Күштеу лицензиясы оны беруге себеп болып табылатын мән-жай әрекетi доғарылған
реттерде сот арқылы тоқтатылуға тиiс.
5. Егер патент иеленушi тиiмдi коммерциялық жағдайларда лицензиялық шарт
жасасудан бас тартқан өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн қорғау құжатының басқа
иеленушiсiнiң құқықтарын бұзбай пайдалана алмайтын болса, Қазақстан Республикасы
аумағында өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалануға ерекше емес күштеу лицензиясын
беру туралы сотқа арыз беруге құқылы.
Аталған лицензияны беру кезінде қорғау құжаты басқа адамға тиесiлi
өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану шектерiн, төлем мөлшерiн, мерзiмiн және
тәртiбiн сот белгiлеп беруге тиiс. Төлем мөлшерi бұл орайда қалыптасқан практикаға
сәйкес белгiленген лицензияның рыноктық бағасынан төмен болмауға тиiс.
Осы тармақ негiзiнде алынған өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану құқығы
бұл құқық берiлген осы өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне қорғау құжаты берiлген кезде
ғана берiлуi мүмкiн.
6. Патент иеленушi алған қорғау құжатын кез келген жеке немесе заңды
тұлғаларға бере алады. Беру туралы шарт Қазпатентте мiндетті түрде тiркелуге тиiс.
7. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне қорғау құжаты және (немесе) оны алу құқығы
мұрагерлiк немесе құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен берiледi.
8. Патент иеленушi қорғау құжатын күшiнде ұстау үшiн жыл сайын ақы төлеп
тұруға мiндеттi.
12-бап. Патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзушылық
болып танылмайтын әрекеттер
Мыналар патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзу деп танылмайды:
1) конструкциясында қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiлерi бар құралдарды
немесе басқа елдердiң көлiк (теңiз, өзен, әуе, жер бетiндегi және ғарыштағы)
құралдарын пайдаланған кезде, аталған құралдар Қазақстан Республикасының аумағында
уақытша немесе кездейсоқ тұрған және көлiк құралдарының мұқтаждары үшiн
пайдаланылып отырған жағдайда қолдану. Егер көлiк құралдары Қазақстан Республикасы
көлiк құралдарының иелерiне осындай құқық беретiн елдердiң жеке немесе заңды
тұлғаларына тиесiлi болса, мұндай әрекеттер патент иеленушінiң ерекше құқығын
бұзушылық болып танылмайды;
2) қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсi бар құралға ғылыми зерттеу немесе
эксперимент жүргiзу;
3) төтенше жағдайлар (табиғи зiлзалалар, апаттар, iрi авариялар) кезiнде
мұндай құралдарды кейiннен патент иеленушiге дереу хабарлай отырып және патент
иеленушiге мөлшерлес өтемнiң ақысын төлей отырып қолдану;
4) мұндай құралдарды табыс таппай жеке мақсатына қолдану;
5) қиын-қыстау жағдайларда дәрiгердiң рецептi бойынша дәрiханада бiр жолғы
дәрi дайындау;
6) егер бұл құралдар Қазақстан Республикасында заңды жолмен азаматтық
айналымға енгiзiлсе, қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiлерi бар құралдарды
қолдану.
13-бап. Бұрын пайдалану құқығы және уақытша құқықтық
қорғау
1. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне басымдық берiлген күнге дейiн оның
авторына тәуелсiз Қазақстан Республикасының аумағында өнеркәсiптiк меншiк
объектiсiне ұқсас шешiм жасап, пайдаланған немесе оған қажеттi әзiрлiк жасаған кез
келген адам оның көлемiн ұлғайтпай, тегiн пайдалану құқығын (бұрын пайдалану
құқығы) сақтап қалады.
Бұрын пайдалану құқығы басқа адамға ұқсас шешiмдi пайдалану орын алған немесе
оған қажеттi әзiрлiк жасалған өндiрiспен бiрге ғана берiлуi мүмкiн.
2. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн басымдық берiлген күннен бастап, бiрақ
өнертабысқа, өнеркәсiп үлгiсiне, пайдалы модельге алдын ала патент беру туралы
мәлiметтер ресми жарияланған күнге дейiн пайдалана бастаған адамдар патент
иеленушiнiң талап етуi бойынша одан әрi пайдалануын тоқтатуға тиiс. Алайда мұндай
адам патент иеленушiнiң осындай пайдалану нәтижесiнде тартқан шығынын орнына
келтiруге мiндетті емес.
3. Ресми немесе ресми танылған халықаралық көрмеге экспонат ретiнде қойылған
өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне оны көрмеге қойған күннен бастап алты айдан
кешiктiрмей Қазпатентке осы объектiге өтiнiм берiлген жағдайда, көрмеге қойылған
күннен бастап қорғау құжатын беру туралы мәлiметтердiң алғашқы жариялануына дейiн
уақытша құқықтық қорғау берiледi.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетiлген мерзiмде өнеркәсiптік меншiк
объектiсiн пайдаланушы адам патент иеленушiге қорғау құжаты берiлген соң ақшалай
өтемақы төлейдi. Өтемақы мөлшерi тараптардың келiсiмдерiмен белгiленедi.
14-бап. Өнеркәсiптiк меншік объектiсiн пайдалануға
құқық беру
1. Патент иеленушi болып табылмайтын кез келген адам қорғалатын өнеркәсiптiк
меншiк объектiсiн патент иеленушiнiң рұқсатымен ғана лицензиялық шарт негiзiнде
пайдалануға құқылы.
2. Лицензиялық шарт лицензиатқа:
1) лицензиардың өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану мүмкiндiгiн және
басқа адамдарға лицензия (қарапайым, ерекше емес лицензия) беру құқығын сақтай
отырып, оны пайдалану құқығын;
2) лицензиардың өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану мүмкiндiгiн сақтай
отырып, бiрақ оны пайдалану құқығын басқа адамдарға лицензия (ерекше лицензия) беру
құқығынсыз;
3) лицензиардың өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану мүмкiндiгiн сақтамай
және басқа адамдарға лицензия (толық лицензия) беру құқығынсыз пайдалану құқығын
берудi көздеуi мүмкiн.
Егер лицензиялық шартта лицензия түрi көзделмесе, ол ерекше емес, қарапайым
болып табылады.
3. Лицензиаттың өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану ерекше емес
лицензияны (қосалқы лицензиялық шарт) басқа адамға (қосалқы лицензиатқа) беру
туралы шарт лицензиялық шартта қарастырылған жағдайларда ғана жасалуы мүмкiн.
Егер лицензиялық шартта өзгеше көзделмесе, қосалқы лицензиаттың әрекеттерi
үшiн лицензиар алдында лицензиат жауапты болады.
4. Өнеркәсiптiк үлгiнi, өнертабысты, пайдалы модельдi пайдалануға арналған
лицензиялық шарт пен қосалқы лицензиялық шарт жазбаша нысанда жасалады және ол
Қазпатентте тiркелуге тиiс. Жазбаша нысанды немесе тiркеу туралы талапты сақтамау
шарттың жарамсыздығына әкеп соғады.
5. Патент иеленушi Қазпатентке кез келген адамға өнеркәсiптiк меншік
объектiлерiн пайдалануға лицензия (ашық лицензия) алу құқығын беру туралы арыз бере
алады.
Көрсетiлген лицензияны сатып алуға тiлек бiлдiрушi адам патент иеленушiмен
төлемдер туралы шарт жасасып, оны мiндеттi түрде Қазпатентте тiркетуге тиiс. Шарт