«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет10/89
Дата20.11.2018
өлшемі1,31 Mb.
#22214
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   89

41
III бөлім
43-бап
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлдi органның 
депутаты болуға, өзге де ақы төленетiн қызметтердi атқаруға 
және кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға құқығы жоқ. 
2. 2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. 
ред. қара). 
Ескерту. 43-бап Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 
21 мамырдағы № 254-III Заңымен енгізілген өзгеріспен
44-бап
Қазақстан Республикасының Президентi: 
1) Қазақстан халқына елдегi жағдай мен Республиканың 
iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттары туралы жыл 
сайын жолдау арнайды; 
2) Республика Парламентіне және оның Палатасына ке-
зекті және кезектен тыс сайлау тағайындайды; Парламенттің 
бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының 
Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды; Парламенттің 
кезектен  тыс  сессиясын  шақырады;  Парламент  Сенаты 
ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жария 
етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан 
талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады;
3)  Парламент  Мәжілісінде  өкілдігі  бар  саяси  пар-
тиялар  фракцияларымен  консультациялардан  кейін 
келісім беру үшін Мәжілістің қарауына Республика Пре-
мьер-Министрінің  кандидатурасын  енгізеді;  Парламент 
Мәжілісінің келісімімен Республиканың Премьер-Минис-
трін  қызметке  тағайындайды;  оны  қызметтен  босатады; 
Премьер-Министрдің ұсынуымен Республика Үкіметінің 
құрылымын айқындайды; Республиканың Үкімет құрамына 
кірмейтін орталық атқарушы органдарын құрады, тарата-


42
Қазақстан  Республикасының Конституциясы
ды және қайта құрады, Республика Үкіметінің мүшелерін 
қызметке тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі іс-
тер, әділет министрлерін қызметке тағайындайды; Үкімет 
мүшелерін қызметтен босатады; Үкімет мүшелерінің антын 
қабылдайды; ерекше маңызды мәселелер бойынша Үкімет 
отырыстарына төрағалық етеді; Үкіметке заң жобасын Парла-
мент Мәжілісіне енгізуді тапсырады; Республика Үкіметі мен 
Премьер-Министрінің, облыстар, республикалық маңызы 
бар қалалар мен астана әкімдері актілерінің күшін жояды не 
қолданылуын толық немесе ішінара тоқтата тұрады;
4)  Парламент  Сенатының  келісімімен  Қазақстан  Рес-
публикасы Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас Прокурорын 
және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын қызметке 
тағайындайды; оларды қызметтен босатады;
5) Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп 
беретін мемлекеттік органдарды құрады, таратады және қайта 
құрады, олардың басшыларын қызметке тағайындайды және 
қызметтен босатады; 
6) Республика дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшыларын 
тағайындайды және керi шақырып алады; 
7) Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын және екі 
мүшесін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау 
жөніндегі есеп комитетінің Төрағасын және екі мүшесін бес 
жыл мерзімге қызметке тағайындайды; 
8) Республиканың мемлекеттiк бағдарламаларын бекiтедi; 
9)  Республика  Премьер-Министрiнiң  ұсынуымен 
Республиканың мемлекеттiк бюджетi есебiнен ұсталатын 
барлық  органдардың  қызметкерлерiне  арналған 
қаржыландыру мен еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiне 
бекiтедi; 
10) Республикалық референдум өткiзу жөнiнде шешiм 
қабылдайды; 


43
III бөлім
11)  келiссөздер  жүргiзедi  және  Республиканың 
халықаралық шарттарына қол қояды; бекiту грамоталары-
на қол қояды; өзiнiң жанында тiркелген шет мемлекеттердiң 
дипломатиялық және өзге де өкiлдерiнiң сенiм грамоталары 
мен керi шақырып алу грамоталарын қабылдайды; 
12)  Республика  Қарулы  Күштерiнiң  Жоғарғы  Бас 
Қолбасшысы болып табылады, Қарулы Күштердiң жоғары 
қолбасшылығын тағайындайды және ауыстырып отырады; 
13) Республиканың мемлекеттiк наградаларымен мара-
паттайды, құрметтi, жоғары әскери және өзге атақтарды, 
сыныптық шендердi, дипломатиялық дәрежелердi, бiлiктiлiк 
сыныптарын бередi; 
14)  Республиканың  азаматтығы,  саяси  баспана  беру 
мәселелерiн шешедi; 
15) азаматтарға кешiрiм жасауды жүзеге асырады; 
16) Республиканың демократиялық институттарына, оның 
тәуелсiздiгi мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, 
азаматтарының  қауiпсiздiгiне  елеулi  және  тiкелей  қатер 
төнген, мемлекеттiң конституциялық органдарының қалыпты 
жұмыс iстеуi бұзылған ретте, Премьер-Министрмен және 
Республика  Парламентi  Палаталарының  Төрағаларымен 
ресми консультациялардан кейiн Республика Парламентi-
не дереу хабарлай отырып, Қазақстанның бүкiл аумағында 
және оның жекелеген жерлерiнде төтенше жағдай енгiзудi, 
Республиканың Қарулы Күштерiн қолдануды қоса алғанда, 
аталған жағдаяттар талап ететiн шараларды қолданады; 
17)  Республикаға  қарсы  агрессия  жасалған  не  оның 
қауiпсiздiгiне  сырттан  тiкелей  қатер  төнген  ретте 
Республиканың бүкiл аумағында немесе оның жекелеген 
жерлерiнде әскери жағдай енгiзедi, iшiнара немесе жалпы 
мобилизация жариялап, бұл туралы Республика Парламен-
тiне дереу хабарлайды; 


44
Қазақстан  Республикасының Конституциясы
18) өзiне бағынысты Республика Президентiнiң Күзет 
қызметiн және Республикалық ұланды жасақтайды; 
19) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Хатшы-
сын  қызметке  тағайындайды  және  қызметтен  босатады, 
оның  мәртебесi  мен  өкiлеттiгiн  анықтайды;  Республика 
Президентiнiң Әкiмшiлiгiн құрады; 
20) Қауіпсіздік Кеңесін және өзге де консультативтік-
кеңесші органдарды, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамбле-
ясы мен Жоғары Сот Кеңесін құрады; 
21) Республиканың Конституциясы мен заңдарына сәйкес 
басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 
Ескерту. 44-бап Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 
7 қазандағы № 284-І; 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254-III 
Заңдарымен енгізілген өзгерістер және толықтырумен.
45-бап
1.  Қазақстан  Республикасының  Президентi  Консти-
туция  мен  заңдар  негiзiнде  және  оларды  орындау  үшiн 
Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар жарлықтар 
мен өкiмдер шығарады. 
2.  Конституцияның  53-бабының  4)-тармақшасында 
көзделген ретте Республика Президентi заңдар шығарады, 
ал 61-баптың 2-тармағында көзделген ретте Республиканың 
заң күшi бар жарлықтарын шығарады. 
3.  Республиканың  Президентi  қол  қоятын  Парламент 
актiлерi,  сондай-ақ  Үкiмет  бастамасымен  шығарылатын 
Президенттiң актiлерi тиiсiнше осы актiлердiң заңдылығы 
үшiн заңдық жауапкершiлiк жүктелетiн Парламенттiң әр 
Палатасының Төрағаларының не Премьер-Министрдiң ал-
дын-ала қолдары қойылып тиянақталады. 


жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау