Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасының дамыуы қатар мемлекеттің қаржылық-құқықтық саясатының жетілуі алға басуда



жүктеу 1,96 Mb.
бет8/12
Дата25.05.2018
өлшемі1,96 Mb.
#17233
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Тестілік тапсырмалары:

1. Бюджеттік жүйе-бұл

А) елдің мемлекеттік құрылысы

В) мемлекеттің қаржылық құрылысы

С) белгілі бір жүйеге ұйымдасқан әртүрлі түрлерді бюджеттік жиынтығы

D) мемлекеттің бюджеттік жиынтығы

Е) мемлекеттің бюджеттік қызметі үрдісінде пайда болған бюджеттік қатынастардың жиынтығы

2. Бюджеттік жүйе қандай түрлерден тұрады

А) бюджеттік орталықтандыру принципіне негізделгендер

В) объективтілік принципіне негізделгендер

С) субъективтілік принципіне негізделгендер

D) біртұтас принципіне негізделгендер

Е) бағындыру принципіне негізделгендер

3. ҚР бюджеттік жүйесі қандай принципке негізделеді

А) орталықтандыру

В) автономдық

С) біртұтастық және өз бетіншелік

D) біртұтастық және автономдық

Е) демократиялық

4. Төтенше немесе әскери жағдайлар кезінде ҚР-да қандай бюджет қабылданады

А) парламенттік

В) президенттік

С) үкіметтік

D) ерекше құнды мемлекеттік мақсаттар үшін (орталық)

Е) төтенше

5. Бюджеттік реттеу-бұл

А) мемлекеттің экономикасын қалыпты қалыптастыруды қамтамасыз ету

В) мемлекеттік бюджетті құқықты пайдалануды қамтамасыз ету

С) мемлекеттің бюджеттік жүйе құрамына кіретін бюджеттің дефицитсіздігін қамтамасыз ету

D) бюджеттік қатынастарды реттеу бойынша құқықтық нормалардың жиынтығы

Е) мемлекеттің бюджеттік қызметі үрдісінде қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы

6. Бюджеттік комиссия-бұл

А) бюджетті жою және орындау бойынша бюджеттік жобаны уақытында және сапалы өңдеуді қамтамасыз ету мақсатында құрылған комиссия

В) ағымды қаржы жылында республикалық бюджетті өңдеу бойынша комиссия

С) республикалық бюджетті жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар есебінен құрылған комиссия

D) республикалық бюджеттің жобасын өңдеу барысында бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган

Е) бюджетті жобалау саласында халықаралық стандартты сақтап бақылауды жүзеге асыратын тәуелсіз халықаралық ұйым

7. Бюджеттік есеп-бұл

А) мемлекеттік басқарудың және мемлекеттік саясат функцияларын жүзеге асыру бойынша бюджетті шығындыру

В) мемлекеттің ақша қаражатын пайдалану бойынша бюджетті шығындыру

С) үздіксіз құжаттамалық есептің бюджеттік операциялар туралы ақшалай түріндегі тәртіпке келтіру жүйесінің жинағы,тіркелуі және жалпыланған ақпараты

D) мемлекеттік аппаратты қамсыздандыруға шығындар

Е) мемлекет экономикасының дамуына нақты іс-шаралар

8. Бюджеттің кірістері-бұл

А) салық негізінде мемлекеттің өзінің функцияларын жүзеге асыруға арналған мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры

В) мемлекеттің территориясында валюталық заңнамамен бекітілген ерекше шектелген режимі бойынша құндылықтар

С) жалпы мемлекеттік мақсаттарды қаржыландыруға арналған қайтарымсыз негіздегі бюджетке түсетін салықтар мен басқа да кірістер көздерінен түсетін мөлшер көлемдері

D) бекітілген бюджет шегіндегі қайтарымсыз негізде бюджеттен бөлінген қаражаттар

Е) бюджеттегі жалпы шығыстар көлемінен жалпы кірістер соммасының арттыруы

9. Бюджетке түсетін территориалдық белгілер бойынша кірістер бөлінеді

А) орталық,жалпы

В) жергілікті

С) шетелдік,халықаралық

D) халықаралық

Е) орталық,жергілікті

10. Бюджеттің шығыстары-бұл

А) салық негізінде мемлекеттің өзінің функцияларын жүзеге асыруға арналған мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры

В) мемлекеттің территориясында валюталық заңнамамен бекітілген ерекше шектелген режимі бойынша құндылықтар

С) жалпы мемлекеттік мақсаттарды қаржыландыруға арналған қайтарымсыз негіздегі бюджетке түсетін салықтар мен басқа да кірістер көздерінен түсетін мөлшер көлемдері

D) бекітілген бюджет шегіндегі қайтарымсыз негізде бюджеттен бөлінген қаражаттар

Е) бюджеттегі жалпы шығыстар көлемінен жалпы кірістер соммасының арттыруы
Қолданылған әдебиеттер тізімі:

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi 2008 жыл 4 желтоқсан № 95

Худяков А.И. Финансовое право РК. (жалпы бөлім)//Алматы: БАСПА, 2001ж

Найманбаева С.С. Финансовое право // Астана: Данекер, 2005 ж

Мельников В.Д. Основы финансов: учебник для вузов // Алматы, 2005 ж

Тақырып 8 Қаржы-құқықтық категориясы ретіндегі салық
Сабақтың мақсаты – салық туралы білімдерді қалыптастыру, оның құқықтық білімдер жүйесіндегі орнын анықтау
Жоспар:

1 Салықтың түсінігі және салықтық құрылым

2 Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері

3 Салықтың топтастырылуы

4  Салық төлеушінің және салық агентінің құқықтары мен міндеттері

5 Салық есептілігі


1 Салықтың түсінігі және салықтық құрылым
Салықтар - мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізілетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын, бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер;

Салықтық құрылымМемлекеттің салық жүйесінің құрылымын, бюджеттердің жекелеген түрлерінің арасында салықтарды бөлуді айқындайтын, салық құқығы жалпы бөлімінің институты.

Салық жүйесі – мемлекеттің аумағанда бекітілген және төленетін салықтардың жиынтығы.

Салық міндеттемесінің құқықтық негізі - салық міндеттемесінің пайда болу, өзгеру, орындалу және тоқтатылуы бойынша жалпы тәртіптерді бекітетін салық құқығы жалпы бөлімінің институты.

Материалдық мағынада салық - бұл бекітілген тәртіпте және келісілген уақытта салық төлеушінің мемлекетке төлейтін нақты ақша соммасы.

Экономикалық категория ретінде салық – бұл бекітілген тәртіпте және келісілген уақытта және бекітілген мөлшерде салық төлеушінің мемлекетке төлейтін бір жақты қозғалысты білдіретін ақша (мүліктік) қатнасы

Құқықтық мағынада салық – бұл бекітілген тәртіпте және келісілген уақытта және бекітілген мөлшерде тұлғаның мемлекетке ақша соммасын тапсыру бойынша міндеттемені туындататын, мемлекеттік бекітілім.

Салықтар нақты анықталған төлеу мерзімдерінің болуымен си-патталады. Мысалы, табыс салығы бойынша аванстық төлемдер әрбір айдың 20-нан кешіктірілмей төленуі керек. Табыс салығы бойынша соңғы есеп жиынтық жылдың кіріс туралы декларацияны жасаған күннен 10 күн өткеннен кейін жасалуы керек. Салықтарты төлеу мерзімдері салықтар міндетінің құрамды элементі болып табылады. Бұл мерзімдерді бұзу әрбір ұзартылған күн үшін белгіленген мөлшерлерде пенялар түрінде салықтар төлеушінің жауапкершілігіне жатады. Мерзімдердің тіркелгендігі салықтарты мемлекеттік алымдар сияқты қаржылың төлемдерден өзгешелендіреді.

Бақылаушы қызметі - салық алу процесінде салық төлеушілер қызметі бақыланады (заңды және жеке тұлғалардың кіріс есебі, олардың қаржылық-шаруашыльщ қызметі). Мемлекет салық саясатын жүргізеді. Әлеуметтік-экономикалық ахуал дамуының әрбір нақты кезеңіндегі қоғамның басқа да мақсаттары мен мәселелерін әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді.

Нарықтың қатынастардың қалыптасуы жағдайында тұтынудың орталықтанған қоғамдық қорлары арқылы халықтың нақты кірісінің маңызды бөліктерін қалыптастырудың өзін-өзі ақтамаған кағидасынан бас тарту салықтар саясатының негізгі бағыты болып табылады. Салықтар жүйесі арқылы қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелерін әлеуметтік қорғау қамтамасыз етіледі.

Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық экономикалық қозғалысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет әдістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық инструменті, мемлекеттің кірістерін және бюджеттін әдістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.

Нарықтық қатынастарға көшумен байланысты біздің еліміздің экономикасында көптеген жаңа мәселелер мен қажеттіліктер пайда болды. Олар жаңа мамандар мен жаңа теориялық және тәжірибелік дисциплиналардың, соның ішінде салық салу жүйесін негіздеді.


Салық салу жүйесін жекелей алғанда, оны нарықтық қатынастардың жаңалықтарына жатқызуға болмайды,бірақ жаңалық болып тәуелсіз бақылаудың пайда болуы табылады. Ол қоғамдық тәжірибелік қажеттілікті жүзеге асыруды-пайдаланушылар қызығушылығындағы экономикалық субъектілер ісі жөніндегі қаржылық ақпараттардың нақтылығын растауды қамтамасыз етті. Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.

Салық жүйесінің принциптері

  • Салық жүйесінің біртұтастығы принципі

  • Салықтың орталықтандырылуы принципі

  • Салықтің тізімінің түсініктілігі принципі

  • Салық салудың міндеттілігі принципі

  • Салық салудың айқындылығы принципі

  • Салық салудың әділдігі принципі

  • Салық заңнамасының жариялылығы принципі

Салықтың белгілері:

Салықтың заңи белгілері:

Салық- бұл мемлекеттің бекітілімі

Құқықтық нысанды ғана жүзеге асырылады

- Салық – мемлекеттің біржақты бекітілімі

- Салықты бекіту салықтық міндеттемені туындатады

- Мәжбүрлі сипатта болады

- Салық төлеу мағынасында ақшаны алу құқықтық сипатта болады.

Салықтың материалдық белгілері:

бұл бекітілген тәртіпте және келісілген уақытта салық төлеушінің мемлекетке төлейтін нақты ақша соммасы ненһмесе нақты заттар.



Салықтың экономикалық белгілері:

1. мемлекеттің пайдасына қоғамдық өнімнің бөлінуін білдіреді

2. салық ақшалай нысанда болады, алайда заттай салық та болуы мүмкін

3. салықтың қайтарымсыз төленеді

4. салықтың эквивалентсіз төленуі

5. салықты төлеу барысында меншік нысанының өзгеруі



Салық элементтері

Салық субъектісі салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға.

Салық объектісі Мүлік пен іс-әрекеттер салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылады, олардың болуына байланысты және (немесе) олардың негізінде салық төлеушінің салық міндеттемесі туындайды.

Салық базасы  Салық базасы салық салу объектісінің құн, физикалық немесе өзге де сипаттамаларын білдіреді, олардың негізінде салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да міндетті төлемдердің сомасы айқындалады.

Салық ставкасы Салық ставкасы салық салу объектісінің немесе салық базасының өлшем бірлігіне салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді есептеу жөніндегі салық міндеттемесінің шамасын білдіреді.

Салық кезеңі Салық кезеңі деп салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлеріне қатысты белгіленген уақыт кезеңі түсініледі

Салық есептеу тәртібі- Салық соммасын айқындау бойынша құзіретті тұлғаның әрекеті жиынтығын білдіреді

Салықты төлеу тәртібі– Салық төлеушінің салық пәнін мемлекетке тапсыру әрекетін жүзеге асыруда қолданылатын салық заңнамасымен бекітілген тәртіп .

Салық жеңілдіктері – кәдімгі салық салу режимімен салыстырғанда салық төлеушінің салық ауыртпалығынан босатылу немесе жеңілдетілу.

Әрбір мемлект өзінің өмір сүру үшін, мемлекеттік апаратты ұстау үшін, әртүрлі экономикалық амалдары мен әдістерін іздестіреді. Сол қызмет жүзеге асырғанда қоғамдық қатынастар пайда болады. Осы қатынастар салықтық қатынастар деп аталады.

Салықтық қатынастар екі түрге бөленеді:

Материалдық қатынастар – ол мемлекеттің өмір сүруіне қажетті экономика, қаржы саласының қызмет атқаруынан тұрады.

Ұйымдастырушылық – салықтар мен басқада міндетті төлемдерін жинауын, ұйымдастыру үшін мемлекеттік органдарын реттейтін катынастар.

Салықтардың қызметтері

Салықтың мәні оның атқаратын қызметіне тікелей қатысты. Ескере кететін жай, қаржы санаты түрғысынан алғанда салықтар түгелімен қосалқы санат болып табылады, сондықтан қаржымен салыстырғанда салықтар қызметтерін қаржының бөліп тарату қызметінің бөлігі ретінде қарастыруға болады.


1. Қаражаттың мемлекеттік бюджетке түсуін қамтамасыз ететін салықтың қазыналық (фискалдық) қызметі тарихи түрде бірінші болып табылады. Тауарлық-ақша қатынастарының даму шамасы бойынша бұл қызмет мемлекетке түсетін барлық ақша кірісін анықтайды.
2. Салықтың бөліп тарату қызметі шаруашылық субъектілерінің әр түрлі кіріс бөліктерін мемлекет пайдасына қайта бөлуден тұрады. Бұл қызметтегі әрекеттер ауқымы жалпы ішкі өнімдегі салықтар үлесімен анықталады; ол ұлттық кірісті мемлекеттікі ету деңгейін көрсетеді: бұл үлес 2005 жылы 19,7%, 2006 жылы 16,6%, 2007 жылы 17,4%, 2008 жылы 22,6% болды. Салық жинай отырып мемлекет сол арқылы экономиканың әр түрлі саласына әсерін тигізеді, әлеуметтік саясатты жүзеге асырады, халық, аудан топтары арасындағы кірісті қайта беледі, тұрмысы төмендерге демеушілік көрсетеді және т.б.

3. Салықтың реттеушілік қызметі - ол мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғайған кезінде туындайды. Ол мақсатты бағытталған түрде қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ұлттық шаруашылықтың дамуына әсер етеді. Бұл орайда, салықтың нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерін алу, жеңілдіктер мен төмендету әдістерін өзгерту қолданылады. Бұл реттегіштер қоғамдық өндіріс құрылысы мен пропорцияларына, жинақтау көлемдеріне әсер етеді.

4. Ынталандыру қызметі — экономикалық даму, техникалық жаңару бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік - конструкторлық, т.б. жұмыстардың өткізілуіне әр түрлі ынта-жігер туғызады. Мысалы, корпорацилық табыс салығы бойынша кірістің негізгі табыс көзі жер болып табылатын кәсіпорындар үшін 10% мөлшерлеме белгіленген, ал басқа кәсіпорындар бұл салықты 30% мөлшерлеме бойынша төлейді, осылайша ауыл шаруашылығын дамыту ынталандырылады. Акциздер бойынша әкелінетін тауарларға салынатын салық мөлшерлемелері
отандық өнімдерге қарағанда жоғары, осылайша Қазақстандық акциздік тауар өндірушілер ынталандырылады.

5. Бақылаушы қызметі - салық алу процесінде салық төлеушілер қызметі бақыланады (заңды және жеке тұлғалардың кіріс есебі, олардың қаржылық-шаруашылық қызметі).

Мемлекет салық саясатын жүргізеді. Әлеуметтік-экономикалық ахуал дамуының әрбір нақты кезеңіндегі қоғамның басқа да мақсаттары мен мәселелерін әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді.
Нарықтың қатынастардың қалыптасуы жағдайында тұтынудың орталықтанған қоғамдық қорлары арқылы халықтың нақты кірісінің маңызды бөліктерін қалыптастырудың өзін-өзі ақтамаған қағидасынан бас тарту салықтар саясатының негізгі бағыты болып табылады. Салықтар жүйесі арқылы қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелерін әлеуметтік қорғау қамтамасыз етіледі.

2 Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері


Салықтар:

  • корпоративтік табыс салығы;

  • жеке табыс салығы;

  • қосылған құн салығы;

  • акциздер;

  • экспортқа рента салығы;

жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары;

  • әлеуметтік салық;

  • көлік құралы салығы;

  • жер салығы;

  • мүлік салығы;

  • ойын бизнесі салығы;

  • тіркелген салық;

  • бірыңғай жер салығы;

Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер:

Мемлекеттік баж:

Алымдар:

  1. Заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін тіркеу алымдары

  2. Дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін тіркеу алымдары

  3. жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін тіркеу алымдары.

  4. Жылжымалы мүлік кепілін, кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшін тіркеу алымдары

  5. Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін тіркеу алымдары

  6. Көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін тіркеу алымдары

  7. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін тіркеу алымдары

  8. Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін тіркеу алымдары

  9. Автокөлік құралының Қазақстан Республикасы аумағымен жүргені үшін алым;

  10. Бұқаралық ақпараттық құралдарды есепке қойғаны үшін алым;

  11.   аукционнан алынатын алым;

  12. жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;

  13. телевизия және радио тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым;

Төлемақылар:

    1. жер учаскесін пайдаланғаны үшін;

    2. үстіңгі көздерден су ресурсын пайдаланғаны үшін;

    3. қоршаған ортаға эмиссия үшін;

    4. жануарлар әлемін пайдаланғаны үшін;

    5. орманды пайдаланғаны үшін;

    6. ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін;

    7. радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін;

    8. қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін;

    9. кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін;

    10. сыртқы (көрінетін) жарнаманы орналастырғаны үшін.

Салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде және республикалық бюджет туралы заңда айқындалған тәртіппен тиісті бюджеттердің кірістеріне түседі.

Кедендік төлемдер:

1. Кедендік баж.

2. Кедендік алымдар.

3. Алдын ала шешім үшін төлем ақы.

4. Алымдар.
3 Салықтың топтастырылуы
Салықтарды әр түрлі негіздерге сай топтастыруға болады.

Салықтық ауыртпалығы бойынша салықтар тікелей және жанама болады.



Тікелей салық –салық субъектісінің салық ауыртпалығын фактілі түрде тасушы болатын салық, яғни салық төлеу оның мүлігінің азаюына әкеледі

Тікелей салықты келесілерге бөлу қарастырылған:

Нақты салықтар – бұл мүлікке, көлік құралдарына салынатын салықтар

Жеке салықтар – бұл салық төлеушінің кірістеріне (пайдасына) салынатын салықтар



Жанама салық - салық субъектісінің өз ауыртпалығын басқа тұлға салатын салық, мысалы: бұндай салықтың мысалы болып, қосымша құн салығы табылады.

2 Салықтардың нысанына байланысты:



  • Заттай

  • ақшалай

3 Салықтың субъектісіне байланысты:

  • жеке тұлғалардан алынатын салықтар

  • заңдық тұлғалардан алынатын салықтар

4 Аумақтық деңгейіне байланысты:

  • Жалпы мемлекеттік

  • жергілікті

5 Бюджеттік реттеу әдісі ретінде қолданылуына байланысты:

  • бекітілген

  • реттеуші

6 Қолданылу сипаты бойынша:

  • жалпы қолданыстағы

  • мақсаттық

7 Салықтарды есептеу тәсілі бойынша:

  • окладтық

  • окладтық емес


4  Салық төлеушінің және салық агентінің құқықтары мен міндеттері
Салық төлеушінің құқықтары:

1) салық қызметі органдарынан қолданылып жүрген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы, ҚР салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпарат, салықтық нысандарды толтыру тәртібі бойынша түсіндірмелер алуға

2) ҚР салық заңнамасында реттелетін қатынастарда жеке өзі не өзінің өкілі арқылы немесе салық консультантының қатысуымен өзінің мүдделерін білдіруге

3) өтініш бойынша салық органында бұрын өзі тапсырған салық есептілігінің көшірмесін алуға

4) салық органы салықтық өтініш алған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы жеке шоттан үзінді көшірме алуға

5)салық қызметі органдарына салықтық бақылау нәтижелері бойынша салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу жөніндегі түсіндірмелерді табыс етуге

6) салық органында уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын, салықтық өтініштердің белгіленген нысандарының бланкілерін және электрондық түрде салық есептіліктері мен өтініштерін беру үшін қажетті бағдарламалық қамтамасыз етілімді тегін алуға

7) берілуі ҚР салық заңнамасында, ҚР трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында, салық салу объектілеріне және салық салуға байланысты объектілерге жатпайтын ақпарат пен құжаттарды бермеуге

8) салықтық бақылау нәтижелерін алуға құқылы.

Салық төлеушінің міндеттері:

1) ҚР Салық Кодексіне сәйкес салық міндеттемелерін уақтылы және толық


көлемде орындауға

2) салық қызметі органдары лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының салық заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы заңды талаптарын орындауға, сондай-ақ олардың қызметтік міндеттерін атқаруы кезіндегі заңды қызметіне кедергі жасамауға

3) нұсқама негізінде салық қызметі органдары лауазымды адамдарының салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлікті зерттеп-тексеруіне жол беруге

 4) Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында көзделген ақпарат пен құжаттарды беруге

5) бақылау-кассалық машиналарды қолдануға және оларды қолданудың осы Кодексте белгіленген тәртібін сақтауға

6) дара кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметті, жекеше нотариустың, адвокаттың, тұрақты мекеменің, резидент емес заңды тұлғаның қызметін тоқтатуына, заңды тұлғаның бөліну жолымен қайта ұйымдастырылуына және (немесе) таратылуына байланысты құжаттық тексеруді жүргізу туралы салық органына салықтық өтініш беруге міндетті.



Салық агентінің құқықтары:

Салық агентінің, егер ҚР Салық Кодексіне өзгеше көзделмесе, салық төлеуші сияқты құқықтары бар және сондай міндеттері болады



Салық агентінің міндеттері:

1)ҚР Салық Кодексінің ерекше бөліміне сәйкес төлем көзінен ұсталатын салықты дұрыс және уақтылы есептеуге

2) салық төлеушіден тиісті салықты ұстауға және оларды осы Кодексте көзделген тәртіппен және мерзімдерде бюджетке аударуға

3) салық төлеушілерге төленген табыстардың, сондай-ақ ұсталған және бюджетке аударылған салық сомасының есебін жүргізуге, оның ішінде әрбір салық төлеуші бойынша жеке-жеке жүргізуге

 4) тіркелу есебінде тұрған жері бойынша салық органына осы Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген тәртіппен салық есептілігін табыс етуге міндетті

ҚР Салық Кодексінде реттелетін салықтық қатынастарда өкілдік ету: Салық төлеуші (салық агенті) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарға заңды немесе уәкілетті өкіл арқылы қатысуға құқылы. Қазақстан Республикасының заңнамалық  актілеріне  сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) атынан өкілдік етуге уәкілеттік берілген  тұлға салық төлеушінің (салық агентінің) заңды өкілі болып танылады. Салық төлеуші (салық агенті) салық қызметі органдарымен, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарға өзге де қатысушылармен қатынастарында оның мүдделерін білдіруге уәкілеттік берген жеке немесе заңды тұлға салық төлеушінің (салық агентінің) уәкілетті өкілі болып танылады.
      Уәкілетті өкіл салық төлеушінің (салық агентінің) құрылтай құжаттары және (немесе) нотариаттық куәландырылған сенімхат немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес салық төлеуші (салық агенті) берген нотариаттық куәландырылғанға теңестірілген сенімхат негізінде әрекет етеді, онда уәкілетті өкіл өкілеттіктерінің нақты тізбесі көрсетіледі

Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарға салық төлеушінің (салық агентінің) жеке өзінің қатысуы оны өкіл алу құқығынан айырмайды, сол сияқты өкілдің қатысуы салық төлеушіні (салық агентін) көрсетілген қатынастарға жеке өзінің қатысу құқығынан айырмайды. Салық төлеуші (салық агенті) өкілінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарға сол салық төлеушінің. (салық агентінің) қатысуына байланысты жасаған іс-әрекеттері(әрекетсіздігі) салық төлеушінің (салық агентінің) аталған өкілге өкілеттіктері шеңберіндегі іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) болып танылады.



жүктеу 1,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау