«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет51/89
Дата20.11.2018
өлшемі1,31 Mb.
#22214
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   89

176
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
6)  Премьер-министрдiң 
үкiмет  бағдарламасы  тура-
лы  баяндамасын  тыңдап, 
бадарламаны  мақұлдайды 
немесе қабылдамай тастай-
ды, бағдарламаны қайтадан 
қабылдамай  тастау  əр  Па-
лата  депутаттары  жалпы 
санының  үштен  екiсiнiң 
көпшiлiк  даусымен  жүзеге 
асырылуы  мүмкiн  жəне 
бұл  үкiметке  сенiмсiздiк 
көрсетiлгенiн бiлдiредi. ондай 
көпшiлiк дауыстың болмауы 
үкiмет  бағдарламасының 
мақұлданғанын бiлдiредi; 
7)  əр  Палата  депутатта-
ры  жалпы  санының  үштен 
екiсiнiң көпшiлiк даусымен, 
Парламент депутаттары жал-
пы санының кемiнде бестен 
бiрiнiң бастамасы бойынша 
немесе  Конституцияда  бел-
гiленген  реттерде  үкiметке 
сенiмсiздiк бiлдiредi;
8) соғыс жəне бiтiм мəселе-
лерiн шешедi; 
9) Республика Президентi-
нiң ұсынысы бойынша бейбiт-
шiлiк пен қауiпсiздiктi сақтау 
жөнiндегi халықаралық мiн-
деттемелердi  орындау  үшiн 
Республиканың  Қарулы 
Күштерiн пайдалану туралы 
шешiм қабылдайды;
10)  Республикалық  рефе-
рендум  тағайындау  туралы 
бастама көтередi;


177
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
11)  Ре спублика  Конс-
т и т у ц и я л ы қ   Ке ң е с i н i ң 
Р е с п у б л и к а д а ғ ы 
конституциялық  заңдылық-
т ы ң   ж а й - к ү й i   т у р а л ы 
жыл  сайынғы  жолдауын 
тыңдайды;
12)  Палаталардың  бiрлес-
кен комиссияларын құрады, 
олардың төрағаларын сайлай-
ды жəне қызметтен босатады, 
комиссиялардың қызметi ту-
ралы есептердi тыңдайды;
13)  Парламентке  Конс-
титуция  жүктеген  өзге  де 
өкiлеттiктердi  жүзеге  асы-
рады.
 
53. Заңмен Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-
бабына Палаталардың бірлескен отырыстарында шешілетін 
мәселелер бойынша Парламент Сенаты мен Мәжілісінің бір-
лескен құзыреті айқындалған өзгерістер мен толықтырулар 
енгізілген. 
53.1 Парламент Палаталарының бірлескен отырыстарын-
да  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  ұсынысымен 
Конституцияға  өзгерістер  немесе  толықтырулар  енгізеді. 
Қазақстан  Республикасы  Парламенті  Регламентінің  4-
тармағына  сәйкес  Президенттің  Конституцияға  өзгерістер 
мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстары түскен кезде 
Мәжіліс  төрағасы  оларды  бірінші  оқылымында  қарау  үшін 
Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақырады. 
Президент  ұсыныстарының  Парламентте  қаралу  тәртібін 
Республика Президенті белгілейді. 
Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар туралы Заң 
жобасын  енгізу  мәселелері  бойынша  Парламент  кемінде 


178
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
екі  оқылым  өткізуі  тиіс.  Бірінші  оқылымды  өткізген  кез-
де  төрағалық  етуші  сөзді  Конституцияға  өзгерістер  мен 
толықтырулар  енгізу  туралы  Заң  жобасының  бастамашы-
сы  ретінде  Президентке  немесе  оның  өкіліне,  содан  соң 
депутаттарға  белгіленген  кезек  тәртібімен  береді.  Бірінші 
оқылымында Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар жо-
басы тұжырымдамалық жағынан талқыланады. Талқылаудың 
нәтижесінде Парламент енгізіліп отырған толықтырулар мен 
өзгерістер  енгізу  туралы  Заң  жобасын  бірінші  оқылымда 
қабылдануы туралы қаулы қабылдап, оны екінші оқылымда 
растауға немесе одан бас тартуға дайындайды. Мұндайда да-
уыс беру Парламенттің әр Палаталары депутаттарының жал-
пы санының көпшілік дауысымен өткізіледі. 
Дауыс берудің қорытындысы бойынша соңғы оқылымда 
Парламент  әр  Палата  депутаттарының  жалпы  санының 
төрттен үш дауысынан кем емес көпшілікпен Конститутцияға 
өзгерістер  мен  толықтырулар  қабылдайды.  Егер  дауыс 
берудің  нәтижесінде  белгіленген  дауыстар  саны  алынбаса, 
Президенттің  Конституцияға  өзгерістер  мен  толықтырулар 
енгізу жөніндегі ұсыныстары қабылданбады деп есептеледі.  
53.2 Бюджет және Үкімет пен Республикалық бюджеттің 
орындалуын бақылау жөніндегі Үкімет пен Есеп комитетінің 
есептері  ретімен  бірінші  Мәжілісте,  содан  кейін  Сенатта 
талқыланып, Парламент Палаталарының бірлескен отырыста-
рында бекітіледі. Талқылау қаралып отырған мәселе бойын-
ша  қорытындылары  бар  Үкімет,  Есеп  комитеті  өкілдерінің 
баяндамалары  мен  Палаталардың  қосымша  баяндамалары-
нан басталады.
Үкіметтің  республикалық  бюджеттің  атқарылуы  туралы 
есебін Парламенттің бекітпеуі Парламенттің Үкіметке сенім-
сіздік білдіргенін көрсетеді. 


179
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
53.3  Парламент  Палаталардың  бірлескен  отырысында 
Президентке  оның  бастамасы  бойынша  әр  Палата  депутат-
тары жалпы санының үштен екісінің дауысымен бір жылдан 
аспайтын  мерзімге  заң  шығару  өкілеттігін  беруге  хақылы. 
Мемлекет басшысының ол айқындаған мерзімге заң шығару 
өкілеттігін  беру  туралы  бастамасы  Парламент  Регламен-
ті  8-тарауының  ережелеріне  сәйкес  Мәжіліс  Төрағасына 
ұсынылып,  содан  кейін  ол  Парламент  Палаталарының  бір-
лескен отырысын шақырады. Бұл ретте Республика Прези-
денті оның бастамасын қарау мерзімін айқындауға құқылы.
Республика Президентіне бір жылдан аспайтын мерзімге 
заң шығару өкілеттігін беру туралы мәселе Парламенттің әр 
Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің даусымен 
шешіледі. Республика Президентіне заң шығару өкілеттігін 
беру  белгіленген  мерзім  ішінде  Республика  Президенті 
Қазақстан  Республикасының  Конституциясына  өзгерістер 
мен  толықтырулар  енгізуден  басқа  конституциялық  және 
әдеттегі  заңдар,  сондай-ақ  конституциялық  және  әдеттегі 
заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдар 
қабылдауға хақылы екенін білдіреді. 
53.4. Соғыс және бітім мәселелері төтенше маңыздылығына 
байланысты мәселелер Парламент Палаталардың бірлескен 
отырыстарында ғана шешіледі. 
Парламенттің  соғыс  және  бітім  мәселелерін  Сенат 
пен  Мәжілістің  бірлескен  отырысында  шешуі  Қазақстан 
Республикасының  тиісті  ұлттық  мүдделерін  қаматамасыз 
етуін ескеріп, сонымен қоса біздің елдің халықаралық міндет-
темелер мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің міндетті қарарларын 
орындауға кедергі тудырмайтындай болып өткізілуі тиіс. 
53.5 Палаталардың бірлескен отырысында Парламент Рес-
публика  Президентінің  ұсынысы  бойынша  бейбітшілік  пен 
қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді 


жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау