«AILAND» ОТБАСЫЛЫҚ ДЕМАЛЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АНИМАТРОНИКСТЕР
ТЕАТРЫНА КІРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
. Кіру билетін сатып алған келуші «Джунгли» аниматроникстер театрына (бұдан əрі-
«Джунгли») кіру ережелермен, қауіпсіздік ережелерімен танысқанын жəне аталған
ережелермен келісетінін растайды.
· Жұмыс істемейтін уақытта келушілердің «Джунгли»де болуына тыйым салынады.
· «Джунгли»ге алкогольдік, есірткілік масаң күйде, уланған жəне өзге де масаң күйдегі
тұлғаларға келуге тыйым салынады.
· Келушілерге «Джунглиге» кір киіммен кіруге тыйым салынады.
· «Джунглиге» 12 жасқа дейінгі балаларға, олардың қасында олар үшін жауапты
ересектер болғанда ғана кіруге рұқсат етіледі.
· Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін «Джунгли»де бейнебақылау орнатылған. «Ailand»
Əкімшілігі «Джунглидің» өзге келушілеріне теріс қылығымен қауіп төндіретін
келушілерді билет құнын өтетпестен, шығарып жіберуге құқылы.
· Кассадан іс-шаралардың өту уақыты туралы, сонымен қатар, барлық нысандардың
жұмысы жəне қызметі туралы толық ақпарат алуға болады. «Джунгли» іс-шаралардың
бағдарламасына өзгерістер енгізуге құқылы.
· «Ailand» Əкімшілігі ресми емес таратушылардан сатып алынған билеттер үшін
жауапты болмайды.
· «Джунгли»ге келушілер Қазақстан Республикасының заңнамасын, қоғамдық тəртіпті
жəне жалпыға ортақ жүріс-тұрыс нормаларын сақтауға, «Джунгли» қонақтарына,
қызметкерлеріне жəне қоғамдық тəртіп сақтауға жауапты тұлғаларға құрметпен қарауға,
қоғамдық ортаға қауіп төндіретін əрекеттерге жол бермеуге, экспозициялар мен
декорацияларға ұқыптылықпен қарауға, тазалық сақтауға тиісті.
· ҚР денсаулық сақтау жүйесі жəне халық денсаулығы туралы Кодексінің «темекі түтінің
қоршаған ортаға əсері жəне темекіні тұтынудың салдары» 159-б. 5-т. сəйкес «Джунглидің»
барлық территориясында шылым шегуге тыйым салынады.
· Келушілер «Джунгли»ге келген кезде өздерінің жеке заттарын қараусыз қалдырмауы
тиісті, өйткені, «Ailand» Əкімшілігі келушілердің жеке заттарының жоғалғаны,
ұрланғаны немесе бүлінгені үшін жауапты болмайды.
· Келушілердің «Джунгли»де суға түсу костюмінде, ішкиіммен немесе кеудесі
жалаңаш күйде болуына тыйым салынады.
· Келуші «Джунгли» мүлкін бүлдірген жағдайда, келтірілген материалдық залалды толық
өтеуге міндетті
· «Джунгли» территориясында «Ailand» Əкімшілігінің келісімінсіз саудамен жəне өзге де
қызмет түрлерімен айналысуға тыйым салынады.
· Баспа өнімдерін жəне материалдарды таратуға тыйым салынады: «Ailand» Əкімшілігінің
келісімінсіз «Джунгли» территориясындағы кез келген жарнаманы/жарнамалық
материалды, тауарлар мен қызметтер үлгілерін немесе Мұхитарал өнімінің кез келген
түрін таратуға, көрсетуге немесе марапаттауға тыйым салынады.
· «Джунгли» территориясында радиоэлектронды құралдар жəне жоғары жиіліктегі
қондырғыларды пайдалануға тыйым салынады.
· Келушілердің «Джунгли»ге келу уақытында түсіріп алынған фото жəне/немесе бейне
түсірілімдерін бейнебаянда, тікелей эфирде немесе бейнетаспада, хабарда немесе өзге
амалдармен жазылған таспада көрсету жолымен, фотосуреттер немесе қазіргі ақпараттық
технологиялар жəне/немесе болашақта болатын өзге де технологиялар көмегімен
«Ailand» Əкімшілігінің көпшілікке көрсетуі жəне пайдалануы, жəне де үшінші тұлғалар
мен өзге ұйымдарға беруі мүмкін екендігін келушілер мойындайды жəне келіседі.
· Келушілердің «Джунгли»ге келу уақытында жасаған бейнелер мен бейнежазбалар, тек
қана үй жағдайында ғана пайдаланылуы мүмкін. Бейне түсірілім тек қана тұрмыстық
штативсіз бейнекамераны пайдалану арқылы жасалуы тиісті. Келуші кез келген
жағдайларда, интернетте бейнежазбаларды коммерциялық мақсат үшін пайдалана
алмайды немесе, бұдан басқа, коммерциялық мақсатта үшінші тұлғаларға бере алмайды.
· Келушілер «Джунглидің» қызметкерлеріне қараусыз қалған заттар анықталған барлық
жағдайлар туралы оның ішінде: пакеттер, сөмкелер, жəне өзге де бөгде заттар туралы
хабарлауға міндетті.
· Келушілер саяхат кезінде сапарсеріктің бастауымен жүруге, жəне топтан қалып
қоймауға жəне сапарсеріктен алға озып кетпеуге тиісті.
«Джунгли» территориясына алып кіруге тыйым салынады:
· Қарудың кез келген түрлері, өзін өзі қорғау құралдары, ату жарақтары, тескіш немесе
кескіш заттар, қару ретінде қолданылуы мүмкін өзге де заттар, улы, химиялық, улайтын
жəне өткір иісті заттар, радиоактивті материалдар, тез тұтанғыш материалдар, жарылғыш
заттар, өзге де қауіпті заттар, сонымен қатар, қауіпті болмаса да «Ailand» Əкімшілігінің
пікірінше «Джунглидің» өзге келушілеріне жайсыздық əкелуі мүмкін заттар;
· өрт болуы қаупі бар жəне пиротехникалық заттар немесе бұйымдар, оның ішінде:
дабыл ракеталары, файерлер, петардалар, газ баллондар мен пиротехникалық бұйымдар
немесе түтіндер əзірлеуге арналған заттар (химиялық материалдар), бояғыш заттар;
· экстремистік сипаттағы насихаттық материалдар, нацистік немесе экстремистік
атрибутиканы немесе символиканы білдіретін материалдар;
· «Ailand» Əкімшілігінің пікірінше, «Джунглидің» өзге келушілеріне жайсыздық əкелуі
мүмкін көлемі үлкен заттар;
· есірткілік, психотропты жəне улы заттар;
· тыйым салынған заттарға сырттай ұқсайтын немесе олардың көшірме заттары жəне
ұқсас кез келген заттар;
· Көлемі 0,5л аспайтын зауыттық (фабрикалық) ыдыстағы (орамадағы) балалар тамағынан
өзге тамақ өнімдері мен сусындар;
· саны мен көлемі арнайы бекітілген дəрілік препараттар мен медициналық
тағайындалған құралдар (барлық Мұхитарал келушілеріне саны 1 орамадан аспайтын, 3
түрлі атаудан аспайтын, кез келген формадағы, оның ішінде: аэрозольді түрде, тамшы
түрінде, шприцтерде жəне т.б зауыттық, фабрикалық орамадағы дəрілік препараттар
рұқсат етілген. Дəрілік препараттардың көлемі 100 мл аспауы тиісті);
· лазермен сəулелендіру қондырғылары;
· артық шу тудыратын қондырғылар (барабан, ысқырық, гудок);
· келушілердің денсаулығына, мүлкіне зиян келтіретін немесе «Джунглидің» қалыпты
жұмыс істеуіне кедергі келтіруі мүмкін кез келген заттар алып кіруге тыйым салынады;
Осы қарапайым ережелерді сақтай отырып «Джунгли» территориясында жайлы демалыс
өткізуге болады.