Қазақстан Республикасының патент заңы
Мұрағаттық версия
Қазақстан Республикасының Заңы. 1999 жылғы 16 шілде N 427-I
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен
терминдер
Осы Заң мақсатында мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) бюллетень - өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау мәселелері жөнінде
Қазпатент ресми шығарып тұратын мерзімдік басылым;
2) патенттелген өнеркәсіптік меншік объектілері - қорғау құжаттары берілген
өнеркәсіптік меншік объектілері;
3) ерекше құқық - өнеркәсіптік меншік объектісін өз қалауы бойынша кез келген
әдіспен пайдалануға патент иеленушінің мүліктік құқығы;
4) лицензиялық шарт - патент иеленуші (лицензиар) басқа тарапқа (лицензиатқа)
өнеркәсіптік меншік объектісін белгілі бір түрде уақытша пайдалану құқығын беру
шарты;
5) интеллектуалдық меншік объектілері - интеллектуалдық қызмет нәтижелері
және азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетуді
дараландыру құралдары;
6) өнеркәсіптік меншік объектілері - өнертабыстар, пайдалы модельдер және
өнеркәсіп үлгілері;
7) қорғау құжаттары - осы Заңға сәйкес берілген алдын ала патенттер мен
өнертабыс пен өнеркәсіп үлгілеріне патенттер, пайдалы модельдерге патенттер;
8) Париж конвенциясы - кейінгі өзгертулерімен және толықтыруларымен қоса
алғанда, 1893 жылғы 20 наурыздағы өнеркәсіп меншігін қорғау жөніндегі Париж
конвенциясы;
9) патенттiк сенiмдi өкiлдер - жеке және заңды тұлғалардың Қазпатент
алдындағы өкiлдiгiне заңдарға сәйкес құқық берiлген азаматтар;
10) патент иеленушi - қорғау құжатының иесi;
11) қызметтiк өнертабыс - қызметкердiң өз қызметтiк мiндеттерiн немесе жұмыс
берушiнiң нақты тапсырмасын орындау кезiнде жасаған өнеркәсiптiк меншiк
объектiлерi;
12) патентке қабiлеттiлiк жағдайлары - өнеркәсiптік меншiк объектiлерiне
құқықтық қорғауды берудiң осы Заңда көзделген жағдайлары.
2-бап. Патент заңы реттейтiн қатынастар
1. Осы Заңмен өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн жасауға, құқықтық қорғау мен
пайдалануға байланысты мүлiктiк, сондай-ақ оларға байланысты жеке мүлiктiк емес
қатынастар реттеледi.
2. Интеллектуалдық меншiктiң өзге объектiлерiн (селекциялық жетiстiктер,
интегралдық микротәсiм топологиялары, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары,
тауар шығарылатын жерлердiң атаулары және басқалар) қорғау өзге заң актiлерiмен
реттеледi.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
1. Осы Заңның ережелерi қорғау құжаттарын Қазпатент берген өнеркәсiптiк
меншiк объектiлерiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық
шарттар негiзiнде патенттер берiлген өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне қолданылады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан
өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
4-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган
Мемлекеттік патент ұйымы (бұдан әрi - Қазпатент) уәкiлеттi мемлекеттік орган
болып табылады, ол осы Заңға сәйкес өнеркәсiптiк меншiк объектілерiн қорғау
саласындағы мемлекеттiк монополияны қамтамасыз етедi, өнеркәсiптiк меншiк
объектiлерiне жасалатын өтiнiмдердi қарауға қабылдайды, олар бойынша сараптама
өткiзедi, қорғау құжаттарын бередi, бюллетеньде өнеркәсiптiк меншiк объектiлерi
туралы мәлiметтер жариялайды және патенттiк ведомствоның өзiне жүктелген өзге де
мiндеттерiн жүзеге асырады.
5-бап. Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғау
1. Өнертабысқа және өнеркәсiптiк үлгiге құқық алдын ала берiлетiн патентпен
және патентпен, ал пайдалы модельге патентпен куәландырылады.
2. Өнертабыс және өнеркәсiптiк үлгiге алдын ала патент, пайдалы модельге
патент өтiнiмге үстiрт сараптама өткiзiлгеннен кейiн берiледi.
Өнертабысқа және өнеркәсiптiк үлгiге патент өтінiмге мәнi бойынша сараптама
өткiзiлгеннен кейiн берiледi.
Алдын ала патент және патент өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне басымдықты,
авторлықты және ерекше құқықты куәландырады.
3. Өнертабысқа алдын ала патент Қазпатентке өтiнiм келiп түскен күннен бастап
бес жыл бойы күшiн сақтайды, патент иеленушiсiнiң өтiнiшi бойынша Қазпатент оның
қолданылуын ұзартуы мүмкiн, бiрақ ол үш жылдан аспауы керек.
Өнертабысқа патент Қазпатентке өтiнiм берiлген күннен бастап жиырма жыл бойы
күшiн сақтайды.
Заңдарға сәйкес пайдаланылуы үшiн құзыретті органның рұқсаты талап етiлетiн
өнертабыс патентiнiң қолданылу мерзiмiн патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша
Қазпатент ұзартуы мүмкiн, бiрақ ол бес жылдан аспауы керек.
Пайдалы модельге патент Қазпатентке өтінiм берiлген күннен бастап бес жыл
бойы күшiн сақтайды, патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша Қазпатент оның қолданылу
мерзiмiн ұзартуы мүмкiн, бiрақ ол үш жылдан аспауы керек.
Өнеркәсiптiк үлгiге алдын ала патент Қазпатентке өтiнiм берiлген күннен
бастап бес жыл бойы күшiн сақтайды.
Өнеркәсiптiк үлгiге патент Қазпатентке өтiнiм берiлген күннен бастап он жыл
бойы күшiн сақтайды, патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша Қазпатент оның қолданылу
мерзiмiн ұзартуы мүмкiн, бiрақ ол бес жылдан аспауы керек.
4. Өнертабыс пен пайдалы модельге қорғау құжатымен берiлетiн құқық қорғау
көлемi олардың формуласымен, ал өнеркәсiптiк үлгiге қорғау құжатымен берiлетiн
құқық қорғау көлемi бұйымның (макеттiң) кескiндерiнде ұсынылған оның елеулi
белгiлерiнiң жиынтығымен анықталады. Өнертабыс формуласына, пайдалы модельге
түсiнiк беру үшiн сипаттамалар мен сызбалар ұсынылуы мүмкiн.
Өнiмдер алу әдiсiне берiлген қорғау құжатының күшi тiкелей осы әдiспен