туризм индустриясы өсуінің едәуір әлеуетін ескере отырып, экономикалық өсу мен инвестицияларды ынталандыру;

3) азаматтық қағидаттары және Мәңгілік Ел құндылықтарының негізінде сәйкестікті нығайту;

4) туризм индустриясы мен экономиканың ілеспе салаларында жұмыс орындарын құру;

5) кәсіпкерлікті, оның ішінде экономиканың аралас салаларында ШОБ-ты және ауылдық аудандарды қоса алғанда, жалпы ел және өңірлер бойынша адами әлеуетті дамыту.

Туризм саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру және саланы дамыту жағдайын қамтамасыз ету үшін экономиканың басым секторларының бірі ретінде қазақстандық туризмді әлемдік туристік нарыққа ықпалдастыру үшін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешендерін құру қажет.

Туризм саласын дамытудың негізгі индикаторлары келушілер саны, түнеуге арналған төсек-тәулік саны, сондай-ақ туристік қызметтен түсетін табыс көлемі болып табылады. Осы тұжырымдаманың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу дамытудың әрбір кезеңінде туризмді дамыту көрсеткіштерінің артуы арқылы айқындалады.

Көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін Қазақстанда туризмді дамытудың мынадай кезеңдері ұсынылады:

1 кезең 2017 - 2018 жылдар;

2 кезең 2019 - 2020 жылдар.



1-кезең неғұрлым маңызды болып табылады, өйткені одан кейінгі кезеңдердің сәттілігі жұмыстардың 1-кезең шеңберінде орындалуына байланысты: қолданыстағыларын бейімдеу және жаңа құқықтық шаралар мен институционалдық тетіктер құру, олардың көпшілігі 2017-2018 жж. дайын болуға тиіс.

Туризм саласының институционалды тиімділігін арттырудың негізгі мәселелерінің бірі мәдениет саласымен біріктіру болып табылады. Осыған байланысты, туризм саласындағы функцияларды штаттық кестемен мәдениет саласындағы уәкілетті органның қарамағына 2016 жылдың соңына дейін беру орынды.

Бұл кезең, сондай-ақ дамудың алғашқы сатысы болып табылады, осы кезең бойы барлық ұлттық (ірі) туристік жобалар дайындалу және олардың құрылысына бастамашылық ету, басқа (шағын) туристік жобаларды әзірлеуді ынталандыру, жалпы инфрақұрылым мен адами ресурстарға инвестициялау, ұлттық туризмнің маркетингі, брендингі жүйесін әзірлеу, сондай-ақ жылдам нәтижелер алуға бағытталған шараларды қабылдау қажет.

Инвестициялар тұрғысынан, зәкірлік және өңірлік туристік жобаларды, оның ішінде тәуекелдік деңгейі төмен және қысқа мерзімде іске асыруға болатын жобаларды дамыту шеңберінде жаңа орналасу орындарын және туристік инфрақұрылым объектілерін құру жоспарлануда. 1-кезеңде жоспарланған шараларды іске асыруды ескере отырып, осы кезеңде орналастыру орындарында келушілер ағыны – 4,5 млн. келуші туристі, төсек/тәулік саны 8,1 млн. құрайды. Туристік қызметтен түсетін табыс шамамен 315 млрд. теңгені құрайды.



2 кезеңде ішкі және шығу туризмін одан әрі дамыту жоспарлануда.

Бұл кезеңде инфрақұрылымды дамытуды жалғастыру, адами ресурстар әлеуетін нығайту және маркетинг саласында басқа да іс-шараларды орындау маңызды.

Сонымен қатар, туристік ұсыныстарды әртараптандырумен және шағын және орта бизнес кәсіпорындарын едәуір қолдаумен барлық ел бойынша туристік жобаларды дамыту үшін 1 кезеңнің іс-шараларын іске асыру осы кезең ішінде жалғастырылатын болады. 2 кезеңге жоспарланған шараларды жүзеге асыруды ескере отырып, осы кезеңде орналастыру орындарында келушілер ағыны – 5,3 млн. келуші туристі, төсек/тәулік саны 9,0 млн. құрайды. Туристік қызметтен түсетін табыс 381 млрд. теңгені құрайды.

Күтілетін нәтижелер

Инвестициялар тартқан және мемлекеттік бюджеттен қажетті көлемде қаражат бөлінген жағдайда, жоғарыда көрсетілген мақсаттар мен міндеттерді сәтті іске асыру Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясы көрсеткіштерінің мынадай өсіміне алып келеді:

1) туристерді орналастыру орындары: 2015 жылғы 118 355 төсек-орыннан 2020 жылы 198 мың төсек-орынға дейін (1,7 есе өсу, жиынтық жылдық өсу қарқыны 11 %);

2) туристердің түнеу саны (ішкі және бару туризмі бойынша): 2015 жылғы 7 017 070 туристік түнеуден, 2020 жылы 16,0 млн. туристік түнеуге дейін 2,3 есеге, өсу жылдық жиынтық өсу қарқыны 18%);

3) туристің осында қалуының орташа ұзақтығы: 2015 жылғы бір реттік туристке 2,0 түнеуден, 2020 жылы бір реттік туристке 4,0 түнеуге дейін (2,0 есеге өсу);

4) қонақ үйлердің төсек-орын толтырылымы: 2015 жылғы 23,5 %-дан, 2020 жылы 45,0 %-ға дейінгі толтырылым (1,9 есеге өсу);

5) туризм саласындағы жұмыспен қамту: 2015 жылғы  103,6 мың қызметкерден 2020 жылы 151,8 мыңға дейін (кемінде, 12 мың жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру).

Туристік сұраныстың күтілетін өсімі негізінен әкімшілік бөгеттерді азайту, жаңа туристік ұсыныстарды дамыту (жаңа объектілер) және көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру мен ішкі туризмді ынталандыру бойынша мемлекеттік қолдау есебінен болады.

Жалпы туристік келу санының құрылымы 2020 жылы:

Ішкі туризм нарығының үлесі 4,3 млн. адамды (келушілердің жалпы санының 82,5 %) құрайды, 2015 жылға қарағанда 1,4 есе көп, сол кезде шет елдік келушілер үлесі 17,5% (924,5 мың адам) құрайды, бұл 2015 жылдың көрсеткішінен 1,3 есеге артық.




  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАРЫ МЕН ЖАЛПЫ ТӘСІЛДЕРІ


Туристік кластерлер

Жоғары халықаралық бәсекелестік дәуірінде туристік сұраныс қарқынды өзгерістерге ұшырауда. Осыған байланысты ішкі және халықаралық келуші үшін анағұрлым тиімді туристік «тәжірибе» жүйесін құру мақсатында мүдделі құрылымдар тарапынан Қазақстан Республикасының туристік өнімін қалыптастыруға және ілгерілетуге жаңа қағидаттар мен тәсілдер әзірлеу қажет. Туристік өнімнің бірегейлігі мен сапасына қарамастан, жоғары дамыған инфрақұрылымның (көлік инфрақұрылымы, телекоммуникациялық байланыс арналары, тұрмыстық қызмет көрсету және т.б.) болмауы саяхаттан қанағаттану деңгейін төмендетеді, соның салдарынан туристік келу санының қысқаруына және аумақтың ішкі және әлемдік туристік нарықтарда аумақтың бәсекеге қабілеттілік деңгейінің азаюына әкелетіндігін назарға алған жөн.

Осыған байланысты әртүрлі аумақтық деңгейлерде (ел, облыс, аудан, қала) туризмді ұйымдастырудың жаңа тәсілдері әзірленетін болады. Осындай әдістердің бірі кластерлік тәсіл болып табылады.

Қазіргі уақытта отандық туризм үшін тиісті әкімшілік-аумақтық құрылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында кластерлерді қалыптастыру міндеті неғұрлым өзекті болып отыр.

Туристік кластер – бұл туристік өнімді жасаумен, өндірумен, ілгерілетумен және сатумен, сондай-ақ туризм индустриясымен және рекреациялық көрсетілетін қызметтермен аралас қызметпен айналысатын өзара байланысқан кәсіпорындар мен ұйымдардың бір шектелген аумақ аясында шоғырлануы.

Туристік кластерді құрудың мақсаты – синергетикалық әсер есебінен туристік нарықта аумақтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оның ішінде:

1) кластерге кіретін кәсіпорындар мен ұйымдар жұмысының тиімділігін арттыру;

2) инновацияларды ынталандыру және жаңа туристік бағыттарды дамыту.

Туристік кластерді құру іс жүзінде аумақтың тұрпатын айқындайды және өңірдің оң имиджін қалыптастыруға әсерін тигізеді, бұл жалпы алғанда жоғары ықпалдастырылған туристік ұсыныстар мен бәсекеге қабілетті туристік өнімдерді құрады. Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мәдени саясаты тұжырымдамасының басымдылықтарын ескере отырып, Қазақстанда алты мәдени-туристік кластер құрылуы мүмкін: Астана – Еуразия жүрегі, Алматы – Қазақстанның еркін мәдени аймағы, Алтай маржаны, Ұлы Жібек Жолын жаңғырту, Каспий қақпасы, Табиғат пен көшпенді мәдениеттің тұтастығы.

«Астана – Еуразия жүрегі» - бұл кластерге Астана қаласы кіреді. Осы кластерде әзірленетін негізгі туристік өнімдер – бұл MICE-туризм және қысқа мерзімді демалыс.

«Алматы – Қазақстанның еркін мәдени аймағы» - бұл кластерге Алматы қаласы мен Алматы облысының бөлігі кіреді. Алматы қаласы кластердің орталығы болып, онда туристік қызығушылықтың мынадай негізгі орындары айқындалады:


  1. петроглифтері бар Тамғалы археологиялық ландшафты (ЮНЕСКО объектісі);

  2. ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;

  3. Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы Шарын шатқалы;

  4. Қапшағай су қоймасы;

5) «Ақбұлақ» халықаралық туристік орталығы;

6) ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бар Алматы қаласы маңындағы тау шаңғысы аймақтары;

7) Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;

8) «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;

9) Ұйғыр ауданындағы «Кара Дала» бальнеологиялық курорттық аймақ

10) Хан Тәңірі шыңы – Қазақстанның ең биік шыңы.

Болашақта кластер Алматы облысының басқа бөліктерін қосып кеңеюі, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген жаңа туристік қызығушылық орындарын – Балқаш көлін, Ешкіөлмес петроглифтері бар Жетісу Алатау тау сілемдерін, Есік қорғандары мен «Жібек жолы» сериялық трансұлттық номинациясына енгізілген объектілерді (Талғар қалашығы, Боралдай сақ қорғандары) ұсынуы мүмкін.

Алматы халықаралық тау, іскер және тау шаңғысы туризмінің орталығы болады және «Қаладағы және таулардағы ойын-сауық» кластері ретінде сипатталатын болады. Аталған кластер ұсынатын негізгі туристік өнімдерге MICE-туризм, мәдени туризм және турне, таулардағы және көлдердегі демалыс және қысқа мерзімді демалыс жатады.



Алтай маржаны Шығыс Қазақстан облысының солтүстік және шығыс бөліктерін қамтиды. Өскемен қаласы кластердің орталығы болады, мұнда алты маңызды туристік қызығушылық орындары айқындалған:

1) «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы-мұражайы объектілері;

2) Бұқтырма су қоймасы;

3) Ертіс өзені – Зайсан көлі;

4) Қатонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;

5) Қалжыр шатқалы;

6) Риддер – Анатау мен Иванов таулары;

7) Алакөл көлі;

8) Семей қаласы.

Болашақта кластер Шығыс Қазақстанның қалған бөліктерін қамти отырып кеңеюі мүмкін.

Алтай маржаны «Табиғаттың ғажайып әлемі» ретінде сипатталып, экологиялық туризмді дамыту орталығы болып табылады.



Аталған кластерде әзірленетін негізгі туристік өнімдерге белсенді және қызық оқиғалы туризм, таулар мен көлдердегі демалыс жатады.

«Ұлы Жібек Жолын жаңғырту» Қызылорда облысының орталық және шығыс бөліктерін, Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығыс және солтүстік-батыс бөлігін, Жамбыл облысының оңтүстік-батыс бөлігін қамтитын кластер болып табылады. Шымкент қаласы кластердің орталығы болады, онда мынадай туристік қызығушылықтың орындары ұсынылған:

  1. ежелгі Түркістан және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы-мұражайы объектілері (ЮНЕСКО объектілері);

  2. ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген ортағасырлық Отырар қалашығының және отырарлық алқаптың археологиялық объектілері;

  3. Сауран археологиялық кешені;

  4. палеолиттік учаскелері мен геоморфологиясы бар Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы; ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген Арпаөзен петроглифтері;

  5. Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;

  6. «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік ұлттық табиғи қорығы;

  7. Байқоңыр ғарыш айлағы;

  8. Қызылорда, Сарыағаш, Тараз қалалары;

  9. «Қасқасу» тау курорты.

Болашақта кластер үш облыстың қалған бөліктерін қамти отырып, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізілген түркіге қасиетті Меркі, сондай-ақ «Жібек жолы» сериялық ұлтаралық номинациясына енгізілген объектілер (Жетіасар алқабының ескерткіштері, Сығанақ қалашығы) секілді жаңа туристік қызығушылық орындарын ұсынуы мүмкін.

Ұлы Жібек Жолын жаңғырту кластері «Ұлы Жібек жолының жүрегі» ретінде сипатталатын болады. Аталған кластерде әзірленетін негізгі туристік өнімдерге мәдени туризм мен турне жатады.



«Каспий қақпасы» барлық Маңғыстау облысын және Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарының бір бөлігін қамтитын кластер болып табылады. Ақтау қаласы аталған кластердің орталығы болып табылады, мұнда мынадай туристік қызығушылық орындары орналасқан:

  1. Бекет ата, Шопан ата және Қараман ата жер асты мешіттері мен Омар мен Тұр кесенесі;

  2. Маңғышлақ түбегіндегі қорымдар;

  3. Шерқала тауы;

  4. Қарақия-Қаракөл мемлекеттік табиғат қорығы;

  5. «Бөкей Ордасы» ескерткіштер кешені;

  6. «Кендірлі» шипажайы;

  7. «Сарайшық» қалашығы.

Аталған кластерде әзірленетін негізгі туристік өнімдерге жағажай туризмі, мәдени туризм және турне жатады.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізін іске асыру шеңберінде өңірлердің бірегей объектілері мен республиканың батыс және шығыс «шекара қақпаларындағы» тиісті жағдайлармен туристердің орналасуы, демалысы мен қажетті сервистік қызметтер алуы үшін қазіргі заманғы туристік инфрақұрылым құрылады.



«Табиғат пен көшпенді мәдениеттің тұтастығы» Ақмола және Қарағанды облыстары, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батыс бөлігі және Павлодар облысының батыс бөлігін қамтиды. Бурабай курортық аймағы кластердің орталығы болып табылады, онда туристік қызығушылықтың мынадай негізгі орындары орналасады:

1) «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;

2) «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;

3) «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;

4) Қарағанды қаласы;

5) Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;

6) Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;

7) Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи қаумалы (зоологиялық);

8) Солтүстік Балқаш маңы.

Болашақта кластер ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген жаңа туристік қызығушылық орындарымен толығуы мүмкін: мегалит дәуіріне жататын Беғазы-Дәндібай мәдениетінің қорымдары, Тасмола мәдениетініңжарқыншақ тастар қорғаны, сондай-ақ «Жібек жолы» сериялық трансұлттық номинациясына енгізілген объектілер (Бозоқ қалашығы).

Кластер көшпелі мәдениет пен дала әртүрлілігінің орталығы болады. Аталған кластерде әзірленетін негізгі туристік өнімдер – бұл мәдени туризм және турне, таулар мен көлдердегі демалыс, қысқа мерзімді демалыс.

Қазақстанның басқа бөліктері. Кластерге енбеген өңірлер үшін, сондай-ақ аудандық деңгейлерде ең алдымен ішкі туризмді дамыту үшін болашағы зор туристік өнімдер айқындалатын болады. Бұл жағдайда тиісті инфрақұрылымды дамыту жөніндегі шағын жобаларды әзірлеу және іске асыру орынды.

Қазақстанның барлық өңірлері үшін неғұрлым тартымды турөнімдердің біріне туризмнің басым түрлерінің бірі болып табылатын, аталған аумақтардың табиғи және мәдени-этнографиялық ерекшеліктерімен танысу мақсатында қол тимеген табиғи аумақтарға саяхатты қамтитын экологиялық туризмді жатқызуға болады.

Бұл ретте аталған саяхат экожүйелердің біртұтастығын бұзбауға тиіс және жергілікті тұрғындар үшін тиімді болатындай табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау үшін жағдай жасау қажет.

Елдің «жасыл экономика» қағидаттарына көшуіне белгіленген бағдарын ескере отырып, агротуризм (ауылдық туризм) мысалы ауыл халқын баламалы жұмыспен қамтудың ұйытқысы ретінде ғана емес, яғни өңірлердің экономикасына қаржылық қолдауды қамтамасыз етуде және экологиялық «таза» ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуда үлгі етіп көрсетуге тұрарлық.

Агротуризм келуші қонақтарға орналасу, демалу, тамақтану, экскурсиялық қызмет көрсету бойынша, сондай-ақ олардың бос уақыты мен спорттық іс-шараларды, балық аулау мен аңшылықты ұйымдастыру, білім мен дағдыларды алу, сондай-ақ туризмнің белсенді түрлерімен айналысуға мүмкіндікті қалыптастыру мен ұсынуды көздейтін біршама жаңа және перспективті бағыт болып табылады. Ауылдық туризмнің тартымды ерекшеліктері таза ауа, үйдегі сияқты атмосфера, адам қолы тимеген табиғат, табиғи азық-түлік, тыныштық және салмақты тұрмыс-тіршілікболып табылады. Бұл табиғатқа ұқыпты қарау экономикалық тиімді болатын жергілікті халықты осы процеске тартуға ықпал ететін қоршаған ортаны қорғаудың қуатты құралы болып табылады.

Агротуризм бойынша (ауыл туризмі) жаңа туристік инфрақұрылымды құруды қамтамасыз ету, өңірде агротуризммен айналысатын ШОБ-ті қалыптастыру және дамыту үшін мемлекеттік қолдау тетіктерін айқындау, әдістемелік құралдарды әзірлеуді, қонақ үйлер ашатын кәсіпкерлерге консультативтік көмек көрсетуді қамтамасыз ету, жергілікті және өңірлік деңгейлерде ақпараттық қолдау және қонақ үйлерді ілгерілету үшін пәрменді құралды айқындау мәселесі қамтамасыз етілетін болады.

Балалар мен жасөспірімдер туризмін дамытуды барлық мүдделі органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, мектепте білім беру жүйесіндегі жойылған құрылымдарды қалпына келтіру және көптеген пәндер бойынша оқу жоспарларын жаңарту арқылы кешенді жүргізілуі тиіс.

Балалар мен жасөспірімдер туризмі, туризмнің белсенді түрі бола тұра, мыналарға ықпал етеді:

өскелең ұрпақты табиғатпен қатынасу арқылы зиянды әдеттерге балама

салауатты өмірге тарту;

рух пен руханиятты тәрбиелеу;

туған өлкені іс жүзінде тану, қоршаған табиғатпен, тарихи және мәдени

ескерткіштермен танысу.

Жас кезінен туризмнің әркелкі түрлерімен айналысу азаматтылықты, туристік мәдениеттілікті, қонақжайлылық идеологиясын жалпыұлттық идея ретінде қабылдау қасиетін тәрбиелеуді мүмкін етеді, оны іске асыру туризмді экономиканың әрекетті, табиғат пен қоғам үшін барынша аз салдарлармен мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін секторы ретінде дамытуды мүмкін етеді.

Астана қаласында жоғары деңгейде технологиялық жарақталған жоғары сапалы медициналық клиникалары паркінің барын есепке ала отырып және кейбір медициналық қызметтерге құнының төменділігіне қатысты Астана қаласы тек қазақстандықтарды емес, сондай-ақ шетелдік азаматтарды да тартумен, медициналық туризмді дамыту әлеуетіне ие. Ұлттық медициналық холдинг «отандық медицинаның локомотиві» болып табылады, оған медициналық туризмді дамыту бойынша үлкен үміт артылады.

Жылдан жылға киелі орындарға турлар танымалдығы артып келеді, оның басты элементі зияраттар (киелі жерлерді аралау) болып табылады. Өйткені әлемдік діндердің басым бөлігінде қажылық жасау дәстүрі бар. Қазіргі кезде туристер Қазақстанның киелі жерлеріне ешбір қиындықсыз бара алады.

Адамдардың спортқа қызығушылығы артуы себебінен спорттық туризмді дамытуға аса назар аудару керек, бұл халықаралық деңгейде көпшілікті іс-шаралар өткізу: олимпиадалар, турнирлер, фестивальдар және т.б. Қазақстанның осындай іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуде тәжірибесі мен тиісті материалдық-техникалық базасы бар (7-ші Қысқы Азия ойындары)

Қазіргі уақытта, адамдардың көпшілігі салттар мен дәстүрлерден айырылған көп ұлтты мегаполистерде және қалаларда тұрған кезде этностық туризм ерекше маңызды және танымал болып келеді, онда өзінің немесе басқа этностық топтарды салттарымен, дәстүрлерімен, сәулетімен, ұлттық костюмдерімен және мерекелерімен, мәдениетімен және тілімен танысуға болады. «Этноауыл» жобасын әзірлеу отбасылық қарым-қатынастың нығаюына, жастарды рухани-адамгершілік тәрбиелеуге, мәдени құндылықтарды сақтауға және отбасылық құндылықтарды дамытуға ықпал етеді.

Іскерлік туризм (MICE-туризм) – бізнес-себептермен байланысты ұйымдастырылған сапарлар санатына жатады: іскерлік кездесулер, көтермелеу турлары, конференциялар, көрмелер, іс-шаралар, жұмыс топтарының отырыстары, семинарлар және іскерлік сапарлар барысындағы бос уақыт.

Қазақстанның әлеуеті мәдени-танымдық туризмді дамыту үшін тартымды – мәдени ескерткіштер орналасқан жерлерге, табиғи ескерткіштерге және тарихи мұра ескерткіштеріне ұйымдастырылған турлар мен гид ертпейтін турлар.

Еліміздің мәдениетін шетелде дәріптеудің тиімді құралы ретіндегі мәдени-танымдық туризмнің ерекше рөлін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Шетелдік туристерді тарту креативті индустрияны қарқынды дамытудың маңызды шарты болып табылады.

Жағажайлық туризм біздің елде қысқа мерзімді кезеңмен, қажетті инфрақұрылымның жоқтығымен сипатталады, алайда туризмнің бұл түрін тізбеден алып тастауға болмайды.

Туризмнің жоғарыда аталған түрлері «тез болатын әсер» қатарына да, стратегиялық, қомақты инвестициялар мен белгілі жұмыстар жүргізуді қажет ететін нәтижелерге де жатқызыла алады.

Көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасына кепілдік беру үшін ауылдық демалыс үйлерінің бірыңғай сыныптамасын әзірлеу жөніндегі мәселені шешу, осы сыныптаманың критерийлерін айқындау және ауылдық қонақ үйлер үшін бірыңғай стандарттарды бөлу қажет.

Қазақстанның шекара маңы облыстары үшін туризмді дамытудың үлкен перспективалары бар. Халықаралық ынтымақтастықты тереңдету, бірлескен туристік бағыттарды, оның ішінде іргелес елдердің азаматтары үшін бір/екі күндік экскурсиялар жасау және дамыту, мәдениет фестивальдерін өткізу орынды.

Жалпы, жергілікті атқарушы органдар туризм саласындағы орталық уәкілетті органмен өзара іс-қимылды нығайтуы, қысқа мерзімді/ұзақ мерзімді перспективаға арналған туризмді дамытудың өңірлік мастер-жоспарларын қайта қарауы/әзірлеуі, жұмыс істеп тұрған туристік ұйымдар, типтері бойынша орналасу орындары бар инфрақұрылым объектілері, ойын-сауық және өзге де объектілер тізбесін қамтитын дерекқорды тұрақты жаңартуы қажет.

Кәсіпкерлермен туризм саласындағы, сондай-ақ сабақтас қызмет салалардағы жұмыс күшейтілетін болады, жергілікті жерлерде мемлекеттік қолдау құралдарының пәрменді жұмысына ықпал ететін тетіктерді айқындалатын болады. Өңірде туристік кадрларды даярлауды басымдықтардың бірі ретінде айқындау, туризм үшін кадрларды даярлауды жүзеге асыратын оқу орындарымен тығыз байланыс жасау.

Жеке сектормен және салалық қауымдастықтармен әріптестікте инсентив-туризмді ілгерілету және ел ішіндегі демалыс үшін қызметкерлерді жолдамалармен көтермелеу тетіктері енгізілетін болады. Әлеуметтік туризмді дамыту жөніндегі шаралар әлеуметтік туризмді ұйымдастырушылар үшін экономикалық ынталандыруларды және туристік қызметтерді көрсету және алу, әлеуметтік туризм объектілерін құру, реконструкциялау және пайдалану кезінде оған қатысушылар үшін жеңілдіктерді қамтитын болады.

Әлеуметтік туризм

Барлық өңірлер үшін қызметтің басым бағыттарының бірі халықтың белгілі бір санатының ел ішіндегі туристік қызметтерге қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін әлеуметтік туризмін дамыту болып табылады.

1980 жылғы Әлемдік туризм жөніндегі Маниль декларациясы әлеуметтік туризмді қоғамның аз қамтылған азаматтардың демалу құқықтарын пайдалана отырып, солардың мүддесіне қатысты ұмтылуы тиіс мақсаты ретінде жариялады.

Әлеуметтік туризм жөніндегі халықаралық ұйым туризмнің осы түріне, өздеріне туризмге қатысу мүмкіндігін жасай алмайтын, аз қамтылған болып табылатын ондаған елдің адамдарының қатысуымен байланысты қарым-қатынастар мен құбылыстар ретінде анықтама береді. Оған қатысуға нақты әлеуметтік шаралар мен әлеуметтік ойыншы мақсатын ұстанушылар саясатын біріктіру арқылы мүмкіндік туады және жеңілдей түседі.

Мұндай тұжырым адамдардың нысаналы топтарына берілетін тікелей субсидияларды ғана емес, қолжетімді туризмнің инфрақұрылымын қалыптастыруды да қамтиды, бұл әсіресе Қазақстандағы ішкі туризмді дамыту үшін өзекті.

Кеңестік кезеңде, әлеуметтік туризм дамуы жоғары болды, алайда тәуелсіздік алғаннан кейін әлеуметтік туризмге мемлекеттік қолдау көрсетудегі, соның ішінде қаржыландыруға қатысты барлық іс-шаралар тоқтатылды, ал жеке туризм бизнесі көп пайда табуды ғана көздеді. Сондықтан, әлеуметтік туризмнің дамуы ҮЕҰ және кәсіпкерлер қайырымдылық шарасы ретінде іске асыратын бірен-саран және кездейсоқ жобалармен шектеліп қалды.

Әлеуметтік туризмнің нысаналы топтары (ардагерлер, мүмкіндіктері шектеулі адамдар) туризм процестеріне мүлдем тартылмаған деуге болады. Олардың қажеттіліктері мен туризм индустриясы үшін әлеуеттері зерттелген жоқ. Туризм бизнесінің субъектілері әлеуметтік туризмнің нысаналы топтарына қызмет көрсету ерекшелігі туралы ақпараттан мүлдем хабарсыз және тиісінше, олар көрсететін қызметтердің көлемі мен сапасы да төмен деңгейде. Елімізде қолжетімді туризм нысандары, қолжетімді туристік көлік құралдары да жеткіліксіз мөлшерде. Туризм индустриясы субъектілерінің арасында әлеуметтік туризм мәселелері жөніндегі жұмыстар үйлестірілмеген.

Қазақстанда, әлеуметтік туризм саласына Қазақстан Республикасы азаматтарының төмендегідей санаттарына арналған санаторий-курорттық ем жүргізу жөніндегі қызметтері жатады:

- оңалту мен емдеулуге мұқтаж ететін мүмкіндігі шектеулі адамдар мен ардагерлер, ол қызметтер мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы қолданыстағы заң шарттарына сәйкес жүзеге асырылады;

- ұжымдық шарттарға сәйкес, зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс жасайтын қызметкерлер. Жұмыс беруші жыл сайын қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне демалыс үйлеріне, санаторийлер мен пансионаттарға жолдама алу үшін қаржы бөледі. Бұл жолдамалардың құнын жұмыс беруші мен кәсіподақ ұйымы бірігіп қарастырады;

Соңғы кездері, әлеуметтік туризм әлемнің көптеген елдерінде кеңінен етек алып және дамып келе жатыр. Әлем халықтарының қартаюға бейімділігі және тұрғындардың жалпы санының арасында мүмкіндіктері шектеулі адамдардың үлесі салыстырмалы түрде артып келе жатқаны байқалады. Нысаналы топтар санының көптігіне байланысты, әлеуметтік туризм жаппай туризмнің негізін құрап отыр. Әлемдік тәжірибеде, оны түрлі турларды маусымаралық төменірек тарифтермен ұсыну арқылы маусымдық факторды теңестіру үшін пайдаланады. Еуропалық Одақта «Калипсо» әлеуметтік туризм бағдарламасы бар, ол туризм процесіндегі төрт нысаналы топтарын тартуға бағытталған: егде жастағылар, жастар, мүмкіндіктері шектеулі адамдар және аз қамтылған отбасылар.

Қолжетімді туризмге сұраныс көлемі (егде жастағылар және мүгедек адамдар) Еуропада 127 млн. адам бағаланады. Бұл еуропа халқының 27%-дан астамын құрайды. Олардың 70%-ның саяхаттауға қаржылай да, физикалық жағынан да мүмкіндіктері бар екендігін есептеп шығарылды. Егер олардың достары, туыстары мен қамқоршыларын қоссақ, бұл сан туризмнің, 80 млрд. € асатын табысына шаққанда айтарлықтай арта түседі. Бүкіл әлемде мүгедек адамдар саны шамамен 600- 900 миллион адам деп есептеледі. Шын мәнінде, барлық адамдардың қандай-да бір дәрежеде өздерінің жалпы және саяхаттау кезіндегі жайлылығын қажетсінетінін ескерсек, бұл сан одан да көп.

Австралияда, АҚШ-та және ЕО-та жүргізген бірқатар зерттеулер мүгедектігі бар туристер туризм нарығының маңызды бөлігіне айналып отырғанын көрсетеді. Мысалы, Австралияда, мүгедектігі бар туристер туристердің жалпы санының 11%-ын құрайды. Ұлыбританияда, үйінен 1 күннен артық шығып тұратын ішкі нарық туристерінің кемінде 12%-ы мүгедектер немесе денсаулығына қатысты ұзаққа созылатын қиындықтары бар. Ондай туристер, әдетте, ұзағырақ демалады және орташа алғанда, көбірек төлейді. Және олар отбасы мүшелерімен немесе достарымен жиі саяхаттайды.

2007 жылы Каталондық Туризм жөніндегі агенттік қолжетімді туризмді жеке туристік өнім ретінде бөлді және оны халықаралық нарықта алға жылжытты. Каталондық Туризм жөніндегі агенттік мәдени, демалыс және табиғаттағы туризмнің 21 бағытын, олардың қолжетімділігі мен мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін техникалық жабдықталуына баға бергеннен кейін барып бөліп шығарды. Қолжетімді туризмнің, туризм сервисінің толық циклын қоса алғанда, мынадай: көлік құралдары, тікелей туристік ресурстар, орналастыру орындары, тамақтандыру, қосымша қызметтер (медициналық орталықтар, техникалық көмек және т.б.) бағыттарындағы мүмкіндіктері туралы арнайы www.turismeperatothom.com сайты құрылды. 2010 жылы Каталондық Туризм жөніндегі агенттік егде жастағы адамдарға арналған «Catalonia Senior tourism» туристік өнімінің алға жылжығандығын хабарлады, ол кадрларды даярлау, жаңа туристік өнімдерді қалыптастыру, сондай-ақ бұрыннан бар туристік өнімге бейімделуді ынталандыру шаралары, сондай-ақ оны халықаралық нарықта алға жылжыту саласындағы түрлі бастамаларды қамтиды.



Башқұртстан Республикасында 2011 жылы алғаш рет әлеуметтік туризмді дамыту бағдарламасы бастау алды. Бағдарламаның арқасында егде жастағы адамдар, мүгедек адамдар, мүмкіндігі шектеулі балалар, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобының балалары мемлекеттің қолдауымен Башқұртстан Республикасында, Ресей Федерациясында және шетелдерде курорттар мен сауықтыру мекемелерінде демалуға мүмкіндік алуда. Бағдарламаның шеңберінде жолдамалар бағасының бір бөлігін субсидиялауға сертификаттар беру қарастырылған. 2015 жылға арналған туристік жолдамалар бойынша қарастырылған квоталардың жалпы саны 6 866-ны құрайды.

Қазақстанда әлеуметтік туризм жөніндегі іс-шараларды сәтті іске асыру барлық мүдделі тараптардың өзара тығыз іс-қимылына толығымен байланысты.

Орталық уәкілетті мемлекеттік органдар әлеуметтік туризм саласындағы саясаттың әзірлемесін жасауда және іске асыруда шешуші рөл атқарады. Қазақстандағы әлеуметтік туризмде кездесетін кедергілерді еңсеру үшін, әлеуметтік туризмнің мүмкіндіктері туралы жеткілікті ақпарат және объектілердің қолжетімділігін, оның ішінде инфрақұрылыммен және көлікпен қамтамасыз ету, сондай-ақ турбизнес субъектілерінің сұранысын ынталандыру мен қолдау қажет.


жүктеу 0,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау