сипаттамасы;
3) оның мәнiн бiлдiретiн, сипаттамаға толық негiзделген пайдалы модельдiң
формуласы;
4) сызбалар;
5) реферат;
6) сенiмдi өкiлдер арқылы iс жүргiзген жағдайда - сенiмхат болуға тиiс.
Пайдалы модельге өтiнiмге өтiнiм беруге белгiленген мөлшерде ақы төленгенiн
растайтын құжат пен оның мөлшерiн азайтуға негiздеменi растайтын құжат қоса
тiркеледi, оларды өтiнiмге қоса немесе өтiнiм түскен күннен бастап екi ай iшiнде
тапсыруға болады. Тиiстi төлемдер енгiзiлген жағдайда бұл мерзiм ұзартылуы мүмкiн,
бiрақ екi айдан аспауға тиiс.
Белгiленген мерзiмде төлемдер туралы құжаттар тапсырылмаған жағдайда өтiнiм
берiлмеген болып есептеледi.
3. Пайдалы модельге өтінiм берiлген күн Қазпатентке пайдалы модельге қорғау
құжатын беру туралы өтiнiм түскен күнi бойынша белгiленедi, онда тегi, есiмi,
әкесiнiң аты (егер ол болса) көрсетiлуi немесе арыз берушiнiң толық атауы,
сипаттамасы, формуласы және сызбасы болуы керек, ал егер аталған құжаттар бiр
мезгiлде тапсырылмаса, тапсырылған құжаттардың соңғысы түскен күнi көрсетiлiп
белгiленедi.
4. Пайдалы модельге өтiнiмдi жасау мен ресiмдеу талаптарын Қазпатент
белгiлейдi.
19-бап. Өнеркәсiп үлгiсiне қорғау құжатын беруге өтiнiм
1. Өнеркәсiп үлгiсiне қорғау құжатын беруге өтiнiм (бұдан әрi - өнеркәсiп
үлгiсiне өтiнiм) бiр өнеркәсiп үлгiсiне немесе өзара байланыстылығы өнеркәсiп
үлгiсiнiң бiрлiгi талабын қанағаттандыратын өнеркәсiп үлгiлерi тобына қатысты
болуға тиiс.
2. Өнеркәсiп үлгiсiне өтiнiмде:
1) өнеркәсiп үлгiсi авторлары және атына қорға құжаты сұралып отырған
адамдар, сондай-ақ олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан орны көрсетiлген
қорғау құжатын беру туралы өтiнiш;
2) мәлiмделген үлгi (үлгiлер) туралы толық егжей-тегжейлi түсiнiк беретiн
бұйымның (бұйымдардың) немесе макеттiң кескiнi бейнеленген қайта жасауға жарамды
жиынтығы;
3) егер өнеркәсiп үлгiсiнiң мәнiн ашу үшiн қажет болса, бұйымның жалпы
түрiнiң сызбасы,
эргономикалық тәсiмi, конфекциялық картасы;
4) өнеркәсiп үлгiсiнiң елеулi белгiлерiнiң тiзбесiн қамтитын сипаттамасы;
5) өкiлдер арқылы iс жүргiзген жағдайда - сенiмхат болуға тиiс.
Өнеркәсiп үлгiсiне өтiнiмге өтiнiм беруге белгiленген мөлшерде ақы төленгенiн
растайтын құжат және оның мөлшерi кемiтiлуiне арналған негiздеменi растайтын құжат
қоса тіркеледi, олар өтiнiммен бiрге немесе өтiнiм түскен күннен бастап екi ай
iшiнде табыс етiлуi мүмкiн. Тиiстi төлемдер енгiзiлген жағдайда бұл мерзiм
ұзартылуы мүмкiн, бiрақ екi айдан аспауы керек.
Төлем жөнiндегi құжаттар белгiленген мерзiмде тапсырылмаған жағдайда өтiнiм
берiлмеген болып есептеледi.
3. Өнеркәсiп үлгiсiне өтiнiм берiлген күн болып Қазпатентке өнеркәсiптiк
үлгiге қорғау құжатын беру туралы арызда келтiрiлген, тегi, есiмi, әкесiнiң аты
(егер ол болса) көрсетiлуi немесе арыз берушiнiң толық атауы, сипаттамасы, бұйымның
кескiнi (макетi) болуы керек, ал егер аталған құжаттар бiр мезгiлде тапсырылмаса,
тапсырылған құжаттардың соңғысының түскен күнi көрсетілiп белгiленедi.
4. Өнеркәсiп үлгiсiне өтiнiмдi жасау мен ресiмдеу талаптарын Қазпатент
белгiлейдi.
20-бап. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң басымдығы
1. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң басымдығы осы Заңның 17-бабының 3-
тармағына, 18-бабының 3-тармағына және 19-бабының 3-тармағына сәйкес белгiленген,
өнеркәсiптiк меншiктiң тиiстi объектiсiне өтінiм берiлген күн бойынша белгiленедi.
2. Басымдық, егер өтiнiм өнертабысқа, пайдалы модельге Қазпатентке аталған
күннен бастап он екi айдың iшiнде, ал өнеркәсiп үлгiсiне алты айдың iшiнде берiлсе,
Париж конвенциясына қатысушы мемлекетке, сондай-ақ онда көзделген халықаралық
немесе аймақтық ұйымдарда (конвенциялық басымдық) берiлген бiрiншi өтiнiм күнi
бойынша белгiленуi мүмкiн. Егер өтiнiм берушiге байланысты емес мән-жаймен
конвенциялық басымдық сұраған өтiнiм аталған мерзiмде берiле алмай қалса, соңғысы
ұзартылуы мүмкiн, бiрақ екi айдан аспауы керек.
Конвенциялық басымдықтың құқығын пайдаланғысы келетiн өтініш берушi өтiнiм
берген кезде немесе Қазпатентке өтiнiм түскен күннен бастап екi ай iшiнде мұны
көрсетуге және бiрiншi өтiнiмнiң көшiрмесiн қоса беруге немесе оны Қазпатентке
өтiнiм түскен күннен бастап алты айдан кешiктiрмей табыс етуге тиiс. Көрсетiлген
құжатты тапсырмаған жағдайда өтiнiм берушi конвенциялық басымдыққа құқығын
жоғалтады. Бұл жағдайда басымдық өтiнiмнiң Қазпатентке келiп түскен күнiмен
белгiленедi.
3. Егер өтiнiш берушiге қосымша материалдар шешiмнiң мәнiн өзгертедi деп
танылуына байланысты оларды назарға алу мүмкiн еместiгi туралы Қазпатенттiң
хабарламасы жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiм өткенге дейiн өтiніш берушi
дербес өтiнiм ретінде ресiмдеген болса, басымдық қосымша материалдар түскен күн
бойынша белгiленуi мүмкiн.
4. Егер мұндай басымдық сұралып отырған өтiнiм неғұрлым бұрын берiлген
өнертабысқа өтiнiм берiлген күннен бастап кем дегенде
он екi айда және неғұрлым
бұрын берiлген пайдалы модельге, өнеркәсiп үлгiсiне өтiнiм - алты айда түссе,
басымдық осы өтінім берушінің бұл өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн ашып көрсететiн
неғұрлым бұрынғы өтiнiмi Қазпатентке берiлген күн бойынша белгiленуi мүмкiн. Бұл
орайда неғұрлым бұрын берiлген өтiнiм қайтарып алынды деп есептеледi.
Басымдықты оған дейiн басымдық сұралған өтiнiмнiң берiлген күнiнен белгiлеуге
болмайды.
5. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң белгiленген өтiнiм бойынша басымдығы осы
өтiнiш берушiнiң оның мәнiн ашатын Қазпатентке берiлген бастапқы өтiнiмiнiң күнi
бойынша, ал бастапқы өтiнiм бойынша бұрынырақтағы басымдығын белгiлеу құқығы болған
жағдайда - оның басымдығы күнiнен бастап белгiленедi, егер белгiленген өтiнiм шағым
жасау мүмкiндiгi таусылған бастапқы өтiнiм бойынша қорғау құқығын беруден бас тарту
туралы шешім қабылданғанға дейiн берiлсе, оның басымдық күнi бойынша, ал аталған
өтiнiм бойынша қорғау құжатын беру туралы шешiм қабылданған жағдайда - өнеркәсiптiк
меншiк объектiсiн Қазақстан Республикасының тиiстi Мемлекеттік тiзiлiмiне тiркеген
күнге дейiн белгiленедi.
6. Басымдық бұрын берiлген бірнеше өтінiмдердiң немесе оларға қосымша
материалдардың негiзiнде, тиiсiнше осы баптың 2-5 тармақтарында аталған жағдайлар
сақтала отырып белгiленуi мүмкiн.
7. Егер ұқсас өнеркәсiптiк меншiк объектiлерi бiр күнде басымдыққа ие болғаны
анықталса, қорғау құжаты өтiнiмнiң Қазпатентке неғұрлым ертерек жiберiлген күнiн
дәлелденген өтiнiм бойынша, ал бұл күндер сәйкес келгенде - Қазпатентте неғұрлым
бұрынырақ тiркеу нөмiрiне ие болған өтiнiм бойынша берiледi.