«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет69/89
Дата20.11.2018
өлшемі1,31 Mb.
#22214
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   89

232
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
мүшелерін қызметке тағайындайды; Сыртқы істер, Қорғаныс, 
Ішкі  істер,  Әділет  министрлерін  қызметке  тағайындайды; 
Үкімет мүшелерін қызметтен босатады; Үкімет мүшелерінің 
антын  қабылдайды;  ерекше  маңызды  мәселелер  бойынша 
Үкімет отырыстарына төрағалық етеді; Үкіметке заң жоба-
сын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырады; Республика 
Үкіметі мен Премьер-Министр актілерінің күшін жояды не 
қолданылуын толық немесе ішінара тоқтата тұрады.
«Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  70-ба-
бын  ресми  түсіндіру  туралы»  Қазақстан  Республикасы 
Конституциялық  Кеңесінің  2003  жылғы  19  қарашадағы 
қаулысында «Бұл аталған конституциялық нормалардан келіп 
шығатыны,  Конституция  «Үкіметтің  құрылымы»  дегенде, 
Республика  Үкіметі  басқаратын  және  басшылық  жасайтын 
мемлекеттік органдардың жиынтығын көздей отырып, және 
«Үкіметтің құрамы» деген ұғымның мағынасымен тиісті ак-
тілер қабылдайтын мемлекеттің алқалы органының мүшелері 
ретінде Үкімет мүшелігінде тұратын лауазымды тұлғаларды 
ғана қамти отырып, осы екі ұғымды саралайды. Аталған са-
наттарды бұлайша түсіну сондай-ақ Конституцияның 65-бабы 
2-тармағында да белгіленіп, Республика Премьер-Министрі 
тағайындалғаннан  кейінгі  он  күн  мерзім  ішінде  Үкіметтің 
құрылымы  мен  құрамы  туралы  Республика  Президентіне 
ұсыныс енгізіледі» - деп бекітілген.
«Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  61-бабы 
6-тармағын ресми түсіндіру туралы» Қазақстан Республика-
сы  Конституциялық  Кеңесінің  2000  жылғы  15  маусымдағы 
№ 9/2 қаулысымен де қолданыстағы заңға сәйкес Үкiметтің 
қорытындысы,  қаулысы  және  өзге  құжаттары,  егер  алқалы 
орган  ретiндегі  Үкiметтен  шыққан  жағдайда,  оның 
конституциялық-құқықтық заңды күшi болмақ. Қолданылып 
жүрген  заңдарға  сәйкес  алқалы  орган  ретіндегі  Үкіметтің 


233
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
ұжымдық  пiкiрi  не  оның  қаулысы  арқылы,  не  қорытынды 
нәтижесi хаттама шешiмiмен ресiмделiп, төрағалық етушінің 
қол қоятын Үкімет отырысы арқылы бiлдiрiледi. Үкiмет, сон-
дай-ақ алқалы орган ретіндегі оның пiкiрiн ескеруге мүмкiндiк 
беретiн  құрамда  міндетті  түрде  Үкіметте  қабылданған 
қорытынды не басқа құжатты қабылдай алады.
Үкімет алқалы орган ретінде өзінің барлық қызметінде Рес-
публика Президенті, Конституцияда көзделген жағдайларда 
Парламент  Мәжілісі  және  Парламент  алдында  жауапты. 
Осыған  байланысты  Конституцияның  70-бабы  5-тармағы 
Республика  Президенті  алқалы  орган  ретінде  Үкімет  не-
месе  оның  мүшелерін  Негізгі  заңның  70-бабы  2  және  3-
тармақтарында  көрсетілген  негіздерде  орындарынан  түсуді 
қабылдаудың  конституциялық  салдары  туралы  жалпы  ере-
жені бекітеді. «Қазақстан Республикасы Конституциясының 
70-бабын  ресми  түсіндіру  туралы»  Қазақстан  Республика-
сы  Конституциялық  Кеңесінің  2003  жылғы  19  қарашадағы 
№  11  қаулысында  белгіленгендей  «Республика  Президен-
ті  Үкіметтің  немесе  Премьер-Министрдің  не  тиісті  Үкімет 
мүшесінің  орнынан  түсуін  қабылдайтын  барлық  жағдайда, 
Конституция  атқарушы  органдар  жүйесін  басқаратын 
мемлекеттің  алқалы  органының  құрамын,  сондай-ақ 
Президенттің тағайындауы бойынша оған тікелей кіретін ла-
уазымды тұлғаларды назарда ұстайды». 
Алқалылық – Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызмет 
етуін,  оның  конституциялық  өкілеттігін  жүзеге  асыратын 
Үкімет  құрамына  кіретін  мүшелердің  шешімдерді  бірлесе 
әзірлеп  және  бекітетін  ерекше  ұйымдастыру-құқықтық  ны-
саны  болып  табылады.  Ұйымдастыру  жағынан  алқалылық 
Үкіметтің  өкілеттігіне  жатқызылған  шешімі  тек  оның  оты-
рыстарында  қабылданатын  белгілі  мәселелер  шеңберінің 
жиынтығын  білдіреді.  Осылайша  алқалылықта  Үкімет 


234
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
мүшелерінің бірегей орган ретінде ол жүзеге асырып отырған 
мемлекеттің  әлеуметтік-экономикалық  саясатына  ортақ 
үйлестірілген жауапкершілігі көрініс табады.
Үкімет  мүшелері  Қазақстан  Республикасында  атқарушы 
билікті  жүзеге  асырып  отырған  алқалы  органы  ретінде 
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық 
заңның 20-бабы 2-тармағының ережелеріне сәйкес:
1) тиісті мемлекеттік органдарға басшылықты жүзеге асы-
рады;
2)  тиісті  мемлекеттік  органдардың  қарауындағы  мем-
лекеттік  басқару  салаларындағы  (аясындағы)  саясатты 
қалыптастырады;
3)  заңнамада  көзделген  шекте  салааралық  үйлестіруді 
қамтамасыз етеді;
4) өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдауда дербес болады;
5)  Республика  Премьер-Министрінің  алдында  өздеріне 
бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін дербес 
жауап береді;
6) тиісті мемлекеттік органдардың қарауындағы мемлекеттік 
басқару саласындағы (аясындағы) істің жайына және заңдардың, 
Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің 
орындалуын қамтамасыз ету үшін жауапты. 
Алқалы орган ретіндегі Үкімет қызметінің негізгі ұйымдастыру 
нысаны,  оның  айына  кемiнде  бiр  рет  өткiзiлiп  отыратын  оты-
рыстары. Үкiмет отырыстарын әзiрлеу мен өткiзу тәртiбi Үкiмет 
Регламентiмен  белгiленедi.  Үкiметтiң  отырыстарын  Премьер-
Министр не Республика Президентi шақырады. Үкiметтiң оты-
рыстарында Премьер-Министр төрағалық етедi, ол болмаған кез-
де мiндеттердiң бөлiнуiне сәйкес Премьер-Министрдiң мiндетiн 
атқаратын  Премьер-Министрдiң  орынбасары  төрағалық  етедi. 
Үкiмет ерекше маңызды мәселелердi қарағанда оның отырыста-
рында Республика Президентi төрағалық етедi.


жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау