Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v қРЗ



жүктеу 1,88 Mb.
Pdf просмотр
бет38/100
Дата26.12.2019
өлшемі1,88 Mb.
#24983
түріКодекс
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   100

қамтамасыз ететін ұйымдарда (қоғамдық көлік, сумен, электр энергиясымен, жылумен, 
байланыспен қамтамасыз ету), жұмысының тоқтатыла тұруы ауыр және қауіпті зардаптарға 
әкеп соғуы мүмкін үздіксіз жұмыс істейтін өндірістерде;
 
      3) осы Кодексте көзделген мерзімдер, рәсімдер мен талаптар ескерілмей жарияланған 
жағдайда;
 
      4) адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қатер төндіретін жағдайларда;
 
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда заңсыз болып 
танылады.
 
      Осы тармақта көрсетілген негіздердің біреуі болғанда, сот тиісті шешім 
қабылдағанға дейін прокурор ереуілді тоқтата тұруға құқылы.
 
      2. Темір жол көлігі, азаматтық авиация, денсаулық сақтау ұйымдарында, халықтың 
тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарда (қоғамдық көлік, сумен, электр 
энергиясымен, жылумен, байланыспен қамтамасыз ету) ереуіл, жергілікті атқарушы органмен 
алдын ала келісім негізінде айқындалатын халыққа қажетті тиісті көрсетілетін 
қызметтердің тізбесі мен көлемі сақталған жағдайда өткізіледі.
 
      Үздіксіз жұмыс істейтін өндірістерде ереуіл негізгі жабдықтардың, механизмдердің 
үзіліссіз жұмысы қамтамасыз етілген жағдайда ғана өткізілуі мүмкін.
 
      3. Ереуілді заңсыз деп тану туралы шешімді сот Қазақстан Республикасының заңдарына 
сәйкес қабылдайды.
 
      4. Ереуілді заңсыз деп тану туралы шешімді сот жұмыс берушінің немесе прокурордың 
өтініші бойынша қабылдайды.
 
      Сот шешімі жұмыскерлердің назарына ереуілді басқаратын орган арқылы жеткізіледі, 
ол ереуілге қатысушыларға сот шешімі туралы дереу хабарлауға міндетті, ал ереуілді 
басқаратын орган болмаған кезде – тікелей жұмыс беруші жеткізеді.
 
      Жұмыс беруші сот шешімінің мәтінін көпшілікке көрінетіндей қолжетімді жерлерде 
орналастыруды қамтамасыз етеді.
 
      Ереуілді заңсыз деп тану туралы сот шешімі дереу орындалуға, ал ереуіл тоқтатылуға 
тиіс.
 
      Адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төнген жағдайда прокурор немесе 
сот тиісті шешім қабылданғанға дейін ереуілді тоқтата тұруға құқылы.
 
      5. Ереуілді басқарушы органның сот шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында 
белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.
 
      6. Сот заңсыз деп таныған ереуілге қатысуды жалғастыруға арандатушы адамдар 
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.
 
 
 
   177-бап. Ереуілді заңсыз деп танудың салдарлары 
      Сот ереуілді заңсыз деп таныған кезде, жұмыс беруші ереуілді ұйымдастыруға немесе 
өткізуге қатысқан жұмыскерлерді тәртіптік жауаптылыққа тартуы мүмкін.
 
 
 
   178-бап. Локаутқа тыйым салу 
      Ереуіл өткізуді қоса алғанда, ұжымдық еңбек дауын реттеу процесінде локаутқа, яғни 
жұмыскерлердің ұжымдық еңбек дауына немесе ереуілге қатысуына байланысты, осы Кодекстің 
51-бабы 1-тармағының 22) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, олармен 
жасалған еңбек шарттарын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзуға тыйым салынады.
 
 
 
   4-БӨЛІМ. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ 
17-тарау. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ 
МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ 
   179-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік 
реттеу 


      Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу: 
 
      1) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы 
заңнамасы талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалауды, бақылауды және оған 
мониторингті; 
 
      2) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы 
нормативтік-құқықтық актілерін және нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеуді және 
қабылдауды;
 
      3) еңбек жағдайларын, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды жақсарту, қауіпсіз 
техникалар мен технологияларды әзірлеу және ендіру, жұмыскерлерді жеке және ұжымдық 
қорғау жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыру жүйелерін құруды және іске асыруды; 
 
      4) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы 
заңнамасының сақталуын мемлекеттік, ішкі бақылаудың тиімділігін арттыруды;
 
      5) еңбек жағдайларын жақсарту және еңбекті қорғау бойынша озық отандық және 
шетелдік тәжірибені ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары 
бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуді;
 
      6) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардан және кәсіптік аурулардан 
зардап шеккен жұмыскерлердің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің заңды мүдделерін 
қорғауды; 
 
      7) ауыр жұмыс және өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы техникалық 
деңгейінде жойылмайтын зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыс үшін 
кепілдіктер мен өтемақылар белгілеуді; 
 
      8) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мамандарды даярлауды және 
олардың біліктілігін арттыруды;
 
      9) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды есепке 
алудың бірыңғай тәртібін белгілеуді;
 
      10) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйенің 
жұмыс істеуін қамтамасыз етуді; 
 
      11) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты 
қамтиды.
 
 
 
   180-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар және іс-
шараларды қаржыландыру 
      1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар Қазақстан 
Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленеді және жұмыскерлердің еңбек 
қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған қағидаларды, 
рәсімдерді және нормативтерді қамтуға тиіс.
 
      2. Жұмыс берушілер мен жұмыскерлер Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін 
жүзеге асыру кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды 
орындауға міндетті.
 
      3. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру 
жұмыс берушінің қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған 
басқа да қаржыландыру көздері есебінен жүзеге асырылады.
 
      Жұмыскерлер бұл мақсаттарға арналған шығыстарды көтермейді.
 
      Қаражат көлемі жұмыс берушінің актісінде немесе ұжымдық шартта айқындалады.
 
 
 
   18-тарау. ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ ЖӘНЕ ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ 
ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 
   181-бап. Жұмыскердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы 
құқықтары мен міндеттері 
      1. Жұмыскердің:
 
      1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес жабдықталған 


жүктеу 1,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау