238
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
болған барлық мерзімінде шектеулер міндетті және басқа
шектеулермен ауыстырылмайды да оның үстіне алынып
тасталмайды.
Үкімет мүшелеріне өкілетті органның депутаты болуға
тиым салу бірыңғай мемлекеттік билікті бөлу қағидатынан
туындайды, Парламентте және басқа да өкілді органдарда
Үкімет мүшелерінің өз лауазымдық міндеттерін пайдаланып,
заң және басқа да нормативтік құқықтық актілер жобаларын
қолдауына жол бермеуге тиым салудан тұрады. Депутаттық
мандаттың Үкіметте мүше болумен үйлеспеуі туралы норма
жалпыдемократиялық тәжірибе болып табылады және кейбіре-
уін қоспағанда (Ұлыбритания, Испания, Румыния және т.б.)
әлемдегі конституцияларда бар екендігін атап өту маңызды.
Парламент немесе басқа да өкілді органның депутаты
болып сайланған жағдайда Үкімет мүшесі тиісті сайлау
комиссиясының сайлау қорытындылары жарияланғаннан
кейін жеті күн мерзімде сол комиссияға өзінен Конституция
мен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Парла-
мент және басқа да өкілді орган депутаты мәртебесіне сәйкес
келмейтін міндеттемелер алынғаны туралы жазбаша өтініш
беруге міндетті.
Үкiмет мүшелерiнiң оқытушылық, ғылыми немесе өзге
шығармашылық қызметтерден басқа ақы төленетiн қызметтер
атқаруға хақы жоқ. Бұл тиым Үкімет мүшесін Конституция
және Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген
өкілеттігін тиімді орындау мақсатында оған ағымды
кәсіптік қызметті шоғырландыру қажеттілігінен туындайды.
Тыйымнан алып тастау оқытушылық, ғылыми немесе өзге
шығармашылық қызметтермен айналысатын Үкiмет мүшелерi
үшін көзделген.
Сондай-ақ Үкімет мүшелеріне мемлекеттік қызметшілерге
сияқты, егер ол олардың заңнамаға сәйкес қызметтік міндет-
239
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
темелерімен байланысты болмаса, кәсiпкерлiк қызметпен
шұғылдануына, коммерциялық ұйымның басшы органының
немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiруге тыйым
салынған. Үкімет мүшелері үшін белгіленген осы шектеу
демократиялық елдердің конституциялық тәжірибесіне сәйкес
келеді. Осылайша, Германия Федеративтік Республикасы Не-
гізгі заңының 66-бабында бекітілгендей: «Федералды канцлер
немесе федералды министрлер қандай да бір ақы төленетін
лауазымды істей алмайды». Греция Конституциясының 81-
бабы 3-тармағында одан да қатаң тыйым бекітілген: «Үкімет
мүшелерінің, министрлер орынбасарларының кез-келген
кәсіби қызметі олардың өз міндеттемелерін атқару кезінде
тоқтатылады».
Сонымен қатар, егер заңнамаға сәйкес олардың ережеден
тыс қызметтік міндеттемелері болса, Қазақстан Республикасы
Үкіметінің мүшесі коммерциялық ұйымның басшы органының
немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кіре алады.
28. 70-бапта:
1) 1 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Үкімет жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы
Президентінің алдында өз өкілеттігін доғарады.
Республиканың Премьер-Министрі жаңадан сайланған
Парламент Мәжілісінің алдында Үкіметке сенім туралы
мәселе қояды. Мәжіліс сенім білдірген жағдайда, егер Рес-
публика Президенті өзгеше шешім қабылдамаса, Үкімет өз
міндеттерін атқаруды жалғастыра береді.»;
«3. Парламент Мәжілісі немесе Парламент Үкіметке
сенімсіздік білдірген жағдайда Үкімет орнынан түсетіні ту-
ралы Республика Президентіне мәлімдейді.»;
2) 6-тармақтың екінші сөйлемі алып тасталсын.
240
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
түзету-
лер №
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КоНСТИТУцИяСЫНЫҢ
70-БАБЫ
28.
Алдыңғы редакция
Қолданыстағы редакция
70-бап
1 . ү к i м е т ж а ң а д а н
сайланған Қазақстан Рес-
публикасы Президентiнiң
алдында өз өкiлеттiгiн
доғарады.
2. Егер Үкiмет және оның
кез-келген мүшесi өздерiне
жүктелген мiндеттердi одан
әрi жүзеге асыру мүмкiн
емес деп есептесе, олар
Республиканың Президентiне
өз орнынан түсетiнi туралы
мәлiмдеуге хақылы.
3. Парламент үкiметке
сенiмсiздiк бiлдiрген ретте
үкiмет орнынан түсетiнi
туралы Республиканың
Президентiне мəлiмдейдi.
4. Орнынан түсудi қабылдау
немесе қабылдамау туралы
мәселенi Республиканың
Президентi он күн мерзiмде
қарайды.
5 . О р н ы н а н т ү с уд i
қабылдау Үкiметтiң не оның
тиiстi мүшесiнiң өкiлеттiгi
тоқтатылғанын бiлдiредi.
Премьер-Министрдiң ор-
нынан түсуiн қабылдау
бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi
тоқтатылғанын бiлдiредi.
70-бап
1. үкімет жаңадан сайланған
Қазақстан Республикасы
Президентінің алдында өз
өкілеттігін доғарады.
Республиканың Премьер-Ми-
нистрі жаңадан сайланған Пар-
ламент Мәжілісінің алдында
Үкіметке сенім туралы мәселе
қояды. Мәжіліс сенім білдірген
жағдайда, егер Республика Прези-
денті өзгеше шешім қабылдамаса,
Үкімет өз міндеттерін атқаруды
жалғастыра береді.
2. Егер Үкiмет және оның
кез-келген мүшесi өздерiне
жүктелген мiндеттердi одан әрi
жүзеге асыру мүмкiн емес деп
есептесе, олар Республиканың
Президентiне өз орнынан
түсетiнi туралы мәлiмдеуге
хақылы.
3. Парламент мəжілісі не-
месе Парламент үкіметке
сенімсіздік білдірген жағдайда
үкімет орнынан түсетіні тура-
лы Республика Президентіне
мəлімдейді.
4. Орнынан түсудi қабылдау
немесе қабылдамау туралы
мәселенi Республиканың Прези-
дентi он күн мерзiмде қарайды.
Достарыңызбен бөлісу: |