«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, әскери мүлік айналымы, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс, жұмылдыру



жүктеу 222 Kb.
бет1/2
Дата14.11.2018
өлшемі222 Kb.
#20011
  1   2


№ исх: 07-4/334-ВН от: 25.09.2017

№ вх.07-4/334-ВН от: 25.09.2017



«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, әскери мүлік айналымы, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс, жұмылдыру, мемлекеттік материалдық резервтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Заңының жобасына

тұжырымдама


  1. Заң жобасының атауы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, әскери мүлік айналымы, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс, жұмылдыру, мемлекеттік материалдық резервтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң жобасы).


  1. Заң жобасын әзірлеу қажеттігінің негіздемесі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы
№ 858 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес, норма шығармашылық қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында, қолданыстағы заңнаманы жүйелеу, заңнама салалары кесінінде одан әрі шоғырландыру; оны ескірген және қайталанатын нормалардан босату, құқықтық реттеудегі олқылықтардың орнын толтыру, қолданыстағы құқықтағы ішкі қайшылықтарды жою; заңдардағы сілтемелік нормаларды азайту және Конституцияға сәйкес заңнамалық актілер қабылдануы мүмкін мәселелер шоғыры шеңберінде тікелей қолданылатын заңдар қабылдау практикасын кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.

Құқық қолдану практикасының, құқықтық нормативтік актілерді талдау және құқықтық мониторинг қорытындылары бойынша қорғаныс өнеркәсібі және қорғаныстық тапсырыс мәселелері бойынша, аэроғарыш өнеркәсібі және электрондық өнеркәсіп, мемлекеттік материалдық резервтер және жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру саласында қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуде елеулі олқылықтар мен коллизиялар анықталады.

Аталған олқылықтар мен коллизияларды жою мақсатында, «Қорғаныс өнеркәсібі және қорғаныстық тапсырыс туралы» заң жобасы әзірленді. Ілеспе Заң жобасын әзірлеу қажеттілігі негізгі Заң жобасымен қарастырылған нормалар мемлекеттік органдардың құзыреттерін, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың іс-қимылын, сонымен қатар, қорғаныс өнеркәсібі және қорғаныстық тапсырыс мәселелері бойынша, аэроғарыш өнеркәсібі және электрондық өнеркәсіп, мемлекеттік материалдық резервтер және жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру саласын құқықтық реттеумен негізделген. Бұл салалардағы мемлекеттік функциялар және субъектілердің қатынастары әртүрлі заңнамалық актілермен бекітілген.

Аталған Заң жобасын әзірлеу сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібі және қорғаныстық тапсырыс мәселелері бойынша, аэроғарыш өнеркәсібі және электрондық өнеркәсіп, мемлекеттік материалдық резервтер және жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру салаларында құқықтық мониторинг жүргізу барысында анықталған қайшылықтар, олқылықтар мен коллизияларды алып тастау қажеттілігінен туындады, бұл «Құқықтық актілер туралы» Заңның 49 және 50-баптарының талаптарына сәйкес келеді.

Қолданыстағы заңнама нормаларын белсенді жетілдіру және тәртіпке келтіру амалдарының бірі құқықтық нормалар құрамындағы қайшылықтарды жою, қоғамдық дамудың пісіп-жетілген қажеттілігіне сәйкес ескірген және жаңа құқықтық нормаларды құру алғышартын анықтау болып табылады.

Заңнамалық актілер олқылықтарын, коллизияларын және қайшылықтарын жою өзектілігі сөзсіз, себебі құқықтық актілердің қолданылу тиімділігі олардың әлеуметтік тіршілік әрекеті олардың құқықтық ережелеріндегі үйлесімділігіне байланысты. Құқықтық актілер арасында қайшылықтар туындамауы тиіс, оларда өзара бірін-бірі жоққа шығаратын ережелер мен коллизиялар болмауы тиіс.


Ғарыш өнеркәсібі саласында:

Ғарыш саласының өзгешілігі және ғарыш қызметі саласындағы жобалардың жоғары құны мемлекеттік тапсырыс арқылы іске асырылатын инвестициялық ұсыныстың/жобаның құнын есептеу және негіздеу кезінде жеке тәсілдемені талап етеді.

2016 жылға дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысуын регламенттейтін құқықтық тетік, сондай-ақ тиісті әкімшілік шығыстарға арналған шығындарды өтеу тәртібі мен нормативтері болмады.

Отандық мамандарды қолдауға, білікті шетелдік кадрларды тартуға инвестициялық жобаларды іске асыру не мемлекеттік тапсырма шеңберінде шетелде жүзеге асырылатын тақырыптық тағылымдамаларды ұйымдастыруға бағытталған болжалды шығындарды негіздеуді қамтамасыз ету мақсатында, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 8 сәуірдегі Заңымен ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органға ғарыштық инфрақұрылым объектілерін құруға, пайдалану мен дамытуға шығындар нормативтерін әзірлеу және бекіту құзыретін беру көзделген.

Алайда, Ғарыштық инфрақұрылым объектілерін құруға, пайдалану мен дамытуға шығындар нормативтерін әзірлеу үшін ғарыш жүйелерін
(бұдан әрі - ҒЖ) құруға арналған шығындар құрылымы бойынша статистикалық деректер болу қажет. ҒЖ құру жөнінде тәжірибе жинақтау ҒА ҚСК пайдалануға енгізілгеннен кейін және өзіміздің меншікті ҒЖ өндірісі басталғаннан кейін ғана мүмкін болады. Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған қазақстандық KazSat және Жерді қашықтықтан зондтау (бұдан әрі - ЖҚЗ) ҒЖ-ны шетелдік мердігерлер (Ресей мен Франция) жасады әрі олардың толық құны халықаралық тендерлер негізінде белгіленді. Бұл ретте шетелдік мердігерлер KazSat және ЖҚЗ ҒЖ құруға шығындар құрылымын ашпайтын, сондықтан статистикалық деректерді жинау мүмкін болмады.

Осыған байланысты, ҒЖ және басқа ғарыштық инфрақұрылым объектілерін құруға арналған шығындар құрылымы жөнінде өзіне меншікті статистикалық деректер алу үшін едәуір уақыт (3 жылдан бастап 5 жылға дейін) керек.

Осыған орай, бұл кезеңде ғарыштық инфрақұрылым объектілерін құруға, пайдалану мен дамытуға шығындарды есептеу әдістемесін әзірлеу мақсатқа сәйкес, бұл ғарыштық инфрақұрылым объектілерін құру тәжірибесінен алынған нақты статистикалық деректер мен ақпаратты талап етпейді. Одан әрі ҒЖ құру туралы жинақталған статистикалық деректерге негізделген осы әдістеме негізінде ғарыштық инфрақұрылым объектілерін құруға, пайдалану мен дамытуға арналған шығындар нормативтері әзірленетін болады.

Бұл Заңның 9-бабының 2-тармағына сәйкес, ғарыш қызметі саласында қосарланған мақсаттағы жобаларды іске асыру жөніндегі уәкілетті органның функциялары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп іске асырылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ереженің 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қорғаныс саласында мемлекеттік саясатты, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерін әскери-саяси және әскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган болып табылады.

Осылайша, бұл Заңда қосарланған мақсат ұғымы айқындалған, бұл міндеттерді бір уақытта бейбіт те, қорғаныс мақсаттарында да шешу мүмкіндігін білдіреді. Бірақ, Заңда қорғаныс пен қауіпсіздікті тиімді және нысаналы қамтамасыз ету мақсатында ғана іске асырылатын әскери мақсаттағы ғарыш қызметі саласындағы жоба анықтамасының ұғымы жоқ.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 350 Жарлығына сәйкес, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қызметінің негізгі бағыттарының бірі қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, сондай-ақ бірыңғай әскери-техникалық саясат пен әскери-техникалық ынтымақтастық жүргізуге қатысу, қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласында басшылық ету болып табылады.

Бұл ретте, әскери мақсаттағы ғарыш қызметі саласындағы жобаларды іске асыру кезінде ҚР Қорғаныс министрлігі тапсырыс беруші болып табылады және сәйкесінше ғарыштық техника мен технологияларды құруды, пайдалану мен кәдеге жаратуды ұйымдастырады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2017 жылғы 31 қаңтардағы Жолдауында қойған басымдықтар осы заң жобасын әзірлеу қажеттігінің бірі болып табылады. Коммуникациялардың дамуын, оптоталшықты инфрақұрылымға жаппай қол жеткізуді қамтамасыз ету маңызды. Цифрлық индустрияны дамыту барлық басқа салаларға серпіліс беруді қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасында мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың навигация құралдарына және навигациялық қызмет саласындағы көрсетілетін қызметтерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдайлар жасауға бағытталған алғашқы және жалғыз жоғары дәлдікті спутниктік навигация жүйесі жобасы іске асырылды.

Іске асырудың құқықтық негізі ғарыш қызметі саласындағы заңнама болып табылады.

Ғарыш қызметін жүзеге асыру қағидаттарының бірі: ғарыш қызметін дамытудың басым бағыттарын қолдау; ғарыш қызметін экономикалық жағынан ынталандыру; Қазақстан Республикасының ғарыштық инфрақұрылымын тиімді және ұтымды пайдалану болып табылады.

Ғарыш қызметі бағыттарының бірі «ғарыштық байланыс жүйесін құру және пайдалану» болып табылады.

Бүгінгі таңда құрылған «KazSat» байланыс және хабар тарату ғарыш жүйесі жақын болашақта бекітілген спутниктік байланыс арналарына елдің қажеттілігін 100% қанағаттандыруға қабілетті. «KazSat» жүйесі ғарыш аппараттарының транспондерлер қызметтерін ұсынуға, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

«Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-1 бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторы байланыс қызметтерін, соның ішінде ғарыш аппараттарының транспондерлер қызметтерін, сонымен қатар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ақпараттық-коммуникациялық жүйелерге кең жолақты қолжетімдік қызметтерін көрсетуге уәкілетті.

«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 15) тармақшасына сәйкес, «байланыс қызметтері» деп пошта және арнайы жөнелтімдерді, ақша немесе телекоммуникациялық хабарламалардың пошта аударымдарын қабылдау, өңдеу, сақтау, табыстау, тасымалдау, жеткізу қызметтері түсіндіріледі. Бұл ретте «ғарыш аппараттарының транспондерлерін ұсыну қызметтері» «байланыс қызметтері» ұғымына кірмейді.

«Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 24) тармақшасына сәйкес, ғарыш аппараттарының транспондері – бұл ғарыш аппаратына орнатылған және Жер-ғарыш-Жер сигналдарын қайта таратуға арналған радиотарату құрылғыларының жиынтығы.

Ғарыш аппараттарының транспондерлерін ұсыну қызметтері «байланыс қызметтері» ұғымына кіреді.

«Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 24) тармақшасына сәйкес, ғарыш қызметтері бұл ғарыштық техника мен технологияларды пайдалана отырып көрсетілетін қызметтер.

Осылайша, ғарыш аппараттарының транспондерлерін ұсыну қызметтері байланыс қызметтері болып табылмайды.

Сондықтан «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына «байланыс қызметтері» деген сөздерді алып тастау бөлігінде тиісті өзгерістер енгізу ұсынылады.

«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 1-тармағына сәйкес, Ақпараттық қауiпсiздiк мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдардың: Қазақстанның ақпараттық тәуелді болуына жол бермеуге; басқа мемлекеттердiң, ұйымдар мен жекелеген адамдардың тарапынан ақпараттық өктемдік пен оқшаулаудың алдын алуға бағытталған шешімдерімен және іс-қимылдарымен қамтамасыз етіледі.

«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен басқару орталығы Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан «байланыс желiлерiн» оның аумағында құруға және пайдалануға тыйым салынады.

«Байланыс туралы» ҚР Заңының 2-бабының 12) тармақшасына сәйкес, байланыс желісі - байланыс құралдары мен жолдарын қамтитын және телекоммуникацияларға немесе пошта байланысына арналған технологиялық жүйе.

Сонымен қатар, дәл сол Заңда байланыс жолдары - тарату жолдары (кәбілдік, радиорелелік, спутниктік және басқалары), байланыстың физикалық тізбектері және жол-кәбілдік, оның ішінде магистралдық (халықаралық және қалааралық) құрылғылары деп көзделген.

Осылайша, өзінің басқару орталықтарымен, әдетте, ғарыш аппараттарының меншік иелеріне тиесілі спутниктік байланыс жолдары «байланыс желісінің» бөлігі болып табылады.

Іс жүзінде ҚР кез келген «байланыс желісінің» ҚР аумағында бір басқару орталығы бар және оған «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданылмайды.

Алайда, ортақ «байланыс желісінде» басқару орталығы Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан шетелдік спутниктік байланыс жолдары пайдаланылғанда, шетелдік спутниктік байланыс жолдарының кінәсінен байланыстың үзілу ықтималдығы тәуекелі туындайды. Мұндай жағдайда шетелдік спутниктік байланыс жолдарының жұмысын бақылауды жүзеге асыру мүмкін емес, себебі олардың басқару орталықтары Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан. Уәкілетті мемлекеттік органдар да шетелдік спутниктік операторлардың шешімдеріне ықпал ете алмайды, яғни олар ҚР резиденттері емес және өзінің заңнамасын басшылыққа алады.

Нәтижесінде шетелдік спутниктіктердің сыйымдылығын тікелей немесе орташа (жергілікті операторлар арқылы) пайдаланатын пайдаланушылардың оларға сыйымдылық беретін спутниктер мен компанияларды бақылау мүмкіндігі жоқ.

Осыған байланысты, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ұқсас жағдайлар пайда болуына жол бермеу мақсатында, «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына азаматтығы жоқ адамдарға және шетелдік заңды тұлғаларға тиесілі ғарыш байланысы аппараттары транспондерлерін пайдалануға тыйым салу бөлігінде толықтырулар енгізуді ұсынамыз.

«Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы ғарыш қызметі бағыттарының бірі координаттық-уақытша және навигациялық қамтамасыз ету болып табылады.

Жоғары дәлдікті спутниктік навигация жүйесі тұтынушыларға ғаламдық навигациялық спутниктік жүйенің тұтастығы туралы ақпаратты, сондай-ақ координаттық-уақытша параметрлерін айқындау дәлдігін арттыруға мүмкіндік беретін ақпарат ұсынуға арналған.

«Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, жоғары дәлдікті спутниктік навигация жүйесінің ұлттық операторы жоғары дәлдікті спутниктік навигация жүйесінің техникалық пайдалауын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жеке және (немесе) заңды тұлғаларға спутниктік навигациялық қызметтер көрсетуге, ғаламдық спутниктік навигациялық жүйелердің навигациялық өрісінің тұтастығын бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті.

Спутниктік навигациялық қызметер көрсету шеңберінде, Ұлттық оператор жоғары дәлдікті жайғастыру қызметтерін ұсынады, олар дифференциалды станциялар желісі мен дифференциалды түзету және мониторинг орталығының деректерін пайдалану арқылы қалыптасады. Дифференциалды станциялар желісінің жоғары дәлдікті геодезиялық байламы бар және олар орналастыру талаптарына сәйкес орнатылған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының аумағында басқа коммерциялық ұйымдар (ережедегідей шетелдік ұйымдардың дистрибьюторлары болып табылатын) да өзіне меншікті дифференциалды стансаларды пайдалана отырып жоғары дәлдікті жайғастыру қызметтерін ұсынады.

Осыған байланысты, олардың сапасын қамтамасыз ету үшін жоғары дәлдікті жайғастыру қызметтерін беруді реттеуді қамтамасыз ету қажет. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан барлық дифференциалды стансалардың және ұсынылатын жоғары дәлдікті жайғастыру қызметтері кіруі тиіс дифференциалды стансалар тізілімі осындай реттеудің бірі болуы мүмкін.

Аталған мақсатты іске асыру және бұл тізілімді жүргізу үшін Жоғары дәлдікті спутниктік навигация жүйесі ұлттық операторының өкілеттігін кеңейту, сондай-ақ «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ұғымдарын жетілдіру қажет.

Баяндалғандар негізінде, «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында мынадай ұғымдарды көздеу қажет:

дифференциалды станса – белгілі координаттары бар нүктеде орналасқан, ГНЖЖ навигациялық сигналдарын қабылдау мен өңдеуге, оларды нүктенің кеңістіктік координаттарына түзетулерді есептеу және дифференциалды түзетулер әрекеті радиусындағы ГНЖЖ тұтынушысы тұрған жердің кеңістіктік координаттарын анықтау дәлдігін арттыру үшін ГНЖЖ тұтынушысына байланыс арналары бойынша беруге арналған радиоэлектрондық және техникалық құралдар кешені;

спутниктік навигациялық технологиялар – навигациялық ақпаратты құру және өңдеу әдістер мен құралдарының жиынтығы;

дифференциалды стансалардың бірыңғай тізілімі – Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан дифференциалды стансалардың тізбесі;

спутниктік навигациялық қызметтер – жоғары дәлдікті жайғастыруға, навигация құралдарының сәйкестігін бағалау, объектілердің координаттық-уақытша параметрлерін анықтау қызметтеріне, навигация құралдары мен оларды пайдалануға, сондай-ақ топографиялық-геодезиялық қызметтерге қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған қызмет.

«Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында уәкілетті органның дифференциалды стансалардың бірыңғай тізілімін жасау және жүргізу тәртібі туралы құзыреті айқындалмаған.

Осыған байланысты, «дифференциалды стансалардың бірыңғай тізілімін жасау және жүргізу тәртібін айқындайды» деген ұғымды енгізу қажет.

«Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, ЖСНЖ Ұлттық операторы өз өкілеттігі шеңберінде ГНЖЖ навигациялық өрісінің тұтастығын бақылауды жүзеге асырады, бірақ тұтастықты бақылауды қамтамасыз етуді ГНЖЖ иесі (РФ, АҚШ) ғана орындай алады, осыған байланысты, тұтастықты бақылауды тұтастық мониторингімен ауыстыру қажет.

«Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында «бақылау» деген сөзді «мониторинг» деген сөзбен ауыстыру қажет;

«Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында дифференциалды стансалардың бірыңғай тізілімін жасауға және жүргізуге жауапты орган белгіленбеген.

Осыған байланысты, «дифференциалды стансалардың бірыңғай тізілімін жасауды және жүргізуді жүзеге асырады» деген ұғымды енгізу қажет.

«Геодезия және картография туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңында спутниктік навигациялық технологияларды пайдалана отырып геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстар жүргізуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын талаптардың бірі де белгіленбеген.

Сондай-ақ, «Геодезия және картография туралы» Қазақстан Республикасының Заңына спутниктік анықтамалармен және технологиялармен байланысты қазіргі геодезиялық желілер сыныптамасы туралы нормаларды енгізу қажет. «Геодезия мен картография туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу әлемде геодезиялық желілердің даму үрдістерімен байланысты. Көрсетілген Заңға өзгерістер енгізу дұрыстық, өзектілік, нақтылық пен қолжетімділік жөніндегі қазіргі талаптарға жауап беретін мемлекеттік геодезиялық желінің жаңа құрылымын көздеуге негізделеді.

Жоғарыда айтылғандар негізінде, «Геодезия және картография туралы» Қазақстан Республикасының Заңына тиісті өзгерістер енгізу қажет.

Қазақстан Республикасында бүгінгі таңда спутниктік навигациялық технологияларды пайдаланып, атап айтқанда дифференциалды стансаларды пайдалану бөлігінде геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстар өндірісін реттеу тетігі жоқ. Бұл тетіктің жоқтығы геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды орындау сапасын бағалауға әсер етеді.

Осылайша, «Геодезия және картография туралы» Қазақстан Республикасының Заңында дифференциалды стансаларды пайдалана отырып геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстар өндірісін жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын талапты айқындау қажет.
Мемлекеттік қорғаныс өнеркәсібін ғылыми-техникалық дамыту саласында

2017 жылғы 5 сәуірде ЖҒТК отырысында «құпия» грифінсіз 2017-2020 жылдарға арналған «Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс» бөлімінің білім дамуының бағыттарының қатарына қосу туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты, бұл басымдық «құпия» грифі бар өз ерекшелігіне орай ұлттық қауіпсіздік пен қорғанысты қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызы бар ғылыми-техникалық жобаларды қаржыландыруға және қарастыруға мүмкіндік бермейді.

Сонымен қатар, «Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» ҚР Заңының 3-бабының 2) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысқа ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттік қорғаныс саласындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер, тәжірибелік үлгілер әзірлеу бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, мемлекеттік қару-жарақ тапсырыс берушілерінің жарақтандыруында тұрған әскери және арнайы техниканы, техникалық құралдарды, оқ-дәрілер мен жабдықтарды жаңғырту, әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді) және қос мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнім) өндіру және сынау кіреді.

Ережедегідей, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс аясында жоғарыда көрсетілген ғылыми жобалар қамтылған, мемлекеттік құпиялар құрайтын мәліметтер қосылады.

Бұл ретте, ғылымның «құпия» грифпен белгіленген қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік саласындағы басымдық болмауына байланысты, сондай-ақ «Ғылым туралы» ҚР Заңы шеңберінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер ғылыми жобалар мен бағдарламаларды қарау тәртібімен, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс аясында жоғарыда аталған ғылыми зерттеулер Ұлттық ғылыми кеңес және Жоғары ғылыми-техникалық комиссия отырыстарында нақты қаралуы мүмкін емес.

Өз кезегінде, бұл күштік, арнайы және құқық қорғау органдарына мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты енгізу үшін ғылыми зерттеулер бойынша өтінім беруге мүмкіндік бермейді. Соңғы 3 жылда қорғаныстық зерттеулерді қаржыландыру көлемі 22 есе азайған.

Осылайша, ғылымды қаржыландыру бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде қолданыстағы заңнамадағы кемшіліктерді жою үшін, «Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде, «Ғылым туралы» ҚР Заңына ҚР қауіпсіздігі және қорғаныс қажеттілігі үшін мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау және ғылым және ғылыми-техникалық қызметтерді қалыптастыру саласында қоғамдық қатынасты реттеуге мүмкіндік беретін өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады.
Электрондық өнеркәсіп саласында

Электрондық өнеркәсіп – барлық өнімнің 2/3-ге дейінгі үлесі қамтылған заманауи дәл мәшина жасаудың ғылымды қажетсінетін салалардың бірі – бұл аса күрделі ғылымды қажетсінетін техника.

Қазақстан Республикасында баспа платаларын жобалау, дайындау, толтыру, корпустау, электрондық құрамдастармен тестілеу процестерін сәтті меңгерген және өз өнімін Қазақстан мен шетел нарықтарында өткізетін, электрондық және радиоэлектрондық аппаратура шығарумен және жобалаумен айналысатын бірқатар отандық компаниялар бар.

Жоғары дамыған отандық электроникаға деген қажеттілік сөзсіз және бірнеше факторлардан туындаған, олардың ішінде мынадай өзара байланысты проблемаларды ерекше атауға болады: импорталмастыру, өнімнің сапасы және ақпараттық қауіпсіздік.

Еліміздің технологиялық тәуелсіздігін осы мәселелер айқындайтыны сөзсіз. Қазіргі уақытта жаңғыртылып жатқан және жаңадан құрылып жатқан электрондық жүйелерде, оның ішінде ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс мүдделері үшін қолдануға импорттық құрамдастар қолданылады. Бұл мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді, себебі шетелдік жеткізушілерден тәуелсіз түрде заманауи қаруландыру жүйелерін дайындау және пайдалану ісін қиындатады.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 350 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жаңадан құрылған.

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
1-бабы 2-тармағына сәйкес, мемлекеттік органның құзыреті, өкілеттігі, функциялары мен міндеттері Конституцияда, заңдарда және Президент, Үкімет, жоғары тұрған орталық мемлекеттік орган қабылдайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленеді.

Жүргізілген талдау Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен ақпараттық қауіпсіздік саласындағы берілген функциялар мен өкілеттіктер салалық заңнамалық актілерде тиісті уәкілетті органдарда бекітілгенін көрсетті.

Осылайша, Мемлекет Басшысының Жарлығын іске асыру құрылған және қайта құрылған мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін шектеу бөлігінде заңнамалық қамтамасыз етуді талап етеді.

Осы мәселенің шешімі ретінде Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне ақпараттық қауіпсіздік саласындағы құқық бұзулылықтар бойынша әкімшілік жаза қолдану және әкімшілік істі қарау бойынша жаңа Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органды енгізу, Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» Заңына Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган жаңа ұғымын енгізу, сонымен қатар оның құзыретін қарастыру  бөлігінде тиісті өзгерістер енгізу болып табылады.


Мемлекеттік материалдық резерв саласында
Қазіргі экономикалық-саяси жағдайда мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің тиімді және тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету талап етіледі. Алайда, құқық қолдану тәжірибесі мемлекеттік материалдық резервтің қолданыстағы басқару жүйесі ережесінің барлығы тиімді бола бермейтіндігін көрсетеді.

Проблемалы мәселелер арасында мыналарды ерекше атап көрсетуге болады:



  1. мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау номенклатурасы мен көлемдері ұғымының болмауы, бұл стратегиялық құжатты уақытылы әзірлеуге кері әсер етеді;

  2. мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінде заңды тұлғаларды анықтау бойынша өлшемшарттардың болмауы;

  3. материалдық құндылықтарды жаңарту тетігінің тиімсіздігі сақтау мерзімі өтпестен материалдық құндылықтарды жаңарту, тауарлардың жарамсыздығына және олардың одан әрі кәдеге жарату және жойылуына алып келеді. Қазіргі уақытта базарларда ұқсас тауарларға бәсекелестіктің көп болуына, әлеуетті сатып алушылардан өтінім болмауына және материалдық құндылықтардың жарамдылық мерзімінің шектеулілігіне байланысты, тауарларды уақытылы және толық көлемде сату қиын. Қолданыстағы тендер өткізу және мемлекеттік сатып алу арқылы жаңарту жүйесі өзін тиімсіз көрсетті. Мұндай жарамсыз тауарларды кәдеге жарату және жою одан әрі қолдану өз кезегінде бюджет қаржысынан қосымша шығындарға алып келуі мүмкін. Осыған байланысты, тауардың сапасы мен саны жағынан сақтау мақсатында, мемлекеттік материалдық резервті уақытылы және толық жаңартуды қамтамасыз ететін жаңа тәсілдер енгізу қажет;

  4. жұмылдыру резервін басқаруды жетілдіру қажеттілігі. Мысалы, қазіргі уақытта жұмылдыру резервінен материалдық құндылықтарды жаңарту кезінде қиындықтар туындайды. Сонымен, мысалы мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен қолданыстағы заңнама аясында дәрі-дәрмектерді жаңарту мүмкін емес, солай болғандықтан заңнамалық тетікте дәрі-дәрмек препаратын сату және сатып алу үшін рұқсат беру қарастырылмаған, (сақтау) мерзімі шектеулі, базар сапасы жақсы преператтармен жұмылдыру резервінде сақтаумен салыстырғанда толтырылған. Мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органда дәрі-дәрмек препаратын және медициналық мүлікті сатуға рұқсаты болмауына байланысты, денсаулық сақтау жүйесіндегі жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын жаңартуды облыстардың, Астана мен Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармалары емдік мекемелер арқылы жүзеге асырады;

  5. мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының заттай нормаларды бекіту, сондай-ақ оларды әзірлеу тәртібін бекіту бойынша функцияларды айқын регламенттеу болмауы, осы мемлекеттік органдардың жұмылдыру тапсырыстары мен тапсырмаларын орындау үшін қажет тауардың көлемді айқындау кезінде қиындықтар туындайды;

  6. талдау жүргізу барысында тауарлардың сапасын бақылау үшін, тетіктің болмауы материалдық құндылықтарды есептен шығаруға, тауардың сапалы жағдайын есепке алуға және бақылауға кедергі келтіреді;

  7. мемлекеттік материалдық резервтің жеткіліксіздігі кезінде мүлікті реквизициялау мүмкіндігімен мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру тәртібінің өзгеруі;

  8. мемлекеттік материалдық резервтің сапасы мен саны жағынан сақталуын қамтамасыз ету үшін салу және ұзақ сақтау кезінде заманауи талаптарды ескере отырып, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары үшін нормативтік-техникалық құжаттаманың (техникалық регламенттердің) болмауы;

  9. төтенше жағдай жарияланғанда материалдық құндылықтарды қолдану тәртібі реттелмеген;

  10. мемлекеттік материалдық резервті мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс щеңберінде қалыптастыру мүмкіндігін шектеу. Қолданыстағы заңнамада мемлекеттік материалдық резевтің материалдық құндылықтарын қорғаныстық тапсырыс арқылы сатып алу мүмкіндігі тікелей көрсетілмеген. Сонымен қатар, мемлекеттік материалдық резерв және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс елдің ұлттық қауіпсіздігін және оның қорғаныс қабілеттігін қамтамасыз етудің бір жүйесінің құрылымдық элементі болып табылады. Мемлекеттік материалдық резервке әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар жатады, атап айтқанда, төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға шаралар қабылдауға арналған тауарлар (арнайы техника, киім, төсек жабдықтары, байланыс құралдары, шатырлар, қамтамасыз ету құралдары) және жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтары. Бұдан басқа, кейбір жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдар, қорғаныстық тапсырыстың орындаушысы бола алады. Себебі, олардың жұмылдыру тапсырысында белгіленген көлемдегі тауарды өндіруге қажетті қуаттылығы бар. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс тетігін имплементациялау, мемлекеттік материалдық резевті қалыптастыруда оң әсерін тигізуі мүмкін. Атап айтқанда, мемлекеттік материалдық резевті қалыптастыру бойынша сандық және сапалық көрсеткіштерді көтеруге мүмкіндік береді. Себебі, қорғаныстық тапсырыс басымдылық тәртіппен орындалуға міндетті, сондай-ақ, мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді қорғау тәртібін жоғары деңгейде қамтамасыз етуге әсерін тигізеді. Қорғаныстық тапсырыс орындаушыларына қойылатын қосымша талаптар, тапсырыста толық көлемде орындауға қажетті өндірістік қуаттары жоқ делдалдық құрылымдарды тауарды әлеуетті өнім берушілердің қатарынан алып тастауға мүмкіндік береді;

  11. қорғаныстық тапсырыс орындау кезінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарды пайдаланудың реттелмегендігі. Сақтау пункттері – қорғаныстық тапсырысты орындаушылардың кейіннен орнына қойып мемлекеттік материалдық резервтің тауарларын пайдалану мүмкіндігі мемлекеттік материалдық резервті өзіндік жаңартуға, сондай-ақ запастарды тұрақты жаңғырту арқылы материалдық құндылықтардың сапасы жағынан сақталуын қамтамасыз етуге себепші болады;

  12. мемлекеттік материалдық резервтен жаңарту және броньнан шығару тәртiбiмен шығарылатын материалдық құндылықтарды бағалау тетігінің болмауы. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес тауарлардың нарықтық құнын айқындау бойынша арнайы білімі және біліктілігі жоқ тендерлік комиссия өткізетін тауарлардың бағасын айқындайды. «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының 2-бабы 1) тармақшасына сәйкес, объектінің нарықтық құны бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы мен тиісті біліктілігі бар бағалаушылардың бағалау жүргiзуі арқылы бағалау қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады. Нарықтық бағаға барынша жақындатылған баға бойынша тауар шығару тауарды, әсіресе сақтау мерзімі өтетін тауарларды тез өткізуге себепші болады;

  13. осы саладағы мемлекеттік басқаруды одан әрі жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган және оның құрылымдық бөлімшесі арасындағы мемлекеттік материалдық резерв саласындағы бірқатар функциялардың аражігін ажырату қажеттілігі;

  14. мемлекеттік материалдық резерв саласындағы заңнаманың бұзылғаны үшін заңдық жауапкершіліктің (қылмыстық және әкімшілік) реттелмегендігі;

  15. Мемлекеттік материалдық резерв жүйесін басқару кезінде туындайтын басқа да кемшіліктер мен қайшылықтар.

Бақылаушы-қадағалаушы органдардың тексеру нәтижесі бойынша көрсетілген проблемалы мәселелер мемлекеттік материалдық резерв саласындағы заңнамаға қолдану және оның шешу қажеттілігінен туындап отыр. Сонымен, Мемлекет басшысына 2012 жылғы 11 желтоқсанда жолдаған хатында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мемлекеттік материалдық резервті жылдам толықтыруға, тауарды жылдам және уақытылы қалыптастырып және жаңартуға мүмкіндік беретін тиімді тетіктің болмауына байланысты, кедергі келтіретін жүйелі мәселелерге жүгінеді. Өз кезегінде, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2012 жылғы 8 қарашадағы өз қаулысында мемлекеттік материалдық резерв тауарларының үлес салмағының төмендігіне, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру жұмысының қанағаттанарлықсыз деңгейде ұйымдастырылуына назар аударады.

Қолданыстағы тиімді құқықтық тетік жетіспеушілігі мемлекеттік материалдық резерв саласындағы мемлекеттік материалдық резервті сақтау және жаңарту, қалыптастыру рәсімдік бөлігінде заңнамалық жетілдіруді талап етеді.


Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласында

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі жұмылдыру дайындығын бақылауды, ал жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік саясатты қалыптастыруды жүзеге асырады. Сонымен қатар, жұмылдыру дайындығын мен жұмылдыру іс-шараларын іске асыруға бақылау функцияларын тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік орган анықталмаған.

Сонымен қатар, жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының жұмылдыру даярлығына баға беруді жүзеге асырады.

Аталған баға беру мемлекеттік органдармен ұсынылған тәжірбие көрсеткендей ардайым емес шынайы және толық болып табылатын ақпарат негізінде жүзеге асырылады. Алайда, бақылау функцияларының жоқтығына байланысты, уәкілетті орган ұсынылатын ақпараттың дәйектілігіне тексеруді жүзеге асыра алмады, және бұл жұмылдыру даярлығына баға берудің сапасына кері әсерін тигізеді.

Мемлекеттік органдардың заң бұзушлықтарына, экономиканың соғыс уақыты режиміне ұйымдасқан көшуін бұзуын болдырмау, сондай-ақ жалпы мемлекеттің және мемлекеттік органдардың жұмылдыру даярлығының деңгейін және жай-күйін объективті анықтау мақсатында, уәкілетті орган құзіретіне жұмылдыру дайындығы бойынша мемлекеттік органдардың қызметіне бақылау функциясын қосу қажет.

Жеке және заңды тұлғалар олармен Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы заңнаманы бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады, орталық атқарушы органдар және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар тиiстi мемлекеттiк басқару саласында жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру үшiн жауап бередi, ұйымдардың басшылары жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңi мен соғыс уақытына арналған жұмылдыру дайындығының жай-күйi, жұмылдыру дайындығы мүдделерiнде жасалған шарттар (келiсiмшарттар) мен тапсырыстардың орындалуы үшiн жеке жауап бередi.

Бұған қарамастан, жұмылдыру тапсырмалары мен тапсырыстары бар мемлекеттік органдармен және ұйымдармен жұмылдыру дайындығы бойынша іс-шаралар тиісті деңгейде орындалмайды және екінші деңгейдегі рөлдерде орналасқан.

Осылайша, 2011 жылдан бастап 2017 жылдар аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасымен елдің барлық облыстарын дерлік қамтитын жұмылдыру дайындығының жай-күйін тексерулер ұйымдастырылған, олардың барысында осы салада басқарушылық және ұйымдастырушылық сипаттаға жүйелік проблемалар анықталды.

Аталған бұзушылықтар қолданыстағы заңнамада тиімсіз нормалады айқындайды және жұмылдыру дайындығы бойынша іс-шаралады орындамағаны және/немесе қате орындағаны үшін нақты жауапкершілік шараларының жоқтығына байланысты.

Баяндалғандар негізінде, мемлекеттік органдардың және ұйымдардың лауазымды тұлғаларның өздерінің жұмылдыру дайындығы саласындағы міндеттерін орындамағаны үшін, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен әкімшілік жауапкершілік белгілеу қажет.

Заңға сәйкес бейбіт уақытта жұмылдыру тапсырмалары (тапсырыстары) бар мемлекеттік органдарда және ұйымдарда жұмылдыру дайындығы бойынша іс-шараларды орындауды ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау, мемлекеттік органдардың және ұйымдардың тікелей бірінші басшысына бағынатын жұмылдыру органдарына жүктеледі.

Бұдан басқа, әкімшілік-аумақтық бірліктерді қамтитын аумақтық бағыт, жалпы мемлекеттік жұмылдыру жүйесінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Сонымен бірге, «Министрліктердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың штат саны лимиттерінің кейбір мәселелері және кейбір мемлекеттік мекемелерді тарату туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 411 қаулысына сәйкес жергілікті атқарушы органдарда «Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармалары» мемлекеттік мекемелері, яғни көрсетілген жұмылдыру іс-шараларымен айналысатын жұмылдыру органдары таратылды.

Аталған мемлекеттік мекемелердің орнына әкімдіктердің құрылымында терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс, мемлекеттік құпияларды қорғау сияқты оларға тиесілі емес функциялар жүктелетін бөлімдер құрылды немесе бөлек қызметкерлер тағайындалды. Штаттық бірліктердің аздығынан жұмылдыру дайындығы тиімсіз және толық емес көлемде жүзеге асырылады, бұл Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығы жүргізген тексерістер барысында анықталды.

Осыған байланысты, сондай-ақ мемлекеттің жұмылдыру дайындығын басқару жүйесін жетілдіру және жұмылдыру іс-шараларын сапалы, уақытылы орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне, «Азаматтық қорғаныс туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына «жұмылдыру органдары» деген анықтамадан «жеке қызметкерлер» деген сөздерді алып тастау бөлімінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет.

Жұмылдыру тапсырмасы – мемлекеттiк органдарға жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңiнде және соғыс уақытында мемлекеттiң орнықты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi шешуге бағытталған iс-шараларды орындауға берiлетiн тапсырма.

Жұмылдыру тапсырысы өз кезегінде – ұйымдарға жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңiнде және соғыс уақытында белгiлi бiр номенклатурада тауарлар өндiруге, жұмыстар орындауға және қызметтер көрсетуге, олардың мөлшері мен сапасына, арнаулы құралымдар құруға берiлетiн мемлекеттiк тапсырыс.

Жұмылдыру тапсырыстарын, кейбір жағдайларда кәсіпкерліктің субъектілері болып табылатын жұмылдыру тапсырыстарын орындаушы ұйымдар орындайды – мемлекеттік тапсырыс берушілермен жасасқан шарттар негізінде жұмылдыру тапсырыстарын орындауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар.

Таза кіріс алуға бағытталған дербес, бастамашыл қызметті орындайтын ұйымдар, оларға жұмылдыру тапсырыстары жүктелген жағдайда белгілі бір номенклатурада тиісті тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіруді орындауға, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында арнаулы құралымдарды құруға міндетті болады, себебі жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы әрекет ететін заңнамаға сәйкес ұйымдар мемлекеттiк қорғаныс мүдделерi көзделген мемлекеттiк тапсырмаларды орындаудан бас тартуға құқығы жоқ.

Баяндалғандар негізінде, кәсіпкерліктің субъектісі болып табылатын жұмылдыру тапсырыстарын орындайтын ұйымдар Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың қажеттіліктерін қамтамасыз етудің маңызды бөлімдерінің бірін орындайтын болады, сонымен елдің қорғаныс қабілетіне үлесін қосатын болады.

Баяндалғандарға байланысты, жұмылдыру тапсырыстарын орындауға ұйымдарды неғұрлым көп тарту мақсатында кәсіпкерлік саласында мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы жалпы ережелердің күшін жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы қатынастарға да таратпау бөлігінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексіне тиісті түзетулер енгізу қажет.

Заманауи қарулы сын-қатерлерге, оның ішінде «гибридті соғыстарға» қарсы іс-қимыл жасау, сондай-ақ мемлекеттің әскери ұйымының бірінші кезектегі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қажетті ресурстарды (адами, материалдық, техникалық, қаржылық) уақытылы (бейбіт уақыттан соғыс уақытына ауыстыру) жұмылдыра алатын жалпыұлттық тиімді жұмылдыру жүйесін қалыптастыру мақсатында, Қазақстан Республикасындағы 2020 жылға дейінгі жұмылдыру даярлығы тұжырымдамасының жобасы


(бұдан әрі – Тұжырымдама жобасы) әзірленді.

Тұжырымдама жобасын пысықтау барысында Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратында Қазақстан Республикасының Қорғаныс жоспарына негізгі бөлімдердің бірі ретінде жұмылдыру дайындығын қосу туралы шешім қабылданды.

Баяндалғандарға байланысты, мемлекеттік органдардың қатысуымен жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын әзірлеу жөніндегі құзыретін заңнамалық деңгейде Қазақстан Республикасының Қорғаныс жоспарына ұсыныстар енгізу туралы құзыретке ауыстыру қажет.

Ұйымдардың Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарында көзделген жұмылдыру тапсырыстарын орындау тәртібі, сондай-ақ ұйымдардың банкротқа ұшырауы, таратылуы, қайта ұйымдастырылуы және жұмыс бейінін өзгертуі кезінде жұмылдыру тапсырыстарын алып тастау, беру тәртібі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру қағидаларында айқындалған.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретінен көрсетілген туынды нормативтік құқықтық актілерді бекіту жөніндегі функцияларды алып тастау бөлігінде Заңға тиісті өзгерістер енгізу қажет болып отыр.

Мемлекеттік материалдық резерв – жұмылдыру мұқтаждарына, төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жөнінде шаралар қабылдауға, нарыққа реттеуші әсер етуге, босқындарға көмек және гуманитарлық көмек көрсетуге арналған материалдық құндылықтар қоры;

Жұмылдыру резерві – жұмылдыру, әскери жағдай және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырысын орындау, төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жөнінде шаралар қабылдау, бейбіт уақытта гуманитарлық көмек көрсету үшін қажетті және жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдар ағымдағы өндірістік қызметте пайдаланбайтын мемлекеттік материалдық резервтің құрамдас бөлігі болып табылатын шектеулі номенклатура бойынша материалдық құндылықтардың қоры, сондай-ақ арнаулы құралымдардың материалдық-техникалық құралдары.

Жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдардың банкротқа ұшырауына, қайта ұйымдастырылуына, таратылуына, жұмыс бейінін өзгертуіне байланысты жұмылдыру тапсырыстарын оңтайлы орналастыру және жұмылдыру тапсырыстарын алып тастау жағдайларын барынша азайту мақсатында, ұйымдардың өндірістік, қаржылық және қоймаға қою мүмкіндіктеріне талдау жүргізу қажет. Осы мақсаттарда жұмылдыру тапсырыстарды орындаушы ұйымдардың жұмылдыру даярлығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру тапсырыстарын белгілеу үшін өндірістік, қаржылық және қоймаға қою мүмкіндіктері туралы ақпарат беруінің бірыңғай тәртібін белгілеу талап етіледі, қазіргі уақытта ол әлі айқындалған жоқ.

Осыған байланысты, Үкіметке нормативтік құқықтық актіні бекіту, ал жұмылдыру даярлығы саласындағы уәкілетті органға көрсетілген актіні әзірлеу құзыретін заңнамалық түрде беру қажет.
Әскери мүлік айналымы саласында

Пайдаланылмайтын әскери мүлікті өткізу үшін уәкілетті ұйымның құрылымдық бөлімшелеріне беру ұсынылады, олар оның сақталуына жауапты болады. Одан әрі қару-жарақ пен әскери техниканы сұраныс өткізілетін тауардың бағасын қалыптастырғанда, оны тендерлер арқылы бағалаусыз өткізу ұсынылады. Бұл жаңашылдықтар мүлікті өткізгенге дейін оның сақталуына жауап беретін заңды тұлғаны айқындауға, сондай-ақ мүлікті бағалаудың ұзақ және қорғаныс саласында объективті болып табылмайтын әдісінен өтпеуге мүмкіндік береді. Оларды енгізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына мемлекеттік мүлік айналымы бөлігінде өзгеріс енгізу қажет. Бұл мәселелерді нақтылауды ПӘМ-ді өткізу қағидалары деңгейінде бекітіп, оларды әзірлеу және бекіту бойынша құзырет белгілеу ұсынылады. ПӘМ-ді өткізуден тұскен қаржылай қаражатты республикалық бюджет арқылы ҚӨК-ке жіберу не тікелей қорғаныс-өнеркәсіп кешені қорына жіберу ұсынылады. Бұл үшін кейбір нормативтік құқықтық актілерге, оның ішінде «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу талап етіледі.




  1. Заң жобасын қабылдаудың мақсаты

Заң жобасын қабылдаудың мақсаты қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, мемлекеттік материалдық резерв, жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру, әскери мүлік айналымы саласында, әскери мүлік айналымының, отандық өндірушілерді қолдаудың кебір мәселелері, электрондық өнеркәсіп өнімін және бағдарламалық жасақтама, қорғаныс-өнеркәсіп кешенінде ғылыми-техникалық қор қалыптастыру және өнеркәсіп өнімінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қорғаныс-өнеркәсіп кешенін ұйымдастыруды технологиялық жаңғыртуды жүзеге асыру, ұлттық ғарыш жүйелерін пайдаланудың тиімділігін арттыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік органдардың құзыреттерінің аражігін ажырату және қолданыстағы заңнамадағы кемшіліктер мен коллизияларды жою болып табылады.


  1. Заң жобасын реттеу нысанасы

Осы Заң жобасын реттеу нысанасы мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру, сақтау және пайдалану процесінде, ғарыш қызметі, Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қорғаныс-өнеркәсіп кешенінде ғылыми-техникалық қор қалыптастыру және өнеркәсіп өнімінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қорғаныс-өнеркәсіп кешенін техникалық жаңғыртуды жүзеге асыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастар болып табылады.


  1. Заң жобасының құрылымы

Заң жобасының мазмұны екі баптан тұрады:

1-бапта Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу бағамдалады:

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі;

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі;

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шiлдедегі Қылмыстық кодексi;

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексі;

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік Кодексі;

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексі;

«Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы;

«Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;

«Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы;

«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы;

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;

«Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

«Төтенше жағдай туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы;

«Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы;

«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;

«Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;

«Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы № 407-IV Қазақстан Республикасының Заңы;

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы;

«Ғарыш қызметі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;

«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы №527- IV Қазақстан Республикасының Заңы;

«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы;

«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңы;

«Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;

«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы.

Екінші бап Заңды қолданысқа енгізу мерзімдерін регламенттейді.




  1. Тиісті саладағы заңнамалық актілерге жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелері

жүктеу 222 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау