241
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
6. Үкiметтiң немесе оның
мүшесiнiң орнынан түсуi
қабылданбаған жағдайда
Президент оған мiндеттерiн
одан әрi жүзеге асыруды
тапсырады. Парламенттiң
сенiмсiздiк бiлдiруiне бай-
ланысты үкiметтiң орны-
нан түсуi қабылданбаған
жағдайда Президент Парла-
менттi таратуға хақылы.
7. Республиканың Прези-
дентi өз бастамасы бойын-
ша Үкiметтiң өкiлеттiгiн
тоқтату туралы шешiм
қабылдауға және оның кез-
келген мүшесiн қызметтен
босатуға хақылы. Премьер-
Министрдi қызметiнен боса-
ту бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi
тоқтатылғанын бiлдiредi.
5. Орнынан түсудi қабылдау
Үкiметтiң не оның тиiстi мүшесiнiң
өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi.
Премьер-Министрдiң орнынан
түсуiн қабылдау бүкiл Үкiметтiң
өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiл-
дiредi.
6. Үкiметтiң немесе оның
мүше сiнiң орнынан түсуi
қабылданбаған жағдайда Прези-
дент оған мiндеттерiн одан әрi
жүзеге асыруды тапсырады.
7. Республиканың Президентi
өз бастамасы бойынша Үкiметтiң
өкiлеттiгiн тоқтату туралы шешiм
қабылдауға және оның кез-келген
мүшесiн қызметтен босатуға
хақылы. Премьер-Министрдi
қызметiнен босату бүкiл Үкiметтiң
өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiл-
дiредi.
70.1. «Қазақстан Республикасының Конституциясы-
на өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан
Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы Заңның 1-бабының
28-тармағымен Конституцияның 1 және 3-тармақтарына,
Үкіметтің Президент алдында өз өкілеттіктерін доғару мәселелері
және Үкіметтің Республика Президентіне Парламент Мәжілісі не-
месе Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірсе, Үкіметтің өтініші
жөнінде түпкілікті өзгертулер енгізілген. Түсініктеме беріліп
отырған тармақ Республика Президентінің Үкімет құру жөніндегі
құқығы туралы Конституция нормаларына сай Үкіметтің жаңадан
сайланған Республика Президентінің алдында Мемлекет бас-
шысы Мәжіліске Республиканың Премьер-Министрі қызметіне
кандидатура ұсыну құқығына ие болуы үшін өз өкілеттігін мін-
242
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
детті түрде доғаруды бекітеді. Үкімет өз өкілеттіктерін жаңадан
сайланған Республика Президенті алдында доғарғаннан және
мемлекет басшысы Премьер-Министрді тағайындағаннан кейін,
соңғысы он күн мерзім ішінде Үкіметтің жаңа құрамы мен
құрылымы туралы ұсыныстар енгізуге хақы алады.
Конституцияның осы бабымен Республика Президентінің
өкілеттігі мерзімінен шығатын Үкіметтің өкілеттігінің мер-
зімі анықталады. Үкiмет өкiлеттiк мерзiмi бiткенше iс-қимыл
жасайды және жаңадан сайланған Республика Президентi ал-
дында өзiнiң өкiлеттiгiн доғарады. Республиканың жаңадан
сайланған Президентiнiң алдында өкiлеттiгiн доғару Үкiметтiң
жаңадан сайланған Мемлекет басшысының атына жолданған
және Үкiмет мүшелерi қол қойған жазбаша өтiнiш беру арқылы
жүзеге асырылады. Өкiлеттiктi доғару туралы өтiнiшті Үкімет
жаңадан сайланған Республика Президенті қызметке ресми
кiрiскеннен кейiн бередi. Өкілеттігін доғарған жағдайда Үкімет
Президенттің тапсырмасы бойынша Республика Үкіметінің
жаңа құрамы бекітілгенге дейін оның үздіксіз қызмет ету
қажеттілігіне байланысты өз міндеттерін атқара береді.
Республиканың Премьер-Министрі жаңадан сайланған
Парламент Мәжілісінің алдында Үкіметке сенім туралы
мәселені Парламент Мәжілісіне жолданатын жазбаша өтініш
арқылы қояды. Мәжіліс сенім білдірген жағдайда, егер Рес-
публика Президенті өзгеше шешім қабылдамаса, Үкімет өз
міндеттерін атқаруды жалғастыра береді.
70.3. Осы баппен әдетте Үкіметке парламенттік сенімсіздік
білдіру деп аталатын конституциялық-құқықтық институты
белгіленеді. Парламент Мәжілісі немесе Парламент Үкіметке
сенімсіздік білдірген жағдайда, Үкімет орнынан түсетіні туралы
Республика Президентіне мынадай жағдайларда мәлімдейді:
1) Конституцияның 53-бабы 2) тармақшасына сәйкес
«Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы
243
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
есебін Парламенттің бекітпеуі Парламенттің Үкіметке сенім-
сіздік білдіргенін көрсетеді»;
2) «Мәжіліс депутаттарының жалпы санының көпшілік
дауысымен, Мәжіліс депутаттарының жалпы санының кемін-
де бестен бірінің бастамасы бойынша Мәжіліс Үкіметке
сенімсіздік білдіруге хақылы» деп бекіткен 56-баптың 2)
тармақшасы;
3) Конституцияның 61-бабы 7-тармағына сәйкес «Үкімет
енгізген заң жобасының қабылданбауына байланысты Пре-
мьер-Министр Парламент Палаталарының бірлескен оты-
рысында Үкіметке сенім туралы мәселе қоюға хақылы. Бұл
мәселе бойынша дауыс беру сенім туралы мәселе қойылған
сәттен бастап қырық сегіз сағаттан ерте өткізілмейді.
Егер сенімсіздік білдіру туралы ұсыныс Палаталардың
әрқайсысының депутаттары жалпы санының көпшілік дау-
сын алса, Үкімет Республика Президентіне өзінің орнынан
түсуі туралы өтініш беруге тиіс».
Егер Мәжіліс немесе Парламент Үкіметке сенімсіздігін
білдірсе, Үкімет алқалы шешіммен Республика Президенті-
не өзінің орнынан түсуі туралы өтініш білдіреді.
Парламент Мәжілісі немесе Парламент Үкіметке сенім-
сіздік білдірген жағдайда Үкіметтің орнынан кетуі тура-
лы соңғы шешімді Республика Президенті қабылдайды, ол
он күн мерзім ішінде орнынан кетуі немесе ондай орын-
нан кетуді қайтару туралы мәселені қарастыруға міндетті.
Мемлекет басшысының орнынан кетуді қабылдауы Үкімет
өкілеттігінің тоқтатылуын білдіреді. Үкiметтiң орнынан
түсуi қабылданбаған жағдайда, Президент оған мiндеттерiн
одан әрi жүзеге асыруды тапсырады.
70.6. «Қазақстан Республикасының Конституциясы-
на өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан
Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы Заңның 1-бабы
28-тармағы 2) тармақшасына сәйкес Конституцияның 70-бабы 6-
Достарыңызбен бөлісу: |