Источник: ИС ПАРАГРАФ, 27.09.2011 16:59:45
Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың
2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 473 Қаулысы
«Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 1158 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілсін.
2. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Реслубликасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 қарашадағы № 1146 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Респуликасының
Премьер-Министрі
|
К. Мәсімов
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 30 сәуірдегі
№ 473 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын
жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған
бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты
Атауы
|
Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы
|
Әзірлеу үшін
негіздеме
|
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы № 1158 және «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялык даму жоспары туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 жарлықтары
|
Бағдарламаны
әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган
|
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
|
Мақсаты
|
Халықтың тұруына қолайлы жағдайды қамтамасыз ету және коммуналдық инфрақұрылымның жағдайын жақсарту
|
Міндеттері
|
1. Тұрғын үй қатынасының оңтайлы моделін құру
2. Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту
|
Іске асыру мерзімдері мен кезеңдері
|
2011 - 2020 жылдар
1-кезең: 2011 - 2015 жылдар
2-кезең: 2016 - 2020 жылдар
|
Нысаналы
индикаторлары
|
1. 2015 жылға қарай күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінін үлесі 32 %-дан 22 %-ға төмендейді;
2. 2015 жылға қарай жаңғыртылған жүйелердің ұзындығы 31 мыңнан астам км құрайтын болады (осы Бағдарламаны іске асыру шеңберінде 24,4 мың км және «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша) 6,7 мың км);
3. 2015 жылығы қарай тұтынушылардың кемінде 50 %-ы және 2020 жылға қарай елдің әр өңіріндегі тұтынушылардың кемінде 70 %-ы коммуналдық қызмет көрсету сапасына қанағаттанады
|
Қаржыландыру
көздері және көлемі
|
2011 - 2020 жылдары Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемі 1 099 373 млн. теңгені құрайды, оның ішінде:
республикалық бюджет - 533 302 млн. теңге, жергілікті бюджет- 18 109 млн. теңге, кәсіпорындардың қаражаты - 452 406 млн. теңге, азаматтардың қаражаты -95 556 млн. теңге.
Бағдарламаны іске асырудың бірінші кезеңін (2011 - 2015 жылдар) қаржыландыру көлемі 451 034 млн. теңгені құрайды, оның ішінде: республикалық бюджет - 237 263 млн. теңге; жергілікті бюджет - 6 500 млн. теңге; кәсіпорындардың қаражаты - 184 899 млн. теңге; азаматтардың қаражаты - 22 372 млн. теңге.
Бағдарламаны іске асырудың екінші кезеңін (2016 - 2020 жылдар) қаржыландыру көлемі бірінші кезеңде іске асырудың нәтижелері бойынша белгіленетін болады.
|
2. Кіріспе
Казақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі -Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы № 1158 және «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 жарлықтарына сәйкес әзірленді.
Бағдарлама коммуналдық инфрақұрылымға жаңғырту жүргізу үшін шаралар әзірлеуді және қабылдауды қамтамасыз етеді, тұрғын үй қатынасынын оңтайлы моделін құрады, халыққа көрсетілетін тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға, сондай-ақ қаржыландырудың әлеуметтік тетіктерін құру арқылы терможаңғыртуды қоса алганда, кондоминиумның ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге мүмкіндік береді.
3. Ағымдағы ахуалды талдау
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (бұдан әрі - ТКШ) саласы өзара байланысты екі негізгі элементтен тұрады:
коммуналдық кызметтердің негізгі тұтынушылары болып табылатын көп пәтерлі тұрғын үйлерді (бұдан әрі - КПТҮ) және жеке үй құрылыстарын қамтитын тұрғын үй секторы;
жылумен, газбен және электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін желілер мен құрылыстарды (жүйелерді) қамтитын коммуналдық сектор.
1. Тұрғын үй қоры және тұрғын үй қатынастары
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің (бұдан әрі - ҚР СА) деректері бойынша республиканың тұрғын үй секторының жалпы алаңы 270,9 млн. шаршы метрді құрайды, оның ішінде 263,9 млн. шаршы метр немесе 97,4 % тұрғын үй жеке меншікке тиесілі.
Жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі - ЖАО) деректері бойынша КПТҮ-ге жататын тұрғын үй қорының 50,1 млн. шаршы метрі немесе 32 % күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуді талап етеді, ал 3,8 млн. шаршы метр (2 %) бұзылуға жататын, одан әрі пайдалануға жарамсыз авариялык тұрғын үйлер.
ҚР СА-ның деректері бойынша Қазақстандағы тұрғын үй секторы босатылған жылу энергиясының шамамен 40 %-ын тұтынады. Бұл ретте, сараптамалық бағалау бойынша тұрғын ғимараттардағы босқа кеткен жылу ысырабы 30 %-ға жетеді.
2010 жылы жүргізілген зерттеулердің деректері бойынша Қазакстанда ғимараттардағы жылу энергиясының шығыны жылына бір шаршы метр үшін шамамен 240 кВт болады, бұл жылына 1 шаршы метрге 100-120 кВт деген ортаеуропалық көрсеткіштен айтарлықтай төмен.
Бүгінгі күні көп пәтерлі тұрғын үй қорын басқару және күтіп ұстау саласы негізінен пәтер меншік иелерінің кооперативтері (бұдан әрі - ПИК) қызметімен қамтамасыз етіледі, олар бір мезгілде жөндеу жұмыстары мен қызметтерінің тапсырыс беруші және мердігер бола алады, нарықта «монополиялық» жағдайға ие және кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін жөндеу бойынша сапалы қызмет көрсетуге тырыспайды.
Әділет органдарында жылжымайтын мүлік ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен кондоминиум объектілерінің пайызы төмен екені байлады. Айталық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінін деректері бойынша тіркелген кондоминиум объектілерінің саны 14687 бірлікті құрайды, бұл кондоминиум объектілерінің жалпы санының 8,5 %-ы болады (172164 бірлік).
Көп пәтерлі тұрғын үйлердің негізгі проблемалары:
тұрғын үй иелерінің кондоминиум объектісін басқаруда белсенділігінің төмен болуы;
кондоминиум объектілерін басқару органдарының қызметіне пәтер иелерінің қанағаттанбауы;
басқару органдарының қызметінде кондоминиум объектісін басқару және күтіп ұстау функцияларын шоғырландыру;
үйге ортақ мүлікті күрделі жөндеуге ақшалай қаражат жинақтау практикасы әлсіз;
кондоминиум объектілерін басқару органдарына ортақ мүлікті күрделі жөндеуге қол жетімді кредит беру тетіктерінің болмауы;
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін басқару және күтіп үстау жөніндегі қызметтерге төлемдерді жинау деңгейінің төмен болуы;
тұрғын үй көмегін көрсету тетігін пайдаланудың жеткіліксіз деңгейі;
энергия ресурстарын тұтыну деңгейінің жоғары болуы.
2. Коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйі
Жылумен жабдықтау
ҚР СА-ның деректері бойынша екі құбырлық деп есептегенде жылу желілерінің жалпы ұзындығы 11,7 мың км немесе оның 32,6 %-ы немесе 3,8 мың км коммуналдық меншікте, 67,4 %-ы немесе 7,9 мың км жеке меншікте. Бұл ретте желілердің жалпы ұзындығының 63 %-ы ауыстыруды және жөндеуді талап етеді.
Жылу желілері қатты тозғандықтан жылу энергиясы ысырабының артуына алып келеді, ол 2009 жылы ҚР СА-ның деректері бойынша 11,6 млн. Гкал немесе босатылған жылу энергиясының жалпы санының 17,5 %-ын құрады.
Жылумен жабдықтау жүйесі есептеу құралдарымен қамтамасыз етудің өте төменгі деңгейімен сипатталады. Сарапшылардың бағалауы бойынша оларға жалпы қажеттілік 45,8 мың бірлікті кұрайды, 23,3 мың бірлік есептеу құралы орнатылған. Тиісті деңгейде есепке алу болмағандықтан, жылу энергиясының нақты шығындары мен тұтыну деңгейін анықтау мүмкін емес.
Шамамен жылу энергиясының 30 %-ын қуаты 100 Г кал/сағ. кем шағын қазандықтар өндіреді. Осы жылу көздері шамамен 60 % пайдалы әсер ету коэффициентімен және отынның жоғарғы үлестік шығыстарымен сипатталады, бұл жылына шартты отынның 645 300 тоннасын немесе 1,75 млрд. теңгені артығымен жұмсауға, сондай-ақ қоршаған ортаға қосымша зиянды заттар шығаруға алып келеді.
Электрмен жабдықтау
Электрмен жабдықтау саласында барлық коммуналдық сектордың ішінен жөндеуді талап ететін желілердің үлесі өте жоғары. Айталық, 10/0,4 кВ электр желілерінің жалпы ұзындығы республика бойынша 199,5 мың км кұрайды, 73 % немесе 145,6 мың км жөндеуді талап етеді. Бұдан басқа, 10/0,4 кВ трансформаторлық қосалқы станциялар, электр беру желілері, үйдің ішіндегі таратушы қондырғылар мен желілер жөндеуді талап етеді.
Электрмен жабдықтау саласында есептеу құралдарымен қамтамасыз ету деңгейі коммуналдық шаруашылықтың басқа салаларымен салыстырғанда мейлінше жоғары (88,5 %), олардың көпшілігі дәл есептеу сыныбы төмен ескі үлгіде.
Жұмыс істеп тұрғаң электр жабдықтарының (трансформаторлық қосалқы станциялардың, үйдің ішіндегі тарату құрылғыларының, желілердің) технологиялық артта қалуы, сондай-ақ олардың энергетикалық тиімділігінің төмен болуы электр энергиясының техникалық және коммерциялық ысырабыңа себеп болып табылады, бұл жаңа технологияларды (энергетикалық тиімді жабдықтарды, аспалы оқшауланған сымды, ресурстар мен энергияны есепке алатын автоматтандырылган жүйелерді) жеткілікті қолданбаудың салдары болып табылады.
Газбен жабдықтау
Газ желілерінің жалпы ұзындығы тұтастай республика бойынша 27,3 мың км болады, соның 33,7 %-ы (9,2 мың км) коммуналдық меншікте, 66,3 %-ы (18,1 км) жеке меншікте. Бұл ретте желілердің жалпы ұзындығының 54 %-ы аустыруды және жөндеуді талап етеді.
ҚР СА-ның деректері бойынша 2009 жылы республика бойынша 594 елді мекен табиғи газбен газдандырылды, бұл елді мекендердің жалпы санының 8,3 %-ы (7152), 16 елді мекен сұйытылған газбен газдандырылды, бұл елді мекендердің жалпы саныңың 0,2 %-ы болады.
Газбен жабдықтау жүйесінде тұтынылған қызметтерді есепке алу толық көлемде жүргізілмей отырғанын атап өткен жөн. 90-шы жылдарда орнатылған есептеу құралдары негізіңен сертификатталмаған және дәл есептеу талаптарына сәйкес келмейді.
Газ бөлу жүйелеріңің қызметін инспекциялау жүйесі жолға қойылмаған және газ бөлу қондырғыларына техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізілмейді.
Көп қабатты (2 қабаттан артық) үйлерде баллондағы газды пайдалану практикасын пайдалануды тездетіп шешу талап етіледі, бұған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің талаптары бойынша үзілді-кесілді жол берілмейді.
Коммуналдық инфрақұрылымдағы негізгі проблемалар:
инженерлік желілер мен құрылғылардың қатты тозуы;
ресурстарды тұтынуды есептеу құралдарымен қамтамасыз етудің төмен деңгейде болуы;
саланың технологиялық жағынан артта қалуы, оның ішінде инновациялық энергия мен ресурс үнемдеу технологиялары мен іс-шараларын қолдану практикасының әлсіз болуы;
желілер мен құрылғыларды қайта жаңарту жөніндегі жобаларды бюджеттен тыс көздерден қаржыландыру көлемінің жеткіліксіз болуы.
3. Саланы мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау
ТКШ-тің нормативтік-техникалық базасында шамамен 169 нормативтік-техникалық құжат (бұдан әрі - НТҚ) бар. Бүгінгі күні осы құжаттар секторды қазіргі заманғы технологиялық дамытудың талаптарына толық сәйкес келмейді және энергетикалық тиімділікті арттыруға, үлестік пайдалану шығындарын темендетуге, инновациялық технологияларды енгізуге ынталандырмайды.
ТКШ саласындағы мемлекеттік реттеуді талдау тұрғын және қоғамдық ғимараттардың пайдалану сипаттамаларының бұрынғы Кеңес Одағы кезеңінде әзірленген қолданыстағы нормалары осы заманғы энергия үнемдеу стандарттарына сай келмейтінін куәландырады.
4. ТКШ-дегі ағымдағы жағдайдың күшті және әлсіз жақтарын талдау
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
Қауіптер (тәуекелдер)
|
Мүмкіндіктер
|
республика халқының тұрғын үймен қамтамасыз етілудің жоғары деңгейі
|
КПТҮ-ді тиісті күтіп ұстау мен пайдалануға бақылау әлсіз
|
КПТҮ қатты тозған
|
КПТҮ-ді жөндеу жөнінде іс- шаралар жүргізу
|
коммуналдық желілер мен объектілер жүйесін дамыту
|
инженерлік желілер мен объектілердің қатты тозуы
|
коммуналдық желілер мен объектілердегі апатты жағдайдың және ысыраптың одан әрі өсуі
|
инженерлік желілер мен объектілерге жаңғырту және қайта жаңарту жүргізу
|
ТКШ саласын шикізат базасымен қамтамасыз етуді дамыту
|
қолда бар ресурстарды ұтымсыз пайдалану және ысыраптың жоғары деңгейі
|
халық үшін тарифтердің артуы
|
энергия және ресурс үнемдейтін іс- шаралар жүргізу
|
мемлекет тарапынан ТКШ саласын қолдау
|
тиімді және дәл жоспарлаудың болмауы
|
ТКШ саласындағы бағдарламалар бойынша республикалық бюджетті севкестрлеу
|
ТКШ саласын қаржыландырудың жаңа тетіктерін әзірлеу
|
электрмен жабдықтауда сараланған тарифтерді колдану практикасының болуы
|
5 және одан көп жылдарға ұзақ мерзімді тарифтердің болмауы
|
реттелмеген тарифтер нәтижесінде ТКШ саласының бәсекеге қабілетінің
|
ТКШ-тің басқа салаларында ұзақ мерзімді және сараланған тарифтерді қолдану
|
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
Қауіптер (тәуекелдер)
|
Мүмкіндіктер
|
|
|
төмендеуі
|
мүмкіндігі
|
ТКШ саласы үшін тауарлар өндіретін отандық кәсіпорындардың болуы
|
ТКШ саласының бәсекеге қабілетінің төменгі деңгейі, әлсіз материалдық- техникалық база, қажетті технологиялар трансфертінің болмауы
|
технологияларды практикада қолдану мүмкін еместігінің ықтималдығы
|
ғылыми зерттеулер жүргізу және конструкторлық әзірлемелер, ТКШ саласында инновациялық технологиялар трансферті, отандық өндірісті ынталандыру жөніндегі шетелдік тәжірибені пайдалану
|
аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тетігінің болуы
|
кондоминиум объектілерін күрделі жөндеуге тұрғын үй көмегін көрсету тетігінің болмауы
|
қаржыландырмау
|
кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін жөндеуге тұрғын үй көмегін бөлу
|
5. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді қазақстандық қамтуды талдау
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің 2009 жылғы деректері және сыртқы сауда көрсеткіштері бойынша отандық тауарлар өндірісінің жай-күйін талдау ішкі нарықта тауарлардың бәсекеге қабілетінің жоғары емес екенін көрсетеді.
Көрсеткіш
|
Мәні, млн. теңге
|
Үлесі, %
|
ТКШ саласында қолданылатын өнімдердің тауар айналымы, оның ішінде:
|
280 548,8
|
|
экспорт
|
62 456
|
22,3 %
|
импорт, оның ішінде
|
218 092,8
|
77,7 %
|
Ресейден
|
76 878,5
|
35,2 %
|
Қытайдан
|
31 861
|
14,6 %
|
Сондай-ақ коммуналдық сектор саласы үшін тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлерінің өндірісінде қазақстандық қамтудың үлесін арттыру бойынша әлеуеттің бар екенін атап өткен жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |