«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет40/89
Дата20.11.2018
өлшемі1,31 Mb.
#22214
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   89

143
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
саясатының  негізгі  бағыттарының  сабақтастығын,  елдегі 
бұдан кейінгі әлеуметтік-экономикалық және демократиялық 
өзгерістерді  қамтамасыз  ету  мақсатында  жаңа  тәуелсіз 
Қазақстан  мемлекетінің  негізін  қалаушылардың  бірі, 
Қазақстан  халқының  бірлігін, Конституцияны,  адамның 
және  азаматтың  құқықтары  мен  бостандықтарын  қорғауды 
қамтамасыз еткен Қазақстан халқының көшбасшысы ретінде 
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саяси және 
құқықтық жағдайын анықтау мақсатында қабылданды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне оның та-
рихи миссиясына байланысты өмір бойы: Қазақстан халқына, 
мемлекеттік  органдар  мен  лауазымды  адамдарға  мемлекеттік 
құрылыстың, елдің ішкі және сыртқы саясаты мен қауіпсіздігінің 
аса маңызды мәселелері бойынша тиісті мемлекеттік органдар 
мен лауазымды адамдар міндетті түрде қарауға жататын баста-
малар  жасау;  Қазақстан  Республикасы  Парламенті  мен  оның 
Палаталарының  алдында,  Үкімет  отырыстарында  ел  үшін 
маңызды мәселелерді талқылау кезінде сөз сөйлеу; Қазақстан 
халқы  Ассамблеясын  басқару;  Қазақстан  Республикасы 
Конституциялық Кеңесінің, Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына кіру 
құқығы  беріледі.  Бұл  ретте  Қазақстан  Республикасы  Тұңғыш 
Президентінің заңды қызметіне кедергі жасауға жол берілмейді 
және ондай әрекет заңмен қудаланады.
Осы Конституциялық заңда «Қазақстан Республикасының 
Тұңғыш  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев»  ордені  мен 
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекет-
тік бейбітшілік және прогресс сыйлығы тағайындалған.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне ешкімнің 
тиіспеуі белгіленген: ол мемлекетке сатқындық жасау жағдайларын 
қоспағанда, өз мәртебесін жүзеге асыруға байланысты іс-әрекет 
үшін жауапты болмайды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш 
Президентіне тиіспеушілік оның тұрғын, қызмет үй-жайларына, 


144
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
қол жүгіне, жеке және қызмет бабындағы көлігіне, жазылатын 
хат-хабарларына, ол пайдаланатын байланыс құралдарына, сон-
дай-ақ оған тиесілі құжаттарға қолданылады.
Өз  өкілеттіктерін  орындауды  тоқтатқан  Қазақстан  Рес-
публикасы  Тұңғыш  Президентінің  қызметін  қамтамасыз  ету 
және оның мәртебесін жүзеге асыру үшін қызметтік үй-жай 
бөлінеді,  Қазақстан  Республикасы  Тұңғыш  Президентінің 
Кеңсесі құрылады. Ол байланыстың үкіметтік және басқа да 
түрлерімен,  үй-жаймен,  көлікпен  қамтамасыз  етіледі,  күзету 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  Күзет  қызметіне 
жүктеледі.  Республиканың  Тұңғыш  Президенті  қызметте 
болған  кезеңінде  ол  Республиканың  Тұңғыш  Президентінің 
қорын,  жеке  кітапханасы  мен  жеке  мұрағатын  құрады  және 
қалыптастырады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре-
зиденті өкілеттігін тоқтатқаннан кейін жеке кітапхана мен жеке 
мұрағат  республиканың  Тұңғыш  Президентінің  меншігіне 
беріледі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің 
туған  жерінде  Республиканың  Тұңғыш  Президентінің 
мұражайы құрылады және оның бюсті орнатылады.
Өз  өкілеттігін  орындауды  тоқтатқан  Қазақстан  Рес-
публикасының  Тұңғыш  Президентіне  тегін  медициналық 
қызмет көрсету мен санаторий-курорттық емдеу құқығы өмір 
бойы  сақталады,  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 
айлық  лауазымдық  жалақысының  80  проценті  мөлшерінде 
зейнетақы белгіленеді. 
Өз  өкілеттігін  орындауды  тоқтатқан  Қазақстан  Рес-
публикасы  Тұңғыш  Президентінің  өмірі  мен  денсаулығы 
республикалық бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Респуб-
ликасы Президентінің жылдық лауазымдық жалақысына тең 
сомада міндетті мемлекеттік сақтандырылуға тиіс. Қазақстан 
Республикасының Тұңғыш Президентімен бірге тұрған әрбір 
отбасы  мүшесіне  ол  қайтыс  болған  күнге  дейін  Қазақстан 


145
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Республикасының  заңдарында  белгіленген  қарттығына 
байланысты  зейнетақының  10  еселенген  ең  төменгі 
мөлшеріне тең сомада ай сайынғы жәрдемақы өмір бойына 
тағайындалады. Осы Конституциялық заңда көзделген кепіл-
діктермен қатар өз өкілеттігін орындауды тоқтатқан Қазақстан 
Республикасының Тұңғыш Президентіне және оның отбасы 
мүшелеріне  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  өзге 
де  кепілдіктер  берілуі  мүмкін.  Осы  Конституциялық  заңда 
көзделген шығыстарды қаржыландыру республикалық бюд-
жет  қаражаты  есебінен  жүзеге  асырылады.  Республиканың 
Тұңғыш  Президенті  мен  онымен  бірге  тұратын  отбасы 
мүшелеріне тұрғын үй, медициналық, санаторий-курорттық, 
көлік қызметін және өзге де қызмет көрсетуді тиісті уәкілетті 
мемлекеттік органдар қамтамасыз етеді.
12. 47-баптың 3-тармағы «Республика Парламентінің» де-
ген сөздерден кейін «немесе Парламент Мәжілісінің» деген 
сөздермен толықтырылсын.
түзету-
лер №
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КоНСТИТУцИяСЫНЫҢ
47-БАБЫ
12.
Алдыңғы редакция
Қолданыстағы редакция
47-бап
1.  Қазақст ан  Ре спуб-
ликасының  Пре зидентi 
науқастануына  байланысты 
өзінің  мiндеттерiн  жүзеге 
асыруға қабiлетсiздiгi дендеген 
жағдайда қызметiнен мерзiмi-
нен бұрын босатылуы мүмкiн. 
Бұл ретте Парламент әр Палата 
депутаттарының  тең  саны-
нан және медицинаның тиiстi 
салаларының мамандарынан 
тұратын комиссия құрады.
47-бап
1 .   Қ а з а қ с т а н   Р е с п у б -
л и к а с ы н ы ң   П р е з и д е н т i 
науқастануына  байланысты 
өзiнiң  мiндеттерiн  жүзеге 
асыруға қабiлетсiздiгi дендеген 
жағдайда қызметiнен мерзiмi-
нен бұрын босатылуы мүмкiн. 
Бұл ретте Парламент әр Палата 
депутаттарының  тең  саны-
нан және медицинаның тиiстi 
салаларының  мамандарынан 
тұратын комиссия құрады.


жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау