«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет17/89
Дата20.11.2018
өлшемі1,31 Mb.
#22214
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   89


VI бөлім
қызметi депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми не-
месе өзге шығармашылық қызметтердi қоспағанда, өзге да 
ақы төленетiн жұмысты атқарумен, кәсiпкерлiкпен айналы-
сумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе 
байқаушы кеңесiнiң құрамына кiрумен сыйыспайды. 
5. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерiн 
өздерiнiң өкiлеттiгi мерзiмi iшiнде тұтқынға алуға, күштеп 
әкелуге, оған сот тәртiбiмен белгiленетiн әкiмшiлiк жаза-
лау шараларын қолдануға, қылмыс үстiнде ұсталған немесе 
ауыр қылмыстар жасаған реттердi қоспағанда, Парламенттiң 
келiсiмiнсiз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. 
6.  Конституциялық  Кеңестiң  ұйымдастырылуы  мен 
қызметi конституциялық заңмен реттеледi.
Ескерту. 71-бап Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 
21 мамырдағы № 254-III Заңымен енгізілген өзгеріспен.
72-бап
1.  Конституциялық  Кеңес  Қазақстан  Республикасы 
Президентiнiң, Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының, 
Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр 
бөлiгiнiң, Премьер-Министрдiң өтiнiшi бойынша: 
1) дау туған жағдайда Республика Президентiнiң, Пар-
ламент  депутаттарының  сайлауын  өткiзудiң  дұрыстығы 
және республикалық референдум өткiзу туралы мәселенi 
шешедi; 
2) Парламент қабылдаған заңдардың Республика Кон-
ституциясына сәйкестiгiн Президент қол қойғанға дейiн 
қарайды. 
2-1)  Парламент  және  оның  палаталары  қабылдаған 
қаулылардың  Республика  Конституциясына  сәйкестігін 
қарайды; 


70
Қазақстан  Республикасының Конституциясы
3) Республиканың халықаралық шарттарын бекiткенге 
дейiн олардың Конституцияға сәйкестiгiн қарайды; 
4) Конституцияның нормаларына ресми түсiндiрме бе-
редi; 
5) Конституцияның 47-бабының 1 және 2-тармақтарында 
көзделген реттерде қорытындылар бередi. 
2.  Конституциялық  Кеңес  соттардың  өтiнiштерiн 
Конституцияның  78-бабында  белгiленген  реттерде 
қарайды. 
Ескерту.  72-бап  Қазақстан  Республикасының  2007 
жылғы  21  мамырдағы  №  254-III  Заңымен  енгізілген 
толықтырумен.
73-бап
1. Конституциялық Кеңес Конституцияның 72-бабының 
1-тармағының  1)-тармақшасында  көрсетiлген  мәселелер 
бойынша өтiнiш жасалған ретте, Президенттiң қызметiне 
кiрiсуi,  Парламенттiң  сайланған  депутаттарын  тiркеу  не 
республикалық  референдумның  нәтижелерiн  шығару 
тоқтатыла тұрады. 
2. Конституциялық Кеңес Конституцияның 72-бабының 
1-тармағының  2)  және  3)-тармақшаларында  көрсетiлген 
мәселелер бойынша өтiнiш жасалған ретте, тиiстi актiлер-
ге  қол  қою  не  оларды  бекiту  мерзiмiнiң  өтуi  тоқтатыла 
тұрады. 
3. Конституциялық Кеңес өтiнiштер түскен күннен бастап 
бiр ай iшiнде өз шешiмiн шығарады. Егер мәселенi кейiнге 
қалдыруға болмайтын болса, Республика Президентiнiң талабы 
бойынша бұл мерзiм он күнге дейiн қысқартылуы мүмкiн. 
4. Конституциялық Кеңестiң шешiмiне толығымен неме-
се бiр бөлiгiне Республика Президентi қарсылық бiлдiруi 


71
VII бөлім
мүмкiн,  бұл  қарсылық  Конституциялық  Кеңес  мүшелерi 
жалпы санының үштен екiсiнiң даусымен еңсерiледi. Пре-
зидент қарсылығы еңсерiлмеген жағдайда, Конституциялық 
Кеңестiң шешiмi қабылданбады деп есептеледi.
74-бап
1. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес 
емес деп танылған заңдар мен халықаралық шарттарға қол 
қойылмайды не, тиiсiнше, бекiтiлмейдi және күшiне енгiзiл-
мейдi. 
2.  Конституциялық  емес  деп  танылған,  оның  ішінде 
адамның және азаматтың Конституцияда баянды етілген 
құқықтары  мен  бостандықтарына  нұқсан  келтіреді  деп 
танылған заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің 
күші жойылады және қолданылуға жатпайды. 
3.  Конституциялық  Кеңестiң  шешiмдерi  қабылданған 
күннен бастап күшiне енедi, Республиканың бүкiл аумағында 
жалпыға бiрдей мiндеттi, түпкiлiктi болып табылады және 
шағымдануға жатпайды. 
Ескерту. 74-бап Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 
21 мамырдағы № 254-III Заңымен енгізілген өзгеріспен.
VII БӨЛIм
 СоТТАР ЖӘНЕ СоТ ТӨРЕЛIгI
75-бап
1. Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана 
жүзеге асырады. 
2. Сот билiгi сотта iс жүргiзудiң азаматтық, қылмыстық 
және заңмен белгiленген өзге де нысандары арқылы жүзеге 


72
Қазақстан  Республикасының Конституциясы
асырылады. Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот 
iсiн жүргiзу алқабилердің қатысуымен жүзеге асырылады. 
3.  Заңмен  құрылған  Республиканың  Жоғарғы  Соты, 
Республиканың  жергілікті  және  басқа  да  соттары 
Республиканың соттары болып табылады. 
4. Республиканың сот жүйесi Республика Конституциясымен 
және конституциялық заңмен белгiленедi. Қандай да бiр ата-
умен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол берiлмейдi. 
Ескерту. 75-бап Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 
7 қазандағы № 284-І; 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254-III 
Заңдарымен енгізілген өзгерістер және толықтырумен.
76-бап
1.  Сот  билiгi  Қазақстан  Республикасының  атынан 
жүзеге асырылады және өзiне азаматтар мен ұйымдардың 
құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды, 
Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нор-
мативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының 
орындалуын қамтамасыз етудi мақсат етiп қояды. 
2. Сот билiгi Республика Конституциясының, заңдарының, 
өзге  де  нормативтiк  құқықтық  актiлерiнiң,  халықаралық 
шарттарының  негiзiнде  туындайтын  барлық  iстер  мен 
дауларға қолданылады. 
3. Соттар шешiмдерiнiң үкiмдерi мен өзге де қаулыларының 
Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi болады. 
77-бап
1. Судья сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және 
Конституция мен заңға ғана бағынады. 
2. Сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi соттың қызметiне 
қандай да болсын араласуға жол берiлмейдi, және ол заң 


жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау