183
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
5) мемлекеттiк заемдар мен
Республиканың экономикалық
жəне өзге де көмек көрсетуi ту-
ралы мəселелердi шешедi;
6) азаматтарға рақымшылық
ж а с ау т у р а л ы а к т i л е р
шығарады;
7) Республиканың халық-
аралық шарттарын бекiтедi
жəне олардың күшiн жояды.
2) Республика Президентінің
қарсылығын туғызған заңдар
немесе заңның баптары бойын-
ша қарсылықтар жіберілген
күннен бастап бір ай мерзім
ішінде қайталап талқылау
мен дауысқа салуды өткізеді.
Бұл мерзімнің сақталмауы
Президент қарсылықтарының
қабылданғанын білдіреді. Егер
мəжіліс пен Сенат əр Пала-
та депутаттарының жалпы
санының үштен екі көпшілік
даусымен бұрын қабылданған
шешімді растайтын болса,
Президент бір ай ішінде заңға
қол қояды. Егер Президенттің
қарсылығын ең болмаса
Палаталардың бірі еңсермесе,
заң қабылданбайды немесе
Президент ұсынған редакци-
яда қабылданды деп есепте-
леді. Парламент қабылдаған
конституциялық заңдарға
мемлекет басшысының
қарсылығы осы тармақшада
к ө з д е л г е н т ə р т і п п е н
қаралады.
5) мемлекеттік заем-
дар мен Республиканың
экономикалық жəне өзге
де көмек көрсетуі туралы
мəселелерді шешеді;
6) рақымшылық жасау
мəселелерін шешеді;
7) Республиканың халық-
аралық шарттарын ратифи-
кациялайды жəне олардың
күшін жояды.
2. Парламент Палата-
лардың бөлек отырысында
мəселелерді əуелі - мəжілісте,
ал содан кейін Сенатта өз ке-
зегімен қарау арқылы:
1) республикалық бюд-
жеттің атқарылуы туралы
есептерді талқылайды;
184
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
Б ұ л р е т т е П а р л а -
м е н т П р е з и д е н т т і ң
конституциялық заңдарға
қарсылығын əр Палата
депутаттарының жалпы
санының кемінде төрттен
үшінің даусымен еңсереді;
3) республикалық рефе-
рендум тағайындау туралы
бастама көтереді.
54. Парламент Палаталардың бөлек отырысында мәселе-
лерді әуелі – Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен
қарау арқылы конституциялық заңдар мен заңдар қабылдайды.
Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттей-
тiн, негізін салатын қағидаттар мен нормаларды белгілейтін
заңдар шығаруға құқылы.
54.1. 1) Парламент Палаталардың бөлек отырысында
мәселелерді әуелі – Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз ке-
зегімен қарау арқылы республикалық бюджеттің орындалуы
туралы есепті талқылайды;
54.1. 2) мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді
және оларды алып тастайды;
54.1. 3.) Парламент Палаталардың бөлек отырысын-
да мәселелерді әуелі – Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта
өз кезегімен Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылысы
мәселелерін шешу тәртібін белгілейді. Республиканың
әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелерін шешу тәртібі
Парламент Палаталарымен заңнамаға сәйкес қаралады.
54.1. 4.) Парламент Палаталардың бөлек оты-
рысында мәселелерді әуелі – Мәжілісте, ал со-
дан
кейін
Сенатта
өз
кезегімен
мемлекеттік
наградаларды тағайындайды, Республиканың құрметті,
әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерін,
185
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
дипломатиялық дәрежелерін белгілейді, Республиканың
мемлекеттік рәміздерін айқындайды. Мемлекеттік награ-
далар тағайындау, құрметті, әскери және өзге де атақтар,
сыныптық шендер, дипломатиялық дәрежелер белгілеу
жағдайында Парламент заң қабылдайды.
54.1. 5) Парламент Палаталардың бөлек отырысында
мәселелерді әуелі – Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезе-
гімен мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық
және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді.
Парламент Регламенті 83-тармағының нормаларына сәйкес
мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық
және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешу Пар-
ламент Палаталарының Регламентімен белгіленеді. Мәжіліс
Регламенті 65-тармағының ережелеріне сәйкес осы Палата
қарау рәсімі осы Регламенттің ІІ-бөлімі 3-тарауымен белгі-
ленетін мемлекеттік заемдар мен экономикалық және өзге де
көмек көрсету жөніндегі мәселелерді қарайды. Сонымен қоса
Мәжіліс Бюросы мәселені қараудың, соның ішінде мемлекет-
тік заем өткізу, Қазақстан Республикасының экономикалық
және өзге көмек көрсету бастамашысының тілектерін ескере
отырып, өзгеше рәсімін белгілеуге хақылы.
54.1. 6) Жалпыәлемдік демократиялық тәжірибеге сәйкес
дәстүр бойынша рақымшылық жасауды жоғары атқарушы ор-
ган ретінде Парламент жариялайды. Амнистия (рақымшылық
жасау) (грек тілінен аударғанда - ұмытылу) – құқықтық жа-
уапкершіліктен (әдетте – қылмыстық, бірақ кейде әкімшілік
не басқа да жауапкершіліктен) жеке айқындалмаған тұлғалар
тобының толық немесе ішінара босатылуы.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 75-бабы
1 және 2-тармақтарының ережелеріне сәйкес рақымшылық
жасау туралы актiнi адамдардың жеке айқындалмаған то-
бына қатысты Қазақстан Республикасының Парламентi
Достарыңызбен бөлісу: |