164
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
51.3. Заңмен Мәжіліс өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын
тоқтатылуына байланысты Конституцияның 51-бабы 3-
тармағына Парламент Мәжілісінің депутаттарын кезектен
тыс сайлау туралы мәселе бойынша толықтырулар енгізілді.
Парламенттің немесе Парламент Мәжілісінің депутат-
тарын кезектен тыс сайлау тек Конституциямен белгілен-
ген жағдайларда Сайлау туралы заңмен белгіленген ереже-
лерге сәйкес жүргізіледі. Парламенттің немесе Парламент
Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлау Парламенттің
немесе Мәжілістің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын
тоқтату жағдайларында Парламенттің немесе Мәжілістің
өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы олармен
қабылданған шешіммен бір уақытта Республика Президен-
тімен тағайындалады және Парламенттің немесе Парламент
Мәжілісінің тиісті өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату
күнінен бастап екі ай ішінде жүргізіледі.
Сенаттың және Мәжілістің депутаттарын кезектен тыс
сайлау Сайлау туралы Заңмен Сенаттың және Мәжілістің
депутаттарын кезекті сайлауы үшін белгіленген ережелерге
сәйкес жүргізіледі. Бұл орайда сайлау шараларын өткізу мер-
зімдері Орталық сайлау комиссиясымен анықталады.
51.4. Заңмен Қазақстан Республикасының азаматтығында
тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты
тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алатындығы
туралы толықтыру енгізілді.
Конституцияның 51-бабының түсініктеме берілген
тармағында белгілі шарттары бар (ценз) жалпыға бірдей
бәсең сайлау құқығының қағидалары бекітіледі, ол болғанда
Қазақстан Республикасының азаматы Сенаттың және Парла-
мент Мәжілісінің депутаттығына кандидат ретінде тіркелуі
мүмкін және ол сайланған жағдайда Парламент депутаты бо-
луы мүмкін.
1
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Сонымен, белсенді сайлау құқығына ие, Қазақстан
Республикасының азаматтығында тұратын, жасы отызға
толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс ста-
жы бар, Қазақстан Республикасының аумағында соңғы он
жылда тұрақты тұратын, сонымен қатар тиісті облыстың,
республикалық маңызы бар қаланың не Республика
астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып
жатқан адам Сенат депутаты бола алады. Белгіленген
конституциялық шектеулер сайланатын Сенат депутаттары-
на да, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентімен
тағайындалатын сенаторларға да толығымен қатысты, тек
тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың неме-
се Республика астанасының аумағында тұру цензі алынып
тасталынады. Бұл ценз әр облыстан, республикалық маңызы
бар қаладан немесе Республика астанасынан екі адамнан сай-
ланатын Сенат депутаттары үшін ғана белгіленген. Бұл Сенат
депутаттарын сайлаудың аймақтық сипатына негізделген.
Мәжіліс депутаттығына сайлану үшін белсенді сай-
лау құқығына ие адам Конституциямен белгіленген тек үш
талапқа сәйкес болуы тиіс: Қазақстан Республикасының
азаматтығында тұру, оның аумағында соңғы он жылда
тұрақты тұру және жиырма бес жасқа толу.
51.5. Қазақстан Республикасының Парламент депутатта-
рын сайлау «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»
Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 28 қыркүйегіндегі
Конституциялық заңмен (кейінгі енгізілген толықтырулар
және өзгерістермен бірге) реттеледі. Сайлау туралы
Конституциялық заң Сенаттың және Парламент Мәжілісінің
депутаттығына сайлауға дайындықта және өткізуде пайда
болған қатынастарды реттейді, сонымен қатар Республика
азаматтарының еркін білдіру еркіндігін қамтамасыз ететін
кепілдіктерді белгілейді.
1
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
Сайлау туралы Заң Жалпы және Ерекше бөліктерден
тұрады. Конституциялық Заңның Жалпы бөлігінде сайлау
еркіндігінің кепілдіктері, сайлау құқығының қағидалары
бекітілген, сайлау жүйелері, Қазақстан Республикасының
сайлау органдарының жүйесі және олардың өкілеттіктері
сайлау округтарының жүйелері белгіленген, сайлау телім-
дерін құрудың, сайлаушылардың (дауыс берушілердің)
тізімдерін құрудың, сайлау алды үгітінің сайлауды
қаржыландыру, сонымен қатар дауыс беру тәртібі және
Сенаттың және Парламент Мәжілісінің депутаттығына сай-
лауда дауыс беру қорытындыларын анықтаудың құқықтық
мәселелері бекітілген.
Сайлау туралы Заңның Ерекше бөлігінде Сенаттың
және Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауды
тағайындаудың, депутаттыққа кандидаттарды ұсыну және
тіркеудің, Сенаттың және Парламент Мәжілісінің депутат-
тарын сайлауда дауыстарды есептеудің, осы сайлаулардың
қорытындыларын белгілеу және жариялаудың, сонымен бір-
ге Сенаттың және Мәжіліс депутаттарын тіркеудің құқықтық
мәселелері бекітілген.
15. 52-бапта:
1) 1-тармақ алып тасталсын;
2) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Парламент депутатының өкілеттігі орнынан түскен, ол
қайтыс болған, соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша
депутат іс-әрекетке қабілетсіз, қайтыс болған немесе хабар-
сыз кеткен деп танылған жағдайларда және Конституция
мен конституциялық заңда көзделген өзге де жағдайларда
тоқтатылады.
Парламент депутаты:
1) ол Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен;
Достарыңызбен бөлісу: |