«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет73/89
Дата20.11.2018
өлшемі1,31 Mb.
#22214
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   89

244
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
тармағының «Парламент оған сенімсіздік білдіруіне байланысты 
Үкіметтің орнынан кетуін қайтарғанда Президент Парламентті 
таратуға хақылы», деп жазылған екінші сөйлем алып тасталған. 
Мұндай жағдай Парламенттің рөлін заң шығару органының біздің 
Республиканың президенттіктен президенттік-парламенттік мо-
дельге ауысу жағдайында өкілеттігін елеулі кеңейтумен байла-
нысты күшейту, сондай-ақ болашақта биліктің заң шығару мен 
атқару тармақтарының Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірген 
жағдайда қарсыластықты болдырмау мақсатында жазылған. 
29. 71-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3.  Конституциялық  Кеңестің  екі  мүшесін  -  Республика 
Президенті,  екі-екі  мүшеден  тиісінше  Сенат  пен  Мәжіліс 
тағайындайды.
Конституциялық  Кеңес  мүшелерінің  жартысы  әрбір  үш 
жыл сайын жаңартылып отырады.».
түзету-
лер №
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КоНСТИТУцИяСЫНЫҢ
71-БАБЫ
29.
Алдыңғы редакция
Қолданыстағы редакция
71-бап
1.  Қазақстан  Республи-
касының  Конституциялық 
Кеңесi жетi мүшеден тұрады, 
олардың өкiлеттiгi алты жылға 
созылады.  Республиканың 
экс-Президенттерi  құқығы 
б о й ы н ш а   ғ ұ м ы р   б о й ы 
Конституциялық  Кеңестiң 
мүшелерi болып табылады. 
2. Конституциялық Кеңестiң 
Төрағасын  Республиканың 
Президентi  тағайындайды 
және  дауыс  тең  бөлiнген 
жағдайда  оның  дауысы  ше-
шушi болып табылады. 
71- бап
1.  Қазақстан  Республи-
касының  Конституциялық 
Кеңесi  жетi  мүшеден  тұрады, 
олардың өкiлеттiгi алты жылға 
созылады. Республиканың экс-
Президенттерi құқығы бойынша 
ғұмыр  бойы  Конституциялық 
Кеңестiң  мүшелерi  болып  та-
былады. 
2. Конституциялық Кеңестiң 
Төрағасын Республиканың Пре-
зидентi  тағайындайды  және 
дауыс  тең  бөлiнген  жағдайда 
оның  дауысы  шешушi  болып 
табылады. 
 


245
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
3. Конституциялық Кеңестiң 
екi  мүшесiн  Республиканың 
Президентi,  екi  мүшесiн 
Сенаттың  Төрағасы  жəне 
екi  мүшесiн  мəжiлiстiң 
Төрағасы  тағайындайды. 
Конституциялық  Кеңес 
мүшелерiнiң жартысы əрбiр 
үш жыл сайын жаңартылып 
отырады. 
4. Конституциялық Кеңестiң 
Төрағасы  мен  мүшесiнiң 
қызметi депутаттық мандатпен, 
оқытушылық, ғылыми немесе 
өзге шығармашылық қызметтердi 
қо спағанда,  өзге  де  ақы 
төленетiн жұмысты атқарумен, 
кәсiпкерлiкпен  айналысумен, 
коммерциялық ұйымның басшы 
органының  немесе  байқаушы 
кеңесiнiң  құрамына  кiрумен 
сыйыспайды. 
5. Конституциялық Кеңестiң 
Төрағасы  мен  мүшелерiн 
өздерiнiң  өкiлеттiгi  мерзiмi 
iшiнде тұтқынға алуға, күштеп 
әкелуге,  оған  сот  тәртiбiмен 
белгiленетiн әкiмшiлiк жазалау 
шараларын қолдануға, қылмыс 
үстiнде ұсталған немесе ауыр 
қылмыстар  жасаған  реттер-
дi  қоспағанда,  Парламенттiң 
келiсiмiнсiз қылмыстық жауапқа 
тартуға болмайды. 
6. Конституциялық Кеңестiң 
ұйымдастырылуы мен қызметi 
конституциялық  заңмен  рет-
теледi.
3. Конституциялық Кеңестің 
екі  мүшесін  -  Республика 
Президенті,  екі-екі  мүшеден 
тиісінше  Сенат  пен  Мәжіліс 
тағайындайды.
Конституциялық  Кеңес 
мүшелерінің  жартысы  әрбір 
үш  жыл  сайын  жаңартылып 
отырады.
4. Конституциялық Кеңестiң 
Төрағасы  мен  мүшесiнiң 
қызметi  депутаттық  мандат-
пен,  оқытушылық,  ғылыми 
немесе  өзге  шығармашылық 
қызметтердi  қоспағанда,  өзге 
де  ақы  төленетiн  жұмысты 
атқарумен,  кәсiпкерлiкпен 
айналысумен,  коммерциялық 
ұйымның  басшы  органының 
немесе  байқаушы  кеңесiнiң 
құрамына кiрумен сыйыспай-
ды. 
5. Конституциялық Кеңестiң 
Төрағасы  мен  мүшелерiн 
өздерiнiң  өкiлеттiгi  мерзiмi 
iшiнде тұтқынға алуға, күштеп 
әкелуге,  оған  сот  тәртiбiмен 
белгiленетiн әкiмшiлiк жазалау 
шараларын қолдануға, қылмыс 
үстiнде ұсталған немесе ауыр 
қылмыстар  жасаған  реттер-
дi  қоспағанда,  Парламенттiң 
келiсiмiнсiз  қылмыстық 
жауапқа тартуға болмайды. 
6. Конституциялық Кеңестiң 
ұйымдастырылуы мен қызметi 
конституциялық  заңмен  рет-
теледi.


246
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
71.3.  Конституцияның  71-бабы  3-тармағы  Қазақстан 
Республикасындағы  конституциялық  бақылау  органының 
тәртібі мен құрамын қалыптастыруға арналған.
71-баптың  3-тармағының  жаңа  редакциясына  сәйкес 
Конституциялық Кеңесті қалыптастыруға Республика Прези-
денті, сондай-ақ Парламент Палаталары қатысады. Төрағаны 
және  Кеңестің  екі  мүшесін  тағайындау  құқығы  бұрынғыша 
Мемлекет  басшысына  тиесілі,  екеуін  Сенат  төрағасының 
ұсынымы бойынша Парламент Сенаты және екеуін Мәжіліс 
төрағасының  ұсынымы  бойынша  Парламент  Мәжілісі 
тағайындайды.  Осылайша,  егер  бұрын  Конституциялық 
Кеңесті  қалыптастыру  рәсіміне  Президент  пен  Парламент 
Палаталарының төрағалары қатысса, енді Кеңестің 4 мүшесін 
Парламент  Палаталары  тағайындайды.  Бұрын  Парламент 
Палаталарының  төрағалары  Кеңес  құрамын  қалыптастыру 
процесінде  негізгі  тұлғалар  болса,  енді  заңнама  оларға  тек 
қана әкімшілік функцияларды жүктейтіндігін атап өту қажет.
Конституциялық  Кеңесті  қалыптастыру  рәсіміне  Парла-
мент  Палаталарының  қатысуы  әлемдік  практикаға  сәйкес 
келетін  осы  процеске  мемлекеттің  өкілді  органын  тарту 
мақсатын көздейді. Осыны ескере отырып, Кеңестің құрамы 
түрлі  саяси  партиялары  ымырасының нәтижесі  болуға  тиіс 
деп болжауға болады, ол соңғыларының қоғамдағы ықпалын 
күшейтеді. Сонымен қатар, Конституцияның  кепілі ретінде 
Мемлекет басшысы мен Парламент Палаталарының арасын-
да  Конституциялық  Кеңесті  қалыптастыру  өкілеттіктерін 
бөлу Кеңестің құқықтық мәртебесінің кепілдік беру әлеуетін 
арттырады.  Мұндай  рәсімді  енгізу  тағайындау  кезінде 
қателіктерді  азайтуды  мақсат  етіп,  Кеңестің  құрамының 
анағұрлым кәсіби болуына ықпал етеді.
Конституцияға  сәйкес  Кеңес  құрамының  жартысы  әр 
үш  жылда  жаңартылып  отырады.  Ротацияны  қолдану 


жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау