128
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
Президенті, Парламент және Үкімет арасындағы құзыреттерді
бөлу және олардың бір-біріне өзара әсерлері қазақстандық
басқару нысанының құрылымын едәуір дәрежеде құрады, ол
1998 жылғы қазаннан бастап «президенттіктен» «президент-
тік-парламенттікке» біртіндеп көше отырып, 2007 жылдың
мамырында өзінің қуатты үдемелі дамуына ие болды.
Парламент Палаталары мәртебесінің өзгеруіне байла-
нысты, олардың біреуінің ғана – Мәжілістің тарау (Сенат өз
қызметін жалғастырған жағдайда) мүмкіндігі туралы жаңалық
ретінде 2-тармақша Президентті Парламент Палаталарын сай-
лауын тағайындау құқықтарымен толықтырылды. Сессиялар
аралығында Парламенттің жұмыс істеуі қажеттігін талап ететін
жағдайлар туындауы мүмкін. Сондықтан Мемлекет басшы-
сына сессиялар аралығындағы кезеңде Парламенттің кезек-
тен тыс сессиясын (бұрынғыдай Парламент Палаталарының
біріккен отырысы емес) шақыру құқығы берілген. Мұндай
тұжырым Конституцияның 59-бабы 4-тармағымен үйлескенде
анағұрлым орынды көрінеді, бұл да 2007 жылғы 21 мамырдағы
Заңмен нақтыланған. Сенатпен ұсынылған заңның немесе
оның жекелеген баптарының тағдырын шешу – оларды қарау
және қол қою немесе қайта талқылау және дауысқа салу үшін
қайтару мерзімі он бес жұмыс күнінен бір айға ұзартылған.
Өйткені қол қоюға ұсынылған заңдарды талдау бойынша
атқарылатын жұмыс едәуір күрделі және көлемді. Қос Пала-
талы Парламенттің жылдар бойғы жұмысында 1300-ден аса
заң қабылданды. Бұлардың барлығы Мемлекет басшысына
қол қоюға жолданды, Конституцияға сәйкестігі, құқықтық
жүйедегі орны, реттеу нысаны, мазмұны, болжамды орында-
луы, қаржылық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуі,
парламенттік рәсімдердің сақталуы нысанында егжей-тегжей-
лі зерттелді. Олардың әрқайсысы бойынша бағыты дәлелденіп,
шешім қабылданды.
129
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
44.3) 2007 жылғы 21 мамырдағы Заң аясында конституциялық
реформаның неғұрлым елеулісі саяси партиялар өкілеттігінің
түбірімен өзгеруі, халық және мемлекеттік үкімет билігі ара-
сында, Парламент арасында, ең алдымен оның Мәжілісі және
Үкімет арасындағы, үкіметтің заң шығару және атқарушы
тармақтардың Мәжілісте үйлестірілген және тиімді қызмет жаса-
уына партиялардың басымдығын қамтамасыз етуді байланысты-
рушы салаға айналуы болып табылады. Сайлауда жеңіске жеткен
партия немесе партиялар коалициясы Үкіметті қалыптастыруға
және келешекте оның әрекетіне жауапкершілікті өз мойнына
алады. Қазақстандық президенттік басқару нысанын құрайтын
парламенттік басқаруды күшейтудің басты қозғаушы себебі мен
бағдарланған нәтижесі осымен қорытылады. Бүгінде Мемлекет
басшысының конституциялық міндеті шегіне саяси партиялар
Мәжілісінде ұсынылған Республика Премьер-Министрінің кан-
дидатурасын фракцияларда алдын ала талқылауы ұсынылған.
Тек осы рәсім сақталғанда ғана Премьер-Министрдің канди-
датурасы кейіннен Республика Президентінің жарлығымен
тағайындалу үшін келісім алуға Мәжіліске енгізілуі мүмкін.
Мәжілістің бұл маңызды тағайындаудағы негізгі рөлі
электораттың тікелей ерік білдіруінің нәтижесі болып табы-
латын партиялық өкілдіктің жұмылдырылуының орнына осы
Палатаға айналуына негізделген. Үкімет құрамын қалыптастыру
және оның мүшелерін тағайындау тәртібін өзгерту нақ осы
басқарудың парламентарлық нысаны бағытындағы мемле-
кеттілік эволюциясының стратегиясына байланысты. Үкімет
құрылымын анықтау, оның мүшелерін лауазымға тағайындау,
Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарды
құру, тарату және қайта құру Премьер-Министрдің (өз манда-
тын көпшілік партиясы немесе партиялар коалициясынан алған)
ұсынысы бойынша еліміздің Президентімен жүзеге асырылады.
Алайда, Үкімет мүшелерінің – шетел, қорғаныс, ішкі істер және
130
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
әділет министрлерін тағайындау кезінде Премьер-Министрдің
ұсынысы талап етілмейді. Бұл сыртқы саясат, қорғаныс және
ішкі істерді мемлекеттік басқару салаларының ел мен қоғам
үшін аса маңыздылығын, олардың Республика Президентінің
конституциялық функцияларына жақындығымен түсіндіріледі.
Келешекте – басқарудың парламентарлық нысаны жағдайында
Әділет министрі кейбір қадағалау жұмыстарын орындай
отырып, Үкіметпен заңдылықтың сақталуына кепіл ретінде
маңызды рөл атқара бастайды.
44.4) Парламент Палаталарының бірлескен мәжілістерінде,
олардың жеке мәжілістерінде және әр Палатамен дербес
жүргізілетін өкілеттіктердің қайта бөлінуінен партиялық
фракциялар құрылмайтын Парламенттен Сенатқа – аумақтық
өкілдік Палатасына – Республика Президентіне Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасын тағайындауға
келісім беру өкілеттігінің берілуі туындады. Бұл ретте осы
тармақшада санамаланған лауазымды тұлғалар лауазымда-
рынан Мемлекет басшысының өз қарауымен босатылады.
44.5) Қазақстандық мемлекеттік аппарат жүйесі ішкі
жүйесінің бірі ретінде Республика Президентіне тікелей
бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар маңызды
орын алады. Қазіргі уақытта оларға: Мемлекет басшысының
қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар - Республи-
ка Президентінің Әкімшілігі мен Республика Президентінің
Іс басқармасы; қоғамдық өмірдің жекелеген салаларын
басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар – ҚР Мем-
лекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі, Республикалық
бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті,
ҚР Алматы қаласының аймақтық қаржылық орталығының
қызметін реттеу жөніндегі агенттігі, ҚР қаржылық нарық пен
қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агент-
тігі, ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті
Достарыңызбен бөлісу: |