«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет15/89
Дата20.11.2018
өлшемі1,31 Mb.
#22214
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   89

1
IV бөлім
5. Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусы-
мен заң жобасына енгiзiлген өзгертулер мен толықтырулар 
Мәжiлiске жiберiледi. Егер Мәжiлiс депутаттардың жалпы 
санының көпшiлiк даусымен ұсынылған өзгертулермен және 
толықтырулармен келiссе, заң қабылданды деп есептеледi. 
Егер Мәжiлiс нақ сондай көпшiлiк дауыспен Сенат енгiз-
ген өзгертулер мен толықтыруларға қарсы болса, Палаталар 
арасындағы келiспеушiлiк келiсу рәсiмi арқылы шешiледi. 
5-1. Мәжіліс депутаттары қараған және олардың жалпы 
санының  кемінде  үштен  екісінің  даусымен  мақұлданған 
конституциялық заң жобасы Сенатқа беріледі, онда алпыс 
күннен асырылмай қаралады. Сенат депутаттарының жалпы 
санының кемінде үштен екісінің даусымен қабылданған жоба 
конституциялық заңға айналады және он күн ішінде Респуб-
лика Президентіне қол қоюға ұсынылады. Конституциялық 
заң жобасын тұтастай қабылдамауды Мәжіліс немесе Сенат 
Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен 
жүзеге асырады.
Сенат  депутаттары  жалпы  санының  кемінде  үштен 
екісінің даусымен конституциялық заң жобасына енгізілген 
өзгерістер мен толықтырулар Мәжіліске жіберіледі. Егер 
Мәжіліс депутаттардың кемінде үштен екісінің даусымен 
Сенат енгізген өзгерістермен және толықтырулармен келіссе, 
конституциялық заң қабылданды деп есептеледі.
Егер Мәжіліс, Сенат енгізген өзгерістер мен толықтырулар 
бойынша  дауыс  беру  кезінде  олармен  депутаттардың 
кемінде үштен екісінің даусымен келіспесе, онда Палата-
лар арасындағы келіспеушіліктер келісу рәсімдері арқылы 
шешіледі. 
6. Мемлекеттiк кiрiстi қысқартуды немесе мемлекеттiк 
шығысты көбейтудi көздейтiн заңдардың жобалары Республи-
ка Үкiметiнiң оң қорытындысы болғанда ғана енгiзiлуi мүмкiн. 


62
Қазақстан  Республикасының Конституциясы
Республика Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен 
Парламент Мәжілісіне енгізілген заңнамалық актілердің жоба-
лары үшін мұндай қорытындының болуы талап етілмейді. 
7. Үкімет енгізген заң жобасының қабылданбауына бай-
ланысты  Премьер-Министр  Парламент  Палаталарының 
бірлескен  отырысында  Үкіметке  сенім  туралы  мәселе 
қоюға хақылы. Бұл мәселе бойынша дауыс беру сенім ту-
ралы мәселе қойылған сәттен бастап қырық сегіз сағаттан 
ерте өткізілмейді. Егер сенімсіздік білдіру туралы ұсыныс 
палаталардың әрқайсысының депутаттары жалпы санының 
көпшілік даусын ала алмаса, заң жобасы дауысқа салынбай 
қабылданды деп есептеледі. Алайда Үкімет бұл құқықты 
жылына екі реттен артық пайдалана алмайды. 
Ескерту.   61-бап  Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 
21 мамырдағы № 254-III Заңымен енгізілген өзгерістер және 
толықтырулармен.
62-бап
1. Парламент Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi 
күшi бар Қазақстан Республикасының заңдары, Парламенттiң 
қаулылары, Сенат пен Мәжiлiстiң қаулылары түрiнде заң ак-
тiлерiн қабылдайды. 
2. Республиканың заңдары Республика Президентi қол 
қойғаннан кейiн күшiне енедi. 
3. Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар әр Па-
лата депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшiнiң 
көпшiлiк даусымен енгiзiледi. 
4.  Конституциялық  заңдар  Конституцияда  көзделген 
мәселелер  бойынша  әр  Палата  депутаттарының  жал-
пы  санының  кемiнде  үштен  екiсiнiң  көпшiлiк  даусымен 
қабылданады. 


63
IV бөлім
5.  Парламент  пен  оның  Палаталарының  заң  ак-
тiлерi,  егер  Конституцияда  өзгеше  көзделмесе,  Пала-
талар депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен 
қабылданады. 
6.  Қазақстан  Республикасының  Конституциясына 
өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша 
кемінде екі оқылым өткізу міндетті. 
7.  Республиканың  заңдары,  Парламент  пен  оның 
Палаталарының қаулылары Конституцияға қайшы келме-
уге тиiс. Парламент пен оның Палаталарының қаулылары 
заңдарға қайшы келмеуге тиiс. 
8. Республиканың заң және өзге де нормативтiк құқықтық 
актiлерiн әзiрлеу, ұсыну, талқылау, күшiне енгiзу және жа-
риялау тәртiбi арнаулы заңмен және Парламент пен оның 
Палаталарының регламенттерiмен реттеледi. 
Ескерту. 62-бап Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 
21 мамырдағы № 254-III Заңымен енгізілген өзгеріспен.
63-бап
1.  Республика  Президенті  Парламент  Палаталары 
төрағаларымен және Премьер-Министрмен консультациялар-
дан кейін Парламентті немесе Парламент Мәжілісін тарата 
алады.
2. Парламентті және Парламент Мәжілісін төтенше неме-
се соғыс жағдайы кезеңінде, Президент өкілеттігінің соңғы 
алты айында, сондай-ақ осының алдындағы таратудан кейінгі 
бір жыл ішінде таратуға болмайды. 
Ескерту. 63-бап Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 
21 мамырдағы № 254-І Заңының редакциясында.


64
Қазақстан  Республикасының Конституциясы
V БӨЛIм
 үКIмЕТ
64-бап
1. Үкiмет Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн 
жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады 
және олардың қызметiне басшылық жасайды. 
2.  Үкімет  алқалы  орган  болып  табылады  және  өзінің 
бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жау-
апты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент 
Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты. 
3. Конституцияның 57-бабының 6)-тармақшасында көзделген 
ретте Үкiмет мүшелерi Парламент палаталарына есеп бередi. 
4.  Үкiметтiң  құзыретi,  ұйымдастырылуы  мен  қызмет 
тәртiбi конституциялық заңмен белгiленедi.
Ескерту. 64-бап Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 
21 мамырдағы № 254-III Заңымен енгізілген өзгеріспен.
65-бап
1. Қазақстан Республикасының Президентi Үкiметтi Конс-
титуцияда көзделген тәртiппен құрады. 
2.  Республика  Премьер-Министрi  тағайындалғаннан 
кейiнгi он күн мерзiм iшiнде Премьер-Министр Үкiметтiң 
құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентiне 
ұсыныс енгiзедi. 
3. Үкiмет мүшелерi Қазақстан халқы мен Президентiне 
ант бередi.
66-бап
Қазақстан Республикасының Үкiметi: 
1) мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының, 


жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау