«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет31/89
Дата20.11.2018
өлшемі1,31 Mb.
#22214
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   89

117
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
42.5.  Конституцияда  бір  тұлғаның  Республика  Президен-
ті лауазымында болу мүмкіндігін екі мандатпен шектеу тура-
лы  жалпы  ереже  бар.  Бұл  конституциялық  тиым  Президент 
мәртебесінде екі рет жұмыс істеген адам кейін жоғары мемле-
кеттік лауазымға үміткер бола алмайды дегенді білдірмейді. Ол 
қатарынан екi реттен артық Президент болып сайлана алмайды. 
Яғни, егер бір тұлға Мемлекет басшысы міндетін атқарған екі 
мандаттың арасында үзіліс болмаса, онда ол азамат (немесе аза-
матша) Президенттіктің екінші өкілеттігі аяқталысымен Прези-
денттікке кандидат болып үшінші рет ұсыныла алмайды.
42-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен 
толықтырылды:  «Бұл  шектеу  Қазақстан  Республикасының 
Тұңғыш Президентіне қолданылмайды». «Бiр адам қатарынан 
екi реттен артық Республика Президентi болып сайлана ал-
майды»,  жалпы  ереже  тек  еліміздің  Тұңғыш  Президенті  – 
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үшін қолданылған жоқ. 
Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Президенті  келесі 
президенттік сайлауда өз кандидатурасын ұсыну және үшінші 
мерзімге дауысқа түсу құқығын алды. Әлбетте, құқықты ұсыну 
еш жағдайда да республика азаматына тиісті міндетті жүктеуді 
білдірмейді.  Бұл  тек  пайдалануға  болатын  мүмкіншілік, 
пайдаланбауға да болады. Барлығы еліміздегі нақты жағдайларға, 
тұлғаның пікіріне және сайлаушылардың ұстанымына байла-
нысты.  Аталған  тиымның  алынуы  Н.Ә.Назарбаевқа  өзінің 
қалауы бойынша Республика Президентінің болашақтағы сай-
лауына Конституцияда және «Қазақстан Республикасындағы 
сайлау  туралы»  Конституциялық  заңда  көзделген  барлық 
рәсімдер негізінде басқа кандидаттармен қатар өтуге құқық 
беруді білдіреді. Жеңімпаз туралы қағидаттық шешімді сайла-
ушылар, яғни Қазақстанның халқы қабылдайды.
Конституциялық  құрылымның  негіздері,  оның  ішінде 
халықтық және мемлекеттік егемендік, республикалық басқару 


118
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
нысаны туралы, мемлекеттік биліктің бірлігі және биліктердің 
бөлінуі туралы, қазақстандық мемлекет басшысын сайлау, оның 
құзыреті мен оның мәртебесін құрайтын өзге де Конституция 
ережелерінің қолдануы жалғасатындығына назарларыңызды 
аударамыз. Көріп отырғанымыздай, «өмір бойы президенттік», 
«конституциялық  монархия»  немесе  мемлекеттік  үкіметті 
ұйымдастырудың негізгі құрылымына қандай да бір басқаша 
айтарлықтай өзгеріс туралы сөз болып отырған жоқ.
Тағы да бірнеше маңызды сәттерге көңіл бөлейік. 
42-баптың  5-тармағына  толықтыру  енгізу  туралы  ұсыныс 
Республика  Президентінің  2007  жылғы  16  мамырдағы  бас-
тамасымен  әзірленген  заң  жобасында  болған  жоқ.  Ол  саны 
90  адам  болатын  депутаттар  тобындағы  Парламенттің  Сена-
ты  мен  Мәжілісінің  бірлескен  комиссиясына  енгізілді.  Көріп 
отырғанымыздай,  Парламенттің  қос  Палатасы  мүшелерінің 
төрттен үш бөлігінен көбі Н.Ә. Назарбаевқа саяси қатынастарда 
реформалауды жалғастыру мүмкіндігін ұсынуды талап еткен өз 
сайлаушыларының тілегін орындады. Мұндай еңселі депутаттық 
өкілеттік 2005 жылдың 4 желтоқсанындағы Республика Президен-
тін сайлауда дауыс беру қорытындысына толығымен сәйкес келеді.
Қабылданған депутаттардың толықтырумен қоса, бірқатар 
депутаттар  Конституциядан  42-баптың  5-тармақшасын 
мүлдем  алып  тастауды  ұсынды.  Алайда  бұл  оның 
бастамашыларының өзімен талқылаудан алынды.
Жоғарғы билікті жаңартуда оң қағидаттық конституциялық 
көтермелеудің  маңыздылығын  мойындай  отырып,  оны 
қолданудың жан-жақтылығын және оң нәтижені күту еліміз-
дегі нақты жағдайларға тікелей байланысты болатындығын 
әрқашан айқын сезіну қажет. Шындығында, демократиялық 
дәстүрлер бар жерде күшті саяси партиялармен немесе саяси 
қатынастардың басқа субъектілерімен ұсынылған уақытпен 
сыналған тәжірибелерде көшбасшыларды өсіру бар, халықтық 


11
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
басқару жүйесінің өзі «құқықтық мемлекет» аталатын кешен-
ге сүйенсе, тұтас алғанда мұндай конституциялық тиым салу-
ды қолдану бір кәсіптік және жауапты қолдан екінші кәсіптік 
және  жауапты  қолға  ауыртпалықсыз  көшіруге  кепілдік  бе-
реді. Алайда әлем тарихы басқа да үлгілерді біледі, тұрақсыз 
демократия елдерінде либералдық рәсімдер демократиялық 
институттардың күйзелуін, өңірлік тіпті әлемдік астаң-кестең 
өзгерістерге әкелді. Айтылғандар толық көлемде күшті жеке 
тұлғалардың  биліктен  аласталуына  және  өздерінің  төменгі 
ұйымдастырушылық мүмкіншіліктерін көрсеткен кездейсоқ 
демагогтардың  келуіне  әкелген  президент  мандаттары 
қатарын шектеу туралы абсолют ережені енгізуге жатады.
Қазақстанда Негізгі заңды толықтыру арқылы осы ерек-
шелік тек оның тарихи міндеті болуымен және Қазақстанның 
тәуелсіз,  бәсекеге  қабілетті  мемлекет  ретінде  құрылуына, 
мемлекеттік  егемендіктің  нығаюына,  саяси  әлеуметтік 
ортақтықтың – Қазақстан халқының құрылуына және Қазақстан 
Республикасының жаһандану жағдайында әлемдік қоғамдастықта 
беделді орын алуына себепкер болған Н.Ә. Назарбаевқа – еліміздің 
Тұңғыш Президентіне ғана қатысты жасалғанын қайталаймыз.
9. 43-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
түзету-
лер №
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КоНСТИТУцИяСЫНЫҢ
43-БАБЫ
9.
Алдыңғы редакция
Қолданыстағы редакция
43-бап
1. Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң өкiлдi органның 
депутаты болуға, өзге де ақы 
төленетiн қызметтердi атқаруға 
және кәсiпкерлiк қызметпен 
айналысуға құқығы жоқ.
43-бап
1.  Қазақстан  Республикасы 
Президентiнiң өкiлдi органның 
депутаты  болуға,  өзге  де  ақы 
төленетiн қызметтердi атқаруға 
және  кәсiпкерлiк  қызметпен 
айналысуға құқығы жоқ.
 


жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау