8 Сақтандыру (қайта сатандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштері
1) жарғылық және өз капиталының минималды мөлшері
2) активтердің құны және олардың диверсификация деңгейі;
3) сақтандыру резервтері мен басқа да міндеттімелер
4) төлем қабілеттілігі көрсеткіштері;
5)сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша міндеттемелер көлемінің арақатнасы;
6) сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша жасалатын қызметтердің рентабелдігі (падалылығы);
7) инвестициялық саясатты жүзеге асыруда тиімді болуы.
Активтердің құны және олардың диверсификация деңгейі
Активтер – құндық бағасы бар, мүліктер, субъектілердің мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктері мен құқықтары.
Активтерге мыналар жатады:
Ақшалар және ақшалай эквиваленттер,
Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар,
Қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру резервтерінен қайта сақтандыру ұйымының үлесі,
диверсификация – активтердің әр түрлі инвестирлендіру объектісіне тарату.
Инвестициялық саясатты жүзеге асырудың тиімділігі.
Сақтандыру ұйымдарыны келесілерді инвистициялауы керек:
Мемлекеттік ОБ
Қазақстандық эмитенттердің акциялары
Кассадағы ақша
Мерзімді салымдар
Ипотекалық облигациялар
Тестілік тапсырмалары:
1. Қаржылық-банктік құқық-бұл
А) мемлекеттік ақша қорларын қаржылық-құқықтық тәсілдермен құру,бөлу және ұйымдастыру процессіндегі пайда болатын қатынастарды реттейтін қаржылық құқықтың ерекше бөлімінің институты
В) мемлекеттік банктік қорларды құрастыру мен пайдалану бойынша пайда болатын қатынастарды реттейтін және елдегі банктік істі ұйымдастыратын қаржылық құқықтың ерекше бөлімінің институты
С) мемлекеттегі сақтау қызметі мен сақтандыруды ұйымдастыру процессіндегі пайда болатын қатынастарды реттейтін қаржылық құқықтың ерекше бөлімінің институты
D) біржақты биліктік және салықты алуды бекіту бойынша мемлекеттік бюджеттің кірістерін құру негізінде салық төлеуші мен мемлекеттің арасындағы қатынастарды реттейтін,қаржылық-құқықтық нормаларды байланыстыратын бюджеттік құқықтың ерекше бөлімінің институтының алдыңғы субинституты
Е) бюджеттік құрылымды ұйымдастыру процессіндегі,сонымен қатар ортақтандырылған және жергілікті бюджеттерді пайдалануды құру,бөлу және ұйымдастыруға байланысты пайда болатын қатынастарды реттейтін қаржылық құқықтың ерекше бөлімінің институты
2. Банктік қызмет-бұл
А) банктік қызметті құқықтық реттеу
В) банктік операцияларды жүзеге асыру,сонымен қатар банктердің басқа операцияларын жүргізу
С) өндіргіш мерзімдердің кірістердің мерзімдерімен сәйкес келмеуі,олар берілген шығыстарды өтеу керек
D) банктік қатынастарды реттейтін заңдылық нормалардың жиынтығы
Е) банктік операцияларды жүргізу тәртібін анықтайтын банктік құқықтың нормалары
3. Ұлттық банктің қызметі жыл сайын кіммен тексеріледі
А) Қаржы министрлігімен
В) Президенттің әкімшілігімен
С) Аудиторлық ұйыммен
D) Үкіметпен
Е) Кеден бақылау агенттігімен
4. Банк-бұл
А) Қазақстан Республикасының банктік жүйенің (бірінші) жоғарғы деңгейдегі және Қазақстан Республикасының орталық банкі
В) жарғылық капиталының елу процентінен астамы енші беруші банкіге тиесілі екінші деңгейдегі банк
С) заңнамаға сәйкес банктік қызметті жүзеге асыру құқығы бар коммерциялық ұйым болатын заңды тұлға.Банк негізде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу арқылы оның ресми мәртебесі анықталады
D) банктің орналасқан жерден тыс,банктің атынан банктік операцияларды жүзеге асыратын және банкпен оған берілген құқықтар шегінде іске асыратын банктің бөлімшесі
Е) банктің орналасқан жерден тыс,банктің атынан және оның тапсырмамен банктік операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылмайтын банктің бөлімшесі
5. ҚР «Банктер мен банктік қызмет туралы» Заң қашан қабылданды
А) 31 тамыз 1995 жылы
В) 30 мамыр 1995 жылы
С) 3 сәуір 1995 жылы
D) 28 желтоқсан 1993 жылы
Е) 26 желтоқсан 2000 жылы
6. Сақтандыру қызметі-бұл
А) мемлекеттің ақшалай инфрақұрылымын құру бойынша және оның нысаландыруын қамтамасыз ету бойынша,сонымен қатар мемлекеттік ақша қорын пайдалануды қалыптастыру,бөлу және ұйымдастыру бойынша соған уәкілетті органдардың мемлекеттік қызметі
В) бюджеттік операцияларды жүзеге асыру,сонымен қатар банктермен басқа операцияларды жүргізу
С) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын қорытындылау және орындаумен байланысты,заңға сәйкес уәкілетті мемлекеттік орган лицензиясы негізінде жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі
D) міндетті сақтандыруды жүзеге асыру бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі
Е) салық салуды ұйымдастыру және оны жүзеге асыруды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің қызметі
7. Сақтандырушы-бұл
А) берілген құзыретіне сәйкес өз атынан сақтандыру шартын қорытындылау және сақтандыру ұйымының ұсынысы бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлға
В) өз атынан сақтандыру шартын қорытындылау бойынша және сақтандырушының немесе өз атынан қайта сақтандыру шартының ұсынысы бойынша және цеденттің ұсынысы бойынша сақтандыру және қайта сақтандыру және делдалдық қызметі сұрақтары бойынша кеңестік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға
С) уәкілетті мемлекеттік органдардың сәйкесінше лицензиясы негізінде қайта сақтандыру шартын қорытындылау және орындау бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға
D) төлеу қабілеттілігінің қажетті деңгейін қамтамасыз ету және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарты бойынша экономикалық-материалдық есептердің міндетті өлшемдерін жүзеге асырумен байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға
Е) қайта сақтандыруда сақтандыру қауіпін қабылдауда ауыстыруды жүзеге асыратын сақтандыру немесе қайта сақтандыру ұйым
8. Сақтанушы-бұл
А) берілген құзыретіне сәйкес өз атынан сақтандыру шартын қорытындылау және сақтандыру ұйымының ұсынысы бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлға
В) өз атынан сақтандыру шартын қорытындылау бойынша және сақтандырушының немесе өз атынан қайта сақтандыру шартының ұсынысы бойынша және цеденттің ұсынысы бойынша сақтандыру және қайта сақтандыру және делдалдық қызметі сұрақтары бойынша кеңестік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға
С) сақтандыру қорғауын алу мақсатында сақтандырушыға сақтандыру төлемін төлейтін кез келген заңды және жеке тұлға
D) төлеу қабілеттілігінің қажетті деңгейін қамтамасыз ету және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарты бойынша экономикалық-материалдық есептердің міндетті өлшемдерін жүзеге асырумен байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға
Е) қайта сақтандыруда сақтандыру қауіпін қабылдауда ауыстыруды жүзеге асыратын сақтандыру немесе қайта сақтандыру ұйымы
9. Сақтандырудың басты нысанын атаңыз
А) материалдық
В) бақылаулық
С) қайта қалыптасатын
D) фискалдық
Е) экономикалық
10. Сақтандыру ұйымы өзінің қызметін қандай салалармен жүзеге асырады
А) объективтік сақтандыру
В) өмірді сақтандыру,жалпы сақтандыру
С) мүлікті сақтандыру,өмірді сақтандыру
D) қозғалмайтын мүлікті сақтандыру
Е) жалпы сақтандыру,міндетті сақтандыру
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
ҚР Азаматтық кодекс (ерекше бөлім) 01.07.1999
«ҚР Ұлтық банк туралы» ҚР Заң 30.03.1995
«Банк және банк қызметі туралы» ҚР Заң 31.08.1995
«Валюталык реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР Заң 13.06.2005
«Сақтандыру қызметі туралы» ҚР Заң 18.12.2000
«Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры» ҚР Заң 03.06.2003
Найманбаев С.М. Банктік құқық: оқу құралы. - Алматы:Жеті-Жарғы, 2005
Худяков А.И. Основы теории финансового права // Алматы: Жеті-Жарғы, 1995
Найманбаева С.С. Финансовое право // Астана: Данекер, 2005
Достарыңызбен бөлісу: |