«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бойынша салыстырмалы кесте



жүктеу 14,34 Mb.
бет185/213
Дата24.02.2018
өлшемі14,34 Mb.
#10655
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   213

1 бәсекелестік бойынша тексеріс

Заңның 11 бабында Қазақстан Республикасы Үкіметімен анықталған, ақпараттық-коммуникациялық технологиялары саласында дамытудың ұлттық институты туралы ережелері көзделген, онда ақпараттық-коммуникациялық технологияларының саласында бәсекелестікті жоғарлатуы үшін қолайлы шартын құруы бойынша ө зәрекеттері щеңберінде осы салада инновациялық гранттарын ұсынуына сараптамалық қорытындыны беруі бойынша уәкілеттігі бар.

Осымен бірге, осы норма аталған институтына осындай гранттарды ұсыну сараптамасы саласында нақты абсымдылықтарын ұсынады, сондықтан біз ақпараттық-коммуникациялық технологиясы саласында бәсекелестікке теріс әсер етуін ойлаймыз.




12-бап. "Электрондық үкiметтiң" сервистік интеграторы

"Электрондық үкiметтiң" сервистік интеграторы:

      1) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға және ақпараттандырудың сервистік моделін ендіруге қатысады;

      2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

      3) "электрондық үкіметтің" архитектурасын дамытуды әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      4) "электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасын әзірлейді;

      5) мемлекеттік органдардың архитектурасын әзірлейді, іске асырылуын қолдап отырады және дамытады, сондай-ақ осыған қажетті іс-шараларды жүзеге асырады;

      6) мемлекеттік органдардың архитектураларын іске асыру жөніндегі жұмыстардың барысы туралы сарапшылық кеңес алдында есеп береді;

      7) ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру шеңберінде операторға және әлеуетті өнім берушілерге (мердігерлерге) мемлекеттік органдардың мемлекеттік функциялар мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандырумен байланысты тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктері туралы хабарлайды;

      8) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары арқылы жасалатын немесе, дамытылатын сервистік бағдарламалық өнімдерді қоспағанда, сервистік бағдарламалық өнімді жасау немесе дамыту жөніндегі жобалауға арналған тапсырманы әзірлейді;

      9) оператордың мемлекеттік органдарға көрсететін ақпараттық-коммуникациялық қызметін іске асыру үшін сервистік бағдарламалық өнімдерді жасауды, тестілеуді және дамытуды ұйымдастырады;

      10) инвестициялық ұсыныстың, бюджеттік инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемесінің және қаржылық-экономикалық негіздемесінің, оның ішінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға немесе дамытуға арналған техникалық тапсырманың "электрондық үкiмет" архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарға, мемлекеттік органның бекітілген архитектурасына, "электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасына сәйкестігіне және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру немесе дамыту кезінде стандартты шешімдер ретінде көп рет пайдалануға жататын ақпараттық жүйелер (немесе олардың бөліктері) тізбесінде көрсетілген мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін пайдалану мүмкіндігінің бар-жоғына ақпараттандыру саласындағы сараптаманы жүргізеді;

      11) мемлекеттік органдардың архитектураларын әзірлеу, іске асырылуын қолдап отыру және дамыту қағидаларына сәйкес мемлекеттік органның архитектурасын басқару жөніндегі процестердің дайындық деңгейін бағалауды мемлекеттік органдарда жүргізіп отырады;

      12) мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметтің тиімділігіне бағалауды және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалауды жүргізеді;

      13) сыныптауышты қалыптастырады және жүргізеді;

      14) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жөніндегі жобаларды басқаруды жүзеге асырады;

      15) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде мемлекеттік органдарға консультациялық және практикалық көмек көрсетеді;

      16) "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында мемлекеттік органдардың ақпараттандыру жүйелерін тіркеуді, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін сақтауды жүзеге асырады;

      17) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алуды және сақтауды жүзеге асырады;

      18) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру немесе дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалану мүмкіндігі туралы қорытынды береді;

      19) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің каталогын қалыптастырады және жүргізеді;

      20) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері мен Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзінің интеграциясын ұйымдастырады;

      21) Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзін дамыту жөніндегі жобаны басқаруды жүзеге асырады;

      22) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық даму институтына ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту жөнінде ұсыныстар енгізеді.



12-бап. "Электрондық үкiметтi" қамтамасыз ету бойынша уәкілетті ұйым

«Электрондық үкiметті» қамтамасыз ету бойынша уәкілетті ұйым:


1 бәсекелестік бойынша тексеріс

Заңның 1, 6-10, 12, 13, 23, 31, 35, 39, 41, 59 баптары бойынша, Заңмен көзделген басқа да функцияларын, сонымен бірге «электрондық әкімшілік» типтік сәулеті мен «электрондық үкіметі» сәулетін дамытуын әдістемелік қамтуы бойынша функциялары жүктелген, қазақстан Республикасы Үкіметімен анықталған заңды тұлға ретінде «электрондық үкіметі» интеграторының сервистік уәкілеттігі мен ққықтық дәрежесі туралы ережелері бекітілген.


жүктеу 14,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   213




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау