«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бойынша салыстырмалы кесте


Осымен қатар, осындай басымдылықтарды ұсынуы бәсекелестік принциптеріне сәйкес келмейді, өйткені жеткізушілерді тең емес жағдайында қояды



жүктеу 14,34 Mb.
бет198/213
Дата24.02.2018
өлшемі14,34 Mb.
#10655
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   213

Осымен қатар, осындай басымдылықтарды ұсынуы бәсекелестік принциптеріне сәйкес келмейді, өйткені жеткізушілерді тең емес жағдайында қояды.




17-бап. Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың өкілеттіктері

Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор:

      1) мемлекеттік сатып алу веб-порталын дамытуды, қолдауды және жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады;

      2) мемлекеттік сатып алу веб-порталын дамыту бойынша жобаларды басқаруды жүзеге асырады;

      3) мемлекеттік сатып алу субъектілеріне мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану бойынша өтеусіз негізде қызметтер көрсетеді;

      4) мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеуі мәселелері бойынша өтеусіз негізде консультациялық көмек көрсетеді;

      5) мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастырылған мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектілерінің электрондық ақпараттық ресурстарын сақтаудың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

      6) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталын ақпараттық толықтыруды жүзеге асырады;

      7) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды интеграциялау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша уәкілетті субъектілермен өзара іс-қимыл жасайды;

      8) анықтамалықты енгізе отырып, тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқорын енгізуді және оны қолдауды жүзеге асырады.


17- бап. Алынып тасталсын

1 бәсекелестік бойынша тексеріс

Заңның 2, 5, 6, 8, 11, 16, 17, 18, 21, 22, 27, 32, 33, 47,48 баптары бойынша, мемлекеттік сатып алуының веб-порталының жүйелік-техникалық және ілеспелі қызмет көрсетуін, дамытуын іске асыратын, мемлекеттік сатып алу сааласында бірыңғай операторын, сонымен бірге сатып алуды іске асыруы бойынша мемлекеттік сатып алуының бірыңғай ұйымдастырушысының уәкілеттігі мен құқықтық дәрежесі көзделген.

Біз болжағандай, жоғарыда аталған ережелер мемлекеттік сатып алуды іске асыру саласында бәсекелестікті шектеуіне әкеле алады, өйткені мемлекеттік сатып алуының бірыңғай ұйымдастырушысы мен мемлекеттік сатып алуы саласындағы бірыңғай операторы тікелей мемлекеттік органдарымен тікелей анықталады және осымен, оларға мемлекеттік сатып алу жүйелерінің басқа субъектілері иеленбеген ерекше дәрежесі мен басымдылығы ұсынылады.

Сонымен бірге, осы заңды тұлғалар осы конкурстың қатысушыларының жарыстастық негізінде, мысалға, жылына немес ежарты жылда бір рет өткізілген конкурсы нәтижесінде анықтала алады, бұл басқа субъектілерге осы саладағы бәсекелестікті жоғарлатуға, болған веб-порталына ілесуі, сонымен бірге мемлекеттік сатып алуын өткізуі және ұйымдастыруында қатысуға мүмкіндік береді.




18-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылау

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.



Жоқ

2. Бақылау объектілері:

1) тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы, конкурстық комиссия (аукциондық комиссия), сараптама комиссиясы, сарапшы;

4) мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор болып табылады.



3. Уәкілетті орган тексерулерді мынадай жағдайлардың бірі басталған кезде:

1) тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының не конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның), сараптама комиссиясының, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасап әлеуетті өнім беруші, конкурсқа не аукционға қатысушы, өнім беруші не олардың уәкілетті өкілі жазбаша өтініш бергенде жүзеге асырады. Мұндай шағымды қарау осы Заңның 47 және 48-баптарында көзделген шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады;



18-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылау

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.



Сонымен бірге қоғамдық бірлестіктермен және заңды тұлғалар бірлестіктері мемлекеттік сатып алулар туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыра алады.

Қоғамдық бақылауды жүзеге асырушы тұлғалар:

1) Мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындауға;

2) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы ақпарат ұсыну туралы сұратуларды тапсырыс берушіге жіберуге;

3) мемлекеттік сатып алуларға тәуелсіз мониторнгті және мемлекеттік сатып алулардың тиімділігін бағалауды жүзеге асыруға;

4) заңға сәйкес бақылау шараларын жүргізу туралы өтінішпен мемлекеттік органдарға өз атынан жүгінуге;

5) мемлекеттік сатып алу субъектілерінің әрекеттерінде (әрекетсіздіктерінде) қылмыс құрамының нышандары анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына өз атынан жүгінуге;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамдар тобының бұзылған немесе талас құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы.

Қоғамдық бірлестіктердің және заңды тұлғалар бірлестіктерінің мүшелері Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес, қол жетімділік шектелген және қоғамдық бақылауды жүзеге асыру барысында оларға белгілі болған ақпараттардың құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті.

2. Бақылау объектілері:

1) тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, уәкілетті ұйымдастырушы, конкурстық комиссия (аукциондық комиссия), сараптама комиссиясы, сарапшы;

4) мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті ұйым болып табылады.



3. Проверки осуществляются уполномоченным органом при наступлении одного из следующих случаев:

1) тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды уәкілетті ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының не конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның), сараптама комиссиясының, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті ұйымның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасап әлеуетті өнім беруші, конкурсқа не аукционға қатысушы, өнім беруші не олардың уәкілетті өкілі жазбаша өтініш бергенде жүзеге асырады. Мұндай шағымды қарау осы Заңның 47 және 48-баптарында көзделген шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады;



жүктеу 14,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   213




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау