Қазақстан Республикасының патент заңы (Қазақстан Республикасының Заңы. 1999 жылғы 16 шілде №427-I)



жүктеу 269,95 Kb.
Pdf просмотр
бет7/9
Дата14.01.2018
өлшемі269,95 Kb.
#7444
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

 

     



21-бап. Өтiнiм берушiнiң бастамасы бойынша өтiнiм

 

              құжаттарын түзету

 

 

      1. Өтiнiм түскен күннен бастап екi айдың iшiнде өтiнiм берушiнiң өнеркәсiптiк 



меншiк объектiсiнiң мәнiн өзгертпей оның материалдарына түзетулер мен нақтылаулар 

енгiзуге құқығы бар.

 

      2. Өтiнiмдер бойынша мұндай түзетулер мен нақтылаулар осы баптың 1-тармағында 



аталған және сол мерзiм өткен соң да өнеркәсiптік меншік объектiсiне берiлген 

өтiнiм бойынша шешiм шығарылған күнге дейiн тиiстi төлемдерi енгiзiлген жағдайда 

табыс етiлуi мүмкiн.

 

 



     

22-бап. Өнертабысқа өтінімге жасалатын сараптама

 

 



      1. Өтiнiм түскен күннен бастап екi ай өткен соң Қазпатент ол бойынша ресми 

сараптама өткiзедi. Өтiнiм берушiнiң жазбаша өтініші бойынша ресми сараптама 

аталған мерзiм бiткенге дейiн басталуы мүмкiн. Бұл жағдайда өтiнiм берушi өтiнiш 

берген кезден бастап осы Заңның 21-бабының тармағында көзделген құқықтан айырылады.

 

      Өнертабысқа өтiнiмнiң ресми сараптамасын еткiзу барысында қажеттi құжаттардың 



бар-жоғы және оларға қойылатын талаптардың орындалуы тексерiледi, өтiнiмнiң 

берiлген күнi, ұсынылған өтiнiмдi өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiлерге жатқызу 

мүмкiндiгi айқындалады, сондай-ақ өнертабыстың бiрлiгi тексерiледi. Өтiнiм берiлген 

өнертабыстың осы Заңның 6-бабының 1-тармағында белгiленген патент қабiлеттiгi 

талаптарына сәйкестiгiне тексеру жүзеге асырылмайды. Алдын ала патент өтiнiм 

берушiнің тәуекелiмен және жауапкершiлiгiмен берiледi.

 

      2. Егер өтiнiм берушi өтiнiм бойынша осы Заңның 21-бабына сәйкес қосымша 



материалдарды табыс еткен болса, сараптама процесiнде олар өтiнiм берiлген 

өнертабыстың мәнiн өзгертпейтiні тексерiледi.

 

      Егер қосымша материалдарда өтiнiмнiң бастапқы материалдарында жоқ, өнертабыс 



формуласына енгiзуге жататын белгiлер болса, олар өтiнiм берiлген өнертабыстың 

мәнiн өзгертедi. Қосымша материалдар өтiнiм берiлген өнертабыстың мәнiн өзгертетiн 

бөлiгiнде өтiнiмдi қарау кезiнде назарға алынбайды және оны өтiнiш берушi дербес 

өтiнiм ретiнде ресiмдеуi мүмкiн, бұл жөнiнде өтiнiм берушiге хабарланады.

 

      3. Ресiмдеу талаптарын бұза отырып берiлген өтiнiм жөнiнде өтiнiш берушiге 



оны жiберген күннен бастап үш ай мерзiмде түзетiлген немесе жоқ құжаттарды табыс 

ету ұсынылған сауал жiберiледi.

 

      Егер өтiнiм берушi аталған мерзiмде сұратылған құжаттарды немесе белгiленген 



мерзiмдi ұзарту туралы өтiнiштi табыс етпесе, өтiнiм қайтарып алған болып 

есептеледi.

 

      4. Өнертабыс бiрлiгi талабын бұза отырып берiлген өтiнiм бойынша өтiнiм 



берушіге оған тиiстi хабарлама жiберген күннен бастап үш ай мерзiмде 

өнертабыстардың қайсысы қаралуға тиiс екенiн хабарлау және қажет болған жағдайларда 

өтiнiм құжаттарына нақтылау енгiзу ұсынылады. Бастапқы өтiнiм материалдарына енген 

басқа өнертабыстар дербес өтiнiмдермен ресiмделуi мүмкiн. Белгiленген өтiнiмдер 

басымдығы осы Заңның 20-бабының 5-тармағына сәйкес белгiленедi.

 

      Егер өтiнiм берушi өзiне бiрлiк талаптарының бұзылғаны туралы хабарлама 



жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiмде өнертабыстардың қайсысын қарау қажет екенiн 

хабарламаса және нақтыланған құжаттарды табыс етпесе, формулада бiрiншi 

көрсетiлген, сондай-ақ алғашқысымен байланыстылығы соншалықты, олар өнертабыс 

бiрлiгi талаптарын қанағаттандыратын басқа да өнертабыстар объектiсi қаралады.

 

      5. Егер ресми сараптама нәтижесiнде өтiнiм өнертабыс ретiнде қорғалатын 




 

объектiлерге жататындығы анықталса және құжаттары белгiленген талаптарға сай келсе, 

өтiнiм берушiмен келiсiлген формуламен алдын ала патент беру туралы шешiм 

қабылданады.

 

      Өтiнiм берушiге алдын ала патент беру туралы шешiм жiберiлген күннен бастап 



үш ай iшiнде өтiнiм берушi Қазпатентке тиiстi төлемдерiн төлегенiн растайтын құжат 

тапсырады. Аталған құжат тапсырылмаған жағдайда өтiнiм қайтарып алынған болып 

есептелiп, өнертабысты тiркеу және алдын ала патент беру жүргiзiлмейдi.

 

      6. Егер ресми сараптама нәтижесiнде өтiнiм қорғалмайтын өнертабыс 



объектiлерiне жататыны анықталса, алдын ала патент беруден бас тарту туралы шешiм 

шығарылады. Егер өтiнiм берушi ол ұсынған формулада өтiнiмнiң бастапқы 

материалдарында болмаған белгiлердiң жүргенi туралы немесе өнертабыс ретiнде 

қорғалатын объектiден басқа өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiге жатпайтын сипаты 

болса немесе соған қатысты өнертабыс бiрлiгi талаптары бұзылуына байланысты қарау 

өткiзiлмегенi туралы хабарланғаннан кейiн өнертабыс формуласын өзгертпесе де, алдын 

ала патент беруден бас тарту туралы шешiм шығарылады.

 

      Өтiнiш берушi алдын ала патент беруден бас тарту туралы шешiм жiберiлген 



күннен бастап үш ай мерзiмде Қазпатентке қарсылық бере алады. Қарсылықты ол түскен 

кезден бастап екi ай мерзiмде шағым кеңесi қарауға тиiс.

 

      7. Алдын ала патент беру туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiн өтiнiм 



берушiнiң немесе үшiншi тұлғалардың өтiнiшi бойынша, бiрақ өтiнiм берiлген күннен 

бастап үш жылдан немесе осы Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес алдын ала патенттiң 

қолданылу мерзiмiн ұзартуға өтiнiм берiлген күннен бастап бес жылдан кешiктiрмей 

Қазпатент өтiнiмнiң мәнi бойынша сараптама жүргiзедi. Мәнi бойынша өтiнiмге 

сараптама техника деңгейiн анықтау үшiн өтiнiм жасалған өнертабысқа қатысты 

ақпараттық iзденiс жүргiзудi, өтiнiм жасалған шешiмнiң осы Заңның 6-бабында 

белгiленген патенттiк қабiлет жағдайына сәйкес келетiнiн тексерудi қамтиды және 

мәнi бойынша өтiнiм сараптамасына ақы төленгенiн растайтын құжат, сондай-ақ өтiнiм 

берушi өтiнiш жасаған болса, алдын ала патенттiң қолданылуын күшiнде сақтайтын ақы 

төленгенiн растайтын құжат табыс етiлген жағдайда жүзеге асырылады. Егер өтiнiм 

берушi дәлелдi себептерсiз сараптама өткiзу туралы өтiнiштi аталған мерзiмде табыс 

етпесе, өнертабысты құқықтық қорғау алдын ала патенттiң қолданылу мерзiмi бiткен 

соң тоқтатылады.

 

      8. Мәнi бойынша өтiнiм сараптамасын жүргiзу кезеңiнде Қазпатент өтiнiм 



берушiден онсыз сараптама өткiзу мүмкiн болмайтын қосымша материалдарды, оның 

iшiнде өнертабыстың өзгертiлген формуласын сұратып алуға құқылы.

 

      Сараптаманың сұрау салуы бойынша қосымша материалдар сұрау салу жiберiлген 



күннен бастап үш ай мерзiмде және өнертабыстың мәнi өзгертiлмей табыс етiлуге тиiс.

 

      Қосымша материалдарға өнертабыстың мәнiн өзгерткен бөлiгiнде осы баптың 2-



тармағында белгiленген тәртiп қолданылады. Егер өтiнiм берушi сұрау салынған 

материалдарды немесе белгiленген мерзiмдi ұзарту туралы өтiнiштi белгiленген 

мерзiмде табыс етпесе, өтiнiм қайтарып алынған болып есептеледi.

 

      9. Егер мәнi бойынша өтінiм сараптамасы нәтижесiнде Қазпатент өтiнiм берiлген 



ұсыныс өтiнiм берушi сұраған құқықтық қорғау көлемiнде осы Заңның 6-бабында 

белгiленген өнертабыстың патент қабiлеттiгi талаптарына сәйкес келетінін анықтаса, 

өтiнiм берушiмен келiсiлген өнертабыс формуласымен патент беру туралы шешiм 

шығарылады.

 

      Патент беру туралы шешiм өтiнiм берушiге жiберiлген күннен бастап үш ай 



iшiнде өтiнiм берушi Қазпатентке тиiстi төлем төленгенiн растайтын құжатты табыс 

етедi. Аталған құжат тапсырылмаған жағдайда өтiнiм қайтарып алған болып есептелiп

өнертабысты тiркеу мен патент беру жүргiзiлмейді.

 

      10. Өтiнiм берiлген өнертабыс өтiнiш берушi сұраған құқықтық қорғау көлемiнде 




жүктеу 269,95 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау