«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, әскери мүлік айналымы, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс, жұмылдыру


Құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша «Азаматтық қорғау туралы» 2017 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасның Заңында құқық кемшіліктері анықталды



жүктеу 222 Kb.
бет2/2
Дата14.11.2018
өлшемі222 Kb.
#20011
1   2

Құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша «Азаматтық қорғау туралы» 2017 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасның Заңында құқық кемшіліктері анықталды.





  1. Заң жобасы қабылданған жағдайда болатын болжалды құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдар

Мемлекеттік материалдық резервті басқаруды жетілдіру. Атап айтқанда, заңнамалық деңгейде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын қалыптастыру, сақтау және пайдаланудың кейбір процестері реттелетін болады, кемшіліктер мен қайшылықтар жойылады, жеткізу және шығару процестерін орталықтандыру үшін құқықтық тетік құрылатын болады, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы заңнаманың бұзылғаны үшін заңдық жауапкершілік айқындалады;

ғарыш қызметі саласында заң базасын жетілдіру және ғарыш қызметінің нәтижелерін пайдалану; елдің ақпараттық қауіпсіздігі мен «KazSat» байланыс және хабар тарату ұлттық ғарыштық жүйесін тиімді дамыту түрінде оң құқықтық салдарларға әкеледі;

әскери мүлік, әскери мақсаттағы өнім айналымы саласындағы мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету, әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру мемлекеттік органдардың құзыреті мен уәкілетті ұйымның мәртебесін айқын белгілейді, бұл жалпы қоғамның, сондай-ақ оның жекелеген топтарының дамуына әсер ететін әлеуметтік салдарларға әкеп соқпайды;

әскери мүлік (әскери мақсаттағы өнім) айналымы және әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу тетігін жетілдіру, заңнамадағы кемшіліктер мен қайшылықтарды жою. Атап айтқанда, әскери мақсаттағы, оның ішінде пайдаланылмайтын өнімді сатып алу (импорттау), өткізу (экспорттау), лицензиялау тәртібінің тетігі өзгертілді, әскери мақсаттағы өнім айналымы саласындағы өкілеттіктердің аражігі ажыратылды;

жоғары ғылыми-техникалық комиссия, ұлттық ғылыми кеңестер мен мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама міндеттерінен мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ҒЗТКЖ-ны қаржыландыру бойынша ұсыныстар әзірлеуді алып тастау;

жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның өкілеттіктерін кеңейту;

жұмылдыру органдарын қалпына келтіру;

жұмылдыру іс-шараларының орындалмағаны үшін жұмылдыру тапсырмалары мен тапсырыстары бар мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жауапкершілігін күшейту;

жұмылдыру бөлімшелерінің оларға тән емес функцияларды орындауын болдырмау.

Бақылау функцияларын беру жолымен жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның өкілеттіктерін кеңейту мемлекеттік органдардың жұмылдыру дайындығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуына, экономиканы әскери уақыт режиміне ұйымдастырушылық тұрғыда ауыстыру тәртібін бұзуға жол бермеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жұмылдыру дайындығының деңгейі мен жай-күйін объективті түрде айқындау үшін қажет, бұл Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілеттілігін ұлғайтуға мүмкіндік береді;

Әкімшілік-аумақтық бірліктерде жұмылдыру органдарын қалпына келтіру, сондай-ақ жұмылдыру бөлімшелерінің оларға тән емес функцияларды орындауын жою қазіргі сын-тегеурін мен қауіп-қатерлерге қарсы тұру үшін жұмылдыру іс-шараларын тиімді әрі сапалы орындауға мүмкіндік береді;

жұмылдыру іс-шараларын орындамағаны және/немесе сапасыз орындағаны үшін жауапкершілік белгілеу жұмылдыру тапсырмалары мен тапсырыстары бар мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік береді;

апараттық қауіпсіздіктік қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның құзыретін заңнамада айқындау.

Заң жобасын қабылдау қорғаныс, аэроғарыш және электрондық өнеркәсіп, сондай-ақ киберқауіпсіздік саласынлағы заңнамалық базаны жетілдіруге әкеледі, қолданыстағы заңдардың нормаларын нақтылауға және қолданыстағы кемшілктерді жоюға мүмкіндік береді.


Заңды қабылдаудың әлеуметтік-экономикалық салдарлары:

қазақстандық операторлардың шетелдік байланыс спутниктерінің ресурстарын жалға алуы салдарынан бюджет қаражатының шетелге жылыстауының төмендеуі;

ғылымды қаржыландырудағы қорғаныс кәсіпорындары үлесінің ұлғаюы;

қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарын отандық технологиялар мен әзірлемелер енгізуге ынталандыру;

қорғаныс, ғарыш және киберқауіпсіздік саласындағы жас ғалым мамандардың басқа салаларға және шетелге кетуінің алдын алу;

жаңа жоғары технологиялы өнім шығару және жұмыс орындарының санын ұлғайту есебінен салық салу базасын кеңейту;

электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелер мен ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның сыртқы және ішкі қауіп-қатерлерден қорғалу жай-күйін күшейту.

Тұжырымдаманың ережелері жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайды.

Заң жобасын қабылдау жалпы қоғамның да, оның жекелеген топтарының да дамуына әсер ететін теріс әлеуметтік салдарларға әкеп соқпайды.


  1. Басқа заңнамалық актілерді әзірленіп жатқан заң жобасына бір мезгілде (кейіннен) сәйкес келтіру қажеттiлiгi

Басқа заңнамалық актілерді әзірленіп жатқан заң жобасына бір мезгілде (кейіннен) сәйкес келтіру қажеттiлiгi жоқ.


  1. Заң жобасы нысанасының өзге нормативтiк құқықтық актілермен реттелуі

Қазіргі уақытта Заң жобасын реттеу нысанасына кіретін мәселелер Бюджет кодексімен, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекспен, Қылмыстық кодекспен, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекспен, «Төтенше жағдай туралы», «Азаматтық қорғау туралы», «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы», «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы», «Ғарыш қызметі туралы», «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «Байланыс туралы», «Геодезия және картография туралы», «Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы», «Мемлекеттiк сатып алу туралы», «Ғылым туралы», «Ақпараттандыру туралы» заңдармен және басқа да заңнамалық және заңға тәуелді актілерімен регламенттеледі.
10. Қаралып жатқан мәселе бойынша шетел тәжiрибесi

АҚШ-та жұмылдыру дайындығын үйлестіруші негізгі орган АҚШ-тың Ішкi қауiпсiздiк министрлiгiне кіретін Федералдық төтенше жағдайлар агенттiгi болып табылады. Қарулы күштердi жұмылдыру жауынгерлiк даярлықтың деңгейлерi бойынша және тиiстi iс-шаралардың орындалуы бойынша бөлiнген. АҚШ Қарулы күштерiнің жұмылдыру бойынша адами ресурстары 1, 2 және 3- кезектегі резервтерге бөлінеді.

Швейцарияда жұмылдыру дайындығы iс-шараларын орындау федералды, әрі кантональ деңгейлерiндегі түрлi мекемелердiң арасындағы бөлiп берілген. Сонымен қатар, мемлекеттiк органдардың қызметі көбiнесе көлiк саласындағы, денсаулық сақтау және басқа салалардағы әр түрлi жекеменшіктегі құрылымдармен жоғары дәрежедегі өзара iс-қимылдар арқылы күшейтілген. Мемматрезервті қалыптастыру мәселелері де нақтылы көңіл аударуға тұрарлық.

Осылайша, АҚШ-та жұмылдыру дайындығын үйлестіруші негізгі орган АҚШ-тың Ішкi қауiпсiздiк министрлiгiнің Федералдық төтенше жағдайлар агенттiгi болып табылады.

Агенттiк террорлық актiлерді қоса алғандағы дағдарыстық ахуалдардың профилактикасына және алдын алуға, сондай-ақ олардың зардаптарын тоқтатуға табиғи және техногендiк төтенше жағдайлардан және дүлей апаттардан кейiн ден қою және қалпына келтіруге жауап береді.

Тәжiкстан Республикасында жұмылдыру дайындығы, жұмылдыру саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган, тиiстi мемлекеттiк органдардың және ұйымдардың оны орындауын бақылауды да жүргiзедi.

Көлiк, пошталық қызмет көрсетушілерге, телекоммуникация, денсаулық сақтау, тағам өнiмдерi, азық-түлiкпен жабдықтау, құрылыс, энергетика, химия өнеркәсiбi, iрi гидротехникалық объектiлерге, азаматтық ядролық объектiлерге және муниципалдық кәсiпорындарға ұлттық жұмылдыру үшін жауапкершiлiк жүктеген.

Сондай-ақ, жұмылдыру жарияланған кезде азаматтардың және ұйымдардың жауапкершiлiгі саласында ҚХР заң тәжiрибесiн қарастыруды жөн деп санаймыз.

Ұлттық жұмылдыру кезінде, әскери қызмет органдарында тiркелмеген резервшiлер тiркелуге тиiстi, егер олар жиналатын орынға жетпеген болса, онда олар кері қайтуы және тiркелуі тиіс.

Округтік үкiметтiң алдында азаматтардың мынадай әрекеттері жауапкершiлiкке жатады:

- шақырудан бас тарту немесе өтеуден қашу;

- азаматтық мүлiктiң реквизициясынан бас тарту немесе бөгеуi;

- ұлттық жұмылдыру қорғанысы ұйымына бөгет жасау.

Резервтегi күштердiң құрамына енгізілген резервшiлерге әскери қызметтiң тиiстi органдарында тiркелуi үшiн бір айлық мерзiм беріледi.

Мынадай әрекеттерге тiкелей орындаушыларға дербес жауап береді:

- жоғарғы жұмылдыру органдарының бұйрығын орындаудан бас тарту;

- ұлттық жұмылдыру дайындығына елеулi зиян келтірген билiкті терiс пайдалану, өз мiндеттерiне немқұрайлы қарау;

- мүлiкті азаматтық реквизициялау кезінде сертификаттар беруден бас тарту, сондай-ақ мүлiкті реквизициялау кезіндегі өтемақылардың заңға сәйкессiздiгi;

- ұлттық жұмылдыру қорғанысы саласындағы мемлекеттiк құпиялардың ашылуы;

- ұлттық жұмылдыру қорғанысына бөлiнген құралдарды заңсыз иемдену, сыбайлас жемқорлық;

- ұйымдардың және азаматтардың заңды мүдделеріне қысым жасау, билiкті терiс пайдалану.

Украинада мемлекеттiк органдардың және ұйымдардың басшылары, сондай-ақ азаматтар жұмылдыру дайындығы бойынша іс-шараларды орындамауы немесе тиiсінше орындамағаны үшін әкiмшiлiк және қылмыстық кодекске сәйкес жауапкершiлікте болады.

Әлемнің көптеген мемлекеттерiнде (РФ, АҚШ және басқа) олардың аумақтарындағы (спутниктi операторлар) ғарыштық байланыс жүйелерi қызметін реттеу бойынша кешенді шаралар қабылданған.

Шетел спутниктi операторларының қызметін реттеу мысалы ретінде Ресей Федерациясында және АҚШ-та қолданылатын әкiмшiлiк құралдарды келтiруге болады.

Ресей Федерациясында Шетел спутниктi байланыс жүйелерi Ресейдiң телекоммуникациялық нарығына спутникті байланыстың желiлерiн ұйымдастыру үшiн ресейлiк аналогиялық спутниктiк байланыс жүйелерiн қолдану мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана рұқсат етiледi.

Ресейлiк нарыққа шетел спутниктi жүйелерiнiң қол жеткiзуi спутниктi байланыс иесi-компаниясының ресейлiк байланыс операторымен келiсiм жасауы арқылы қамтамасыз етiледi. Келiсiмде спутниктi байланыс иесi-компаниясы, спутниктi байланыс жүйесi барлау сипатында емес және тұлғаға, қоғамға және мемлекетке зиян келтiре алмайтынына кепiлдiк беретіні көрсетiлуi керек. Шетел спутниктi байланыс иесi-компаниясы мен ресейлiк оператор аралығындағы келiсiм РФ Байланыс және ақпараттандыру министрлiгiмен, Федералды қауiпсiздiк қызметiмен, сонымен бiрге Президент жанындағы Федералдық үкiметтік байланыс және ақпарат агенттiгімен және РФ Қорғаныс министрлiгiмен келiсілуі тиіс.

Ресей Федерациясы мен Қазақстан жүзеге асырып отырған Еуразиялық экономикалық одақ шеңберiндегі интеграциялану процестерiн ескере отырып, Қазақстанның да сондай шаралар қабылдауы қажетті қадам деп санаймыз.

Шетелдік байланыс спутниктерін қолдануды реттеу бойынша


АҚШ-тың тәжiрибесiне қатысты айтсақ, бұл тұрғысында мүлде өзге тәсiлдеме пайдаланылады.

Америка заңнамасында телекоммуникация саласындағы қызметті реттеуге байланысты барлық мәселелер Федералдық байланыс комиссиясы құзыретіне жатады. Федералдық байланыс комиссиясы АҚШ-тың нарығына шетел спутниктері қол жеткiзуін қамтамасыз етуi үшiн екі процедура дайындады. Процедуралардың бiрiне сәйкес шетел спутниктi жүйесінiң иесі/операторы рұқсат алады. Алайда, Федералды комиссияға шетел спутниктi жүйесінiң иесі емес, АҚШ-та қызмет көрсету үшiн шетелдік спутникті пайдалану мүмкiндiгiн беру туралы өтiнiшiмен, шетел спутниктiк жүйесін пайдалануға ниет ететiн американдық жердегі орналасқан станцияның операторы жүгінеді. Федералды комиссия АҚШ-тың байланыс спутниктеріне қатысты қолданылатын Федералды комиссияның талаптарына сәйкестігін тексерiп, содан кейін шетел спутнигі арқылы байланысты жүзеге асыруына рұқсат туралы шешiм шығарады.

Халықаралық тәжiрибенi талдау мемлекеттiк материалдық резерв институты әскери-саяси ахуалдың шиеленісуі кезіндегі, табиғи апаттар және техногендi апаттар жағдайында, экономикалық ахуалдың қолайсыз өзгерiстерiнде әр түрлi ресурстардың шектелуін жеңу үшiн қажет екенiн көрсетедi. Мұндай сақтық, әсiресе, жаhандану және технологиялардың шапшаң дамуы тәуекелдердің көптүрлілігі мен қарқындылығының өсуі факторлары ретінде шығып тұрған қазіргі уақытта көкейкестi болады.

Әлемде резервтер жасаудың екі негізгі тәсiлдемелерi - тiкелей мемлекеттің резервте сақтауы (мемлекеттiк резервтер) және жеке компанияларға резервте сақтауы бойынша мiндеттемелердi жүктеу (коммерциялық резервтер) қолданылылады.

Мемлекеттiк резерв, ТМД барлық елдерін қоса алғандағы, АҚШ, Қытай, Оңтүстiк Корея, Германия, Италия, Швейцария және басқалары сияқты көптеген елдерде бар. Мемлекеттiк резервте сақтау үлгiсi ахуалдың өзгерiсiне жедел ден қоюға қабiлеттi, тауарлардың үлкен көлемдерiн жедел iске қосуға мүмкіндік бередi, олардың бар болуына және жай-күйіне толық бақылауды қамтамасыз етедi, жеке компаниялардың iсіне араласудан құтылуға мүмкiндiк бередi. Коммерциялық мүдделілік болмауы себебінен бизнесті қолдану қиындық тудыратын жағдайларда, мысалы бағалардың күрт ауытқуынан халықты қорғау үшін, тиімсіз болғанымен стратегиялық маңызды экономика саласын қолдау үшін мемлекеттiк резервті пайдалануға болады.

Коммерциялық резервтердiң тартымдылығы бюджеттiк шығындарды қажет етпейтiндігінде. Дегенмен, коммерциялық резервтер мемлекет тарапынан қойылатын талаптарға сәйкестікке бақылаудың шектелуіне және қорлардың көлемдері мен сапасы туралы ақпараттың ақиқат болмауы тәуекелдеріне, сондай-ақ компаниялардың шаруашылық iс-қимылына тікелей араласуға әкеліп соқтыруы мүмкін. Бұл мәселенi шешу үшiн, бірқатар елдерде жеке компаниялар есебінен қалыптастырылған резервтер мемлекет алдында жауапты, арнайы құрылған оператор-ұйымдардың басқаруына беріледі. Резервте сақтаудың коммерциялық үлгiсi, Франция, Жапония сияқты бірқатар елдерде бар, әдетте нарықтардағы ахуалды тұрақтандыруы үшiн және салалардың кiдiрiссiз жұмысын қамтамасыз етуге пайдаланылады, бiрақ ол көбiнесе, мемлекеттiк резервтерге қосымша ретінде жұмыс iстейдi.

Мемлекеттiк материалдық резервтiң менеджментi жүйесiнiң негiзгi қағидаларының бiрi потенциалдық қатерлер сипатына, технологиялардың дамуы деңгейiне, жалпы әскери-саяси және экономикалық стратегияға, елдiң қорғаныс қабiлетiне және қауiпсiздiгiнiң деңгейiне сәйкес келуi тиіс материалдық құндылықтардың көкейкестi номенклатурасын жасау болып табылады. Осылайша, Украинаның «Мемлекеттiк материалдық резерв туралы» Заңымен және Ресей Федерациясының «Мемлекеттiк материалдық резерв туралы» Федералдық заңымен материалдық құндылықтар номенклатурасын және оларды жинақтаудың нормаларын әзірлеу тәртібін Үкiметтің анықтауы мүмкiндiгi ескерiледi. Перспективалы номенклатураны және жинақтаудың нормаларын жасау ұлттық қауiпсiздiктiң қолданыстағы тұжырымдамасын, әлеуметтiк-экономикалық елдiң дамуын болжау параметрлерiн, өнеркәсiптiк өндiрiстiң және тұтыну құрылымын, мемлекеттiң қаржылық мүмкiндiктерiн есепке ала отырып жасалады. Мұндай тәсiлдеме материалдық құндылықтар қорларының оңтайлы мөлшерлерін нақты анықтауға мүмкіндік береді және бюджетке ауыртпалықты түсірмей оны толықтырудың қосымша көзi болып табылады.

Мемлекеттiк материалдық резервпен Операция жасауда басты міндеттердің бiрi, оны дер кезiнде жаңарту болып табылады. Германияда Федералды мемлекеттiк материалдық резервтi жаңарту үшiн Германияның сатып алушылары және көршi елдер үшiн онлайн-аукцион жүргiзiледi.

ТМД қатысушы мемлекеттерiнің тәжiрибесінде өздігімен жаңарту мүмкiндiгімен жауапты сақтау пунктерінде сақтау кеңінен қолданылады. Осылайша, Ресейлiк заңнамада мемлекеттiк резервтiң қорларын жаңарту және жауапты сақтаушыдағы мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын ауыстыруды жауапты сақтаушылар қосымша бюджет қаражатын тартуысыз өз алдына жүзеге асыратыны ескерілген. Тiптi, мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарының жеке түрлері үшiн қорларды жаңарту және мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын ауыстырудың басқа реті белгіленуі мүмкін.

Беларусь Республикасының «Мемлекеттiк және жұмылдыру материалдық резервтері туралы» Заңының 12-бабында жұмылдыру материалдық резервінің материалдық құндылықтарын уақыт үзiлісімен жаңартуды және ауыстыруды Мемлекеттiк резервтiң рұқсатымен жауапты сақтаушылар жүзеге асыра алатыны ескерiледi.

Сонымен бiрге, мұндай тәжiрибе ТМД қатысушы мемлекеттердiң Парламент аралық ассамблеясының қаулысымен бекітілген 2005 жылғы 18 қарашадағы «Мемлекеттiк материалдық резерв туралы» Модельді заңының ережелеріне сәйкес келедi, оған сәйкес мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын жаңартуды және ауыстыруды жауапты сақтаушы ұйымдар өз алдына жүзеге асырады.

Жұмылдыру резервін басқарудың шетелдік тәжiрибесi назар аударуға лайық. Мемлекеттiк резервтер саласындағы Беларустың, Украинаның, Әзiрбайжанның, Тажiкстанның заңдарында жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын қалыптастыруды және жинақтауды салалық мемлекеттiк органдар жүзеге асыратыны ескеріледi. Атап айтқанда, Украинаның «Мемлекеттiк материалдық резерв туралы» Заңының


12-бабында жұмылдыру резервіне материалдық құндылықтар жеткiзуге мемлекеттiк тапсырыс берушiлер Украина Министрлер кабинеті уәкiлдік берген басқа да орталық және жергiлiктi атқарушы билiк органдары болып табылатынын қарастырады. Жұмылдыру тапсырмасы бар мемлекеттiк органдарға жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын қалыптастыру бойынша функциялардың берілуi жұмылдыру резервінің номенклатурасында ескерiлген жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарының үлес салмағын арттыруға көмектеседi, яғни жұмылдыру, соғыс жағдайында және соғыс уақытында Қарулы Күштер, басқа әскерлер мен әскери құрамалардың қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету үшiн жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарының жеткiлiктi көлемiн құруға көмектеседі.

Мемлекеттiк материалдық резерв жүйесiн жетiлдiрудің басқа бағыты оны мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыс шеңберiнде қалыптастыру болып табылады. Мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыс қажеттi қорғаныс қабiлетiнiң деңгейiн және елдiң қауiпсiздiгiн сүйемелдеу мақсатындағы мемлекеттiк мұқтаждықтар үшiн өнiмнiң жеткiзілуiн қарастырады. Бұл жағдайда Ресей Федерациясының тәжiрибесiне мән беруге болады. Атап айтқанда, РФ «Мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыс туралы» Федералды заңына сәйкес, мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыстың құрамына, қару-жарақ, әскери және арнайы техника, шикiзат, материалдар және комплект жасайтын бұйымдар жеткiзумен қатар, мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын жинақтау үшiн өнiм жеткiзуді қосуға болады. РФ «Мемлекеттiк материалдық резерв туралы» Федералды заңының 5-бабына сәйкес материалдық құндылықтарды (МҚ) жинақтау көлемі ағымдағы қаржылық жылға федералдық бюджетте осы мақсатпен ескерiлетiн қаражат ауқымында мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыс шеңберінде жоспарланады. Одан басқа, РФ заңында, қорғаныстық тапсырыс өндiрiсiнiң көлемi 70% -дан асатын кәсiпорындар, сонымен бiрге тауарлық нарықта үстемдiк жағдайдағы жеткiзушiлер мемлекеттiк резервке тауар жеткiзуге келісім-шартқа қол қоюдан бас тартуға құқығы жоқ екендігі ескерілген. Кері жағдайда, тапсырыс берушi және оның аймақтық органдары оларды шарттарға ықтиярсыз қол қоюға тарту туралы талабымен төрелiк сотқа жүгіне алады. Мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыс арқылы мемлекеттiк материалдық резервтi қалыптастырудың ресейлiк тәжiрибесі өз тиiмдiлiгiн көрсетедi. Мемлекеттiк материалдық резервке материалдық құндылықтарды жеткiзу бойынша 2016 жылғы мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыс жоспары осылайша 99,85% орындалды. Тауар жеткiзiлiмдерінің жоғары көрсеткiштері, өз кезегiнде мемлекеттiк материалдық резервтiң жинақталуы көлемiнде оң нәтижесін көрсетедi.

Мемлекеттiк қорғаныс өнеркәсiбiнiң ғылыми-техникалық дамуы саласында.

Заң жобасын әзiрлеу кезінде, бiрiншi кезекте, құқық реттеу және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерiн қолдану (бұдан әрi - ҒТҚН) саласындағы американдық заң шығару тәжiрибесi, сондай-ақ Ұжымдық қауiпсiздiк және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартының ұйымы бойынша Қазақстан Республикасының серiктесi Ресей Федерациясының тәжiрибесi пайдаланылды.

АҚШ Ішкi қауiпсiздiк министрлiгiнiң құрамында киберқауіпсіздікпен АҚШ-та Киберқауіпсіздік және коммуникациялар кеңсесі құрамына кiретін (NationalCyberSecurityDivision) Ұлттық киберқауіпсіздік басқармасы шұғылданады. Бұл басқарма 2003 жылы құрылды және оның алдында кибер кеңiстiктегі қатерлерге ден қоюдың тиiмдi ұлттық жүйесiн жасау және сүйемелдеу, сондай-ақ маңызды ақпараттық инфрақұрылымды қорғау үшiн кибертәуекелдерді басқару бағдарламасын енгiзу бойынша міндет қойылды.

Германия Федеративтік Республикасында киберқауіпсіздік мәселелері Ұлттық киберқауіпсіздік орталығына (нем. Nationales Cyber - Abwehrzentrum, NCAZ ) - маңызды ұлттық АТ-инфрақұрылымы және экономиканың объектiлерiн кибератакалардан қорғау үшiн құрылған Германия Федеративтік Республикасының ведомствоаралық үкiметтік агенттiгіне жүктелген. Ол 2011 жылғы 23 ақпанда Германия үкiметiнің шешiмі негiзiнде құрылған және 2011 жылғы 1 сәуiрде қолданысқа ендi. NCAZ Боннда (BSI ) ақпараттық қауiпсiздiк бойынша Федералды басқарманың бас кеңсесінде орналасқан.



NCAZ Конституцияны, Федералдық барлау қызметiн, Федералдық полицияны, Германия кеденiнiң тергеу басқармасын, Бундесверді, Федералдық азаматтық қорғау және табиғи апаттардағы көмек басқармасын, және Федералды қылмыстық полицияның мекемесiн қорғау бойынша BSI киберқалқан құралдарын біріктіреді, сонымен бiрге, маңызды инфрақұрылым операторларының қадағалаушы органдарымен, өзінің жарғылық мiндеттерi және өкiлеттiктерінің шектерiнде ынтымақтастықта болады. Өзара іс-қимылдың негiзi Германияның тиiстi органдарының және мекемелерiнің «ынтымақтастық туралы келiсiмі» болып табылады.


  1. Заң жобасын iске асырумен байланысты болжалды қаржылық шығындар.

Заң жобасының іске асырылуы мемлекет бюджетінен қосымша қаржылық шығындар қажет етеді.
жүктеу 222 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау