|
«Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы»Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту2. Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту
2011 жылы халықаралық қаржы институттарын және екінші деңгейдегі банктерді тарта отырып, коммуналдық сектордағы жобаларды бірлесіп қаржыландырудың арнайы құралдарын әзірлеу;
2011 жылы ақпараттық-талдау жүйесін құрудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу;
2011 жылы жылумен жабдықтау саласындағы 18 базалық субъектінің инвестициялық тарифтер бойынша жұмыс істеуге көшуі;
2011 жылы ТКШ саласында кадрлардың біліктілігін арттыру және білімді тарату жүйесін қүру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
2011 жылы ТКШ өзгешелігі бойынша: «Инженерлік желілер мен жүйелер» деген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі қосымша білім мамандықтарының жіктеуішін енгізу;
2011 - 2015 жылдары ТКШ-тегі нормативтік-техникалық құжаттамаларды әзірлеу жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
2012 жылы жаңа құрылыс салған кезде қоқысты жинау жөніндегі жерасты контейнерлерді енгізуге бағытталған қоқысты бөлек әкету жүйесін енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
2014 жылы орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді инвестициялық бағдарламаларға өткен табиғи монополия субъектілерінің желілеріндегі нормативтен артық ысыраптарды жойылады;
2012 - 2014 жылдары ТКШ саласында қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу.
Қолданыстағы инженерлік желілер мен объектілерге жаңғырту және қайта жаңарту жүргізу үшін мынадай іс-шаралар кешенін іске асыру қажет:
1) инженерлік желілер мен объектілердің техникалық жай-күйіне бағалау жүргізу;
2) бағалау нәтижелерінің негізінде инвестициялық негіздемелер әзірлеу;
3) коммуналдық қалдықтарды басқаруды жетілдіру;
4) коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуды қаржыландырудың арнайы құралдарын жасау;
5) ғылыми-техникалық дамыту;
6) нормативтік-техникалық құжаттаманы дамыту;
7) кадрлық қамтамасыз ету.
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуды қамтамасыз ету үшін инженерлік желілер мен объектілердің техникалық жай-күйіне тұрақты бағалау жүргізу қажет, оның нәтижесінде объектілерді пайдалану немесе күрделі жөндеу мүмкіндігі туралы қорытынды (техникалық есеп) және тұжырымдар, олардың сенімділігін арттыру бойынша ұсынымдар жасалады.
Инженерлік желілер мен объектілердің техникалық жай-күйіне жүргізілген бағалаудың негізінде коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға инвестициялық негіздеме әзірлеу жүргізіледі.
Республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін жергілікті атқарушы органдар өтінім берген коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі жобаларды іріктеу инвестициялық негіздемелердің деректеріне сәйкес жүргізілетін болады.
Бағдарламада коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жобаларын қаржыландырудың мынадай қағидаттары белгіленген:
қайта жаңарту мынадай жолмен жүргізілуге тиіс:
1) табиғи монополия субъектілерін орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді инвестициялық бағдарламаларға өткізе отырып тарифтік реттеу;
2) мемлекеттік меншіктегі объектілер үшін бюджеттік қаражат бөлу, сонымен бірге табиғи монополия субъектілерін (коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар) тарифтік реттеуді жүргізу;
халықтың коммуналдық қызметтерге қол жеткізуін арттыру үшін жаңа инженерлік желілер салу бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін болады.
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртудың тиімді және негізгі аспектілерінің бірі жүргізіліп жатқан тарифтік саясаттың озық кдаалдарын қолдану болып табылады.
Оған инвестициялық (орта және ұзақ мерзімді) тарифтер бойынша жұмыс істейтін табиғи монополия субъектілерінің санын іс жүзінде арттыра отырып, инвестициялық тарифтерді қолдану жатады.
Инвестициялық тарифтер бойынша жұмыс істейтін табиғи монополия субъектілерінің санын арттыру мүмкіндігін іске асыру үшін мыналар қамтамасыз етіледі:
1) тарифтік кірістер есебінен және заемдық қаражатты мейілінше аз тарта отырып, жаңғырту жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін ннвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) қажетті көлемде қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында негізгі қаражатқа кезең-кезеңмен (үш-төрт жылда бір рет) қайта бағалау жүргізу;
2) жабдықтарды ауыстыра, жаңа техникалар мен технологияларды енгізе отырып, инженерлік желілер мен құрылғыларды жаңғыртуға және қайта жаңартуға арналаған инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу және бекіту;
3) реттелетін қызметтерге инвестициялық тарифтер (орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге) бекіту;
4) реттелетін қызметтерге бір мезгілде тарифтердің өсуіне жол бермеу үшін республиканың барлық өңірлерінде табиғи монополия субъектілерінің, ең алдымен - базалық субъектілердің (2015 жылға қарай міндетті көшуіне орай) инвестициялық тарифтерге көшуі бойынша кесте әзірленетін болады.
Электр энергиясын беру және тарату секторында 2011 жылы 24 базалық ӘЭК инвестициялық тарифтер бойынша жұмыс істейді, бұл тарифтердің тұрақтылығы мен болжамдығын камтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жалпы 2011 - 2020 жылдар ішінде тарифтік кірістер есебінен электр энергиясын беру және тарату секторында шамамен 271 млрд. теңгені инвестициялау жоспарланып отыр.
Жабдықтарды ауыстыру, трансформаторлық қосалқы станциялардың қуатын, электр беру желілерінің өткізу қабілетін арттыру жөніндегі іс-шаралардан басқа басым және экономикалық тиімді іс-шаралардың бірі ретінде электрлік желілік компаниялардың тұрмыстық деңгейде электр энергиясын коммерциялық есептеудің автоматтандырылған жүйесін (бұдан әрі - ЭКЕАЖ) енгізуін көздейді.
ЭКЕАЖ енгізу ақпаратты жинау, беру және өңдеу женіндегі еңбек шығындарын біршама төмендетеді, электр энергиясын тұтынуға жедел бақылауды және диспетчерлік кестенің жүктемесін орындауды қамтамасыз етеді, техникалық ысырапты қысқартады.
Жылу энергиясы секторында 2011 жылдың соңына дейін 18 базалық субъект инвестициялық тарифтер бойынша жұмыстар жасайды деп болжанып отыр, 2010 жылы 8 базалық субъект инвестициялық тарифтермен жұмыс жүргізген. Бұл ретте, 2011 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңдердегі инвестицияның көлемі тарифтер есебінен 140 млрд. теңге мөлшерінде жоспарланып отыр.
Жылу-энергетика саласындағы табиғи монополия субъектілері іске асыратын, қызмет көрсету сапасын, қызмет мерзімін арттыратын және энергияның ысырап деңгейін төмендететін басым іс-шаралар шеңберінде қызмет мерзімі аяқталған құбырларды алдын ала оқшауланған құбырларға ауыстыру көзделіп отыр.
Газбен жабдықтау секторында 2011 - 2020 жылдардың ішінде тарифтердің есебінен шамамен 41 млрд. теңгені инвестициялау жоспарланып отыр.
Табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық тарифтермен жұмыс істеуге көшуі тұтынушылар үшін тарифтердің түрақтылығы мен болжамдығы, активтерді жаңғыртуға инвестициялар салу есебінен қызметтердің сапасын көтеру, желілердегі нормативтерден артық ысыраптарды жою, техникалық ысыраптарды төмендету қамтамасыз етіледі.
Өз кезегінде, нормативтерден артық ысыраптарды нормативтік-техникалық оңтайландыру және жою қаржылық қаражатты босатып алуға және коммуналдық секторды дамыту үшін қаржыландыру көздерін құруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні нормативтік ысыраптардың деңгейі жыл сайын 1 - 2 % төмендеп отыр. Заңнамада 2014 жылдың соңына дейін нормативтерден артық ысыраптарды толық жою кезделген.
Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамаға сәйкес табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларды іске асыруына мониторинг жүргізу жалғасатын болады. Жүргізілген мониторинг шеңберінде есептерді қарау, сондай-ақ бақылау іс-шараларын өткізу қызметтерді тұтынушылардан, инвестициялық бағдарламаларды іске асырудан алынған қаражатты мақсатты пайдалануына кепілдікті қамтамасыз етеді.
Табиғи монополия субъектілері инвестициялық бағдарламаларды орындамаған жағдайда оларға табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамада көзделген мынадай ықпал ету шаралар қолданылады: реттелетін қызметтерге арналған тарифтерді уақытша төмендету және әкімшілік айыппұл.
Тарифтер өсуінің инфляция деңгейіне әсерін төмендету, сондай-ақ электр экономикасын үнемдеуді ынталандыру үшін тұтынушылардың топтары бойынша және тұтыну көлеміне байланысты сараланған тарифтерді қолдану практикасы жалғасатын болады.
Тұтынушылардың топтары бойынша сараланған тарифтерді енгізу коммуналдық сектор кәсіпорындарының табыстылығын арттыруға және тиісінше жаңғыртуға қаражат жуллсауға мүмкіндік береді. Бұл ретте, топтар бойынша сараланған тарифтерді енгізгенге дейін міндетті түрде аралас салаларда шығарылатын өнімдердің өзіндік құнына олардағы өзгерістердің әсеріне талдау жүргізіледі.
Өңірлердің арасында республикалық бюджеттің қаражатын бөлу кәсіпорындар-қызмет көрсетушілер жоспарлаған инвестицияларға тепе-тең мөлшерде жүзеге асырылады.
Жергілікті атқарушы органдарға республикалық бюджеттен қаражат бөлудің міндетті шарты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қаңтардағы № 40 қаулысымен бекітілген Нысаналы даму трансферттерін бөлу қағидасына сәйкес әрбір жобаның құнына байланысты жергілікті бюджетті қоса қаржыландыру болады.
Іс-шаралардың жекелеген кешені ретінде қатты тұрмыстық қалдықтарды (бұдан әрі - ҚТҚ) басқару және өңдеу саласын дамытуды қарастыру қажет. ҚТҚ басқарудың перспективалы жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі кейінңен қалдықтарды толық қайта өңдей отырып, ҚТҚ түзілген жерлерде оларды бөлек жинауды ұйымдастыру болып табылады.
Қолданыстағы табысты шетелдік тәжірибені қолдана отырып, елдің 2 - 3 ірі қаласында қоқысты бөлек жинайтын технологияны енгізу жөніндегі пилоттық жобаларды іске асыру мүмкіндігі қарастырылатын болады.
Қоқысты бөлек жинауды дамытудың ойдағыдай болуы, әлбетте ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының сапасымен айқындалады. ЖАО қоқысты бөлек жинауды түсіндіру және насихаттау жөнінде халықпен жұмыс жүргізгені жөн.
Қоқысты болек жинайтын жүйені енгізу үшін ЖАО коммуналдық қылдықтарды басқару саласындағы кәсіпорындарды техникалық қайта жарақтандыру үшін оларды қаржылық қолдау мүмкіндігін қарастыруы қажет.
Коммуналдық кәсіпорындардың «ұзақ мерзімді» және «арзан» қарыздарға қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында мамандандырылған қаржы ұйымын құру мүмкіндігі қарастырылатын болады, олардың негізгі мақсаты қаржы қаражатын шоғырландыру және коммуналдық сектордағы жобаларды қайтарымды негізде қаржыландыру (қоса қаржыландыру) болып табылады.
Бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз ету үшін тұрғын үй қоры мен коммуналдық қызмет инфрақұрылымы жай-күйінің тұрақты жаңартылатын көрсеткіштері бар ақпараттық-талдамалық жүйе құру қажет, ол объектілердің жай-күйіне мониторинг жүргізуді және жүргізілген іс-шаралардың тиімділігін бағалауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ақпараттық-талдау жүйесін құру саланы одан әрі дамыту нұсқалары мен әлеуетін модельдеуге, қажетті ресурстар көлеміне бағалау жүргізуге және іске асырылатын іс-шаралардың тиімділігіне болжамдар жасауға мүмкіндік береді.
Қолға алынған елді индустриялық-инновациялық дамыту бағытын ескере отырып, коммуналдық секторды дамыту ТКШ-те жүйелі түрде жаңа технологиялар әзірлеу және енгізуді талап етеді. Осыған орай ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу қажет.
Секторды технологиялық дамыту үшін 5-10 жылда кемінде бір рет барлық нормативтік-техникалық құжаттарды қайта қарау қажет, бұл жыл сайын 20 нормативтік-техникалық құжатты қайта қарауды және бекітуді көздейді. Нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу мен жетілдірудің негізгі мақсатының бірі ТКШ-ге ресурс және энергия үнемдейтін үдерістерді енгізу болып табылады.
Саланы кадрлық қамтамасыз ету шеңберінде практикалық оқыту үлесін ұлғайту, ТКШ саласы үшін ғылыми кадрлар даярлау, ТКШ саласы мамандарының біліктілігі мен құзыретін арттыру жүйесін дамыту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының жіктеуішіне ТКШ өзгешелігі бойынша «Инженерлік жүйелер мен желілер» жаңа мамандық енгізу жолымен жоғарғы, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында кадрлар даярлау жүйесін жетілдіру қажет.
6. Қажетті ресурстар
2011 - 2020 жылдары Бағдарламаның бірінші кезеңін іске асыруға байланысты қаржы шығындары:
Жылдар
|
Қажетті қаражаттың жалпы көлемі
(млн. тенге)
|
Оның ішінде
|
республикалық бюджет
|
жерплікті бюджет
|
кәсіпорындардың қаражаты
|
азаматтардың қаражаты
|
Барлығы
|
1 099 373
|
533 302
|
18 109
|
452 406
|
95 556
|
2011
|
58 343
|
28 883
|
536
|
28 583
|
341
|
2012
|
81410
|
45 823
|
1033
|
31623
|
2 931
|
2013
|
93 320
|
49 603
|
1455
|
38 258
|
4 004
|
2014
|
106 561
|
56 616
|
1688
|
41576
|
6 681
|
2015
|
111 400
|
56 338
|
1788
|
44 859
|
8 415
|
2016
|
116617
|
56 627
|
1 911
|
47 700
|
10 379
|
2017
|
122 461
|
57 994
|
2 233
|
49 819
|
12415
|
2018
|
128 688
|
58 244
|
2 355
|
53 638
|
14 451
|
2019
|
136 792
|
61 187
|
2 455
|
56 704
|
16 446
|
2020
|
143 781
|
61987
|
2 655
|
59 646
|
19 493
|
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|