121
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды
немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа
салу үшін
қайтарады;»;
3) Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар
фракцияларымен консультациялардан кейін келісім беру
үшін Мәжілістің қарауына Республика Премьер-Министрінің
кандидатурасын енгізеді; Парламент Мәжілісінің келісімімен
Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды;
оны қызметтен босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен Рес-
публика Үкіметінің құрылымын айқындайды; Республиканың
Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарын
құрады, таратады және қайта құрады, Республика Үкіметінің
мүшелерін қызметке тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс,
ішкі істер, әділет министрлерін қызметке тағайындайды;
Үкімет мүшелерін қызметтен босатады; Үкімет мүшелерінің
антын қабылдайды; ерекше маңызды мәселелер бойынша
Үкімет отырыстарына төрағалық етеді; Үкіметке заң жобасын
Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырады; Республика Үкіметі
мен Премьер-Министрінің, облыстар, республикалық маңызы
бар қалалар мен астана әкімдері актілерінің күшін жояды не
қолданылуын толық немесе ішінара тоқтата тұрады;
4) Парламент Сенатының келісімімен Қазақстан Рес-
публикасы Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас Прокурорын
және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын қызметке
тағайындайды;
оларды қызметтен босатады;
5) Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп
беретін мемлекеттік органдарды құрады, таратады және қайта
құрады, олардың басшыларын қызметке тағайындайды және
қызметтен босатады;»;
«7) Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын және екі
мүшесін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау
жөніндегі есеп комитетінің Төрағасын және екі мүшесін бес
122
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
жыл
мерзімге қызметке тағайындайды;»;
2) 13) тармақшадағы «наградтайды» деген сөз «марапат-
тайды»
деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 16) тармақшадағы «консультациялар алысқаннан» деген
сөздер «консультациялардан» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«20) Қауіпсіздік Кеңесін және өзге де консультативтік-
кеңесші органдарды, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы
мен Жоғары Сот Кеңесін құрады;».
түзету-
лер №
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КоНСТИТУцИяСЫНЫҢ
44-БАБЫ
10.
Алдыңғы редакция
Қолданыстағы редакция
44-бап
Қазақстан Республикасының
Президентi:
1) Қазақстан халқына елдегi
жағдай мен Республиканың
iшкi және сыртқы саясатының
негiзгi бағыттары туралы жыл
сайын
жолдау арнайды;
2) Республика Парламентiне
кезектi жəне кезектен тыс сайлау
тағайындайды; Парламенттiң
бiрiншi сессиясын шақырады
жəне оның депутаттарының
Қазақстан халқына беретiн
антын қабылдайды; Парла-
мент Палаталарының кезектен
тыс бiрлескен отырыстарын
шақырады; Парламент Се-
наты ұсынған заңға он бес
жұмыс күнi iшiнде қол қояды,
заңды халыққа жария етедi
не заңды немесе оның же-
келеген баптарын қайтадан
талқылап, дауысқа салу үшiн
қайтарады;
44-бап
Қазақстан Республикасының
Президентi:
1) Қазақстан халқына елдегi
жағдай мен Республиканың
iшкi және сыртқы саясатының
негiзгi бағыттары туралы жыл
сайын жолдау арнайды;
2) Республика Парламен-
тіне жəне оның Палатасы-
на кезекті жəне кезектен
тыс сайлау тағайындайды;
Парламенттің бірінші сесси-
ясын шақырады жəне оның
депутаттарының Қазақстан
халқына беретін антын
қабылдайды; Парламенттің
кезектен тыс сессиясын
шақырады; Парламент Сена-
ты ұсынған заңға бір ай ішін-
де қол қояды, заңды халыққа
жария етеді не заңды немесе
оның жекелеген баптарын
қайтадан талқылап, дауысқа
салу үшін қайтарады;