1) жұмыскерлердің осы Кодекстің 164-бабының 3-тармағына сәйкес ресімделген
талаптарын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұжымдық еңбек дауының туындағаны
туралы, ол түпкілікті шешілгенге дейін ахуал туралы кейіннен апта сайын хабардар ете
отырып, еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органды хабардар етуге;
2) осы Кодекстің талаптары сақталмай жүргізілетін ереуілдердің басталғаны туралы
Қазақстан Республикасының прокуратура органдарын және еңбек инспекциясы жөніндегі
жергілікті органды бір күн ішінде хабардар етуге міндетті.
171-бап. Ереуіл өткізу құқығы
1. Егер татуластыру рәсімдері арқылы ұжымдық еңбек дауын шешуге қол жеткізілмесе,
сондай-ақ жұмыс беруші татуластыру рәсімдерінен жалтарған не ұжымдық еңбек дауын шешу
барысында қол жеткізілген келісімді орындамаған жағдайларда, жұмыскерлер ереуіл өткізу
туралы шешім қабылдай алады.
2. Ереуіл өткізу жөніндегі шешім жұмыскерлердің (олардың өкілдерінің) жиналысында
(конференциясында) қабылданады.
Жұмыскерлер жиналысы, егер оған ұйым жұмыскерлерінің жалпы санының жартысынан
астамы қатысса, заңды деп танылады.
Конференция, егер оған хаттамалық шешімдерге сәйкес жұмыскерлер сайлаған
делегаттардың кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп танылады.
Жұмыскерлер жиналысының (конференциясының) шешімдері дауыс берушілердің көпшілік
дауысымен қабылданды деп есептеледі. Жұмыскерлер жиналысын (конференциясын) өткізу
мүмкін болмаған кезде жұмыскерлердің өкілді органының ереуілді өткізуді қолдайтын
жұмыскерлердің жартысынан астамының қолын жинап, өз шешімін бекітуге құқығы бар.
3. Ереуілді жұмыскерлер (олардың өкілдері) уәкілеттік берген орган (ереуіл
комитеті) басқарады. Бірнеше жұмыс берушілердің жұмыскерлері (олардың өкілдері) бірдей
талаптар қойып, ереуіл жариялаған жағдайда, оны осы жұмыскерлер өкілдерінің бірдей
санынан құрылатын бірлескен орган басқаруы мүмкін.
4. Ереуілге қатысу ерікті болып табылады. Ешкімді ереуілге қатысуға немесе
ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеуге болмайды.
5. Жұмыскерлерді ереуілге қатысуға немесе ереуілге қатысудан бас тартуға
мәжбүрлейтін адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен
жауаптылықта болады.
172-бап. Ереуілдің басталуы туралы жариялау
1. Осы Кодекстің 171-бабының 3-тармағында көрсетілген, жұмыскерлер уәкілеттік
берген орган ереуілдің басталуы және болжамды ұзақтығы туралы жұмыс берушіге, жұмыс
берушілер бірлестігіне (олардың өкілдеріне) оны жариялағанға дейін бес жұмыс күнінен
кешіктірмей жазбаша түрде ескертуге тиіс.
2. Ереуіл жариялау туралы шешімде:
1) тараптардың ереуіл өткізуге негіз болған келіспеушіліктерінің тізбесі;
2) ереуілді бастау күні, орны мен уақыты, қатысушылардың болжамды саны;
3) ереуілді басқаратын органның атауы, татуластыру рәсімдеріне қатысуға уәкілеттік
берілген жұмыскерлер өкілдерінің құрамы;
4) ереуіл өткізу кезеңінде орындалатын қажетті жұмыстардың (көрсетілетін
қызметтердің) ең аз көлемі жөніндегі ұсыныстар көрсетіледі.
173-бап. Ереуілді басқаратын органның өкілеттіктері
1. Ереуілді басқаратын орган өзіне осы Кодексте берілген құқықтар шегінде және
жұмыскерлер (олардың өкілдері) берген өкілеттіктер негізінде әрекет етеді.
2. Ереуілді басқаратын органның:
1) қойылған талаптарды шешу мәселелері бойынша жұмыс берушімен, жұмыс берушілер
бірлестігімен (олардың өкілдерімен), мемлекеттік, кәсіподақ, өзге де заңды тұлғалармен
және лауазымды адамдармен өзара қарым-қатынастарда жұмыскерлердің мүдделерін білдіруге;
2) жұмыс берушіден, жұмыс берушілер бірлестігінен (олардың өкілдерінен)
жұмыскерлердің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша ақпарат алуға;
3) жұмыскерлер талаптарының қаралу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап
отыруға;
4) даулы мәселелер бойынша қорытындылар беру үшін мамандарды тартуға;
5) жұмыскерлердің (олардың өкілдерінің) келісуімен ереуілді тоқтата тұруға құқығы
бар.
3. Бұрын тоқтатыла тұрған ереуілді қайта бастау үшін дауды татуластыру
комиссиясының, делдалдың қайта қарауы немесе еңбек төрелігінде қайта қарау талап
етілмейді. Жұмыс беруші, жұмыс берушілер бірлестігі (олардың өкілдері) және еңбек
дауларын реттеу жөніндегі орган ереуілдің қайта басталуы туралы үш жұмыс күнінен
кешіктірілмей ескертілуге тиіс.
4. Ұжымдық еңбек дауының тараптары оны реттеу жөніндегі келісімге қол қойған
жағдайларда, сондай-ақ ереуіл заңсыз деп танылған жағдайда ереуілді басқаратын органның
өкілеттіктері тоқтатылады.
174-бап. Ұжымдық еңбек дауы тараптарының ереуіл барысындағы міндеттері
Ереуіл өткізу кезеңінде ұжымдық еңбек дауының тараптары осы дауды келіссөздер
жүргізу арқылы шешуді жалғастыруға міндетті.
Жұмыс беруші, мемлекеттік органдар және ереуілді басқаратын орган ереуіл кезеңінде
қоғамдық тәртіпті, ұйым мүлкінің сақталуын және жұмыскерлердің қауіпсіздігін, сондай-ақ
тоқтап қалуы адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төндіретін машиналардың
және жабдықтардың жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі, өздеріне байланысты шараларды
қабылдауға міндетті.
175-бап. Жұмыскерлерге ереуіл өткізуге байланысты берілетін кепілдіктер
1. Ереуілдерді ұйымдастыру немесе оларға қатысу (осы Кодекстің 176-бабының 1-
тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда) жұмыскердің еңбек тәртібін бұзуы деп
қаралмайды және осы Кодексте көзделген тәртіптік ықпал ету шараларының қолданылуына әкеп
соқпайды.
2. Ереуіл кезінде жұмыскердің жұмыс орны (лауазымы), еңбекке уақытша
қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеміне құқығы, еңбек өтілі сақталады,
сондай-ақ еңбек қатынастарынан туындайтын өзге де құқықтарына кепілдік беріледі.
Ереуіл жалақының төленбеуіне немесе уақтылы төленбеуіне байланысты өткізілгеннен
басқа жағдайларда, ереуілге қатысушы жұмыскерлердің ереуіл уақыты ішіндегі жалақысы
сақталмайды.
176-бап. Заңсыз ереуілдер
1. Ереуілдер:
1) соғыс жағдайы немесе төтенше жағдай не Қазақстан Республикасының төтенше жағдай
туралы заңнамасына сәйкес айрықша шаралар енгізілген кезеңдерде; Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің органдары мен ұйымдарында, елдің қорғанысын, мемлекеттің
қауіпсіздігін, авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару, өртке қарсы жұмыстарды қамтамасыз
ету, төтенше жағдайлардың алдын алу немесе оларды жою мәселелерімен айналысатын басқа да
әскери құралымдар мен ұйымдарда; арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау
органдарында; қауіпті өндірістік объектілер болып табылатын ұйымдарда; жедел және шұғыл
медициналық көмек көрсету станцияларында;
2) осы баптың 2-тармағында көрсетілген шарттар сақталмаған жағдайда, темір жол
көлігі, азаматтық авиация, денсаулық сақтау ұйымдарында, халықтың тыныс-тіршілігін
Достарыңызбен бөлісу: |