45
III бөлім
46-бап
1. Қазақстан Республикасының Президентiне, оның абы-
ройы мен қадiр-қасиетiне ешкiмнiң тиiсуiне болмайды.
2. Республика Президентi мен оның отбасын қамтамасыз
ету, оларға қызмет көрсету және қорғау мемлекет есебiнен
жүзеге асырылады.
3. Осы баптың ережелерi Республиканың экс-Президент-
терiне қолданылады.
4. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі
мен өкілеттігі Республика Конституциясымен және
конституциялық заңмен айқындалады.
Ескерту. 46-бап Қазақстан Республикасының 2007
жылғы 21 мамырдағы № 254-III Заңымен енгізілген
толықтырумен.
47-бап
1. Қазақстан Республикасының Президентi науқастануына
байланысты өзiнiң мiндеттерiн жүзеге асыруға қабiлетсiздiгi
дендеген жағдайда қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылуы
мүмкiн. Бұл ретте Парламент әр Палата депутаттарының
тең санынан және медицинаның тиiстi салаларының ма-
мандарынан тұратын комиссия құрады. Мерзiмiнен бұрын
босату туралы шешiм Парламент Палаталарының бiрлес-
кен отырысында комиссияның қорытындысымен белгi-
ленген конституциялық рәсiмдердiң сақталғаны туралы
Конституциялық Кеңес қорытындысы негiзiнде әр Пала-
та депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшiнiң
көпшiлiгiмен қабылданады.
2. Республиканың Президентi өзiнiң мiндеттерiн атқару
кезiндегi iс-әрекетi үшiн тек қана мемлекетке опасыздық
жасаған жағдайда жауап бередi және бұл үшiн Парламент
46
Қазақстан Республикасының Конституциясы
оны қызметiнен кетiруi мүмкiн. Айып тағу және оны тексе-
ру туралы шешiм Мәжiлiс депутаттарының кемiнде үштен
бiрiнiң бастамасы бойынша депутаттардың жалпы санының
көпшiлiгiмен қабылдануы мүмкiн.Тағылған айыпты тексерудi
Сенат ұйымдастырады және оның нәтижелерi Сенат депутат-
тары жалпы санының көпшiлiк даусымен Парламент Палата-
лары бiрлескен отырысының қарауына берiледi. Бұл мәселе
бойынша түпкiлiктi шешiм айып тағудың негiздiлiгi туралы
Жоғарғы Сот қорытындысы және белгiленген конституциялық
рәсiмдердiң сақталғаны туралы Конституциялық Кеңестiң
қорытындысы болған жағдайда әр Палата депутаттары жалпы
санының кемiнде төрттен үшiнiң көпшiлiк даусымен Парла-
мент Палаталарының бiрлескен отырысында қабылданады.
Айып тағылған кезден бастап екi ай iшiнде түпкiлiктi шешiм
қабылдамау Республика Президентiне қарсы тағылған айыптың
күшi жойылған деп тануға әкеп соғады. Республиканың Прези-
дентiне мемлекетке опасыздық жасады деп тағылған айыптың
қабылданбауы оның қай кезеңiнде де осы мәселенiң қаралуына
себепшi болған Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiгiн мерзiмi-
нен бұрын тоқтатуға әкеп соғады.
3. Республика Президентiн қызметiнен кетiру туралы
мәселе ол Республика Парламентiнiң немесе Парламент
Мәжілісінің өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату жөнiнде
мәселе қарап жатқан кезде қозғалмайды.
Ескерту. 47-бап Қазақстан Республикасының 2007
жылғы 21 мамырдағы № 254-III Заңымен енгізілген
толықтырумен.
48-бап
1. Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен
мерзiмiнен бұрын босаған немесе кетiрiлген, сондай-ақ
47
IV бөлім
қайтыс болған жағдайда Республика Президентiнiң өкiлеттiгi
қалған мерзiмге Парламент Сенатының Төрағасына көшедi;
Сенат Төрағасының өзiне Президент өкiлеттiгiн қабылдауы
мүмкiн болмаған ретте ол Парламент Мәжiлiсiнiң Төрағасына
көшедi; Мәжiлiс Төрағасының өзiне Президент өкiлеттiгiн
қабылдауы мүмкiн болмаған ретте ол Республиканың Пре-
мьер-Министрiне көшедi. Өзiне Республика Президентiнiң
өкiлеттiгiн қабылдаған тұлға тиiсiнше Сенат Төрағасының,
Мәжiлiс Төрағасының немесе Премьер-Министрдiң
өкiлеттiгiн тапсырады. Бұл жағдайда бос тұрған мемлекеттiк
лауазымдарды иелену Конституцияда көзделген тәртiппен
жүзеге асырылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген негiздерде және
тәртiппен Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiгiн
өзiне қабылдаған тұлғаның Қазақстан Республикасының
Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар туралы
бастамашылық жасауға құқығы жоқ.
Ескерту. 48-бап Қазақстан Республикасының 1998 жылғы
7 қазандағы № 284-І Заңының редакциясында.
IV БӨЛIм
ПАРЛАмЕНТ
49-бап
1. Парламент - Қазақстан Республикасының заң шығару
қызметiн жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi
органы.
2. Парламенттiң өкiлеттiгi оның бiрiншi сессиясы ашылған
сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттiң бiрiншi
сессиясы жұмысқа кiрiскен кезден аяқталады.
48
Қазақстан Республикасының Конституциясы
3. Парламенттiң өкiлеттiгi Конституцияда көзделген реттер
мен тәртiп бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
4. Парламенттiң ұйымдастырылуы мен қызметi, оның
депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен
белгiленедi.
Ескерту. 49-бап Қазақстан Республикасының 1998 жылғы
7 қазандағы № 284-І Заңымен енгізілген өзгеріспен.
50-бап
1. Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палата-
дан: Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады.
2. Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен
әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және
Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан
өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның
ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін
қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депу-
татын Республика Президенті тағайындайды.
3. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен
сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады.
4. Парламент депутаты бiр мезгiлде екi Палатаға бiрдей
мүше бола алмайды.
5. Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - алты жыл,
Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - бес жыл.
Ескерту. 50-бап Қазақстан Республикасының 1998 жылғы
7 қазандағы № 284-І; 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254-III
Заңдарымен енгізілген өзгерістер және толықтырумен.
51-бап
1. Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға
бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын
Достарыңызбен бөлісу: |