Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі (реттеуші мемлекеттік органның немесе мүдделі тұлғаның атауы) «Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»



жүктеу 189,87 Kb.
Дата22.05.2018
өлшемі189,87 Kb.
#16083
түріКодекс

Реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдау нәтижелері бойынша аналитикалық нысан

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

(реттеуші мемлекеттік органның немесе мүдделі тұлғаның атауы)
«Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына Концепциялар аясында

(құжат жобасының атауы)

Құжат жобасын әзірлеуші: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

1-ҚАДАМ: Реттеу проблемалары мен мақсаттарын айқындау

1

Проблеманы және проблеманың болу себептерін айқындау (3 сөйлемнен аспайтын, еркін нысанда жазылған мәтін, нысаналы тобы мен себеп-салдарлық байланысты көрсету қажет)

Қолданыстағы реттеу үшін – проблема қалай айқындалғандығы



Мәселе

Қазақстанда мемлекеттік сатып алуды және «Самрұқ-Қазына» Ұлттық Қорының жүйесіне сатып алуды жүргізу үрдісіне енгізілген ақпараттық технологиялар оны дамытуға, үрдістің ашықтығын қамтамасыз етуге, бюджет қаражаттарын қолдану тиімділігіне, әлеуетті жеткізушілердің қатысу процедураларын жеңілдетуге, қағаз құжат айналымын және мемлекеттік сатып алу процедураларын жүргізу шығындарын қысқартуға ықпал етеді және жалпы экономиканың үдемелі әлеуметтік-экономикалық дамуына, жемқорлық көріністерді қысқартуға, ерікті бәсекелестікті дамытуға және халық тарапынан оған сенімді арттыруға бағытталған. Сөзсіз, бұл жерде дайындық кезеңіндегі, сондай-ақ осы механизмді енгізу кезеңдеріндегі уақытындағы және маңызды жұмысты атап өту керек.

Электрондық сатып алу жүйесін енгізудің әлемдік тәжірибесі өз тиімділігін көрсетті. Электрондық мемлекеттік сатып алу жүйелерін енгізу орта есеппен шамамен 10–12% бюджеттік қаражатты үнемдейтіндігі көрсетіледі.

Сонымен қатар дәрілік құралдарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу процедурасы қазіргі уақытта қағаз тасушыларда жүргізіледі, бұл қағаз құжат айналымының үлкен көлемін тудырады, сонымен қатар әкімшіліктік бөгеттердің және сыбайлас жемқорлықты құқық бұзушылықтардың ықтималдығын арттырады.



Болу себептері:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы №1729 Қаулысымен анықталған Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізудің қолданыстағы процедурасы электрондық жүйелерді қолдану арқылы дәрілік құралдарды сатып алуды қарастырмайды.



Мақсатты топтар:

Дәрілік құралдар мен медициналық бұйымдардың әлеуетті жеткізушілері және жеткізушілері



Себеп-салдарлық байланыс:

ХХ1 ғасыр оларсыз бүгінгі таңда адамдар қызметінің көптеген салаларында көптеген шешімдерді іске асыру мүмкін болмайтын жаһандық деңгейде қоғам өмірінде бағдарламалық және телекоммуникациялық құралдарды қолданумен баламасыз дами түсті. Әлемнің көптеген елдерінде мемлекеттік басқару деңгейінде және қоғамдық қарым-қатынастарда әртүрлі бағыттарда және салаларда ақпараттандыру кеңінен дамуда. Мысалға, Қазақстанда қаржы, салық, кеден салаларын, сонымен қатар мемлекеттік басқару позициясынан мемлекеттік сатып алу саласында ақпараттандыру электрондық үкімет бағдарламаларын іске асырудағы маңызды бағыт болып табылады.

Қазақстанда мемлекетті қызметтерді ақпараттандыру процесі үкімет қойған мақсаттарға біртіндеп қол жеткізіп, 7-8 жыл бойы кезең-кезеңмен өтіп жатқаны белгілі. Бастапқыда Елбасы 2004 жылғы 19 наурызда республиканың әлемнің елу бәсекелестікке қабілетті елдерінің қатарына шығуы жөніндегі Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында электрондық үкіметті құру идеясын берген болатын. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2005-2007 жылдарға Қазақстан Республикасында электрондық үкіметі құрудың Мемлекеттік бағдарламасы бекітілді, оған сәйкес Қазақстан электрондық үкіметті құру бірнеше кезеңнен тұрды: ақпараттық, интерактивті, транзакциялық және соңғысы ақпараттық қоғам.


2

Проблеманың болу фактісін растайтын және оның ауқымын көрсететін деректер бар ма (сандық өлшемде)

Қолданыстағы реттеу үшін – мұндай деректер көрсетілді ме



Жоқ ___

Бар_Х_ (оларды сипаттаңыз және олардың шамаларын көрсетіңіз)



3

Кәсіпкерлік немесе кәсіби қызмет саласында міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген реттеуді немесе өзін-өзі реттеуді енгізу мақсаты қандай (ерікті нысанда сипаттаңыз)

Қолданыстағы реттеу үшін– қандай реттеу мақсаты көрсетілді



Дәрілік құралдар және медициналық бұйымдар айналымы саласындағы заңнаманы, соның ішінде құқықтық олқылықтарды, ғылыми-техникалық прогрестің және еркін бәсекелестіктің дамуына кедергі жасайтын қайшылықтарды жою, сонымен қатар әкімшіліктік бөгеттерді тудыратын нормаларды алып тастау арқылы жетілдіру.

2-ҚАДАМ: Баламалар

1. Қарауға жоспарланатын баламаларды айқындау (бар нұсқаларды және Сіз қарастырып, талдайтын баламалы тәсілдерді белгілеңіз – кемінде 3 баламалы тәсілді таңдау қажет, біріктіруге болады. Баламаларды айқындау үшін төменде ұсынылған ықтимал нұсқалар тізімін пайдаланыңыз.

1. Реттеудің болмауы (қолданыстағы реттеулер үшін алып тастау)

2. Ақпараттық науқан

3. Бөлінуі тиіс, алайда қазіргі уақытта реттеуші мемлекеттік органдармен жүзеге асырылатын функциялар тізбесін көрсете отырып міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу *

4. Салықтардың, субсидиялардың өзгеруі, мемлекеттік сатып алу, квоталармен сауда жасау, басқа нарықтық тетіктер

5. Жауапкершілікті міндетті сақтандыру

6. Міндетті белгілеу

7. Міндетті есептілік

8. Декларациялау, хабарландыру

9. Қызмет қағидалары және олардың орындалуын тексеру (рұқсат беру құжаттарынсыз)

10. Рұқсат беру құралдары

11. Тыйым салу

12. Мемлекеттік бақылау және қадағалау

13. Жауапкершілікті енгізу (әкімшілік, қылмыстық)

14. Сатып алу процесінің тиімділігі мен ашықтығын арттыру.



15. Қағаз құжат айналымын қысқарту.

2

Жоспарланатын баламалардың сипаттамасы (реттеу нақтылығын (жоғарыдағы тізім бойынша) көрсетумен ерікті түрде барлық таңдалған баламалар сипатталады)

Қолданыстағы реттеу үшін –қолданыстағы реттеу баламаларының сипаттамасы

1-балама

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізудің қағидаларын оларды мемлекеттік ақпараттық жүйелермен біріктіріп қайта анықтау ұсынылады. Веб-портал арқылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізудің қайта ұсынылатын тәртібі халықаралық және қазақстандық тәжірибе негізінде әзірленеді, бұл көптеген қателіктерді жібермеуге мүмкіндік береді.

Оны енгізу бойынша жұмыс кезеңдермен жүргізілетін болады. 2018 жылдың бірінші жартысында бірыңғай дистрибьютордың сатып алуын онлайн-режимге ауыстыру жүргізіледі. Сол жылдың шілде айынан бастап жеткізушілер сандастырылатын болады.

Электрондық пішімге ауысу кезіндегі негізгі мәселе әлеуетті жеткізушілерді осы жүйеде жұмыс істеуге үйрету болып табылады. Сондықтан оның шешімі үшін оқу курстары, семинарлар және дәрістер мерзімді жүргізілетін болады. Көптеген адамдар электрондық сатып алуға өту идеясына сенбеушілікпен қарайды, бірақ та жүйе жұмысының бірінші жылы тапсырыс берушілер де, әлеуетті жеткізушілер де ЭСАЖ енгізудің артықшылықтарын бағалайды.



2-балама

Сатып алу механизмінің электрондық механизмге өтуі сатып алу нормалары мен ережелерін орындауды бақылауға және орталықтандырылған мониторингі жүргізуге және сыбайлас жемқорлық көріністерінің пайда болу ықтималдығын болдырмауға мүмкіндік береді.

Электрондық сатып алу ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында өтінімдерді және баға ұсыныстарын беру уақытын аяқтағаннан кейін әлеуетті жеткізушілерге өздерінің бәсекелестерінің құжаттамалары мен бағаларына толық рұқсат берілетін болады. Сонымен қатар ақпаратпен, жеткізушілердің өтінімдерімен немесе қорытындылар хаттамаларымен қулық жасау мүмкіндігі болмайды.

Мысалдар туралы айтқан кезде, электрондық сатып алуға өту нәтижесінде Самрұқ-Қазына компаниясында 2014 жылдың шілде айынан бастап барлық ашық тендерлер төмендетуге сауда-саттықты (аукциондарды) қолданумен жүргізіледі. Бұл елеулі үнемдеуді береді және ашықтық деңгейін біршама арттырады. Сонымен қатар әлі күнге дейін формалды себептермен конкурстық өтінімдерді негізсіз қабылдамау сатып алу саласындағы өзекті мәселе болып қалады, мұны сондай-ақ қайта қолданылатын тәртіппен реттеу ұсынылады.



3-балама

Электрондық сатып алу арқасында сатып алу үрдістеріне қатысу кезінде бірінші кезекте ұтқырлық пен жинақтылық қамтамасыз етіледі. Кәсіпкерлер әрбір жеке тендер үшін құжаттар топтамасын нотариалдық куәландыру және оларды жіберу шығындарына үнемдейді.

3*

Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді енгізу нұсқасын таңдаған кезде мынадай критерийлерді көрсету қажет

Өзін-өзі реттеу механизмін енгізу ұсынылмайды.

3-ҚАДАМ: Баламалардың әсерін айқындау

3.1. Экономикалық жүйеге әсері

Экономикалық жүйенің төмендегі элементтерін ескере отырып әр баламаның экономикалық жүйеге әсер етуі кезінде пайда мен шығысыларын ерікті нысанда сипаттаңыз:

1. Тауарлардың, қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалуына, сондай-ақ халықаралық сауда мен халықаралық инвестициялық ағындарға әсері.

2. Экономикалық өсудің жалпы салдарлары.

3. Жұмыспен қамтуға, жұмыс орындарына әсері.








Пайда

Шығасылар




1-балама


Зерттелген тәжірибе елдің бәсекелестікке қабілетін арттыру үшін, сонымен қатар инвестициялар ағынын арттыру үшін дамыған индустриалдық-инновациялық жүйе, соның ішінде адал, ашық және шекті түсінікті қызмет нәтижелеріне негізделген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың дамыған жүйесі қажет екендігін куәландырады. Қазақстан Республикасының Бүкіл әлемдік сауда ұйымына кіру және Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелігі меншік құқықтарын қамсыздандыру бойынша жаңа міндеттерді қояды, бұл нәтижесінде Қазақстанның инвестициялық климатына әсер етеді. Яғни, халықаралық стандарттардың талаптарына бағытталған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу процедуралары елдің жалпы рейтингіне және шетелдік мемлекеттер тарапынан инвестициялардың жаңа ағынына оң әсер етеді. Бүгінгі таңда БҰҰ жаһандық дайындық жөніндегі рейтинг деректеріне бойынша Қазақстанның электрондық үкіметі 2012 жылы 38 позицияны (2010 жылы – 46-орынды, 2008 жылы 81-орынды) алғаны белгілі. Жіктеуде азаматтардың электрондық мемлекеттік жобаларға «электрондық қатысу» (e-participation) көрсеткіші бойынша 2012 жылы Қазақстан 2-орынға (2010 жылы – 18-орында, 2008 жылы – 106-орында) болды.

Жоқ






2-балама


Электрондық портал арқылы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алу бюджеттік қаражаттарды үнемдеуге елеулі әсер етеді. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың электрондық пішімге өтумен бюджеттік қаражаттарды орташа жалпы үнемдеу 2011 жылы 72 млрд. теңгеден артық соманы құрады, ал электрондық алаң жұмысының төрт жылында баға ұсыныстарын сұрау тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу 110 млрд. теңгеден артық соманы құрады.

Жоқ




3-балама

Жоқ

Жоқ

3.2. Бизнеске әсер ету

Төмендегілерді міндетті түрде ескере отырып әр баламаның бизнеске әсер етуі кезінде пайдасы мен шығасыларының сипаттамасын ерікті нысанда келтіріңіз:

1. Кәсіпорындардың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігіне, оның ішінде инновациялар мен дамуына әсері (өзін-өзі реттеуді енгізу кезінде бизнеске кіруде ықтимал қиындықтарды бағалау қажет).

2. Кәсіпорындардың табыстылығы мен тұрақтылығына әсері.

3. Кәсіпорын мөлшеріне байланысты шығасылардың салыстырмалы әсері (шығасылардың салыстырмалы әсері ірі кәсіпорындарға қарағанда шағын кәсіпорындар үшін жоғары бола ма).

1б-нысанына сәйкес бизнес үшін шығасыларды жеке монеталандырыңыз және есептеңіз









Пайда

Шығасылар




1-балама


Электрондық сатып алу арқасында сатып алу үрдістеріне қатысу кезінде бірінші кезекте ұтқырлық пен жинақтылық қамтамасыз етіледі. Кәсіпкерлерде енді әрбір жеке тендер үшін құжаттар топтамасын нотариалдық куәландыру және оларды жіберу шығындары жоқ.

Мысалы, «Самрұқ-Қазына» АҚ электрондық сатып алу жүйесінде жеткізушілердің ЭСАЖ қолданбағандағы 1 тендерге шығындары 80 мың теңгені құрады (10 мың теңге – құжаттарды нотариалдық куәландыру, 50 мың теңге – жол ақысы, 20 мың теңге – іссапар және пошта шығындары). Ал егер электрондық жүйеде жалпы 34 мың тендер жарияланғанын ескерсек (әрқайсысына орта есеппен 3 қатысушы), онда енгізу жеткізушілерге 8 млрд теңгеден астам соманы үнемдеуге мүмкіндік берер еді.

Компьютермен жұмыс істеу дағдылары және интернетке қатынау.




1б-нысаны бойынша бизнес үшін шығасылар










2-балама


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізудің ашықтығы мен айқындылығы жеке секторды жаңа ұйымдардың пайда болуына немесе тауарларды жеткізу және қызметтерді көрсету бойынша қолданыстағы өндірісті кеңейтуге ынталандырады, нәтижесінде жаңа жұмыс орындарын ашу үшін қолайлы жағдайларды тудырады.

Жоқ.




1б-нысаны бойынша бизнес үшін шығасылар




-




3-балама


Кәсіпкерлер әрбір жеке тендер үшін құжаттар топтамасын нотариалдық куәландыру және оларды жіберу шығындарына үнемдейді.

Нотариустардың және пошта қызметтерін көрсететін ұйымдардың кірістеріне әсер етеді, себебі куәландырылатын құжаттар топтамасының саны және оларды жіберу қысқарады.




1б-нысаны бойынша бизнес үшін шығасылар




- жоқ

3.3 Мемлекеттік билік органдарына және жалпы қоғамға әсер ету

Төмендегілерді міндетті түрде ескере отырып әр баламаның мемлекеттік билік органдарына және жалпы қоғамға әсер етуі кезінде пайдасы мен шығасыларының сипаттамасын ерікті нысанда келтіріңіз

1. Денсаулық пен өмір қауіпсіздігі (оның ішінде, экономикалық) үшін тәуекелдерге әсері.

2. Экономикалық қылмысты қоса алғанда, қылмысқа әсері.

3. Ықтимал сыбайластық тәуекелдер.

4. Экологияға әсері.

5. Тұтынушылық таңдаудың өзгеруі.

6. Бөлшек бағалардың өзгеруі.

7. Тұтынушылардың хабардар болуына және оларды қорғауға әсері.

1в-нысанына сәйкес реттеуді әкімшілендіруге шығасыларды жеке монеталандырыңыз және есептеңіз









Пайда

Шығасылар




1-балама


Жоқ

Жоқ

1в-нысаны бойынша әкімшілендіруге шығасылар

-

-




2-балама

Жеткізушілерді анықтаудың электрондық процедуралары қағаз тасушылардағы қатысушылардың өтінімдерін беруді және қарастыруды қарайтын процедуралармен салыстырғанда бірқатар маңызды артықшылықтарға ие. Егер бұрын тапсырыс берушіде «өз» жеткізушісін өткізу, өтінімді бұрмалау мүмкіндігі болса, енді қазір қатысушылардың өтінімдерін беру жасырындылығы артады, бұл өз кезегінде сатып алу қатысушылары арасында сөз байласу тәуекелін азайтуға ықпал етеді.

Жоқ

1б-нысаны бойынша әкімшілендіруге шығасылар

-

-




3-балама


Жоқ

Жоқ

1в-нысаны бойынша әкімшілендіруге шығасылар

-

-

4-ҚАДАМ: Ең оңтайлы реттеу баламасын таңдау

Реттеу нәтижелілігін бағалаудың 5-балдық жүйесінің балдарын айқындау

5 – қойылған міндет толық шешіледі (проблема бұдан әрі жойылады);

4 – қойылған міндет толықтай шешіледі (проблеманың барлық маңызды бөліктері болмайды);

3 – қойылған міндет ішінара шешіледі (проблема айтарлықтай азаяды, проблеманың ең өткір аспектілері шешіледі);

2 – қойылған міндет бірнеше аспектіде шешіледі (кейбір маңызды және өткір аспектілер қалады);

1 – қойылған міндет шешілмейді (проблема қалады)**.



Нәтижелілігі бойынша рейтинг (проблеманы шешуде міндеттерге қол жеткізу)

Нәтижелілік балы (5-балдық жүйе)

Тиісті балдың берілуін түсіндіру

1-балама


5

Сатып алу үрдісін оның қағаз нұсқасынан электрондық нұсқасына ауыстырудың қазақстандық тәжірибесін ескере отырып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды электрондық нұсқаға ауыстыру үлкен күшті талап етпейді.

2-балама


5

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алу онлайн режимде өтеді, бұл сатып алу қатысушыларына өткізілетін сатып алу үрдісін тікелей қадағалау мүмкіндігін береді.

3-балама


5

Электрондық жүйеде ұсынылатын құжаттар үшін артық әрбір жеке тендер үшін құжаттар топтамасын нотариалдық куәландыру және оларды жіберу қажетінсіз құжаттың дұрыстығын электрондық растау жеткілікті.

Тиімділік бойынша рейтинг

Пайда (қорытынды)

Шығасылар (қорытынды)

1-балама

5

-

2-балама

5

-

3-балама

5

-

Ықтимал тәуекелдерді және іске асырылу тетігін айқындай отырып ең үздік баламаны таңдау (өткен екі кестенің деректерін салыстыру негізінде жүргізіледі)

Рейтинг

Ықтимал тәуекелдер және еңсерілмейтін салдарлар

Ұсынылатын реттеуді іске асыру тетігі




1-балама ұсынылатын




1. Енгізу мерзімдері және кезеңдері - 2017 ж.

2. 1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне өзгертулер.

Мерзімі - 2017 жыл ішінде.

2) әзірлеу, келісу процедурасынан өту, сонымен қатар заңнама актісінің нормаларын іске асыруға барлық қажетті заңға тәуелді актілерді тіркеу және бекітуге шығару;

Мерзімі 2 ай ішінде.

3. Жүйені енгізу және тапсырманы іске асыруды бастау.

Мерзімі –1 ай ішінде.


5-ҚАДАМ: Бағалау индикаторы

1

Барынша толық мониторинг жүргізу үшін ақпаратты жинау және талдау жүйесіндегі индикаторлар мен ұсынылатын өзгерістерді анықтаңыз (ықтимал индикаторлар және олардың өлшенуі үшін не істеу қажет) және берілген индикаторға қол жеткізуді бағалау жүзеге асырылатын ақпарат көздерін көрсетіңіз

1) бюджеттен, сондай-ақ жеке кәсіпкерлерден бөлінген ақша қаражатын үнемдеу

1) қаржы жылының нәтижелері бойынша

.


2

Индикаторларды өлшеудің ұсынылатын кезеңділігі

Жылына бір рет




3

"Проблеманың болу фактісін растайтын және оның ауқымын көрсететін деректер" 1-қадамның 2-тармағында көрсетілген, реттеуді енгізгеннен кейін проблема ауқымының ықтимал өзгерістерін көрсететін, цифрлық өлшемдегі деректердің жоспарланатын өзгеруі (сипаттамада жоспарланатын өзгерістердің уақыт шеңберлерін көрсетіңіз)

Қолданыстағы реттеу үшін–осы реттеуді енгізгеннен кейін проблеманың өзгеру ауқымын көрсететін деректер бар ма



Жоқ __Х__

Иә ____


Иә болса – оларды көрсетіңіз




* – өзін-өзі реттеуді жүргізген кезде толтырылады.



** – 1 балын беру нұсқаның дұрыс емес таңдалғанын және оны мүлде қарастырмау керектігін білдіреді.


Қолы ____________ күні «___»________201__ж.
жүктеу 189,87 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау