«Қазақстан республикасының конституциялық ҚҰҚЫҒЫ» ПӘннін оқУ-Әдістемелік кешені оқытушыға арналған оқу жұмыс бағдарламасы



жүктеу 2,09 Mb.
бет1/9
Дата14.05.2018
өлшемі2,09 Mb.
#12657
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ОӘК

ПОӘК

042-ххххх


«Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы» оқу-әдістемелік кешені

№1 басылым

«____»________2014 ж.




«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ» ПӘННІН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
«5В050200» – саясаттану мамандығына арналған

Семей

2014
Кіріспе
1. ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН

Құрастырған Сабалакова А.У. _______«____» _________ 2014 ж.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Заңтану» кафедрасының аға оқытушысы.

2. ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Заңтану» кафедрасының мәжілісінде.

Хаттама № _____ «____» ____________ 2013ж.

Кафедра меңгерушісінің м.а __________Толепбергенова А.Е.
2.2. Экономика – құқық және гуманитарлық ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік бюро мәжілісінде

Хаттама № _____ «____» ____________ 2014ж.

Төраға ______________ ???
2.3. Экономика – құқық және гуманитарлық ғылымдар факультетінің ғылыми кеңесінде

Хаттама № _____ «____» ____________ 2014ж.

Төраға ______________ Толымгожинова М.К.
3. БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралып және баспаға ұсынылды

Хаттама № _____ «____» ____________ 2014ж.
ОӘК төрағасы, оқу – әдістемелік

жұмыстары бойынша проректор _________ Искакова.Г.К


БІРІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН



Мазмұны


1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық және лабораториялық сабақтар

4 Курс жұмысы (жобасы)

5 Білімалушылардың өздік жұмысы



1 ГЛОССАРИЙ

АБАЙСЫЗДЫҚ – (Неосторожность) – кінәнің түрі. Мұндай кінә түрі кезінде құқыққа қайшы әрі қоғамға қауіпті әрекетке барған тұлға, өзінің осы құқық бұзушылық әрекетінің қоғамдағы қатынастарға қатерлі, әрі зиянды болатын салдарын алдын-ала болжай тұра, оларды болдырмауға мән бермей, жеңіл ойлық жасайды немесе мұндай салдардың болатынын білмейді, бірақ істің мән-жайы бойынша білуі тиіс және біле алатын еді.

АБСОЛЮТИЗМ - (лат.absolutus) - шексіз, сөзсіз. Мемлекетті басқарудың бір түрі. Мұндай басқаруда мемлекеттік жоғарғы билік монархтың қолында, әрі шексіз болады.

АБСОЛЮТТІК ҚҰҚЫҚТАР - (Абсолютные права) Субъективтік құқықтардың бір түрі. Бұл құкықтар анықталмаған белгісіз субъектілердің өз міндеттерін бәсең түрде орындауы арқылы қамтамасыз етіледі. Яғни, бұл дегеніміз белгісіз субъектілер құқық бұзушылық әрекеттерден тартынған жағдайларда ғана оның азаматтық құқықтары қамтамасыз етіледі. Абсолюттік құқықтарға мысалы: меншік құқығы, өмір сүру құқығы, отбасын құру құқығы және т.б. құқықтар жатады.

АБСОЛЮТТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР - (Абсолютные правовые отношения) — құқықтық қатынастардың бір түрі. Бұл құқыққа өкілеттігі бар субъекті мен анықтылығы белгісіз сансыз көп субъектілердің құқықтық байланысын білдіретін құқықтық қатынастар. Осы байланыстың нәтижесінде көптеген субъектілердің құқыққа өкілеттігі бар субъектіге қатысты енжар міндеттері туындайды.

АБСОЛЮТТІК МОНАРХИЯ - (Абсолютная монархия) - мемлекеттік биліктің шексіз түрі, яғни монархтың билігін ешкім шектемейді, оның қолында биліктің барлығы болады.

АВТОНОМИЯ - (Автономия) - мемлекет аумағында оның белгілі бір бөлігінің өз ішкі мәселелерін шешуде дербестігімен сипатталатын өзін-өзі басқару нысаны.

АВТОРИТАРИЗМ - (Авторитарлық) - саяси режимнің бір түрі. Мұнда саяси билікті нақты тұлға (тап, партия және тағы басқа бір өкілі) жүзеге асырады. Мұндайда халықтың билікке қатысуы өте төмен деңгейде болады. Қоғамды басқару бюрократиялық әміршіл әдіс арқылы атқарылады.

АЗАМАТТАРДЫҢ ӘРЕКЕТ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ - (Дееспособность граждан) - кәмелетке (18 жаска) толған азаматтардың өздерінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін атқаруы. Мысалы шарт жасасуы, сенімхат беруі, істеген ісіне жауапты болуы.

Есінің ауыскандығы, ақылының кемдігі салдарынан әрекеттерінің мәнін түсінбейтін, өз әрекетін билей алмайтын азамат сот аркылы әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылады да келісімдерді қамқоршысымен ақылдасып жасайды.



АЗАМАТТЫҚ - (Гражданство) – адам мен мемлекет арасындагы өзара құқықтар мен міндеттердің және жауапкершіліктердің жиынтығын білдіретін саяси тұрақты құкықтық байланыс.

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ - (Гражданское обшество) - адамгершілік, ізгілік имандылық, өнегелік, діни, ұлттық, әлеуметтік-экономикалық, отбасылық қатынастар мен институттар жиынтығы. Осы аталғандардың бәрінің көмегі аркылы жекелеген адамдардың, олардың топтарынын мүдделері қанағаттандырылады.

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ - (Гражданское право) – Мүліктік катынастарды және осы қатынастармен байланысты болып келетін жеке бастың, яғни адамның мүліктік емес қатынастарын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Азаматтық құқық құқық салаларының ішіндегі маңыздыларының бірі.

АЙЫП, КІНӘ - (Вина) - жеке адамның өзінің құқыққа қарсы мінез-құлқына (әрекетіне немесе әрекетсіздігіне) және олардың салдарына психикалық қатысы. Айып, кінә - теріс қылық та, кылмыс та, жауаптылық та емес, ол нақты адамның құқыққа қарсы мінезі (құлықсыздығы) және оның салдарын болдырмауы тиіс екендігін түсінуі. Айып, кінә - қасақаналық және абайсыздық деп бөлінеді.

АКТ - (Акт) - Мемлекеттік орган қабылдаған шешім немесе құжат. Ол үш түрге бөлінеді: 1) нормативтік құқықтық акт, 2) құқық қолдану актісі; 3) өмірдегі әр түрлі құқықтық мәні бар фактілерді ресми түрде дәлелдеуге арналған құжаттар (тексеру актісі. жауап алу хаттамасы, туу, некелесу туралы куәлік және т.б.).

АПАТРИДТЕР - (Апатриды) - Азаматгығы жок адамдар.

АРЕНДА (жалға беру) - Жалгерлік шаруашылықты жүргізудің нысаны. Жалға беру түрлері: 1) азаматтықк құқықта екі адамның бір-біріне мүлікті уақытша жалға беруі; 2) мемлекеттік құқықта - жер иесінің жерді басқа біреуге жалға (ортақ, тең, үстеме. т.б.) беруі; 3) халықаралық құқықта - бір мемлекеттің екінші мемлекетке өз жерінен белгілі бір аймакты уакытша төлем алып пайдалануға беруі.

АРИСТОКРАТИЯ - (Аристократия) - Мемлекетті баскарудың нысаны. Мұндай басқаруда билік пұрсатты таптың қолында болады.

АРСЫЗДЫҚ - (Цинизм) - Адамның жағымсыз бейнесін білдіретін үғым. Қазақ халқы арсыздық деп жиіркеніш туғызатын, ар-ұяттан, адамгершіліктен безген, жұртшылықтың пікірімен санаспайтын адамның жағымсыз мінезі мен қылығын айтады. Мысалы: "Өзін-өзі күндейді, жақынын жалған міндейді, ол арсыздық белгісі" (Абай).

Арсыздық - тарихи қалыптасқан адамгершілік қағидаларына (принциптеріне) қайшы келу. Ар-ожданнан айрылған адам тағылық, дөрекі мінез көрсетеді. Бүған фашизм толық мысал бола алады.



АРЫЗ - ( Заявление) - екі азаматтың немесе бірнеше адамның өзінің заңды құкығын пайдаланып, мекемеге немесе қызмет бабындағы лауазым иесіне ресми түрде жазған немесе ауызша айтқан мәлімдемесі. Біреуден шеккен азабы, көрген қорлық-зорлығы жайындағы жәбір көрген адамның берген шағымы, сондай-ақ қылмыскердің заң орнынан кешірім сұраған өтініші, және т.б.

АТҚАРУШЫ БИЛІК - (Исполнительная власть) - қабылданған заңдарды жүзеге асыратын және жедел түрде шаруашылық істерімен айналысатын биліктің тағайындалмалы немесе сайланбалы атқарушы-орындаушы органдары.

АУТЕНТИКАЛЫҚ (АВТОРДЫҢ) ТҮСІНДІРУ - (Аутентическое (авторское) толкование) - заң нормасының мағынасын сол норманы кабылдаған органның өзінің ғана түсіндіруі.

ӘДІСНАМА - (Методология) - 1) ғылыми таным (тану) әдісі туралы ілім; 2) қайсыбір ғылымда зерттеу жүргізу ісінде колданылтан әдістер жиынтығы.

ӘКІМШІЛІК - (Администрация) - бүкіл ел аумағында немесе белгілі бір аймақ масштабында заңдардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың атқару-орындау жүйесі.

ӘКІМШІЛІК АУМАҚТЫҚ БӨЛІНІС - (Административно-территориальное деление) — мемлекеттің аумақтық түрде ұйымдастырылу жүйесі. Осының негізінде мемлекетік өкімет пен баскарудың органдары кұрылады және кызмет етеді.

ӘКІМШІЛІК ЖАУАПТЫЛЫҚ - (Административная ответственность) - азаматтардың, лауазым иелерінің әкімшілік кұкыкты бұзғаны үшін заң алдында жауапты болуынын бір түрі. Әкімшілік жауаптылыққа Қазакстан Республикасының әкімшілік істердегі құқық бұзу туралы заңдары мен басқа да кұқықтық актілер негізінде тартылады.

ӘКІМШІЛІК ТЕРІС ҚЫЛЫҚ (ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУ) - (Административный проступок или административное правонарушение) - мемлекеттік, қоғамдық тәртіпке, меншіктің барлық түрлеріне, азаматтардың кұқығы мен бостандығына, белгілі қалыптасқан басқарудың тәртіптік ретіне, құқыққа қарсы озбырлықтар жасап, соған байланысты әкімшілік жөнімен жауаптылықты туындататын әрекеттер мен әрекетсіздіктер жатады.

ӘЛЕУМЕТТІК БИЛІК - (Социальная власть)— қандайда болмасын адамдар бірліктеріне тән еріксіз көндіруге сүйенетін субъектілер араларында болатын үстемділік пен бағыныштылық қатынастары.

ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТ - (Социальное государство) - азаматтардың әлеуметтік хал-жағдайлары мен олардың тұрмыс-тіршіліктерінің әрдайым жақсы болуын бағыт етіп ұстанған, олардың өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуді борыш деп білген мемлекет ретінде анықталады. Бұл термин экономикалық саясат, еркін бәсекеге сүйенген әлеуметтік қамсыздандыру заңдарына, әлеуметтік сақтандыру жүйелеріне және тағы басқа шараларға анықтама береді.

ӘРЕКЕТ - (Действие) - субъектінің еркі (ықтияры) мен санасына тәуелді (байланысты) болып келетін заңды айғақ (факт). Мысалы, қолдану актісін шығару, қүқық бұзушылықка бару және т.б.

ӘРЕКЕТКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК - (Дееспособность) - түлғалардың заң жүзінде танылған өздерінің әрекеттері арқылы қүқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру мүмкіндігі.

БАЖ САЛЫҒЫ - (Госпошлина) - белгілі бір көрсеткен қызметі үшін мемлекеттік органдардың (мысалы, кеден) азаматтардан, мекемелерден және ұйымдардан алатын алымдар. Басқа салықтардан баж салығының басты айырмашылығы, ол барлық азаматтардан бірдей алынбай, тек тиісті мемлекеттік органдармен белгілі бір қатынасқа түскен адамнан алынады.

БЕЙМОРАЛЬДЫҚ - (Аморализм) - белгілі бір қоғамдағы калыптасқан моральдық (имандылық, өнегелік), нормалар мен принциптерді жоққа шығарып адамгершілікке жат мінез-құлықты қоғамдық тәртіптің негізі деп тану. Бейморальдық (аморализм) шектен асқан нигилизм мен өзімшілдікті білдіреді.

БЕЙРЕСМИ ТҮСІНДІРУ - (Неофициальное толкование)— жекелеген органдардың, адамдардың өз бастамасы бойынша кұқық нормаларының мағынасын түсіндіруі (мұндай түсіндірудің заңдық салдары болмайды).

БҮКІЛ ХАЛЫҚТЫҚ ДАУЫСҚА САЛУ - (Референдум) -мемлекеттік және қоғамдық болмыстың ең маңызды мәселелері бойынша ең жоғары заңдық күші болатын басқару туралы шешімді азаматтардың тікелей дауыс беру арқылы қабылдауы.

БҮКІЛ ХАЛЫҚТЫҚ ТАЛҚЫЛАУ - (Всенародное обсуждение) — мемлекетті басқару ісіне тікелей қатысу түрінде болатын демократия (халық билігінің) нысаны (формасы). Мұнда ең тиімді мемлекеттік шешім даярланады, қабылданады. Мүндай даярлаулар мен қабылдаулар ең маңызды мәні бар коғамдық мәселелер бойынша (мысалы, заң жобасын талқылау барысында қоғамның әртүрлі топтары, бұқара көпшілік топтары, тіпті жеке азаматтардың көптеген ұсыныстары мен ақыл-кеңестерін аныктау мақсатында) азаматтардың өзіндік пікірлері мен баға берулерін білдірулері арқылы жүзеге асырылады.

БІРЫҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТ - (Унитарное государство) - қарапайым, біртұтас мемлекет. Оның бөліктері әкімшілік-аумақтық бірліктер болып табылады. Оларда мемлекеттік егемендіктің белгілері болмайды (бұл мемлекетте ең жоғарғы органдардың бірыңғай заң шығару жүйесі болады).

ВЕТО (тыйым) - (Вето, запрет) — парламент қабылдаған заң жобасына Елбасының қол қоймауы, яғни қабыл алмауы. |

ВОТУМ - (Вотум) - сайлау корпусының немесе өкілді мекеменің белгілі бір мәселе бойынша көпшілік дауыспен қабылдаған шешімі.

ГЕРОНТОКРАТИЯ - қариялар билігі.

ГЕНЕЗИС - пайда болу, туындау, шығу тегі.

ДАРА БАСШЫЛЫҚ - (Единоначалие) - басқаруды ұйымдастыру нысаны (формасы). Мұнда тиісті мемлекеттік органның мекеменің, кәсіпорынның басшылығында заңдық міндетті шешім қабылдайтын, кұқықтық өкілеттігі бар бір ғана адам (түлға) билік басында болады.

ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ - (Девиантное поведение) - балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жаза шараларын қолдануға апарып соқтыратын оқудан, жүмыстан әдейі (қасақана) жалтаруы; өзінің отбасынан немесе оқу-тәрбиелеу ұйымдарынан ұдайы рұқсатсыз (ұрланып) кетіп қалулары, сондай-ак олардың қылмыстық жауаптылықка жатпайтын қылмыс белгілері бар, қоғамға қауіпті үнемі жасайтын құқық бұзушылыққа тән іс-әрекеттері.

ДЕКЛАРАЦИЯ - Мемлекеттің негізгі қағидаттарын (принциптерді) жариялайтын, оны айқындап анықтайтын саяси-құқықтық құжат (акт).

ДЕЛИКТ - құқық бұзушылық яғни заңсыз әрекет, теріс мінез-құлық, қылмыс; бұдан да тарырақ мағынада- келтірілген зиянды өтеуді міндеттейтін азаматтық құқық бұзушылық.

ДЕЛИКТ ҚАБІЛЕТТІЛІК (Деликтоспособность) - тұлғаның өзінің жасаған қылмысы үшін заң алдында жауапты болу қабілеті.

ДЕМОКРАТИЯ - халық билігі, мемлекеттік кұрылыс нысаны (формасы). Бұл билік халықты биліктің қайнар көзі деп тануға негізделеді және теңдік пен бостандық, мемлекеттің негізгі органдарының сайланбалылық қағидаттарын басшылыққа алуға сүйенеді.

ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ МЕМЛЕКЕТ - (Демократическое государство) - демократиялық мемлекетте билік халықтың қолында, халық мемлекеттің жоғары органдарын сайлайды және олар халық алдында жауап береді.

ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ РЕЖИМ - (Демократический режим) - мемлекеттік билікті жүзеге асыруда халықтың оған тікелей қатысуы (референдум арқылы бүкіл халықтық сұрау салу немесе дауыс беру арқылы қоғам болмысының ең маңызды мәселелері бойынша шешім қабылдауы) немесе өкілдік демократия арқылы (халық өзінің билігін өздері сайлаған өкілдері арқылы шешім қабыддауы барысында) халық көпшілігінің азшылык мүдделерін ескере отырып шешім қабылдауларында қолданылатын әдістері мен тәсіддерінің жүйесі.

ДЕСПОТИЯ - өзіндік державалық биліктің нысаны (формасы) - бұл да шексіз монархия. Билік — өз қол астындағылардың құқықсыздығы мен билік тарабынан зорлық-зомбылықтың аса зор болуымен ерекшелінеді.

ДИКТАТУРА - мемлекетте ешбір заңмен шектелмеген билік және ол жалғыз ғана адамның немесе қатаң түрде бір топ адамның (бастаушы көсемі бар) қолына бүтіндей саяси, экономикалық және идеологиялық биліктің шоғырлануы.

ДУАЛИСТІК МОНАРХИЯ - (Дуалистическая монархия) - шектеулі монархияның бір түрі. Мұндайда монарх конституция шеңберінде қызметтер атқару барысында әрі формалды, әрі шындығында да өзінің билік құзырын кең түрде сактайды.

ДІЛ - (Менталитет) - ақыл құрылымы, дүниетану жөніндегі түсінік, дүниеге көзқарас, болмысты түсіну, психология.

ЖАЛПЫ АЗАМАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР - (Общечеловеческие ценности) - халықаралық құқық нормаларымен бекітілген адамның табиғи және ажырамайтын құқықтары мен бостандықтары (атап айтқанда, оған өмір сүру, жеке бастың дербестігіне қол сұғылмайтындық, еркін жүріп-тұру құқықтары және т.б. игіліктер жатады).

ЖЕКЕ МЕНШІК - (Частная собственность) - азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі. Қоғамдық меншік, соның ішінде діни бірлестіктер меншігі жеке меншіктің ерекше түрі болып табылады.

ЖЕКЕ ТҰЛҒА - (Личность) — қүкықтық қатынастарда субъективтік қүқықгар мен заңды міндеттердің сақтаушысы болып табылатын жеке адам.

ЖЕКЕ ҚҰҚЫҒЫ - (Частное право) — жекелеген тұлғалар құқықтық қатынастарын қорғайтын және оларды реттейтін заң нормаларының тәртіпке келтірілген жиынтығы. Бұған азаматтық құкық жатады.

ЗАҢ - (Закон) - заң шығарушы билігі органы арқылы немесе референдумда - халық еркі таңдауының білдірілуі барысында ерекше тәртіп бойынша кабылданатын, жоғары заңдық күші бар және аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық акт. Басқаша айтқанда, ең жоғары заңдық күші бар нормативтік-құқықтық акт.

ЗАҢ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПТЫЛЫҚ - (Юридическая ответственность) - жеке мүліктік және (немесе) ұйымдық сипаты бар мемлекеттік ырыктандыру (мәжбүрлеу) түріндегі мемлекет шарасына тұлғаның тартылуының қажеттілігі. Немесе, кұқық бұзушылық жасағаны үшін мемлекеттің тұлғаға қолданылатын мәжбүрлеу шарасы.

ЗАҢ БАСТАМАСЫ - (Законодательная инициатива) - белгілі бір субъектілердің заң шығару жөніндегі іс-әрекеті немесе тиісті заң жобасын заң қабылдаушы органға өз ұсынысын енгізуі. Мұның өзі аталған органдарда әлгі ұсынысты немесе заң жобасын қарау міндетін туындататын конституцияда баянды етіліп орнықтырылған қүқық.

ЗАҢ ЖОБАСЫ - (Проект закона) - Заң қабылдаушы органның қабылдауына ұсынылған немесе референдумның қарауына енгізу үшін белгіленген, заң қабылдау рәсіміне сәйкес дайындалған заңның мәтіні.

ЗАҢ ҚАБЫЛДАУШЫ БИЛІК — (Законодательная власть) — қоғам дамуының стратегиясын заңдар кабылдау арқылы жасақтауға тиісті халық сайлаған өкілді органдар.

ЗАҢ ЛЕГИТИМДІЛІП (ЗАҢДЫЛЫҒЫ) - (Легитимность закона) — өкілетті органның қалыптасқан тәртіппен қабылдаған заңына қоғамның көрсеткен қолдауы. Көпшіліктің мүддесін қамтамасыз ететін, талқылау барысында көптеген адамдардың қолдауына ие болған заң легитимді деп аталады.

ЗАҢ САПАСЫ - (Качество закона) - қоғам, мемлекет немесе жеке адамның белгілі бір қажеттіліктерін қүқықтың табиғатына сәйкес қанағаттандыруға, заңның пайдалы болуын қамтамасыз ететін әлеуметтік, экономикалық, саяси және заңдық қасиеттердің жиынтығы.

ЗАҢ ТЕХНИКАСЫ - ( Законодательная техника) - құқықтық актілердің тиімділігін арттыра түсу мақсатында қолданылатын оларды даярлау және ретке келтірудің амал-тәсілдері мен ережелерінің жүйесі.

ЗАҢ ҰҚСАСТЫҒЫ - (Аналогия закона) - нақты заңдық істің осы жағдайына колдануға арналмаған, тек аталған, ұқсас жағдайларға ғана қолдануға арналған күқыктық норма. Осы норманың негізінде нақты іс ұқсастығы бойынша қаралып барып өз шешімін табады.

ЗАҢ ҮСТЕМДІП - (Верховенство закона) - ағымдағы барлық заңдардың, заңға негізделген барлық актілердің - Президенттің жарлыктары мен басқа да актілерінің Үкімет каулыларының, бұйрықтарының нұсқауларының және тағы баскалардың Қазақстан Республикасы Конституциясына сөйкес келуі және субъектілердің қалың тобының мүддесіне қатысы бар мәселелердің тек қана заң белгілеген тәртіппен шешілуі. Басқаша айтқанда, заң үстемдігі - құқықтық мемлекеттің негізгі принципі. Мүнда заң баска түрдеғі заңдық ұйғарымдардан жоғары түрады.

Қоғамдық қатынастардың барлық қатысушылары, оның ішінде мемлекет те заң талаптарын дәл, бұлжытпай орындап отыруы тиіс.



ЗАҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ - (Законотворчество) - заң нормаларында белгіленген құқық шығармашылығы ісінің түрі. Мемлекеттің заң шығарушы органының заңдарды жасау, қабылдау және шығару (жариялау) тәртібінің қызметтік тәртіптегі яғни жөн-жобасы.

ЗАҢ ШЫҒАРУ БАСТАМАСЫ - (Законодательная инициатива) – заңдарды қабылдау, өзгерту немесе толықтыру енгізу түралы ұсыныстар жасау құқығы. Заң жобаларың ұсынушы органдар заң шыгару бастамасының субъектілері болып табылады. ҚР Конституция бойынша заң шығару бастамасы құқығы ҚР Парламентінің депутаттарына, Республика Үкіметіне беріледі және тек қана Мәжілісте жүзеге асырылады.

ЗАҢ ТӘЖІРИБЕСІ (ЗАҢ ПРАКТИКАСЫ) - (Правовая практика) - құзырлы субъектілердің заңдық ұйғарымдарды кабылдаудағы (түсінідіру және қолданудағы) іс-әрекетеріне тұтастай қоса алынған әлеуметтік-құқықтық тәжірибелер жинақтау қызметтері.

ЗАҢҒА НЕГІЗДЕЛГЕН НОРМАТИВТІК АКТ - ( Подзаконный нормативный акт) — құрамында заң нормалары болатын, өзі заң негізінде және сол заңды жүзеге асыру мақсатында жасалған акт.

ЗАҢДАР КОЛЛИЗИЯСЫ (ҚИҒАШТЫҒЫ) - (Правовая коллизия) - бірыңғай қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар арасында болатын қайшылықтар.

ЗАҢДЫ МҮДДЕ - (Законный интерес) - субъектілердің өздерінің бүкіл мемлекеттік мүдделерге қайшы келмейтін мүдделерін қанағаттандыру мақсатындағы белгілі бір әлеуметтік игіліктерді пайдалануға деген ұмтылыстарын және оларды қорғауда құзырлы органдарға (мемлекеттің және қоғамдық үйымдарға) арыздану мүмкіндіктерін білдіретін объективтік қүқықтарда көрсетілген немесе олардың жалпы мағынасынан туындайтын және де белгілі бір дорежеде мемлекеттің өзі кепілдендірген заң арқылы расталған рұқсат.

ЗАҢДЫ МІНДЕТ - (Юридическая обязанность) - құқыққа өкілетті тұлғаның мүддесін қанағаттандыру үшін белгіленгеи заңи кажетті жүріс-тұрыстың мөлшері (шамасы).

ЗАҢДЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ (ЖҮРІС-ТҰРЫС) - (Правомерное поведение) - субъектілердің құқық нормаларына және әлеуметтік тұрғыдан пайдалы мақсаттарға сай келетін әрекеті.

ЗАҢДЫ БИЛІК - (Легальная властъ) - заң жөнінен расталған (дәлелденген) билік яғни елдегі колданыста жүрген заңдарға мемлекеттік органдарының сай болуы.

ЗАҢДЫ ТҰЛҒА - (Юридическое лицо) - өзінің меншігі, бас-каруында шаруашылығы немесе оралымды атқарылатын оңашаланған мүліктері және сол мүліктерімен міндеттемелері бойынша мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтары болатын, оларды өз атына ала алатын, онысын жүзеге де асыратын, міндеттемелері бойынша, сотта талапкер, сондай-ақ жауапкер де бола алатын ұйым.

ЗАҢДЫ ФАКТ (НЕГІЗДЕЛГЕН АЙҒАҚ) - (Юридический факт) - бұл болмыстағы нақты жағдай, құқық нормасы белгілі бір заңдық салдардың болуын (туындауын) осы жағдаймен байланыстырады. Заңды айғақ оқиғалар және әрекеттерден жіктеледі.

ЗАҢДЫ ҮЛГІ - (Правовой прецедент) -ұқсас істерді шешуде басшылыққа алынатын және құқық нормасының күші берілетін нақты заңдық іс бойынша соттың немесе әкімшіліктің қабылдаған шешімі.

ЗАҢДЫҚ ҚҰРАМ - (Юридический состав) - заңда негізделген айғақтардың жиынтығы. Құқықтық қатынастардың пайда болуын құқық нормалары осы жиынтықпен байланысты болуынан ғана мүмкін деп қарайды. Мысалы, жасы келіп қартайғандығы бойынша зейнетақы алу құқығы пайда болуы үшін зейнеткерлік қүқықтық қатынастардың пайда болуы тиіс. Ол үшін бірнеше шарттар кажет: 1) азаматтың заңда көрсетілген жасқа жетуі; 2) заңмен белгіленген еңбек стажының болуы; 3) құзыретті мемлекеттік органның зейнетақы тағайындау туралы шешімі.

ЗАҢДЫҚ САЛДАР - (Правовые последствия) - құқықтық акт әрекетінің іс жүзіндегі нәтижесі. Бүл «нәтиже» субъектілердің құқықтар алуы мен міндеттер атқаруы аркылы білдіріледі.

ЗАҢДЫЛЫҚ - (Законность) - құқық нормаларын барлық адамдардың мемлекеттің бүкіл аумағында дәл және бұлжытпай жүзеге асыруларынан тұратын қоғам мен мемлекет талаптарының жүйесі.

ЗАҢДЫЛЫҚТЫҢ КЕПІЛД1КТЕРІ - (Гарантии законности) - заңдар мем заңға негізделген нормативтік актілердің бұлжытылмай сақталуын, азаматтар құқықтарының және қоғам мен мемлекет мүдделерінің ешбір кедергісіз жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін құралдар мен жағдайлардың жиынтығы.

ЗАҢНАМА - (Законодательство) - мемлекет дамуының нақты-тарихи кезендерінде қолданыста болатын заңдар мен оларға негізделген актілердің жүйесі.

жүктеу 2,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау