Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі


-бап. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар



жүктеу 5,76 Mb.
бет11/30
Дата17.11.2017
өлшемі5,76 Mb.
#668
түріКодекс
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30

194-бап. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар

1. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар өнім (көрсетілетін қызмет) өндірушілерден (орындаушылардан), өнімді (көрсетілетін қызметті) берушілерден және тұтынушылардан тәуелсіз болуға тиіс. 

2. Сәйкестікті растау жөніндегі органдардың филиалдары заңды тұлғаның өтінімі бойынша осы Заңға сәйкес аккредиттеледі. 

Сәйкестікті растау жөніндегі органдар филиалдарының аккредиттеу саласы бөлек бекітіледі. 

3. Сәйкестікті растау жөніндегі органдардың сәйкестікті бағалау процесінің әділдігіне және объективтілігіне әсер ететін консультациялық қызмет көрсетуге құқығы жоқ.

4. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар сәйкестікті растау жөніндегі қызмет нәтижесінде туындайтын тәуекелдерді бағалай отырып, сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде әділдікті қамтамасыз етуге және қызмет саласындағы міндеттемелерді қамтамасыз ету үшін олардың қаржылық тұрақтылығы және тиісті ресурстары болуға тиіс.


195-бап. Сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханалары (орталықтары) және өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар

1. Сынақ лабораториясы (орталығы) – зерттеуді, сынақты жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның атынан іс-қимыл жасайтын оның құрылымдық бөлімшесі.

Салыстырып тексеру зертханасы (орталығы) – салыстырып тексеруді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның атынан іс-қимыл жасайтын оның құрылымдық бөлімшесі.

Калибрлеу зертханасы (орталығы) – калибрлеуді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның атынан іс-қимыл жасайтын оның құрылымдық бөлімшесі.

Өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын зағды тұлғалар - өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттау жөніндегі жұмысты жүргізуге аккредиттелген заңды тұлға.

2. Сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханалары (орталықтары) және өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар өз қызметін осы Кодекске, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы және өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

3. Салыстырып тексеру зертханалары (орталықтары) өнім (көрсетілетін қызмет) өндірушілерден (орындаушылардан), өнімді (көрсетілетін қызметті) берушілерден және тұтынушылардан тәуелсіз болуға тиіс.

4. Сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханалары (орталықтары) өлшемдердің қадағалануын Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралызаңнамасынасәйкесшама бірліктерінің өлшемдерін шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарынан, олар жоқ болған жағдайда - басқа елдердің шама бірліктері ұлттық эталондарынан алу арқылы қамтамасыз етуге тиіс.

5. Сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханалары (орталықтары) сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды және «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабында көзделген салалардағы жұмыстарды орындау кезінде әділдікті қамтамасыз етуге, қызмет нәтижесінде туындайтын тәуекелдерді бағалауға және қызмет саласындағы міндеттемелерді қамтамасыз ету үшін олардың қаржылық тұрақтылығы және тиісті ресурстары болуға тиіс.
196-бап. Аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшылар және техникалық сарапшылар

1. Аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшылар және техникалық сарапшылар осы Кодекске сәйкес аккредиттеу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге қатысады.

2. Аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшылар және техникалық сарапшылар өз қызметiн еңбек шартының не азаматтық-құқықтық шарттың негiзiнде жүзеге асырады.

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшы – техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған жеке тұлға.


197-бап. Аккредиттеу белгісі

1. Аттестаттау белгісі - аккредиттеу субъектісінің аккредиттеу рәсімінен өткені туралы үшінші тұлғаларды хабардар ету үшін аккредиттеу органы беретін белгі

2. Аккредиттеу белгісі аккредиттеу субъектісінің аккредиттеу рәсімінен өткені туралы үшінші тұлғаларға ақпарат беру үшін пайдаланылады. 

3. Аккредиттеу субъектісіне берілетін аккредиттеу белгісінде берілген аккредиттеу аттестатының нөмірі болуға тиіс. 

4. Аккредиттеу белгісін пайдалану тәртібі аккредиттеуден кейінгі шартпен айқындалады.
198-бап. Аккредиттеу кезеңдері

Аккредиттеу мынадай негізгі: 

1) өтінімді және ұсынылған құжаттарды қабылдау, қарау; 

2) аккредиттеу алдындағы шартты жасасу; 

3) ұсынылған құжаттарды сараптау

4) өтініш берушіні орналасқан жері бойынша тексеру; 

5) аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау; 

6) аккредиттеуден кейінгі шартты жасасу, аккредиттеу саласын бекіту және аккредиттеу аттестатын беру не аккредиттеу алдындағы шартты тоқтату кезеңдерін қамтиды. 


199-бап. Қайтадан аккредиттеу

1. Қайтадан аккредиттеу – өтінім берушінің сәйкестікті бағалаудың белгілі бір саласындағы жұмысты орындауға құзыреттілігін аккредиттеу саласындағы органның рнесми тануының кезекті рәсімі.

2. Қайтадан аккредиттеу осы баптың 1-тармағында көзделген барлық кезеңдер сақтала отырып жүргізіледі. Қайтадан аккредиттеуге өтінімді өтінім беруші аккредиттеу аттестатының қолданыс мерзімі өткенге дейін алты айдан кешіктірмей береді.
200-бап. Аккредиттеу өлшемшарттары

1. Аккредиттеу өлшемшарттары – өзін аккредиттеу үшін өтінім беруші және аккредиттеу субъектісі қанағаттандыруға тиіс талаптар жиынтығы.

2. Өтініш берушілер және аккредиттеу субъектілері мынадай өлшемшарттарға сай келуге: 

1) заңды тұлғаның не заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның құрылымдық бөлімшесінің мәртебесі болуға; 

2) мәлімделген аккредиттеу саласындағы сәйкестікті бағалау жөніндегі жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін білікті персоналы болуға; 

3) сәйкестікті бағалау жөніндегі жұмыстарды орындауға қажетті меншік, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығында немесе уақытша иелігінде және пайдалануында үй-жай, жабдық және материалдық ресурстар болуға; 

4) өздері аккредиттелетін (аккредиттелген) нормативтік құжаттардың талаптарына сай келугетиіс. 

Өтінім беруші деп, аккредиттеуге өтінім берген заңды тұлға түсініледі.

Осы параграфта нормативтік құжаттар деп, стандарттау жөніндегі және өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттар түсініледі.
201-бап. Өтінімді табыс ету және оны қарау

1. Өтінім беруші аккредиттеу жөніндегі органға мынадай құжаттар:

1) аккредиттеуге өтінім

2) өтінім берушінің заңды мәртебесін анықтайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;

3) мәлімделетін аккредиттеу саласының қағаздағы және электрондық жеткізгіштері;

4) сапа жөніндегі нұсқаулық;

5) сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханаларына (орталықтарына), өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға арналған паспорт;

6) сәйкестікті бағалау жөніндегі жұмыстарды орындайтын персонал туралы мәліметтер (сәйкестікті растау жөніндегі органдар үшін) табыс етеді.

Өтінім беруші өзі таңдап алған нормативтік құжатқа байланысты тиісті ақпарат береді. 

Өтінімді қоспағанда, құжаттардың барлығы екі данада табыс етіледі. 

2. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың нысандарын техникалық реттеу және өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

3. Егер өтінім және (немесе) оған қоса берілген құжаттар белгіленген нысанға сәйкес келмеген не толық көлемде табыс етілмеген жағдайда аккредиттеу жөніндегі орган құжаттарды қайтарудың себептерін көрсете отырып, олардың түскен күнінен бастап есептелетін бес жұмыс күні ішінде почта арқылы өтiнiш берушiге қайтарады не оның өкіліне қолын қойғызып, қолма-қол табыс етеді.


202-бап. Аккредиттеу алдындағы шарт

1. Аккредиттеу алдындағы шарт аккредиттеу жөніндегі орган мен өтінім беруші арасында жасалады.

2. Аккредиттеу алдындағы шарттың елеулі талаптары: 

1) шарттың мәні; 

2) тараптардың құқықтары мен міндеттері

3) жұмыстардың құны;

4) тараптардың жауаптылығы болып табылады. 

3. Аккредиттеу алдындағы үлгі шартты техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

4. Аккредиттеу алдындағы шартт:  

1) заңды тұлға таратылған; 

2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шарт бұзылған; 

3) құжаттарға сараптама жасау кезінде немесе өтінім берушіні орналасқан жері бойынша тексерген кезде анықталған сәйкессіздіктерді аккредиттеу жөніндегі орган белгілеген мерзімде жойылмаған; 

4) аккредиттеу жөніндегі органның құжаттарға қайта сараптама жасаған кезде немесе өтінім берушіні орналасқан жері бойынша қайта тексерген кезде тиісінше сарапшы-аудитордың алғашқы қорытындысында немесе тексеру жөніндегі топтың есебінде көрсетілген сәйкессіздіктер анықталған; 

5) аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайларда тоқтатылады.


203-бап. Табыс етілген құжаттардың сараптамасы

1. Табыс етілген құжаттардың сараптамасы шарт жасалған кезден бастап есептелетін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

Қайтадан аккредиттеу кезінде табыс етілген құжаттардың сараптамасы аккредиттеу субъектісінің құжаттарына және Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына енгізілген өзгерістер бөлігінде жүргізіледі.

2. Сараптама жүргiзу үшiн аккредиттеу жөнiндегi орган аккредиттеу жөнiндегi сарапшы-аудиторды тағайындайды.

3. Аккредиттеу жөнiндегi сарапшы-аудитордың қорытындысында:

1) табыс етілген құжаттардың аккредиттеу өлшемшарттарына сәйкестiгін бағалау;

2) құжаттардың нақты өлшемшарттар бойынша сәйкессiздiгiн (сәйкессiздiк болған кезде) көрсету;

3) табыс етілген құжаттарды түзету жөнiндегi ұсынымдар (қажет болған жағдайда) және өтiнiм берушiнiң осы ұсынымдардың орындалуын растау тәртiбi;

4) табыс етілген құжаттардың аккредиттеу өлшемшарттарына сәйкестiгi немесе сәйкессiздiгi туралы тұжырымдар қамтылуға тиiс.

4. Аккредиттеу жөнiндегi сарапшы-аудитордың қорытындысы негiзiнде аккредиттеу жөнiндегi орган:

1) өтiнiм берушiнi тұрған жерi бойынша тексеру;

2) өтiнiм берушiнiң анықталған сәйкессiздiктердi жоюы туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдайды.

Қабылданған шешім туралы хабарлама өтінім берушіге шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде почта арқылы немесе факсимильді байланыс арқылы жіберіледі және тиісінше өтінім беруші почта жөнелтілімін алғаны туралы хабарламаға белгі соққан күннен бастап немесе факсимильді хабар жіберілген күні алынған деп есептеледі.

5. Өтiнiм берушi осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген хабарламаны алған кезден бастап отыз жұмыс күні ішінде анықталған сәйкессiздiктердi жояды және сәйкессіздіктердің жойылғанын растайтын құжаттарды табыс ете отырып, аккредиттеу жөнiндегi органға бұл туралы жазбаша түрде почта арқылы хабарлайды. Аккредиттеу жөнiндегi орган хабарламаны алған кезден бастап жеті жұмыс күні ішінде қажет болған жағдайда құжаттарға қайтадан сараптама жүргiзедi.


204-бап.Өтінім берушіні тұрған жері бойынша тексеру

1. Өтінім берушіні тұрған жері бойынша тексеру өтінім берушінің біліктілігін, құжаттарда берілген ақпараттардың нақты жағдайға сәйкестігін бағалау мақсатында жүргізіледі. 

2. Тексеруді аккредиттеу жөніндегі орган жасақтайтын тексеру жөніндегі топ жүзеге асырады. 

3. Тексеру жөніндегі топ кемінде үш адамнан құралуы тиіс, топ жетекшісі болып құжаттарға сараптама жүргізген аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор тағайындалады. 

4. Тексеру жөніндегі топтың құрамына келісім бойынша: 

өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшылар;

сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар, техникалық сарапшылар, мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың мәлімдеген аккредиттеу саласы бойынша мамандары енгізілуі мүмкін. 

5. Тексеру мерзiмi өтінім берушінің тұрған жеріне немесе өтінім берушінің өзі тұрған жерден тыс жердегі құрылымдық бөлімшесі орналасқан жерге тексеру жөніндегі топ келген кезден бастап есептелетiн он жұмыс күнiнен аспауға тиiс. Құрылымдық бөлімшелері бар өтінім берушініні тексерудің жалпы мерзімі отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс.

6. Тексеру жөніндегі топ өз жұмысының қорытындысы бойынша есеп дайындайды, онда өтінім берушінің аккредиттеу өлшемшарттарына сәйкестігін бағалау қамтылуға тиіс. 

7. Топ мүшелерінің барлық ескертпелерін есепке ала отырып топ жетекшісі екі данада есеп жасайды және оған топтың барлық мүшелері қол қояды. Есептің бір данасы өтінім берушіге тапсырылады. 

8. Өтінім беруші тексеру жөніндегі топтың есебімен келіспеген жағдайда өзінің ескертпелерін аккредиттеу жөніндегі органға үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде почта арқылы немесе факсимильді байланыс арқылы табыс ете алады және тиісінше акредиттеу жөніндегі орган почта жөнелтілімін алғаны туралы хабарламаға белгі соққан күннен бастап немесе факсимильді хабар жіберілген күні алынған деп есептеледі. 

9. Тексеру жөніндегі топ есебінің негізінде және өтінім берушінің ескертпелерін ескере отырып (олар бар болған жағдайда), аккредиттеу жөніндегі орган бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде: 

1) аккредиттеу жөніндегі жиналған материалдарды қарау туралы; 

2) өтінім берушінің анықталған сәйкессіздіктерді жоюы туралы шешімдердің бірін қабылдайды. 

Қабылданған шешім туралы хабарлама шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде почта арқылы немесе факсимильді байланыс арқылы өтінім берушіге жіберіледі және тиісінше өтінім беруші почта жөнелтілімін алғаны туралы хабарламаға белгі соққан күннен бастап немесе факсимильді хабар жіберілген күні алынған деп есептеледі.

10. Өтiнiм берушi осы баптың 9-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген хабарламаны алған кезден бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде тексеру кезiнде анықталған сәйкессiздiктердi жояды және сәйкессiздiктердiң жойылғанын растайтын құжаттарды табыс ете отырып, аккредиттеу жөнiндегi органға олардың жойылғаны туралы жазбаша түрде почта арқылы хабарлайды, содан кейiн аккредиттеу жөнiндегi орган қажет болған жағдайда оған қайтадан тексеру жүргiзедi. Өтiнiм берушiні немесе оның құрылымдық бөлімшесін қайта тексеру мерзiмi өтiнiм берушiнiң тұрған жерiне тексеру жөнiндегi топ келген күннен бастап есептелетiн бес жұмыс күнiнен аспауға тиiс.

11. Аккредиттеу жөніндегі орган өтінім берушінің себептерін көрсеткен жазбаша өтініші бойынша сәйкессіздіктерді жою мерзімін екі айдан аспайтын мерзімге ұзартады.
205-бап. Аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау

1. Аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі комиссияға жиналған материалдар түскен кезден бастап есептелетін отыз жұмыс күні ішінде аккредиттеу жөніндегі орган қабылдайды.

Аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі комиссия аккредиттеу өлшемшарттарына сәйкессіздіктерді анықтаған жағдайда, өтінім берушіге сәйкессіздіктерді жою үшін қажетті, бірақ екі айдан аспайтын мерзім беріледі. Аталған жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзім тоқтатыла тұрады.

2. Оң шешім қабылданған жағдайда аккредиттеуден кейінгі шарт жасалады және жеті жұмыс күні ішінде аккредиттеу саласын айқындайтын құжат бекітіледі, аккредиттеу аттестаты және құжаттардың бір жиынтығы беріледі. 

3. Терiс шешiм қабылданған кезде өтiнiм берушiге шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жазбаша түрде почта арқылы немесе факсимильді байланыс арқылы дәлелдi бас тарту жіберіледі, ол тиісінше өтінім беруші почта жөнелтілімін алғаны туралы хабарламаға белгі соққан күннен бастап немесе факсимильді хабар жіберілген күні алынған деп есептеледі.

Құжаттар жиынтығы өтінім берушіге почта арқылы жіберіледі не оның өкіліне қолы қойғызылып, қолма-қол тапсырылады.


206-бап. Аккредиттеуден кейінгі шарт

Аккредиттеуден кейінгі шарт аккредиттеу жөніндегі орган мен аккредиттеу субъектісі арасында жасалады. 

2. Аккредиттеуден кейінгі шарттың елеулі талаптары: 

1) шарттың мәні; 

2) тараптардың құқықтары мен міндеттері; 

3) жұмыстардың құны; 

4) инспекциялық тексерулерді жүргізу, аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу, аккредиттеу материалдарын өзекті ету тәртібі мен мерзімдері; 

5) салыстырма сынақтарды жүргізу және (немесе) өлшем құралдарын салыстырып тексеру мен калибрлеу нәтижелерін салғастыру тәртібі; 

6) тараптардың жауаптылығы болып табылады. 

3. Аккредиттеуден кейінгі үлгі шартты техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

4. Аккредиттеуден кейінгі шарт: ты тоқтатуға мынадай жағдайлар: 

1) заңды тұлғаның таратылған; 

2) аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімінің аяқталған; 

3) аккредиттеу аттестатынан айырылған

4) аккредиттеу аттестаты жойылған; 

6) аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алуға негіз болған сәйкессіздіктер жойылмаған; 

7) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шарт бұзылған жағдайларда тоқтатылады. 

5. Осы баптың 4-тармағының 6) тармақшасында көзделген негiз бойынша сәйкессiздiктердi жою мерзiмi өткен күннен кейiнгi күн аккредиттеуден кейiнгi шартты тоқтату күні болып есептеледi.


207-бап. Аккредиттеу аттестаты

1. Аккредиттеу аттестаты –аккредиттеу субъектілерінің сәйкестікті бағалаудың белгілі бір саласындағы жұмысты орындауға құзыреттілігін куәландыратын, аккредиттеу жөніндегі орган берген құжат.

2. Аккредиттеу жөніндегі орган берген аккредиттеу аттестаттары Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жарамды және олардың қолданылу мерзімі бес жыл.

3. Аккредиттеу аттестатының қолданыс мерзімі аккредиттеу туралы шешімді қабылдаған кезден бастап есептеледі және оған аккредиттеу аттестаты кері қайтарып алынған уақыт кезеңі енгізіледі.

4. Аккредиттеу субъектісі осы Кодекстің 13-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімді сақтаған жағдайда, аккредиттеу жөніндегі орган қайтадан аккредиттеу кезіндегі жұмыстарды аяқтау қажет болған кезде бұрын берілген аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімін аккредиттеу туралы шешім қабылданған күнге дейін үш айдан аспайтындай етіп ұзарта алады.

5. Аккредиттеу жөніндегі орган бекіткен және аккредиттеу саласын белгілейтін құжат аккредиттеу аттестатына міндетті қосымша болып табылады.

Аккредиттеу қолданылатын сәйкестікті бағалаудың ресми танылған объектілері аккредиттеу саласы болып табылады.

6. Аккредиттеу аттестаты аккредиттеу субъектілерінің тізілімінде тіркелуге тиіс. 

7. Аккредиттеу аттестатында: 

1) аккредиттеу субъектісінің атауы, ұйымдастыру-құқықтық нысаны, орналасқан жері; 

2) аккредиттеу субъектісінің оған сәйкестігі аккредиттелген нормативтік құжат; 

3) аккредиттеу аттестатының тіркеу нөмірі; 

4) аккредиттеу аттестатының аккредиттеу субъектілерінің тізілімінде тіркелген күні; 

5) аккредиттеу аттестатының қолданыс мерзімі; 

6) аккредиттеу аттестаты қосымшасының парақ саны көрсетіледі. 

8. Аккредиттеу аттестатының бланкілері қатаң есептілік құжат болып табылады, олардың қорғанышы мен нөмірі болады. 

9. Аккредиттеу аттестаты жалғыз дана етіп беріледі, аккредиттеу аттестатын басқа заңды тұлғаларға беруге тыйым салынады. 

10. Жоғалған, бүлінген аккредиттеу аттестаттары, аккредиттеу аттестаттарына қосымшалар аккредиттеу субъектісі аккредиттеу жөніндегі органға жазбаша өтініш (аккредиттеу аттестатының, аккредиттеу аттестатына қосымшалардың жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжаттармен қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп саналады. 

Аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берілген күннен бастап бес  жұмыс күні ішінде аккредиттеу аттестатының телнұсқасын, аккредиттеу аттестатының қосымшаларын беруді жүргізеді.
208-бап. Аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу

1. Аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеуге: 

1) аккредиттеу субъектісін қайта ұйымдастыру; 

2) аккредиттеу субъектісінің орналасқан жерінің өзгеруі; 

3) аккредиттеу субъектісі атауының өзгеруі; 

4) аккредиттеу саласының кеңеюі немесе қысқаруы туралы аккредиттеу субъектісінің өтініші негіз болады.

Аккредиттеу саласын кеңейту – сәйкестікті бағалау объектілері тізбесін аккредиттеу субъектісін ұлғайту процесі.

Аккредиттеу саласын қысқарту – сәйкестікті бағалау объектілері тізбесін аккредиттеу субъектісін азайту процесі.

2. Аккредиттеу субъектісі осы баптың 1-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеуге негіздердің бірі пайда болған кезден бастап есептелетін, сондай-ақ аккредиттеу саласы қысқарған жағдайда күнтізбелік он күн ішінде аккредиттеу жөніндегі органға осы Кодекстің 201-бабының 1-тармағының 3) және 5) тармақшаларында көзделген жаңа мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу туралы өтініш береді.

3. Аккредиттеу саласын кеңейту кезінде аккредиттеу субъектісі өтінішпен бір мезгілде аккредиттеу жөніндегі органға кеңейтілетін салада тиісті мамандардың, жабдықтардың, үй-жайлардың бар екендігі туралы ақпарат береді. 

4. Аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеген кезде аккредиттеу жөніндегі орган осы Кодекстің  204-бабындакөзделген тәртіппен аккредиттеу субъектісінің орналасқан жері бойынша: 

1) сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханасының (орталығының) орналасқан жері өзгерген; 

2) аккредиттеу саласын кеңейткен жағдайда тексеру жүргізеді. 

5. Аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу туралы құжаттарды олардың түскен күнінен бастап есептелетін он бес жұмыс күні ішінде қарайды. 

Осы тармақта көзделген мерзімге субъектінің орналасқан жері бойынша тексеру жүргізу және аккредиттеу өлшемшарттарына сәйкессіздіктерді, егер оларды аккредиттеу жөніндегі орган анықтаған болса, жою мерзімі кірмейді. 

6. Оң шешім қабылданған жағдайда аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеу аттестатын жеті жұмыс күні ішінде қайта ресімдейді және аккредиттеу саласын айқындайтын құжатты қайта бекітеді. 

7. Аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеуден бас тарту туралы шешім табыс етілген құжаттар мен мәліметтерден дәйексіз ақпараттар анықталған кезде, аккредиттеу субъектісі тексеру барысында анықталған сәйкессіздіктерді белгіленген мерзімде жоймаған кезде, сондай-ақ алғашқы тексерген кездегі сәйкессіздіктер қайта тексергенде анықталған кезде қабылданады.

Қабылданған шешім туралы хабарлама шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аккредиттеу субъектiсiне жазбаша түрде почта арқылы немесе факсимильді байланыс арқылы жіберіледі және тиісінше өтініш беруші почта жөнелтілімін алғаны туралы хабарламаға белгі соққан күннен бастап немесе факсимильді хабар жіберілген күні алынған деп есептеледі.

8. Аккредиттеу аттестатының қолданыс мерзімі оны қайта ресімдеген кезде үзілмейді.


жүктеу 5,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау