V бөлім
оның қорғаныс қабiлетiнiң, қауiпсiздiгiнiң, қоғамдық тәртiптi
қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және олардың
жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
2) Парламентке республикалық бюджеттi және оның
атқарылуы туралы есептi ұсынады, бюджеттiң атқарылуын
қамтамасыз етедi;
3) Мәжiлiске заң жобаларын енгiзедi және заңдардың
орындалуын қамтамасыз етедi;
4) мемлекеттiк меншiктi басқаруды ұйымдастырады;
5) Республиканың сыртқы саясатын жүргiзу жөнiнде ша-
ралар әзiрлейдi;
6) министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де
орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiне
басшылық жасайды;
7) Республиканың министрлiктерi, мемлекеттiк комитет-
терi, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдары
актiлерiнiң күшiн толық немесе қолданылу бөлiгiнде жояды
немесе тоқтата тұрады;
8) Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы
органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және
қызметтен босатады;
9) алынып тасталды;
10) өзiне Конституциямен, заңдармен және Президент
актiлерiмен жүктелген өзге де қызметтердi орындайды.
Ескерту. 66-бап Қазақстан Республикасының 1998 жылғы
7 қазандағы № 284-І Заңымен енгізілген өзгерістермен.
67-бап
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi:
1) Үкiмет қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық жа-
сайды және оның жұмысы үшiн дербес жауап бередi;
Қазақстан Республикасының Конституциясы
2) 2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.
ред. қара)
3) Үкiмет қаулыларына қол қояды;
4) Үкiмет қызметiнiң негiзгi бағыттары жөнiнде және
оның аса маңызды барлық шешiмдерi жөнiнде Президентке
баяндап отырады;
5) Үкiмет қызметiн ұйымдастыруға және басшылық
жасауға байланысты басқа да қызметтердi атқарады.
Ескерту. 67-бап Қазақстан Республикасының 2007 жылғы
21 мамырдағы № 254-III Заңымен енгізілген өзгеріспен.
68-бап
1. Үкiмет мүшелерi өз құзыретi шегiнде шешiмдер
қабылдауда дербестiкке ие әрi өздерiне бағынысты мемле-
кеттiк органдардың жұмысы үшiн Қазақстан Республика-
сы Премьер-Министрiнiң алдында жеке-дара жауап бередi.
Үкiметтiң жүргiзiп отырған саясатымен келiспейтiн немесе
оны жүргiзбейтiн Үкiмет мүшесi орнынан түсуге өтiнiш бе-
редi не ол лауазымнан босатылуға тиiс.
2. Үкімет мүшелерінің өкілді органның депутаттары
болуға, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық
қызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты
атқаруға, кәсіпкерлік іспен шұғылдануға, заңнамаға
сәйкес өздерінің лауазымдық міндеттері болып табылатын
жағдайларды қоспағанда, коммерциялық ұйымның басшы
органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге
құқығы жоқ..
Ескерту. 68-бап Қазақстан Республикасының 1998 жылғы
7 қазандағы № 284-І; 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254-III
Заңдарымен енгізілген өзгерістермен.
67
V бөлім
69-бап
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi өз құзыретiнiң
мәселелерi бойынша Республиканың бүкiл аумағында мiн-
деттi күшi бар қаулылар шығарады.
2. Республиканың Премьер-Министрi Республиканың
бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар өкiмдер шығарады.
3. Үкiметтiң қаулылары және Премьер-Министрдiң
өкiмдерi Конституцияға, заң актiлерiне, Республика
Президентiнiң жарлықтары мен өкiмдерiне қайшы келме-
уге тиiс.
70-бап
1. Үкімет жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы
Президентінің алдында өз өкілеттігін доғарады.
Республиканың Премьер-Министрі жаңадан сайланған
Парламент Мәжілісінің алдында Үкіметке сенім туралы
мәселе қояды. Мәжіліс сенім білдірген жағдайда, егер Рес-
публика Президенті өзгеше шешім қабылдамаса, Үкімет өз
міндеттерін атқаруды жалғастыра береді.
2. Егер Үкiмет және оның кез келген мүшесi өздерiне
жүктелген мiндеттердi одан әрi жүзеге асыру мүмкiн емес
деп есептесе, олар Республиканың Президентiне өз орнынан
түсетiнi туралы мәлiмдеуге хақылы.
3. Парламент Мәжілісі немесе Парламент Үкіметке сенім-
сіздік білдірген жағдайда Үкімет орнынан түсетіні туралы
Республика Президентіне мәлімдейді.
4. Орнынан түсудi қабылдау немесе қабылдамау туралы
мәселенi Республиканың Президентi он күн мерзiмде қарайды.
5. Орнынан түсудi қабылдау Үкiметтiң не оның тиiстi
мүшесiнiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Премьер-
Министрдiң орнынан түсуiн қабылдау бүкiл Үкiметтiң
өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi.
68
Қазақстан Республикасының Конституциясы
6. Үкiметтiң немесе оның мүшесiнiң орнынан түсуi
қабылданбаған жағдайда Президент оған мiндеттерiн одан
әрi жүзеге асыруды тапсырады.
7. Республиканың Президентi өз бастамасы бойынша
Үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтату туралы шешiм қабылдауға
және оның кез келген мүшесiн қызметтен босатуға хақылы.
Премьер-Министрдi қызметiнен босату бүкiл Үкiметтiң
өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi.
Ескерту. 70-бап Қазақстан Республикасының 2007
жылғы 21 мамырдағы № 254-III Заңымен енгізілген
өзгерістермен.
VI БӨЛIм
КоНСТИТУцИяЛЫҚ КЕҢЕС
71-бап
1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
жетi мүшеден тұрады, олардың өкiлеттiгi алты жылға созы-
лады. Республиканың экс-Президенттерi құқығы бойынша
ғұмыр бойы Конституциялық Кеңестiң мүшелерi болып та-
былады.
2. Конституциялық Кеңестiң Төрағасын Республиканың
Президентi тағайындайды және дауыс тең бөлiнген жағдайда
оның даусы шешушi болып табылады.
3. Конституциялық Кеңестің екі мүшесін - Республика
Президенті, екі-екі мүшеден тиісінше Сенат пен Мәжіліс
тағайындайды.
Конституциялық Кеңес мүшелерінің жартысы әрбір үш
жыл сайын жаңартылып отырады.
4. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшесiнiң
Достарыңызбен бөлісу: |