Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасының дамыуы қатар мемлекеттің қаржылық-құқықтық саясатының жетілуі алға басуда



жүктеу 1,96 Mb.
бет6/12
Дата25.05.2018
өлшемі1,96 Mb.
#17233
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Бюджеттік реттеу жалпы бюджеттік құрылымды және оның жеке жеке құрамдас бөліктерін тәртіпте ұстау, ретке келтіру механизімі.

Бюджеттік реттеудің мақсаты - бюджеттік жүйенің құрамдас бөліктерінің және оның элементтерінің тиісті өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету.

Бюджеттік жүйенің біртұтастығы мыналармен қамтамасыз етіледі:

  • Біртұтас құқықтық базасымен,

  • Біртұтас бюджеттік таптастырылуды қолдану;

  • Мемлекеттік қаржылық статистиканың біртұтастығы;

  • бюджеттік процесстің принциптері;

  • ақша жүйесінің біртұтастығы.

Бюджеттік реттеу әдістері болып келесілер табылады:

а) бюджеттік жүйеге кіретін бюджеттердің жеке түрлері арасындағы шығындарды бөлу;

б)   бюджеттік жүйенің әр тізбегіне тұрақты кірістерді бекіту;

в) төмен тұрған бюджеттерге жоғарғы бюджеттерден баланыста ұстау мақсатында кірістер бекіту. Бұл кірістерді «реттеуші кірістер» деп те атайды

г) кредитаралық дотация (субвенция);

д) бюджет аралық несиелеу;

е) бюджеттік алымдар;

ж) секвестрлеуді қоса, бюджет шығынын азайту.



Бюджеттік қызмет – мемлекеттің орталық және жергілікті бюджеттерді құру, бөлу және қолдануды ұйымдастыру бойынша оның атынан әрекет ететін құзіретті органдардың қызметі.

Бюджеттік қызметті жүзеге асыру процессінде қаржылық қызметтің барлық әдістері қолданылады

  • Бюджетті құру процессі

  • Бюджетті бөлу процессі

  • Бюджеттік қаражаттарды қолдануды ұйымдастыру процессі


3 Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығындарды құқықтық реттеу
Бюджеттің кірістерін құқықтық реттеу бюджеттің кіріс бөлімін құрумен байланысты қоғамдық қатнастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы болып табылады.

Мемлекттік бюджет – бұл республикалық және жергілікті бюджеттердің шоғырлануы.

Мемлекеттік түсімдер – мемлекеттік кәсіпорындар және ұйымдармен құрылатын, мемлекеттің қаржылық негіз құру мақсатында өз меншігіне түсетін ақша қаражаттарын құру, бөлу процессінде айналымда болатынқоғамдық өнімнің жиынтығының бөлігі.



Бюджеттiң түсiмдерi – кiрiстер, бюджет кредиттерiн өтеу, мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер, сондай-ақ мемлекеттiк қарыздар, салық және басқа да мiндеттi төлемдер, ресми трансферттер, мемлекетке өтеусiз негiзде берiлетiн, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттiң қаржы активтерiн сатуға байланысты емес, Бюджеттік Кодекске және басқа да заң актiлерiне сәйкес бюджетке eceптелуге тиiстi ақша бюджет кiрiстерi болып табылады.

Бюджеттiң түсiмдерiн топтастыру.

1) Әлеуметтік –экономикалық белгілері бойынша:

- мемлекеттік секторлардан түсетін түсімдер,

- мемлекеттік емес секторлардан түсетін түсімдер.



  1. Аумақтық белгілері бойынша:

- республикалық бюджеттерге енгізілетін орталық түсімдер

- жергілікті – жергілікті бюджетке.



3) бюджеттік қызметтердің әдістері бойынша:

- ақша құралдарын мәжбүрлі-қайтарымсыз алу,

- ақша құралдарын ерікті – қайтарымсыз тарту,

- ақша құралдарын мәжбүрлі - қайтарымды алу (мәжбүрлі мемлектеттік займдар),

- ақша құралдарын ерікті-қайтарымды тарту,

- эмиссия.



4) заңи нысаны бойынша:

- мемлекеттің бір жақты – биліктік бұйрық,

- мемлекеттің төлеушімен келісімі.

«ҚР Бюджеттік кодексі» бойынша бюджетке түсімдерді келесідей шоғырландырады:



Түсімдердің бірінші түрі Заңда «бюджет кірістері» деп аталады. Өз кезегінде бюджет кірістері

3 топқа бөлінедітан тұрады

1. салықтардан, алымдардан және басқа да міндетті төлемдер түсімі.

2. салықтық емес түсімдер

3. капиталмен операциялардан түсетін кірістер

Түсімдердің екінші түрі бюджетке ресми трансферттен түсетін түсімдерді құрайды.


  • Ресми трансферттер – бюджетке қайтарымсыз және ақысыз түсімдері.

  • Бюджеттік алымдар –бұл жоғарғы тұрған бюджеттен төменгі

бюджетке тапсырылатын ресми трансферттер.

Түсімдердің үшінші түрі

Осы бюджеттен алынған несиенінің негізгі қарызын өтеуден түсетін түсімдер.

Республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер:

1) мұнай секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдердi қоспағанда, корпоративтiк табыс салығы;

2) қосылған құн салығы, оның iшiнде Қазақстан Республикасының қызметтерге және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығы;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға акциздер;

4) шикi мұнайға, газ конденсатына акциздер;

5) ойын бизнесi салығы;

6) мұнай секторы ұйымдарынан түсiмдердi қоспағанда, үстеме пайда салығы;

7) тарихи шығындарды өтеу жөнiндегi төлемақы;

8) мұнай секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдердi қоспағанда, бонустар;

9) мұнай секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдердi қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндiруден алынатын салық

10) мұнай секторы ұйымдарынан түсiмдердi қоспағанда, экспортқа рента салығы;

11) мұнай секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының жасалған келiсiмшарттар бойынша өнiмдi бөлу жөнiндегi үлесi;

12) мұнай секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдердi қоспағанда, өнiмдi бөлу туралы келiсiмшарт бойынша қызметiн жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi;

13) жергiлiктi маңызы бар ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдары бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алымнан басқа, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алым;

14) телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат берiлгенi үшiн алым;

15) бұқаралық ақпарат құралының мемлекеттiк тiркелгенi (есепке қойылғаны) үшiн алым;

16) дәрiлiк заттардың мемлекеттiк тiркелгенi, сондай-ақ олардың қайта тiркелгенi үшiн алым;

17) шығармаларға және сабақтас құқықтар объектiлерiне құқықтардың, шығармаларды және сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалануға лицензиялық шарттардың мемлекеттiк тiркелгенi, сондай-ақ олардың қайта тiркелгенi үшiн алым;

18) радиоэлектронды құралдардың және жоғары жиiлiктегi құрылғылардың мемлекеттiк тiркелгенi үшiн алым;

19) қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысының, сондай-ақ ұялы байланыстың берiлгенi үшiн төлемақы;

20) радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы;

21) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы;

22) жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы;

23) кеме жүретiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы;

24) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн төлемақы;

25) әкелiнетiн және әкетiлетiн тауарларға кеден баждары;

26) кеден бақылауын және кеден рәсiмдерiн жүзеге асырудан түсетiн түсiмдер;

27) отандық тауар өндiрушiлердi қорғау шаралары ретiнде алынатын баждар;

28) консулдық алым;

29) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдардың апостиль қойғаны үшiн мемлекеттiк баж;

30) жеке басын куәландыратын құжаттар берiлгенi үшiн мемлекеттiк баж;

31) жүргiзушi куәлiктерiнiң берiлгенi үшiн алынатын мемлекеттiк баж;

32) механикалық көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктер берiлгенi үшiн алынатын мемлекеттiк баж;

33) мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiнiң берiлгенi үшiн алынатын мемлекеттiк баж;

34) нотариаттық iс-әрекеттер жасалғаны үшiн алынатын мемлекеттiк баж;

35) зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның заңды мәнi бар iс-әрекеттер жасағаны үшiн алынатын мемлекеттiк баж;

36) мемлекеттiк мекемелердi сотқа берген талап қою арыздарынан алынатын мемлекеттiк баж;

37) механикалық көлiк құралдарының және тiркемелердiң техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiктiң берiлгенi үшiн алынатын мемлекеттiк баж республикалық бюджетке түсетiн салықтық түсiмдер болып табылады.


Мыналар:

1) республикалық меншiктен түсетiн кiрiстер: республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысы бөлiгiнiң түсiмдерi; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң таза табысы бөлiгiнiң түсiмдерi; республикалық меншiктегi акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне дивидендтер; республикалық меншiктегi заңды тұлғалардың қатысу үлесiне кiрiстер; республикалық меншiктегi мүлiктi жалға беруден түсетiн кiрiстер; екiншi деңгейдегi банктердiң шоттарында мемлекеттiк сыртқы қарыздар қаражатының орналастырылғаны үшiн және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң депозиттерi бойынша сыйақылар; республикалық бюджеттен берiлген кредиттер бойынша сыйақылар; қару-жарақ пен әскери техниканы сатудан түсетiн кiрiстер; республикалық меншiктен түсетiн басқа да кiрiстер;

2) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) өткiзуден түсетiн түсiмдерi;

3) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттiк сатып алуды өткiзуден түсетiн ақша түсiмдерi;

4) мұнай секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдердi қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бюджетiнде (шығыстар сметасында) тұратын және қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер салатын айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алу;

5) мұнай секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдердi қоспағанда, республикалық бюджетке салықтық емес басқа да түсiмдер республикалық бюджетке түсетiн салықтық емес түсiмдер болып табылады.

Мыналар:

1) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлген мемлекеттiк мүлiктi сатудан;

2) мемлекеттiк материалдық резервтен тауарлар сатудан;

3) мемлекетке тиесiлi материалдық емес активтердi сатудан түсетiн ақша негiзгi капиталды сатудан республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер болып табылады.


Мыналар:

1) облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнен түсетiн трансферттер;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетiн трансферттер республикалық бюджетке түсетiн трансферттердiң түсiмдерi болып табылады.

Республикалық бюджеттен берiлген кредиттердi өтеуден, республикалық меншiктегi мемлекеттiң қаржы активтерiн, үкiметтiк қарыздарды сатудан түсетiн түсiмдер республикалық бюджет есебiне жазылады.



Облыстық бюджетке түсетiн түсiмдер:

1) облыстық мәслихат белгiлеген кiрiстердi бөлу нормативтерi бойынша жеке табыс салығы;

2) облыстық мәслихат белгiлеген кiрiстердi бөлу нормативтерi бойынша әлеуметтiк салық

3) қоршаған ортаға эмиссия төлемақысы;

4) облыстық маңызы бар мемлекеттiк ақылы автомобиль жолдарымен жүргенi үшiн алым;

5) облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн төлемақы;

6) жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы;

7) орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы;

8) жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы облыстық бюджетке түсетiн салық түсiмдерi болып табылады.

Мыналар:


1) коммуналдық меншiктен түсетiн кiрiстер:

облыстық әкiмдiктiң шешiмi бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысы бөлiгiнiң түсiмдерi; облыстық коммуналдық меншiктегi акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне дивидендтер; облыстық коммуналдық меншiктегi заңды тұлғаларға қатысу үлесiне кiрiстер; облыстық коммуналдық меншiктiң мүлкiн жалға беруден түсетiн түсiмдер; облыстық бюджеттен берiлген кредиттер бойынша сыйақылар; уақытша бос бюджет ақшасын депозитке орналастырудан алынған сыйақылар; облыстық коммуналдық меншiктен түсетiн басқа да кiрiстер;

2) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) өткiзуден түсетiн түсiмдер;

3) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттiк сатып алуды өткiзуден түсетiн ақша түсiмдерi;

4) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер салатын айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алу;

5) облыстық бюджетке басқа да салықтық емес түсiмдер облыстық бюджетке түсетiн салықтық емес түсiмдер болып табылады.

3. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi сатудан түсетiн ақша облыстық бюджетке негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер болып табылады.

Мыналар:


1) аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнен трансферттер;

2) республикалық бюджеттен трансферттер облыстық бюджетке трансферттер түсiмдерi болып табылады.

Облыстық бюджеттен берiлген кредиттердi өтеуден, облыстық коммуналдық меншiктегi мемлекеттiң қаржы активтерiн, облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарының қарыздарын сатудан түсетiн түсiмдер облыстық бюджет есебiне жазылады.

Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiне түсетiн түсiмдер:

1) жеке табыс салығы;


2) әлеуметтiк салық
3) жеке және заңды тұлғалардың, дара кәсiпкерлердiң мүлкiне салық
4) жер салығы;
5) бiрыңғай жер салығы;
6) көлiк құралдарына салық
7) тiркелген салық

8) мыналарға: Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген спирттiң барлық түрiне; Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген алкоголь өнiмiне; Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген құрамындағы этил спиртiнiң көлемi 0,5 проценттен аспайтын сыраға; Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген темекi бұйымдарына; Қазақстан Республикасының аумағында жасалған жеңiл автомобильдерге (мүгедектерге арнайы арналған қолмен басқарылатын немесе қолмен басқаруға бейiмделген автомобильдерден басқа); бензинге (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынына акциздер;

9) жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы;

10) орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы;

11) қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақы;

12) жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы;

13) жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы;

14) дара кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;

15) қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым;

16) заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркегенi, сондай-ақ оларды қайта тiркегенi үшiн алым;

17) аукциондардан алым;

18) республикалық маңызы бар қаланың, астананың ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарымен жүргенi үшiн алым;

19) республикалық бюджет есебiне жазылатын консулдық алымнан және мемлекеттiк баждардан басқа, мемлекеттiк баж;

20) жылжымайтын мүлiкке және олармен жасалатын мәмiлелерге құқықтарды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;

21) жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;

22) көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркегенi, сондай-ақ оларды қайта тiркегенi үшiн алым;

23) қалалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде және елдi мекендерде сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн төлемақы республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiне салық түсiмдерi болып табылады.
Мыналар:

1) коммуналдық меншiктен түсетiн кiрiстер: республикалық маңызы бар қала, астана әкiмдiктерiнiң шешiмi бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза кiрiсi бөлiгiнен түскен түсiмдер; республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншiгiндегi акциялардың мемлекеттiк пакетiне дивидендтер; республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншiгiндегi заңды тұлғаларға қатысу үлесiне кiрiстер; республикалық маңызы бар қаланың, астананың өкiлдi органдарының шешiмдерi бойынша өткiзiлетiн мемлекеттiк лотереялар кiрiстерiнен түсетiн түсiмдер; республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншiгiнiң мүлкiн жалға беруден түсетiн кiрiстер; республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiнен берiлген кредиттер бойынша сыйақылар; уақытша бос бюджет ақшасын депозитке орналастырудан алынған сыйақылар; республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншiгiнен түсетiн басқа да кiрiстер;

2) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) өткiзуден түсетiн түсiмдер;

3) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттiк сатып алуды өткiзуден түсетiн ақша түсiмдерi;

4) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер салатын айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алу;

5) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiне басқа да салықтық емес түсiмдер (республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiне салықтық емес түсiмдер) болып табылады.


Мыналар:

1) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлген мемлекеттiк мүлiктi сатудан түсетiн ақша;

2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн қоспағанда, жер учаскелерiн сатудан түсетiн түсiмдер;

3) жер учаскелерiн жалдау құқығын сатқаны үшiн төлемақы республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiне негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер болып табылады.

Республикалық бюджеттен трансферттер республикалық маңызы бар

қаланың, астананың бюджеттерiне трансферттердiң түсiмдерi болып табылады.


Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiнен берiлген кредиттердi өтеуден, республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншiгiндегi мемлекеттiң қаржы активтерiн, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының қарыздарын сатудан түсетiн түсiмдер республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiнiң есебiне жатқызылады.

 Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне түсетiн түсiмдер:


1) облыстық мәслихат белгiлеген кiрiстердi бөлу нормативтерi бойынша жеке табыс салығы;

2) облыстық мәслихат белгiлеген кiрiстердi бөлу нормативтерi бойынша әлеуметтiк салық

3) жеке және заңды тұлғалар, дара кәсiпкерлер мүлкiне салық

4) жер салығы;

5) бiрыңғай жер салығы;

6) көлiк құралдарына салық

7) тiркелген салық

8) мыналарға:

Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген спирттiң барлық түрiне; Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген алкоголь өнiмiне; Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген құрамындағы этил спиртiнiң көлемi 0,5 проценттен аспайтын сыраға; Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген темекi бұйымдарына; Қазақстан Республикасының аумағында жасалған жеңiл автомобильдерге (мүгедектер үшiн арнайы арналған қолмен басқарылатын немесе қолмен басқаруға бейiмделген автомобильдерден басқа); бензинге (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынына акциздер;

9) жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы;

10) дара кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;

11) қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым;

12) заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркегенi, сондай-ақ оларды қайта тiркегенi үшiн алым;

13) аукциондардан алым;

14) көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркегенi, сондай-ақ оларды қайта тiркегенi үшiн алым;

15) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;

16) жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;

17) аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде және елдi мекендерде сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн төлемақы;

18) республикалық бюджет есебiне жазылатын консулдық алымнан және мемлекеттiк баждардан басқа, мемлекеттiк баж аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне түсетiн салық түсiмдерi болып табылады.

Мыналар:


1) коммуналдық меншiктен түсетiн кiрiстер: аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгiнiң шешiмi бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза кiрiсi бөлiгiнiң түсiмдерi; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншiгiндегi акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне дивидендтер; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншiгiндегi заңды тұлғаларға қатысу үлестерiне кiрiстер; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншiгiнiң мүлкiн жалға беруден түсетiн кiрiстер; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiнен берiлген кредиттер бойынша сыйақылар; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншiгiнен түсетiн басқа да кiрiстер;

2) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсетудi) өткiзуiнен түсетiн түсiмдер;

3) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттiк сатып алуды өткiзуден түсетiн ақша түсiмдерi;

4) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер салатын айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алу;

5) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне басқа да салықтық емес түсiмдер аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне салықтық емес түсiмдер болып табылады.

Мыналар:


1) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi сатудан түсетiн ақша;

2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн қоспағанда, жер учаскелерiн сатудан түсетiн түсiмдер;

3) жер учаскелерiн жалға беру құқығын сатқаны үшiн төлемақы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер болып табылады.

Облыстық бюджеттен берiлетiн трансферттер аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне трансферттердiң түсiмдерi болып табылады.

Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен берiлген кредиттердi өтеуден, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншiгiндегi мемлекеттiң қаржы активтерiн, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының қарыздарын сатудан түсетiн түсiмдер ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiне есептеледi.

Бюджеттің шығынын құқықтық реттеу – бюджеттің шығын бөлімін құрумен байланысты пайда болатын қоғамдық қатнастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Бюджеттің шығыны деп бекітілген бюджеттің шегінде қайтарымсыз негізінде бөлінетін қаражаттарды айтады.

Бюджеттің шығыны бюджетті бөлуді жүзеге асырылатын бюджеттік қызметтің әдістерінен тәуелді болады.

Бұндай әдістерге келесілер жатады:

1. бюджеттік қаржыландыру – бюджеттен қайтарымсыз ақша қаражатын беру. Бюджеттік қаржыландыру қағидалары болып: ақшаны беруде қайтарымсыздық, ақша беруде ақысыздық, жоспарлылық, бюджеттік кіріс мөлшерімен жоспарланатын шығыстың сәйкестігі ақша қаражаттарын мақсаты бойынша қолдану, ақша құралы бюджетінің қолданылуын қадағалау табылады.

2. бюджеттік несиелеу - бюджеттен қайтарымды ақша қаражатын беру

Бюджеттік несиелеу қағидасы қайтарымдылық, мерзімділік, мақсаттылық және жоспарлылық қағидаларына негізделеді.

Бюджеттік несиелер келесілерге беріледі:

1. басқа бюджетке (бюджет аралық ссуда)

2. заңдық және жеке тұлғаларға

3. бюджеттің қарыздық міндеттемелерін төлеу



Бюджеттік шығындар республикалық бюджеттердің шығындары және жергілікті бюджеттердің шығындарына бөлінген.

Республикалық бюджеттердің қаражаттары ҚР Президенттің, Парламенттің және Үкіметтің және т.б. қызметін қаржылыландыруға шығындалады

жергілікті бюджеттердің қаражаттары жергілікті деңгейде арнайы білім бағдарламаларына, алғашқы жалпы білімге және мектеп алды білім беруге қаржыландыруға шығындалады


жүктеу 1,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау