Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі


-бап. Тауардың қалыпты құнын айқындау



жүктеу 5,76 Mb.
бет25/30
Дата17.11.2017
өлшемі5,76 Mb.
#668
түріКодекс
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

409-бап. Тауардың қалыпты құнын айқындау

1. Тауардың қалыпты құнын тергеу жүргізетін орган экспорттаушы шетел мемлекетінің ішкі нарығында осындай шет мемлекеттің резиденті болып табылатын өндірушілермен және экспорттаушылармен байланысты тұлғалар болып табылмайтын сатушыларға сату кезінде, сауданың кәдімгі барысында бәсекелестік жағдайларда экспорттаушы шетел мемлекеттерінің кеден аумағында пайдалану үшін ұқсас тауардың бағалар негізінде айқындайды.

Қалыпты құнды айқындау мақсаттары үшін осындай шет мемлекеттің резиденті болып табылатын өндірушілермен және экспорттаушылармен байланысты тұлғалар болып табылатын сатып алушылардың сатуы кезінде, егер аталған байланыс шетелдік өндірушінің және (немесе) экспорттаушының баға саясатына әсер етпейтіндігі белгіленген жағдайда, ұқсас тауардың бағалар есепке алынуы мүмкін.

2. «Байланысты тұлғалар» – төменде келтірілген бір немесе бірнеше өлшемдерге сай келетін тұлғалар:

осы тұлғалардың әрқайсысы басқа тұлғаның қатысуымен құрылған ұйымның қызметкері немесе басшысы болып табылады;

тұлғалар іскер әріптестер болып табылады, яғни шарттық қатынастармен байланысты болады, кіріс алу мақсатында іс-әрекет жасайды және бірлескен қызметті жүзеге асырумен байланысты шығыстар мен залалдарды бірлесіп көтереді;

тұлғалар бір ұйымның жұмыс берушілері және жұмыскерлері болып табылады;

қандай да бір тұлға дауыс беретін акциялардың 5 және одан да көп пайызының немесе екі тұлғаның үлестерін тікелей немесе жанама түрде иеленеді, бақылайды немесе атаулы ұстаушысы болып табылады;

тұлғалардың біреуі екінші тұлғаны тікелей немесе жанама  түрде бақылайды;

екі тұлғаны да үшінші тұлға тікелей немесе жанама түрде бақылайды;

екі тұлға бірлесіп үшінші тұлғаны тікелей немесе жанама түрде бақылайды;

тұлғалар неке қатынастарында, туыстық немесе бала асыраушы немесе асырап алынған, сондай-ақ қамқоршы және қамқорлықтағы қатынастарда болады.

Бұл ретте тікелей бақылау деп мынадай:

- оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыру;

- заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу шарттарын айқындау құқығын алу;

- заңды тұлғаның жарғылық (қоймалық) капиталын (қорын) құрайтын акцияларға (үлестерге) тиесілі дауыстардың жалпы санының 5 пайызынан астамына иелік ету іс-қимылдарының бірі немесе бірнешеуі арқылы заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді заңды немесе жеке тұлғаның айқындауы мүмкіндігі түсініледі;

Жеке немесе заңды тұлға арқылы не арасында тікелей бақылау бар бірнеше заңды тұлғалар арқылы заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді заңды немесе жеке тұлғаның айқындауы мүмкіндігі жанама бақылау деп түсініледі.

3. Экспорттаушы шетел мемлекетінің нарығындағы сауданың кәдімгі барысында ұқсас тауарды сатудың көлемі, егер бұл көлем экспорттаушы шетел мемлекетінен Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына тауарлар экспортының жалпы көлемінен кемінде 5 проценті құраса, тауардың қалыпты құнын айқындау үшін жеткілікті ретінде қаралады.

Сауданың кәдімгі барысында ұқсас тауарды сатудың барынша төменгі көлемі, егер мұндай көлем сауданың кәдімгі барысында тауардың экспорттық бағасын осындай тауардың бағасымен тиісті салыстыруды қамтамасыз ету үшін жеткілікті деген айғақ бар тауардың қалыпты құнын айқындау үшін қолайлы деп саналады.

4. Осы баптың 1-тармағына сәйкес тауардың қалыпты құнын айқындау кезінде сатып алушының экпорттаушы шетел мемлекетінің ішкі нарығында сатуы кезіндегі тауардың бағасы тергеу кезеңі ішінде сатып алушыларға экспорттаушы сатқан ұқсас тауардың орташа өлшемді бағасы немесе осы кезең шеңберіндегі сатып алушының әрбір сатуы бойынша бағасы болып табылады.

5. Әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды ескере отырып, ұқсас тауар бірлігін өндірудің өзіндік құнынан төмен баға бойынша экспорттаушы шетел мемлекетінің нарығында немесе экспорттаушы шетел мемлекетінен басқа шет мемлекетке ұқсас тауарды сату, егер тергеу жүргізетін орган ұқсас тауарды мұндай сату осы кезеңде барлық шығындарды өтеуді қамтамасыз етпейтін елеулі көлемде және бағалар бойынша тергеу кезеңінде жүзеге асырылатынын белгілейтін жағдайда ғана, тауардың қалыпты құнын айқындау кезінде ескерілмеуі мүмкін.

6. Егер оны сату сәтінде әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды ескере отырып, ұқсас тауар бірлігін өндірудің өзіндік құнынан төмен осындай тауардың бағасы, тергеу кезеңінде әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды ескере отырып, тауар бірлігінің орташа өлшемді өзіндік құнынан асып кеткен жағдайда, мұндай баға тергеу кезеңі ішіндегі барлық шығындарды өтеуді қамтамасыз ету ретінде қаралады..

7. Әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды ескере отырып, ұқсас тауарды өндірудің өзіндік құнынан төмен баға бойынша ұқсас тауарды сату, егер тауардың қалыпты құнын айқындау кезінде ескерілетін мәмілелер бойынша ұқсас тауардың орташа өлшемді бағасы әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды ескере отырып, осындай тауардың бірлігін өндірушінің орташа өлшемді өзіндік құнынан төмен және баға бойынша сату көлемі осындай өзіндік құнынан төмен жағдайда, тауардың қалыпты құнын айқындау кезінде ескерілетін мәмілелер бойынша сату көлемінің кемінде 20 процентін құрайды.

8. Әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды ескере отырып, тауар бірлігін өндірудің өзіндік құны мұндай деректердің экспорттаушы шетел мемлекетіндегі бухгалтерлік есеп пен есептіліктің жалпы қабылданған принциптері мен ережелеріне сәйкес келуі және тауарды шығарумен және сатумен байланысты шығындарды толық көрсету шартымен тауарды экспорттаушы және өндіруші берген деректер негізінде есептеледі.

9. Тергеу жүргізетін орган, шығындарды мұндай бөлу әдетте, тергеу объектісі болып табылатын, атап айтқанда, амортизацияның тиісті кезеңін, өндірісті дамытуға басқа да шығындарды жабу мен капитал салуға аударымдар белгілеуге қатысты осындай тауарды экспорттаушыға немесе өндірушіге қолданылуы шартымен тергеу объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушы немесе өндіруші берген деректерді қоса алғанда, өндіріс шығындарын әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды бөлу дұрыстығының оның иелігіндегі барлық айғағын ескереді.

10. Өндіріс шығындары, әкімшілік, сауда және жалпы шығындар өндірісті дамытуға байланысты бір жолғы шығыстарды немесе өндірісті ұйымдастыру кезеңінде жүзеге асырылатын тергеу кезіндегі операциялардың әсер ететін шығындардың жағдайларын ескере отырып, түзетіледі. Мұндай түзетулер өндірісті ұйымдастыру кезеңінің аяғындағы, ал егер өндірісті ұйымдастыру кезеңі тергеу кезеңінен асып кеткен болса, тергеу жүргізу кезеңіне келетін өндірісті ұйымдастырудың барынша кеш кезеңі үшін шығындарды көрсетуге тиіс.

11. Әкімшілік, сауда және жалпы шығындардың жиынтық сандық көрсеткіштері және экономиканың осы саласына тән пайда демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауарды экспорттаушы немесе өндіруші беретін сауданың кәдімгі барысында осындай тауарды өндіру және сату туралы нақты деректер негізінде айқындалады.

Егер мұндай жиынтық сандық көрсеткіштерді көрсетілген жолмен айқындауға болмайтын болса, олар мыналардың:

1) экспорттаушы шетел мемлекетінің нарығында тауардың сол санатын өндіруіне және сатуына байланысты тергеу объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушы немесе өндіруші алған және жұмсаған нақты сома;

2) осындай тауарды басқа да экспорттаушы немесе өндіруші экспорттаушы шетел мемлекетінің нарығында ұқсас тауардың өндіруіне және сатуына байланысты алынған және жұмсалған орташа өлшемді нақты сома;

3) осындай жолмен айқындалған пайда сомасы экспорттаушы шетел мемлекетінің нарығындағы сол санаттағы оны сату кезінде әдетте басқа да экспорттаушылар немесе өндірушілер алатын пайдадан аспайтын жағдай кезінде өзге әдіс негізінде айқындалуы мүмкін.

12. Демпингтік импорт нарықтағы бағаларды мемлекет тікелей реттейтін немесе сыртқы сауданың мемлекеттік монополиясы бар экспорттаушы шетел мемлекетінен болған жағдайда, тауардың қалыпты құны бағаның немесе тиісті шет мемлекетте есептелген ұқсас тауарлар құнына (көрсетілген экспорттаушы шет мемлекетпен тергеу мақсаттары үшін салыстырылатын) не мұндай шет мемлекеттерден басқа шет мемлекеттерге, оның ішінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің бірыңғай кеден аумағына жеткізу кезіндегі ұқсас тауар бағасының негізінде белгіленуі мүмкін.

Егер тауардың қалыпты құнын айқындау осы тармақтың ережелеріне сәйкес мүмкін болмаған жағдайда, тауардың қалыпты құны Кеден одағына мүше мемлекеттердің бірыңғай кеден аумағындағы ұқсас тауарға төленген немесе төленуге жататын және табысты ескере отырып түзетілген бағаның негізінде айқындалуы мүмкін.
410-бап. Тауардың экспорттық бағасын айқындау

1. Тауардың экспорттық бағасы тергеу кезеңінде оны сату туралы деректер негізінде айқындалады.

2. Демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауардың экспорттық бағасы туралы деректер жоқ болған кезде не тергеу жүргізетін органның осы тауардың экспорттық бағасы туралы мәліметтердің шынайылығына негізді күмәні пайда болып, осының салдарынан тауарды экспорттаушы мен импорттаушы тұлғалармен, оның ішінде олардың әрқайсысының үшінші тұлғамен байланысына орай не осы тауардың экспорттық бағасына қатысты ымыраласу нысанында шектеулі іскерлік тәжірибе болған кезде, оның экспорттық бағасы, егер импортталушы тауар тәуелсіз сатып алушыға қайта сатылмаса немесе Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына қандай түрде импортталса, сондай түрде қайта сатылмаса тергеу жүргізетін орган анықтайтын импортталушы тауар бірінші рет тәуелсіз сатып алушыға сатылатын баға негізінде есептелуі мүмкін.
411-бап. Демпингтік импорт салдарынан Кеден одағына мүше

мемлекеттердің экономика саласының залалын белгілеу

1. Демпингтік импорт салдарынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына залал демпингтік импорт көлемін талдау нәтижелері, Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында ұқсас тауарлар бағасына және Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұқсас тауар өндірушілеріне әсері негізінде белгіленеді.

2. Осы тараудың мақсаттары үшін Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласының залалы деп Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласының материалдық залалы, осындай залалды келтіру қатері немесе Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласын құруды айтарлықтай кідіртуді түсініледі.

3. Демпингтік импорттың салдарынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласының залалының болуын анықтау мақсаты үшін болуын анықтау мақсатында мәліметтер талданатын тергеу кезеңін тергеу жүргізетін орган белгілейді.

4. Демпингтік импорт көлемін талдау кезінде тергеу жүргізетін орган тергеу объектісі болып табылатын (абсолюттік көрсеткіштерде не Кеден одағына мүше мемлекеттердегі ұқсас тауарды өндіруге немесе тұтынуға қатысты) тауардың демпингтік импортының елеулі ұлғаюының болған, болмағанын айқындайды.

5. Кеден одағына мүше мемлекеттер нарығындағы ұқсас тауардың бағасына демпингтік импорттың әсер етуін талдау кезінде тергеу жүргізетін орган

1) демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауар бағалары Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы ұқсас тауар бағаларынан елеулі төмен болды ма;

2) демпингтік импорт Кеден одағына мүше мемлекеттер нарығында ұқсас тауар бағасының елеулі төмендеуіне алып келді ме;

3) демпингтік импорт осындай импорт болмаған жағдайда орын алатын Кеден одағына мүше мемлекеттер нарығында ұқсас тауар бағасының елеулі өсуіне кедергі келтірді ме, белгілейді.

6. Егер бір уақытта жүргізілген тергеудің мәні бір экспорттаушы шетел мемлекетінен көп Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына тауардың импорты болып табылатын жағдайда, тергеу жүргізетін орган мұндай импорттың жиынтық әсер етуін, егер:

1) тергеу объектісі болып табылатын тауар импортына қатысты айқындалған демпингтік маржа әрбір экспорттаушы шетел мемлекетінен ең аз рұқсат етілетін демпингтік маржасынан асса, ал әрбір экспорттаушы шетел мемлекетінен осы тауар импортының көлемі осы Кодекстің 34-бабының 2-тармағының ережелерін ескере отырып, елеусіз болып табылмаса;

2) тауар импортының жиынтық әсер етуін бағалау импорттық тауарлар арасындағы бәсекелестік шарттарын және Кеден одағына мүше мемлекеттерде өндірілген импорттық тауар мен ұқсас тауар арасындағы бәсекелестік шарттарын ескере отырып, мүмкін болып табылса ғана бағалауы мүмкін.

7. Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына демпингтік импорттың әсер етуін талдау Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласының жай-күйіне қатысы бар барлық экономикалық факторларды, қоса алғанда:

оған бұрын орын алған демпингтік немесе субсидияланған импорттың әсер етуінен кейін Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласының экономикалық жағдайын қалпына келтіру деңгейі;

болған немесе болашақта болуы мүмкін өндірістің қысқаруы, тауарды сатуды, оның Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы үлесін, пайдасын, өнімділігін, тартылған инвестициялардан түсетін кірістерді немесе өндірістік әлеулеттілікті пайдалануды;

Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы тауар бағасына әсер ететін факторларды;

демпингтік маржаның мөлшері;

болған немесе болашақта болуы мүмкін тауар өндірісі өсу қарқынына, тауар қорына, жұмыспен қамту деңгейіне, еңбекақына, инвестицияларды тарту мүмкіндігіне және қаржылық жай-күйіне жағымсыз әсерін, бағалаудан тұрады.

Сонымен қатар, бір де бір фактор демпингтік импорт салдарынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына залалды белгілеу мақсаты үшін шешуші мәнге ие бола алмайды.

8. Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласындағы демпингтік импорт пен залал арасындағы себеп-салдарлық байланыстың болуы туралы қорытынды тергеу жүргізетін органның қол астында іске қатысты барлық айғақтар мен мәліметтерді талдауында негізделуге тиіс.

9. Тергеу жүргізетін орган демпингтік импорттан басқа, оның салдары сол кезеңде Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына залал келтіретін кез келген басқа белгілі факторларды да талдайды.

Іске қатысты ретінде қаралуы мүмкін факторлар атап айтқанда, демпингтік бағалар бойынша сатылмаған импортталатын тауардың көлемі мен бағасын, тұтыну құрылымындағы сұраныстың қысқаруын немесе өзгерісті, шектеулі сауда практикасын, технологиялық жетістіктерді, сондай-ақ, Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласының экспорттық көрсеткіштері мен өнімділігін қамтиды.

Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласының осы факторлары салдарынан келтірілген залал демпингтік импорт салдарынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалға жатқызылуға тиіс емес.

10. Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына демпингтік импорттың әсер етуі, егер қолда бар деректер өндірістік процесс, оны өндірушілердің ұқсас тауарды сатуы және пайда сияқты осындай өлшемдер негізінде ұқсас тауарды өндіруді бөліп көрсетуге мүмкіндік берсе, Кеден одағына мүше мемлекеттердегі ұқсас тауарды өндіруге қатысты бағаланады.

Егер қолда бар деректер ұқсас тауар өндірісін бөліп көрсетуге мүмкіндік бермеген жағдайда, Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына демпингтік импорттың әсер етуі ұқсас тауарды қамтитын және ол туралы қажетті деректер бар тауарлардың неғұрлым қысаң тобын немесе номенклатурасын шығаруға қатысты бағаланады.

11. Демпингтік импорт салдарынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал келтіру қатерін анықтаған кезде тергеу жүргізетін орган қолда бар барлық факторларды, оның ішінде:

1) мұндай импорттың бұдан әрі ұлғаюының нақты мүмкіндігі туралы куәландыратын демпингтік импорттың өсу қарқынын;

2) демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауарды экспорттаушыда жеткілікті экспорттық мүмкіндіктердің немесе басқа экспорттық нарықтардың осы тауардың кез келген қосымша экспортын қабылдау мүмкіндігін ескере отырып, осы тауардың демпингтік импортын ұлғайтудың нақты мүмкіндігі туралы куәландыратын оларды ұлғайтудың анық бұлтартпаушылығының болуын;

3) егер мұндай баға деңгейі Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында ұқсас тауар бағасының төмендеуіне немесе оны ұстап тұруға және тергеу объектісі болып табылатын тауарға сұраныстың одан әрі өсуіне алып келуі мүмкін болса, тергеу объектісі болып табылатын тауар бағасының деңгейін;

4) тергеу объектісі болып табылатын тауар қорының экспорттаушыда болуын ескереді.

12. Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал келтіру қатерінің бар болуы туралы шешімі, егер осы баптың 11-тармағында көрсетілген факторларды талдау нәтижелері бойынша тергеу барысында тергеу жүргізетін орган демпингтік импортты жалғастырудың бұлтартпастығы және мұндай импортқа демпингке қарсы шараларды қолданбаған жағдайда Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал келтіргені туралы қорытындыға келген жағдайда қабылданады.
412-бап. Алдын ала демпингке қарсы бажды енгізу

1. Алдын ала демпингке қарсы баж – Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауардың импорты кезінде қолданылатын, тергеу жүргізетін орган тергеу барысында демпингтік импорттың болуы туралы алдын ала қорытынды жасаған және сонымен байланысты мүше мемлекеттердің экономикасы саласының материалдық залал келтіру немесе мүше мемлекеттердің экономикасы саласын құруды елеулі кідірту қатері.

2. Егер тергеу аяқталғанға дейін алынған ақпарат демпингтік импорттың бар болуы туралы және Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласында залалының байланыстығын куәландырған жағдайда, алдын ала қорытынды мазмұндалған тергеу жүргізетін орган баяндамасының негізінде тергеу жүргізу кезеңінде демпингтік импорт келтірген Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласының залалы болғызбау мақсатында алдын ала демпингке қарсы бажды енгізу арқылы демпингке қарсы шараны қолдану туралы шешім қабылданады.

3. Уәкілетті орган алдын ала қорытынды негізінде тергеу жүргізетін орган дайындаған алдын ала демпингке қарсы бажды енгізу туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының мүдделі ұйымдарымен келіседі.

4. Алдын ала демпингке қарсы баж тергеу басталған күннен бастап күнтізбелік 60 күннен ерте енгізілуі мүмкін емес.

5. Алдын ала демпингке қарсы баждың ставкасы Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласының залалын жою үшін жеткілікті, бірақ, алдын ала есептелген демпингтік маржаның мөлшерінен жоғары болмауға тиіс.

6. Егер алдын ала демпингке қарсы баж ставкасы алдын ала есептелген демпингтік маржадан аз жағдайда, алдын ала демпингке қарсы баждың қолданылу мерзімі, егер бұл мерзім, үлесі тергеу объектісі болып табылатын тауардың демпингтік импорты көлемінде үлкен бөлігін құраған экспорттаушылардың өтініші негізінде 9 айға дейін ұзартылатын жағдайды қоспағанда, 6 айдан аспауға тиіс.

7. Егер тергеу нәтижелері бойынша тергеу жүргізетін орган демпингке қарсы шараны енгізу үшін негіздер жоқ деп белгілеген жағдайда, алдын ала демпингке қарсы баждың сомасы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес төлеушіге қайтаруға жатады.

8. Егер тергеу нәтижелері бойынша демпингке қарсы шара қолдану  туралы шешім қабылданса, тергеу нәтижелері бойынша қабылданған, демпингке қарсы шара қолдану туралы шешім күшіне енген күннен бастап алдын ала демпингке қарсы баж сомалары осы баптың 9 және 10-тармақтарындағы ережелерді ескере отырып, осы Кодекстің 428-бабының 4 айқындалған тәртіппен есептелуге және бөлінуге тиіс.

9. Егер тергеу нәтижелері бойынша алдын ала демпингке қарсы баж  мөлшерлемесіне қарағанда, демпингке қарсы баждың неғұрлым төмен мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылса, демпингке қарсы баждың белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген алдын ала демпингке қарсы баж сомасына сәйкес келетін алдын ала демпингке қарсы баж сомалары осы Кодекстің 428-бабының 4 айқындалған тәртіппен есептелуге және бөлінуге тиіс.

Демпингке қарсы баждың белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген демпингке қарсы баждың сомасынан асатын алдын ала демпингке қарсы баж сомалары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес төлеушіге қайтарылуға тиіс.

10. Егер тергеу нәтижелері бойынша алдын ала демпингке қарсы баж  мөлшерлемесіне қарағанда, демпингке қарсы баждың неғұрлым жоғары мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылса, демпингке қарсы баж бен алдын ала демпингке қарсы баж сомалары арасындағы айырмашылық алынбайды.

11. Алдын ала демпингке қарсы баж тергеуді бір мезгілде жалғастырған жағдайда қолданылады.
413-бап. Тергеу объектісі болып табылатын тауарды

экспорттаушының баға міндеттемелерін қабылдауы

1. Тергеуді тергеу жүргізетін орган тергеу объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушыдан осындай тауарға бағаны қайта қарау немесе Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына алдын ала демпингке қарсы баж немесе оның қалыпты құнынан төмен баға бойынша экспорттауды тоқтату туралы жазбаша нысанда баға міндеттемелерін алған кезде (Кеден одағына мүше мемлекеттерде экспорттаушымен байланысты адамдар болған кезде бұл адамдардың осы міндеттемелерді қолдайтыны туралы өтініші де қажет), егер тергеу жүргізетін орган осындай міндеттемелерді қабылдау демпингтік импортпен келтірілген залалды қалпына келтіреді деген қорытындыға келсе және  оларды мақұлдау туралы шешім қабылданса, тоқтатуы немесе тоқтата тұруы мүмкін.

Тауар бағасының деңгейі осы міндеттемелерге сәйкес демпингтік маржаны жою үшін бұл қажеттіге қарағанда жоғары болмауға тиіс.

Тауар бағасының көтерілуі егер, мұндай көтерілу Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласының залалын жою үшін жеткілікті болып табылса демпингтік маржадан аз болмауы мүмкін.

2. Баға міндеттемелерін мақұлдау туралы шешімді демпингтік импорттың бар болуы мен тергеу жүргізетін орган Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына залалдың болғандығы туралы алдын ала қорытындыға келмегенге дейін шығармайды.

3. Баға міндеттемелерін мақұлдау туралы шешімді, егер тергеу жүргізетін орган қабылдау тауарды нақты немесе әлеуетті экспорттаушылардың өте көп болуына байланысты немесе өзге де себептер бойынша қабылдауға болмайтын болса, шығармайды.

Тергеу жүргізетін орган экспорттаушыларға олардың баға міндеттемелерін мақұлдау қолайсыз деп танылғанын хабарлайды және экспорттаушыларға олардың баға міндеттемелерін мақұлдаудан бас тартуымен байланысты өз түсініктемелерін беру мүмкіндіктерін ұсынады.

Тергеу жүргізетін орган баға міндеттемелерін қабылдаған әрбір экспорттаушыға тиісті сұрауды алған жағдайда оны мүдделі тұлғаларға ұсыну мүмкіндігі болу үшін олардың құпия емес нұсқасын беру туралы сұрауды жібереді.

4.  Тергеу жүргізетін орган экспорттаушыларға баға міндеттемелерін қабылдауды ұсына алады, бірақ оны талап ете алмайды.

5. Баға міндеттемелері мақұлданған жағдайда, демпингке қарсы тергеу тауар экспорттаушының өтініші бойынша немесе тергеу жүргізетін органның шешімі бойынша жалғастырылуы мүмкін.

Егер тергеудің нәтижесі бойынша демпингтік импорттың немесе онымен Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына залалдың жоқтығы туралы қорытынды жасалса, егер жасалған қорытынды елеулі деңгейде осы міндеттемелердің қолдануының нәтижесі болып табылатын жағдайды қоспағанда, баға міндеттемелерін қабылдаған экспорттаушы осындай міндеттемелерден автоматты түрде босатылады. Егер жасалған қорытынды елеулі деңгейде осы міндеттемелерді қолдануының нәтижесі болып табылатын жағдайда, міндеттемелер қажетті уақыт кезеңінің ішінде күшінде қалуға тиіс екендігі туралы шешім қабылдануы мүмкін.

6. Егер тергеудің нәтижесі бойынша тергеу жүргізетін орган демпингтік импорттың бар екендігі және онымен Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына залалдың болғаны туралы қорытындыға келсе, экспорттаушы қабылдаған баға міндеттемелерін олардың шарттарына және осы Кодекстің ережелеріне сәйкес әрекет етуді жалғастырады.

7. Тергеу жүргізетін орган экспорттаушыдан экспорттаушының баға міндеттемелерін орындауына қатысты мәліметтерді, сондай-ақ осындай мәліметтерді тексеруге келісім сұрауға құқылы.

Сұрау салынатын мәліметтерді тергеу жүргізетін орган белгілеген мерзімде бермеу, сондай-ақ мәліметтерді тексеруге келіспеу экспорттаушының өзі қабылдаған баға міндеттемелерін бұзғаны болып есептеледі.

8. Экспорттаушы баға міндеттемелерін бұзған немесе қайтарып алған жағдайда, егер тергеу әлі аяқталмаса, алдын ала демпингке қарсы бажды немесе тергеудің түпкілікті нәтижелері оны енгізу үшін негіз бар екендігі туралы куәландырса, демпингке қарсы бажды енгізу арқылы демпингке қарсы шараны қолдану туралы шешім қабылдауы мүмкін.

Экспорттаушы қабылдаған баға міндеттемелерін бұзған жағдайда, оған осындай бұзушылыққа байланысты өзінің түсіндірмесін беруге мүмкіншілік беріледі.

9. Баға міндеттемелерін мақұлдау туралы шешімде осы баптың 8-тармағына сәйкес енгізілуі мүмкін алдын ала демпингке қарсы баж немесе демпингке қарсы баж ставкасы айқындалуы тиіс.

10. Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган алдын ала қорытынды негізінде тергеу жүргізетін орган дайындаған осы баптың 1-тармағына көрсетілген баға міндеттемелерін мақұлдау туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келіседі.


жүктеу 5,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау