414-бап. Демпингке қарсы бажды енгізу және қолдану
1. Демпингке қарсы баж баға міндеттемелері осы Кодекстің 413-бабының ережелеріне сәйкес мақұлданған экспорттаушылар жеткізетін тауарларды қоспағанда, барлық экспорттаушылар жеткізетін және Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына залал келтіретін демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауарға қатысты қолданылады..
2. Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган алдын ала қорытынды негізінде тергеу жүргізетін орган дайындаған демпингке қарсы бажды енгізу туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келіседі.
3. Демпингке қарсы баждың мөлшері Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласының залалын жою үшін жеткілікті болуға тиіс, бірақ есептелген демпингтік маржадан жоғары болмауға тиіс.
4. Демпингке қарсы баж мөлшерлемесінің жеке мөлшерлемесі жеке демпингтік маржа есептелген демпингтік импорттың нысанасы болып табылған тауардың экспорттаушысы немесе өндірушісі жеткізетін тауарға қатысты белгіленеді.
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген демпингке қарсы баж мөлшерлемесінің жеке мөлшерін белгілеуден басқа, тергеу барысында есептелген ең жоғарғы демпингтік маржа негізінде жеке демпингтік маржа есептемеген экспорттаушы шет мемлекеттен тауардың басқа барлық экспорттаушылары немесе өндірушілері әкелетін тауарға демпингке қарсы баждың бірыңғай мөлшерлемесін белгілейді.
415-бап. Демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі және қайта
қаралуы
1. Демпингке қарсы шара демпингтік импорт салдарынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласының залалын жою үшін қажетті мөлшерде және мерзім ішінде шешім бойынша қолданылады.
2. Демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі осындай шараны қолдану басталған күннен немесе өзгермелі жағдайларға байланысты бір мезгілде демпингтік импорттың талдауына қатысты және Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына келген залалмен байланысты өткізілген қайта тергеу аяқталған күннен бастап 5 жылдан аспауға тиіс.
3. Демпингтік шараның қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тергеу Кодекстің 32-бабына сәйкес берілген жазбаша нысандағы өтініштің негізінде немесе тергеу жүргізетін органның өз бастамашылығы бойынша жүргізіледі.
Демпингтік шараның қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тергеу өтініште демпингтік импортты жаңарту не жалғастыру және демпингтік шараның қолданысын тоқтату кезінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына залал келтіру мүмкіндігі туралы мәліметтер болған кезде жүргізіледі.
Демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тергеу жүргізу туралы өтініш демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімінің аяқталуына дейін 6 айдан кешіктірілмей беріледі.
Қайта тергеу демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін басталуға тиіс және ол басталған күннен бастап 12 ай ішінде аяқталуға тиіс.
Осы тармақтың ережелеріне сәйкес жүргізілетін қайта тергеу аяқталғанға дейін демпингке қарсы шараны қолдану шешім бойынша ұзартылады. Алдын ала демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіпте тиісті демпингке қарсы шараны қолдану ұзартылатын мерзім ішінде әрекет ету мерзімі қайта тергеу жүргізуге байланысты ұзартылатын, демпингке қарсы шараларды қолданумен байланысты белгіленген демпингке қарсы баж мөлшерлемелері бойынша демпингке қарсы баждар төленеді.
Егер демпингке қарсы шараның қолдану мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тергеу нәтижелері бойынша тергеу жүргізетін орган демпингке қарсы шараны қолдану үшін негіз жоқ деп белгілеген болса, демпингке қарсы шараны қолдану ұзартылған мерзім ішінде алдын ала демпингке қарсы баждар алу үшін белгіленген тәртіппен алынатын демпингке қарсы баж сомалары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес төлеушіге қайтарылуға тиіс.
Егер демпингке қарсы шараны қолдану мерзімінің аяқталуына байланысты тергеу жүргізетін орган қайта тергеу нәтижелері бойынша демпингтік импортты жаңарту не жалғастыру және Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына залал келтіру мүмкіндігін анықтаса, демпингке қарсы шараның қолданылуын ұзартады. Демпингке қарсы шараны ұзарту туралы шешім күшіне енген күннен бастап демпингке қарсы шараны қолдану ұзартылған мерзім ішінде алдын ала демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіппен алынатын демпингке қарсы баждар сомаларын осы Кодекстің 428-бабының 4-тармағында айқындалған тәртіппен есептелуге және бөлінуге тиіс.
4. Тергеу жүргізетін органның бастамасы бойынша немесе мүдделі адамдардың өтініші бойынша, егер демпингке қарсы шараны енгізгеннен кейін кемінде бір жыл өткен жағдайда демпингке қарсы шараны қолдануды жалғастырудың орындылығын айқындау және (немесе) оны қайта қарау, оның ішінде өзгерген жағдайларға байланысты жеке демпингке қарсы баж мөлшерлемесінің көлемін қайта қарау мақсатында қайта тергеу жүргізілуі мүмкін.
Көрсетілген қайта тергеуді жүргізу туралы өтінішті беру мақсатына байланысты мұндай өтініш өзгерген жағдайларына байланысты:
демпингке қарсы шараны қолдануды жалғастыру демпингтік импортқа қарсы іс-әрекет және демпингтік импорт салдарынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін талап етілмейтін; немесе
демпингке қарсы шараның қолданыстағы мөлшері демпингтік импортқа қарсы іс-әрекет және демпингтік импорт салдарынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін жеткілікті мөлшерден асатын; немесе
қолданыстағы демпингке қарсы шара демпингтік импортқа қарсы іс-әрекет және демпингтік импорт салдарынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін жеткіліксіз деген дәлелдемелерді қамтуға тиіс.
Осы тармаққа сәйкес жүргізілетін қайта тергеу басталған күнінен бастап 12 екі ай ішінде аяқталуға тиіс.
5. Қайта тергеу тергеу жүргізу кезеңінде демпингтік импорт мәні болып табылатын тауарды жеткізуді жүзеге асырмаған экспорттаушы немесе өндіруші үшін жеке демпингтік маржаны белгілеу мақсатында да жүргізілуі мүмкін.
Тергеу жүргізетін орган мұндай қайта тергеуді аталған экспорттаушы немесе өндіруші оны жүргізу туралы, экспортаушы немесе тауар өндіруші демпингке қарсы шара қолданылатын экспорттаушы және өндірушімен байланысты еместігін және осы экспорттаушы немесе өндіруші тергеу объектісі болып табылатын тауарды Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына жеткізуді жүзеге асыратындығын немесе тоқтатылуы немесе кері қайтарылуы осы экспорттаушы немесе тауар өндіруші үшін едәуір шығынға немесе айтарлықтай айыппұл санкциясына әкеп соқтыратын Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында мұндай тауардың елеулі көлемін жеткізу туралы шартты міндеттемелерімен байланысты екендігін дәлелдейтін дәлелдемелерін қамтитын өтініш берген жағдайда бастауы мүмкін.
Экспорттаушы немесе өндіруші үшін жеке демпингтік маржаны белгілеу мақсатында қайта тергеу жүргізу кезінде Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына тергеу объектісі болып табылатын тауарды жеткізуге қатысты демпингке қарсы шара осы экспорттаушыға немесе өндірушіге қолданылмайды.
Осы тармақта көзделген қайта тергеу мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі және кез келген жағдайда бұл мерзім 12 айдан аспайтын болады.
416-бап. Демпингке қарсы шарадан айналып өтуді белгілеу
1. Осы баптың мақсаттары үшін демпингтік шарадан айналып өту деп демпингке қарсы бажды төлеуден не экспорттаушы қабылдаған баға міндеттемелерін орындаудан айналып өтуді үшін тауарды жеткізу тәсілін өзгерту түсініледі.
2. Демпингке қарсы шарадан айналып өтуді белгілеу мақсатында қайта тергеу мүдделі тұлғаның өтінішінің негізінде не тергеу жүргізетін органның өз бастамасы бойынша жүргізіледі.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген өтініш мынадай дәлелдемелерді қамтуға тиіс:
1) демпингке қарсы шарадан айналып өту;
2) демпингке қарсы шараның әрекетін одан айналып өту және осы фактордың ұқсас тауар өндірісінің көлеміне және (немесе) оны сатуға және (немесе) оның бағасына әсер ететіндігінің салдарын бейтараптау;
3) демпингке қарсы шарадан айналып өту нәтижесінде тауардың (осындай тауардың құрамдас және (немесе) туынды бөліктерінің) демпингтік импортының болуы. Бұл ретте тауардың, оның құрамдас және туынды бөліктерінің қалыпты құны ретінде салыстыру мақсатында нәтижелері бойынша тиісті түзетулер ескеріле отырып, демпингке қарсы шара енгізген тергеу барысында есептелген олардың қалыпты құны қабылданады.
4. Демпингке қарсы шарадан айналып өтуді белгілеу мақсатында қайта тергеу ол басталған күнінен бастап 9 ай ішінде аяқталуға тиіс.
5. Осы бапқа сәйкес жүргізілген қайта тергеу кезеңінде экспорттаушы шет мемлекеттен Кеден одағының бірыңғай кеден аумағынан импортталатын, демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауардың құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына, сондай-ақ басқа экспорттаушы шет мемлекеттен Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына импортталатын демпингтік импорттың мәні болып табылған тауарға және (немесе) оның құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына алдын ала демпингке қарсы бажды алу үшін белгіленген тәртіппен алынатын демпингке қарсы бажды енгізуі мүмкін.
6. Егер осы бапқа сәйкес жүргізілген қайта тергеудің нәтижелері бойынша тергеу жүргізетін орган демпингке қарсы шарадан айналып өтуді анықтамаса, осы бапқа сәйкес және алдын ала демпингке қарсы бажды алу үшін белгіленген тәртіпте төленген демпингке қарсы баж сомалары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес төлеушіге қайтарылуға тиіс.
7. Демпингке қарсы шара осы бапқа сәйкес жүргізілген қайта тергеу нәтижелері бойынша осы Кодекске сәйкес қолданылатын демпингке қарсы шарадан айналып өту белгіленген жағдайда демпингтік импорттың мәні болып табылған тауардың экспорттаушы шет мемлекеттен Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына импортталатын құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына, сондай-ақ демпингтік импорттың мәні болып табылған тауарға және (немесе) басқа экспорттаушы шет мемлекеттен Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына импортталатын оның құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына қолданылуы мүмкін. Осы тармақта көрсетілген демпингке қарсы шараны енгізу туралы шешімі күшіне енген күннен бастап алдын ала демпингке қарсы баждарды, демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіпте төленген сома осы Кодекстің 428-бабы 4-тармағында айқындалған тәртіппен есептелуге және бөлінуге тиіс.
4-параграф. Өтемақы шаралары
417-бап. Өтемақы шараларын қолданудың жалпы қағидаттары
Егер тергеу жүргізетін орган жүргізген тергеу нәтижелері бойынша Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына осындай тауардың импорты Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал келтіретіндігі, осындай залалды келтіру қаупін тудыратындығы немесе Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласын құруды елеулі тежейтіндігі белгіленсе, өтемақы шарасы өндіру, экспорттау немесе тасымалдау кезінде экспорттаушы шетел мемлекетінің ерекше субсидиясы қолданылған импортталатын тауарға қолданылуы мүмкін.
418-бап. Субсидияны айқындау
Мыналар:
1) субсидия алушыға қосымша артықшылық беретін, тікелей немесе жанама нәтижесі тауардың экспорттаушы шетел мемлекетінен тауар экспортын ұлғайту немесе осындай экспорттаушы шетел мемлекетіне ұқсас тауар импортын қысқарту болып табылатын кірістерді немесе бағаларды қолдаудың кез келген нысаны;
2) субсидиялаушы орган жүзеге асыратын, субсидия алушыға қосымша артықшылық беретін және экспорттаушы шетел мемлекетінің аумағы шегінде мынадай нысанда көрсетілетін қаржылық жәрдемдесу:
ақша қаражатын (оның ішінде дотация, қарыздар және акцияларды сатып алу түрінде) немесе осындай қаражатты (оның ішінде қарыздар бойынша кепілдеме түріндегі) аудару бойынша міндеттемелерді тікелей аудару;
экспортталатын тауарды ішкі тұтыну үшін арналған ұқсас тауардан алынатын салықтар мен баждан босату не осындай салықтардың немесе баждардың мөлшерін нақты төленген сомалардан аспайтын мөлшерде азайту немесе қайтару жағдайларын қоспағанда, экспорттаушы шетел мемлекетінің кірісіне түсуге тиіс болатын, оның ішінде салықтық кредиттерді ұсыну жолымен қаражатты есептен шығару немесе алып қоюдан толық немесе жартылай бас тарту;
жалпы инфрақұрылымды, яғни нақты өндірушімен және (немесе) экспорттаушымен байланысты емес инфрақұрылымды қолдау мен дамытуға арналған тауарларды немесе қызметтерді қоспағанда, тауарларды немесе қызметтерді жеңілдікпен немесе өтеусіз ұсыну;
тауарларды жеңілдікпен сатып алу субсидия болып табылады.
419-бап. Субсидиялаушы орган
Экспорттаушы үшінші елдің мемлекеттік органы не жергілікті өзін-өзі басқару органы не тиісті мемлекеттік органның не жергілікті өзін-өзі басқару органының тапсырмасы бойынша әрекет ететін немесе құқықтық актіге немесе нақты мән-жайларға сүйене отырып тиісті мемлекеттік орган не жергілікті өзін-өзі басқару органы уәкілеттік берген тұлға субсидиялаушы орган болып табылады.
420-бап. Экспорттаушы шетел мемлекетінің субсидияларын ерекше субсидияларға жатқызу қағидаттары
1. Егер субсидияланатын органмен немесе экспорттаушы шетел мемлекетінің заңнамасымен субсидияны пайдалануға тек жекелеген ұйымдар жіберілетін болса, экспорттаушы шетел мемлекетінің субсидиясы ерекше болып табылады.
2. Осы бапта жекелеген ұйымдар деп нақты өндірушіні және (немесе) экспорттаушыны не экспорттаушы шетел мемлекеті экономикасының нақты саласын не өндірушілер және (немесе) экспорттаушылар тобын (одағын, бірлестігін) не экспорттаушы шетел мемлекетінің экономика салаларын білдіреді.
3. Егер осы субсидияны пайдалануға жіберілген жекелеген ұйымдардың саны субсидиялаушы органның заңды иелігіндегі географиялық өңірде орналасқан ұйымдармен шектелсе, субсидия ерекше болып табылады.
4. Егер экспорттаушы шетел мемлекетінің заңнамасымен немесе субсидиялаушы орган жалпы объективті өлшемдерді немесе субсидияны алу құқығын және оның мөлшерін (оның ішінде өнімдер өндірумен айналысатын қызметкерлер санына немесе өнімдер шығару көлеміне тәуелді) алуға айқындайтын шарттарды белгілесе және ол қатаң сақталса, субсидия ерекше болып табылмайды.
5. Кез келген жағдайда экспорттаушы шетел мемлекетінің субсидиясы ерекше субсидия болып табылады, егер мұндай субсидияны ұсыну:
1) субсидияны пайдалануға рұқсат берілген жекелеген ұйымдар санының шектелуімен;
2) жекелеген ұйымдардың субсидияны артықша пайдалануымен;
3) жекелеген ұйымдарға субсидияның мөлшерсіз үлкен сомасын ұсынуымен;
4) субсидиялаушы органның жекелеген ұйымдарға субсидияны ұсынудың жеңілдік (преференциялдық) тәсілін таңдап алуымен қосталса.
6. Экспорттаушы шетел мемлекетінің кез келген субсидиясы ерекше субсидия болып табылады, егер:
1) субсидия экспорттаушы шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес не жалғыз немесе бірнеше шарттың біреуі ретінде тауар экспортымен байланысты болса. Субсидия, егер оны беру экспорттаушы шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес тауар экспортымен байланысты болмаса, іс жүзінде тауардың болған немесе болашақта мүмкін болатын экспортымен не экспорттан түсетін түсіммен байланысты болса, нақты тауар экспортымен байланысты болып есептеледі. Экспорттаушы кәсіпорындарға субсидияны ұсыну фактісінің өзі осы тармақтың мәнінде экспортты субсидияны ұсынуды білдірмейді;
2) субсидия экспорттаушы шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес не импортты тауарлардың орнына экспорттаушы шетел мемлекетінде шығарылған тауарларды пайдаланудың жалғыз шарты немесе бірнеше шарттары ретінде нақты байланысқан болса.
421-бап. Ерекше субсидиялардың мөлшерін айқындаудың қағидаттары
Ерекше субсидия мөлшері - субсидия алушыға түсетін пайданың мөлшері негізінде айқындалатын көрсеткіш.
2. Ерекше субсидия мөлшері мұндай субсидия алушыға түсетін пайданың мөлшері негізінде айқындалады.
3. Ерекше субсидия алушыға түсетін пайданың мөлшері мынадай принциптер негізінде айқындалады:
1) субсидиялаушы органның ұйымның капиталына қатысуы егер мұндай қатысу экспорттаушы шетел мемлекетінің аумағындағы қалыпты инвестициялық тәжірибеге (тәуекелдік капиталын ұсынуды қоса алғанда) жауап бермейтін ретінде бағалануы мүмкін болмаса пайданы беру ретінде қарастырылмайды;
2) субсидиялайтын органға берілген кредит, егер кредит алушы ұйым мемлекеттік кредит үшін төлейтін сома мен осы ұйым экспорттаушы шетел мемлекетінің кредиттік нарығында алуы мүмкін салыстырмалы коммерциялық кредит үшін төлейтін соманың арасындағы айырмашылық жоқ болса, пайданы беру ретінде қаралмайды. Бұлай болмаған жағдайда, осы екі соманың арасындағы айырмашылық пайда болып саналады;
3) субсидиялаушы органның кредитті кепілдендіруі, егер кепілдікті алушы ұйым субсидиялаушы орган кепілдендірген кредит үшін төлейтін сома мен осы ұйым экспорттаушы шетел мемлекетінің кредиттік нарығында алуы мүмкін салыстырмалы коммерциялық кредит үшін мемлекеттік кепілдіксіз төлейтін соманың арасындағы айырмашылық жоқ болса, пайданы беру ретінде қаралмайды. Бұлай болмаған жағдайда комиссиялық айырмашылықта осы екі соманың арасындағы түзетулері бар айырмашылық пайда болып саналады;
4) субсидиялайтын органның тауарларды немесе қызметтерді жеткізуі, не тауарларды сатып алуы, егер тек қана тауарларды немесе қызметтерді баламалы төлемнен кем жеткізсе, не болмаса сатып алу кемінде баламалы төлемнен асырып жүзеге асырылмаса, пайданы беру ретінде қаралмайды. Төлемнің баламалылығы осындай тауарлар мен қызметтерді экспорттаушы шетел мемлекетінің нарығында сатып алу және сатудың бағаны, сапаны, қолжетімділікті, жоюды, тасымалдауды және тауарды сатып алудың немесе сатудың басқа да шарттарын қоса алғанда, қолданыстағы нарықтық жағдайларға қатысты айқындалады.
422-бап. Субсидияланатын импорттың салдарынан Кеден одағына
мүше мемлекеттердің экономика саласының залалын белгілеу
1. Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласының материалдық залалы, сондай залалды келтіру қаупі немесе субсидияланатын импорттың салдарынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласын жасауды елеулі кідірту оны жүргізу барысында тергеу кезеңінде айқындалады және субсидияланатын импорттың көлемін талдау нәтижелері және Кеден одағының мүше мемлекеттері нарығында ұқсас тауардың бағасына және Кеден одағына мүше мемлекеттерде ұқсас тауарды өндірушілерге субсидияланатын импорттың ықпалы негізінде белгіленеді.
Өндірісі, экспорты немесе тасымалдау кезінде экспорттаушы үшінші елдің өзіндік субсидиясы пайдаланылған тауардың Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына импорты субсидияланатын импорт болып табылады.
2. Субсидияланатын импорттың көлемін талдау кезінде тергеу жүргізетін орган субсидияланатын импортта елеулі ұлғаю болғанын не болмағанын белгілейді (абсолютті көрсеткіштерде не өндіріске немесе Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұқсас тауарын тұтынуға қатысты).
3. Егер бір уақытта жүргізілген тергеулердің мәні қандай да бір тауарды біреуден астам экспорттаушы шетел мемлекетінен Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына субсидияланатын импорт болып табылса, тергеу жүргізетін орган, осындай импорттың жиынтықты әсерін бағалай алады, егер:
1) осы тауарға әрбір экспорттаушы шетел мемлекетіндегі субсидияның мөлшері оның құнынан бір процентінен астамын құрайды, ал әрбір экспорттаушы шетел мемлекетінен субсидияланатын импорт көлемі осы Кодекстің 432-бабының 2-тармағына сәйкес елеусіз болып табылмайды;
2) субсидияланатын импорттың мәні болып табылатын тауар импортының жиынтықты әсер етуінің бағасы импорттық тауарлар арасындағы бәсекелестік шарттары мен импорттық тауар және Кеден одағына мүше мемлекеттердің шығарылған ұқсас тауар арасындағы бәсекелестік шарттарын есепке алғанда мүмкін болып табылған жағдайда белгілесе.
4. Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы ұқсас тауар бағасына субсидияланатын импорттың әсерін талдау кезінде тергеу жүргізетін орган:
1) субсидияланатын импорттың мәні болып табылатын тауар бағасы Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы ұқсас тауардың бағасынан елеулі төмен болғандығын;
2) субсидияланатын импорт Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында ұқсас тауар бағасының елеулі төмендеуіне алып келгендігін;
3) субсидияланатын импорт мұндай импорт болмаған жағдайда орын алатын Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында ұқсас тауарлардың бағасының елеулі өсуіне кедергі келтіргендігін белгілейді.
5. Субсидияланатын импорттың Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына келтіретін әсерін талдау Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласынының жай-күйіне қатысы бар экономикалық факторларды, оның ішінде:
1) болған немесе жақын арада болуы мүмкін өндірістің қысқартылуын, тауардың сатылуын, Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы тауар үлесін, тартылған инвестициялардан табыстарды, өнімділікті, кірістерді немесе өндірістік қуаттылықтарды пайдалануды;
2) Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы тауар бағасына әсер ететін факторларды;
3) болған немесе келешекте ақша ағыны қозғалысына, тауар қорына, жұмыспен қамту деңгейіне, еңбекақыға, өндірістің өсу қарқынына, инвестицияларды тарту мүмкіндігіне теріс әсерін бағалауды білдіреді..
6. Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына субсидияланатын импорттың әсері, егер қолда бар деректер өндірістік процесс, тауарды оның өндірушілерінің сатуы мен табысы сияқты өлшемдердің негізінде ұқсас тауарларды өндіруді бөліп алуға мүмкіндік берсе, Кеден одағына мүше мемлекеттерде ұқсас тауарды шығаруға қатысты бағаланады.
Егер қолда бар деректер ұқсас тауарларды өндіруді бөліп алуға мүмкіндік бермесе, субсидияланатын импорттың Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына ықпалы өндіріске неғұрлым шағын топ немесе өзіне ұқсас тауарлар мен олар туралы қажетті деректерді қамтитын тауарлар номенклатурасын қолдана отырып бағаланады.
7. Субсидияланатын импорттың салдарынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал келтіру қаупін анықтау кезінде тергеу жүргізетін орган қолда бар барлық факторларды, оның ішінде мынадай факторларды:
1) субсидияның сипатын, мөлшерін немесе субсидияларды және олардың саудаға мүмкін болатын әсерін;
2) мұндай импорттың одан әрі ұлғаюының нақты мүмкіндігі туралы куәландыратын субсидияланатын импорттың өсу қарқынын;
3) субсидияланатын импорттың мәні болып табылатын тауар экспорттаушыда жеткілікті экспорттық мүмкіндіктердің немесе басқа экспорттық нарықтардың осы тауардың кез келген қосымша экспортын қабылдау қабілетін ескере отырып, осы тауардың субсидияланатын импортының ұлғаюының нақты мүмкіндіктері туралы куәландыратын олардың ұлғаюының айқын бұлтартпастығының болуын;
4) егер мұндай баға деңгейі ұқсас тауар бағасын төмендетуге немесе Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы ұқсас тауар бағасының өсімін кідіртуге және субсидияланатын импорттың мәні болып табылатын тауарға сұраныстың бұдан әрі өсуіне алып келетін болса, субидияланған импорттың мәні болып табылатын тауар бағасының деңгейін;
5) субидияланған импорттың мәні болып табылатын тауар экспорттаушыдағы қорды ескереді.
8. Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал келтіру қаупінің бар екендігін белгілеу туралы шешімді, егер осы баптың 8-тармағында көрсетілген факторларды талдау нәтижелері бойынша тергеу барысында тергеу жүргізетін орган субсидияланатын импортты жалғастырудың бұлтартпастығы және мұндай импорттың өтемақы шараларды қабылдамаған жағдайда, Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал келтіретіндігі туралы қорытындыға келген жағдайда қабылдайды.
9. Мұндай импорттың салдарынан субсидияланатын импорт пен Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласының залалы арасындағы себеп-салдарлық байланыстың болуын белгілеу іске қатысы бар барлық талдауға және тергеу жүргізетін органның өкіміндегі дәлелдемелер мен мәліметтерге негізделуге тиіс.
10. Тергеу жүргізетін орган субсидияланатын импорттан басқа оның салдарынан дәл сол кезеңде Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына залал келтірілетін басқа да белгілі факторларды талдайды.
Тергеу жүргізетін орган Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласының көрсетілген залалын субсидияланатын импорттың салдарынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалға жатқызбауға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |