өнертабыстың патент қабiлеттiлiгi талаптарына сәйкес келмейтiнi анықталған кезде
патент беруден бас тарту туралы шешiм шығарылады.
Патент беруден бас тарту туралы шешiм осы баптың 6-тармағында көздеген
жағдайларда да қабылданады.
Өтiнiм берушi патент беруден бас тарту туралы шешiм жiберiлген күннен бастап
үш ай мерзiмде Қазпатентке қарсылық бере алады. Қарсылықты шағым кеңесi ол түскен
күннен бастап төрт ай мерзiмде қарауға тиiс.
11. Өтiнiм берушi өтiнiм қаралуының кез келген сатысында, сондай-ақ патент
иеленушi және үшiнші тұлғалар алдын ала патент беру туралы мәлiметтер
жарияланғаннан кейiн техника деңгейiн салыстыру арқылы өнертабыстың патент
қабiлеттiлiгiн бағалау жүзеге асырылатын анықтау үшiн ақпараттық iздестiру өткiзу
туралы өтiнiш жасай алады. Осы Заңның 6-бабының 3-тармағына сәйкес өнертабыстар
болып танылмайтын объектiлерге қатысты Қазпатент ақпараттық iздестіру жүргiзбеуге
құқылы, бұл туралы ақпараттық iздестiру жөнiнде өтiнiм берушi адам хабарланады.
Мұндай iздестiру жүргiзу тәртiбiн Қазпатент белгiлейдi.
12. Өтiнiм беруші сараптаманың қарсы қойған барлық материалдарымен
таныстырылуы мүмкiн. Өтінiм берушi сұратқан материалдарды Қазпатент оған сұрау
салынған күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде жiбередi.
13. Осы баптың 3, 5-10-тармақтарында көзделген және өтiнiм берушi өткiзiп
алған мерзiмдердi дәлелдi себептерiнiң болғаны және өткiзiп
алған мерзiмдi қалпына
келтiру ақысының төленгенi туралы құжат тапсырылған жағдайда Қазпатент қалпына
келтiруi мүмкiн.
Мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтiнiштi өтiнiм берушi өткiзiп алған мерзiм
бiткен күннен бастап он екi айдан кешiктiрмей беруi мүмкiн. Мұндай өтiнiш
Қазпатентке сараптаманың сұратылған құжаттарымен немесе шағым кеңесiне жасалған
қарсылықпен бiрге тапсырылады.
23-бап. Пайдалы модель өтініміне сараптама
1. Пайдалы модельге өтiнiм бойынша ресми сараптама жүргiзiледi, оның
барысында қажеттi құжаттардың бар-жоғы және оларға қойылатын талаптардың орындалуы
тексерiледi, өтiнiм берiлген күн белгiленедi, өтiнiм жасалған ұсынысты пайдалы
модель ретiнде қорғалатын объектiлерге жатқызу мүмкiндiгi анықталады, сондай-ақ
пайдалы модельдiң бiрлiгi тексерiледi.
Өтінiм берiлген пайдалы модельдiң осы Заңның 7-бабының 1-тармағында
белгiленген патент қабiлеттiлiгi талаптарына сәйкестiгiн тексеру жүзеге
асырылмайды. Патент өтiнiм берушiнiң тәуекелiмен және жауапкершiлiгiмен берiледi.
2. Пайдалы модельге өтiнiмнiң ресми сараптамасын өткiзген кезде тиiсiнше осы
Заңның 22-бабының 2-4 және 13-тармақтарындағы ережелер қолданылады.
Егер ресми сараптама нәтижесiнде өтiнiмнiң пайдалы модельдер ретiнде
қорғалатын объектiлерге жататыны және құжаттардың белгiленген талаптарға сәйкестiгi
анықталса, патент беру туралы шешiм қабылданады.
Патент беру туралы шешiм жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiм iшiнде өтiнiм
берушi Қазпатентке тиiстi төлем жасалғанын растайтын құжат тапсырады. Көрсетiлген
құжат тапсырылмаған жағдайда өтiнiм қайтарып алынған болып есептелiп, пайдалы
модельдi тіркеу және патент беру жүргiзiлмейдi.
3. Егер ресми сараптама нәтижесiнде өтiнiмнiң пайдалы модельдер ретiнде
қорғалмайтын объектiлерге жататыны анықталса, патент беруден бас тарту туралы шешiм
шығарылады. Егер өтiнiм берушi ол ұсынған формулада өтiнiмнiң бастапқы
материалдарында болмаған белгiлер байқалса немесе пайдалы модель ретiнде қорғалатын
объектiден басқа, пайдалы модель ретiнде қорғалатын объектiлерге жатпайтын
ұсыныстармен де сипатталса, немесе пайдалы модель бiрлiгi талаптарын бұзуға
байланысты қаралмағандығы туралы хабарламадан кейiн формуланы өзгертпесе де, патент
беруден бас тарту туралы шешiм шығарылады.
Өтiнiм берушi патент беруден бас тарту туралы шешiм жiберiлген күннен бастап
үш ай мерзiм iшiнде Қазпатентке қарсылық бере алады. Қарсылықты оның түскен күнiнен
бастап екi ай мерзiмде шағым кеңесi қарауға тиiс.
4. Өтiнiм берушi өтiнім қаралуының кез келген сатысында, сондай-ақ патент
иеленушi мен үшiншi тұлғалар патент беру туралы мәлiметтер
жарияланғаннан кейiн
техникалық деңгейiн анықтау үшiн сонымен салыстыру арқылы пайдалы модельдiң патент
қабiлеттiлiгiн бағалау жүзеге асырылатын ақпараттық iздестiру жүргiзу туралы өтiнiш
беруi мүмкiн. Бұл жағдайда тиiсiнше осы Заңның 22-бабы 11-тармағының ережелерi
қолданылады.
24-бап. Өнеркәсiп үлгiсi өтiнiмiне сараптама
1. Өнеркәсiп үлгiсi өтiнiмi бойынша Қазпатент ресми сараптама және мәнi
бойынша сараптама жүргiзедi.
Өнеркәсiп үлгiсiне өтiнiмге ресми сараптама жүргiзген кезде тиiсiнше осы
Заңның 22-бабының 1-6 және 13-тармақтарында келтiрiлген ережелер қолданылады.
2. Мәнi бойынша өтiнiмге сараптама жүргiзген кезде тиiсiнше осы Заңның 22-
бабының 7-10, 12 және 13-тармақтарында келтiрiлген ережелер қолданылады.
25-бап. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн тiркеу және
қорғау құжатын беру
1. Қазпатент Қазақстан Республикасының Өнертабыстарының мемлекеттiк
тiзiлiмiне, Қазақстан Республикасының Пайдалы модельдер
мемлекеттiк тiзiлiмiне
немесе Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп үлгiлерi мемлекеттік тiзiлiмiне тиiсiнше
өнертабысты, пайдалы модельдi немесе өнеркәсiп үлгiсiн енгiзедi.
2. Қазпатент патенттi беру туралы мәлiметтердi ресми бюллетеньге жариялай
отырып, патент иеленушiге тиiстi қорғау құжатын бередi.
Атына қорғау құжаты сұралған адам бiрнешеу болған жағдайда оларға бiр қорғау
құжаты берiледi.
3. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң патент иеленушi болып табылмайтын
авторына Қазпатент оның авторлығын растайтын ресми куәлiк бередi.
4. Қорғау құжаты мен автор куәлiгiнiң нысанын, оларда көрсетiлген мәлiметтер
құрамын Қазпатент белгiлейдi.
26-бап. Қорғау құжаттарын беру туралы мәлiметтердi
жариялау
1. Қазпатент өнертабысқа алдын ала патент немесе пайдалы модельге патент беру
туралы мәлiметтердi өтiнiм берiлген күннен бастап - он сегiз ай, ал өнеркәсiп
үлгiсiне - он екi ай өткен соң бюллетеньде жариялайды. Өтiнiм берушiнiң өтiнiшi
бойынша Қазпатент мәлiметтердi аталған мерзiмнен ерте жариялауы мүмкiн.
2. Қазпатент өнеркәсiптiк меншiк объектiсi Қазақстан Республикасының тиiстi
Мемлекеттiк тiзiлiмiне тiркелген күннен бастап екi ай iшiнде өнертабысқа немесе
өнеркәсiп үлгiсiне патент беру туралы мәлiметтердi бюллетеньде жариялайды.
3. Автордың қорғау құжаты туралы жарияланған мәлiметтерде автор ретiнде
аталынудан бас тартуға құқығы бар.
4. Жарияланатын мәлiметтердiң толық құрамын Қазпатент белгiлейдi.