алынған өнiмге де қолданылады.
Егер өзгеше дәлелденбесе, бұл орайда жаңа өнiм қорғау әдiсiмен алынған болып
есептеледi.
5. Қорғау құжатын алу құқығы, өтiнiмдi тiркеуден туындайтын құқықтар, қорғау
құжатын иелену құқығы және қорғау құжатынан туындайтын құқықтар тұтас немесе
iшiнара басқа адамға берiлуi мүмкiн.
6. Осы Заңға сәйкес мемлекет құпия деп таныған өнеркәсiптiк меншiк
объектiлерiне құқықтық қорғау берiлмейдi. Өнеркәсiптiк меншiктiң құпия объектiлерiн
пайдалану тәртiбi заңдармен реттеледi.
2-тарау. Өнеркәсіптік меншік объектілерінің патентке
қабілеттілігінің талаптары
6-бап. Өнертабыстың патентке қабiлеттiлiгiнiң талаптары
1. Егер жаңа, өнертабыстық деңгейге жеткен әрi өнеркәсiпте қолдануға жарамды
болса, өнертабысқа құқықтық қорғау берiлудi.
Егер ол техника деңгейi туралы мәлiметтерде белгiсiз болса, өнертабыс жаңа
болып табылады.
Егер маман үшiн ол техника деңгейi туралы мәлiметтерден айқын кездеспейтiн
болса, өнертабыс өнертабыстық деңгейде болады.
Техника деңгейi туралы мәлiметтер өнертабыс басымдық алған күнге дейiн дүние
жүзiнде жалпы жұртқа мәлiм болған кез келген мәлiметтердi қамтиды.
Өнертабыстың жаңалығын анықтаған кезде техникалық деңгейi туралы мәлiметтерге
бұрынырақтағы басымдықтары болған жағдайларда өнертабыстар мен пайдалы модельдерге
(қайтып алынғандардан басқасы) Қазақстан Республикасында басқа адамдардың берген
өтiнiмдерi және Қазақстан Республикасында патенттелген өнертабыстар мен пайдалы
модельдер кiредi.
Егер өнеркәсiпте, ауыл шаруашылығында, денсаулық сақтауда және қызметтiң
басқа да салаларында пайдалануға болса, өнертабыс өнеркәсiпте қолдануға жарамды деп
табылады.
2. Құрылғы, әдiс, зат, микроорганизмдердiң, өсiмдiктер мен хайуанаттар
клеткаларының тегi, сондай-ақ бұрыннан белгiлi құрылғыны, әдiстi, затты, тектi жаңа
мақсатта қолдану өнертабыс объектiлерi бола алады.
3. Мыналар:
1) жаңалықтар, ғылыми теориялар және математикалық әдiстер;
2) шаруашылықты ұйымдастыру және басқару әдiстерi;
3) шартты белгiлер, кестелер, ережелер;
4) ақыл-ой операцияларын орындау ережелерi мен әдiстерi;
5) есептегiш машиналарға арналған бағдарламалар мен алгоритмдердiң өзi;
6) ғимараттар, үйлер, аумақтар жоспарларының жобалары мен тәсiлдерi;
7) бұйымдардың тек сыртқы түрiне қатысты ұсыныстар;
8) Қоғамдық мүдделерге, iзгiлiк пен мораль принциптерiне қайшы келетiн
ұсыныстар өнертабыстар деп танылмайды.
4. Париж конвенциясына қатысушы мемлекет аумағында ұйымдастырылған, ресми
немесе ресми деп танылған халықаралық көрмеде өнертабыстың экспонат ретiнде
көрсетiлуiн қоса алғанда, өнертабысқа қатысты ақпаратты арыз берушiнiң (автордың)
немесе одан бұл ақпаратты тікелей немесе жанама түрде алған кез келген адамның
көпшiлiкке жария етуi, өнертабысқа өтiнiм ол ашылған немесе көрмеге қойылған күннен
бастап алты айдан кешiктiрмей берiлген болса өнертабыстың патентке қабiлеттiлiгiне
әсер ететiн мән-жай деп танылмайды. Бұл орайда осы фактiнi дәлелдеу мiндетi арыз
берушiге жүктеледi.
7-бап. Пайдалы модельдiң патентке қабiлеттiлiк
талаптары
1. Өндiрiс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарын, сондай-ақ олардың құрамдас
бөлiктерiн (құрылғысын) конструкциялық орындау пайдалы модельдерге жатады.
Егер жаңа және өнеркәсiпте қолдануға болса, пайдалы модельге құқықтық қорғау
берiледi.
Егер елеулi белгiлерiнiң жиынтығы техника деңгейi туралы мәлiметтерден
белгiсiз болса, пайдалы модель жаңа болып табылады.
Техника деңгейi туралы мәлiметтер пайдалы модельге басымдық берiлген күнге
дейiн жұртқа мәлiм болған, арыз берiлiп отырған пайдалы модель мақсаттас құралдар
туралы дүние жүзiнде жарияланған мәлiметтердi, олардың Қазақстан Республикасында
қолданылуы, сондай-ақ олардың неғұрлым бұрынырақта басымдығы болған жағдайларда
Қазақстан Республикасына басқа адамдардың пайдалы модельдерге және өнертабыстарға
(қайтарып алынғаннан басқа) берген өтiнiмдерi және Қазақстан Республикасында
патенттелген пайдалы модельдер мен осы бағыттағы өнертабыстар туралы мәлiметтердi
қамтиды.
Егер iс жүзiнде пайдалануға жарайтын болса, пайдалы модель өнеркәсiпте
қолдануға жарамды болып табылады.
2. Париж конвенциясына қатысушы мемлекет аумағында ұйымдастырылған, ресми
немесе ресми деп танылған халықаралық көрмеде пайдалы модельдiң экспонат ретiнде
көрсетiлуiн қоса алғанда, пайдалы модельге қатысты ақпаратты арыз берушiнiң
(автордың) немесе одан бұл ақпаратты тiкелей немесе жанама түрде алған кез келген
адамның көпшiлiкке жария етуi пайдалы модельге өтiнiм ақпарат жария болған күннен
бастап алты айдан кешiктiрмей берiлген болса пайдалы модельдiң жаңалығына әсер
ететiн мән-жай деп танылмайды. Бұл орайда осы фактінi дәлелдеу мiндетi арыз
берушiге жүктеледi.
3. Осы Заңның 6-бабының 3-тармағында аталған объектiлерге қатысты шешiмдер
пайдалы модельдер ретiнде қорғалмайды.
8-бап. Өнеркәсiптiк үлгiнiң патентке қабiлеттілiк
талаптары
1. Өнеркәсiптiк үлгiге бұйымның сыртқы түрiн айқындайтын көркемдiк-
конструкторлық шешiм жатады. Егер жаңа, бiрегей және өнеркәсiпте қолдануға жарамды
болса, өнеркәсiптiк үлгiге құқықтық қорғау берiледi.
Егер бұйымның елеулi белгiлерiнiң өнеркәсiптiк үлгiге көрiнiстерiне берiлген
және елеулi белгiлер тiзбесiнде келтірiлген жиынтығы өнеркәсiптiк үлгiге басымдық
берiлген күнге дейiн дүние жүзiнде жалпыға мәлiм мәлiметтерде белгiсiз болса,
өнеркәсiптiк үлгi жаңа деп танылады.
Өнеркәсiптiк үлгiнiң жаңалығын анықтаған кезде Қазақстан Республикасында
өнеркәсiптік үлгiлерге бұрын басқа адамдар өтінiм берген (қайтарып алынғандарын
қоспағанда) және Қазақстан Республикасында патенттелген өнеркәсiптiк үлгiлердiң
неғұрлым ертеректегi басымдығы да ескерiледi.
Егер елеулi белгiлерi бұйым ерекшелiктерiнiң шығармашылық сипатын анықтайтын
болса, өнеркәсiптiк үлгi бiрегей деп танылады.
Егер тиiстi бұйымды дайындау жолымен оның көп рет ұдайы өндiрiлуi мүмкiн
болса, өнеркәсiптiк үлгi өнеркәсiпте қолдануға жарамды деп танылады.