«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бойынша салыстырмалы кесте


-бап. Тексерiлетiн субъектiнiң не оның уәкілетті өкілінің бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi



жүктеу 14,34 Mb.
бет50/213
Дата24.02.2018
өлшемі14,34 Mb.
#10655
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   213

155-бап. Тексерiлетiн субъектiнiң не оның уәкілетті өкілінің бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi


1. Бақылау және қадағалау жүзеге асырылу кезiндегі тексерiлетiн субъектiлер не олардың уәкілеттік берілген өкілдері:

1) тексеру жүргiзу үшiн келген бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарын объектiге тексеруге жiбермеуге:
Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінде көрсетілген, осы Кодекстің 141-бабына сәйкес бекітілген тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулер және ішінара тексерулер жүргізу мерзімділігі сақталмаған;

осы Кодексте белгiленген мерзiмдерге сәйкес келмейтін тексеру тағайындау туралы актiде көрсетiлген мерзiмдер асып кеткен не өтiп кеткен;

осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының 2), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау органы сол бiр кезеңде сол бiр мәселе бойынша бұрын тексеру жүргiзiлген тексерiлетiн субъектiге (объектіге) тексеру тағайындаған;

егер алдыңғы тексеру кезiнде бұзушылықтар анықталмаған болса, осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру тағайындалған;

осы Кодекстің 141, 143-баптарында және 146-бабының 1-тармағында көзделген ақпарат пен құжаттар болмаған;

      егер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) өзгеше көзделмесе, жасалған не әзірленіп жатқан қылмыстық бұзушылықтар туралы арызда немесе хабарда, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiнің бұзылуы туралы өзге де өтiнiштерде көрсетiлген уақыт аралығы шеңберiнен шығатын кезеңде тексеру тағайындалған;

      тиiстi өкiлеттiктерi жоқ адамдарға тексеру жүргiзу тапсырылған;

осы Кодекстің 144-бабының 2-тармағында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, тексерудi тағайындау туралы бiр актiде тексеруге тартылатын бiрнеше тексерiлетiн субъект көрсетiлген;

      тексеру мерзiмдерi осы Кодексте белгiленген мерзiмнен асырып ұзартылған;

      осы Кодекстің 156-бабының 2-тармағына сәйкес осы Кодекстің талаптары өрескел бұзылған жағдайларда;

      2) егер жүргiзiлетiн тексерудiң нысанасына жатқызылмаған немесе актiде көрсетiлген кезеңге жатқызылмаған болса, мәлiметтер бермеуге;

      3) тексерудi тағайындау туралы актiге, тексерудiң нәтижелерi туралы актiге және мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасауға;

      4) бақылау және қадағалау органдарының немесе лауазымды адамдардың тексерiлетiн субъектiлердiң қызметiн шектейтiн, заңға негiзделмеген тыйым салуларын орындамауға;

      5) тексерудi жүзеге асыру процесiн, сондай-ақ лауазымды адамның қызметiне кедергi келтiрместен, аудио- және бейнетехника құралдарының көмегiмен лауазымды адамның тексеру шеңберiнде жүргізген жекелеген әрекеттерiн тiркеуге;

      6) өз мүдделерi мен құқықтарын бiлдiруі, сондай-ақ үшiншi тұлғалардың осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген әрекеттердi жүзеге асыруы мақсатында үшiншi тұлғаларды тексеруге қатысуға тартуға құқылы.

2. Бақылау және қадағалау органдары тексерулер немесе тексерілетін объектіге бару арқылы бақылаудың және қадағалаудың өзге нысандарын жүргiзген кезде тексерiлетiн субъектiлер не олардың уәкілетті өкілдері:

      1) осы Кодекстің 146-бабы 1-тармағының талаптары сақталған кезде, тексерiлетiн субъектiнiң аумағына және үй-жайына бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының кедергiсiз кiруiн қамтамасыз етуге;

      2) коммерциялық, салықтық не өзге де құпияны қорғау талаптарын сақтай отырып, бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына қағаз және электрондық жеткiзгiштердегi құжаттарды (мәлiметтердi) не тексерудiң нәтижелерi туралы актiге қоса тiркеу үшiн олардың көшiрмелерiн ұсынуға, сондай-ақ тексерудiң мiндеттерi мен нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділік беруге;

      3) тексерудi тағайындау туралы актiнiң екiншi данасында алғаны туралы белгi қоюға;

      4) жүргiзiлген тексерудің нәтижелерi туралы актiнiң екiншi данасында ол аяқталған күні алғаны туралы белгi қоюға;

      5) егер осы Кодексте не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, тексерудi жүзеге асыру кезеңiнде тексерiлетiн құжаттарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге жол бермеуге;

      6) объектiге тексеру жүргiзу үшiн келген адамдардың осы объект үшiн белгiленген нормативтерге сәйкес зиянды және қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерiнен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге;

      7) хабарлама алған жағдайда, тексеру тағайындалған мерзімде тексерілетін объект тұрған жерде болуға мiндеттi.

155-бап. Бақылау және қадағалау субъектiсінiң не оның уәкілетті өкілінің бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi


1. Бақылау және қадағалау жүзеге асырылу кезiндегі тексерiлетiн немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақыланатын субъектiлер не олардың уәкілеттік берілген өкілдері:

1) тексеру немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылау жүргiзу үшiн келген бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарын объектiге тексеруге жiбермеуге:

Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінде көрсетілген, осы Кодекстің 141-бабына сәйкес бекітілген тексерулер немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылаулар жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулер және ішінара тексерулер жүргізу мерзімділігі сақталмаған;

осы Кодексте белгiленген мерзiмдерге сәйкес келмейтін тексеру немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылау тағайындау туралы актiде көрсетiлген мерзiмдер асып кеткен не өтiп кеткен;

осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының 3), 4), 8) және 9) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау органы сол бiр кезеңде сол бiр мәселе бойынша бұрын тексеру немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылау жүргiзiлген тексерiлетiн немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақыланатын субъектiге (объектіге) тексеру тағайындаған;

егер алдыңғы тексеру немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылау кезiнде бұзушылықтар анықталмаған болса, осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру тағайындалған;

осы Кодекстің 141, 143-баптарында және 146-бабының 1-тармағында көзделген ақпарат пен құжаттар болмаған;

қылмыстық құқық бұзушылық жасалғандығы немесе жасауға дайындалып жүргендігі туралы өтініште, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің мүддесін және құықтарын бұзу туралы басқа да өтініштерде құқық бұзу туралы басқа да немесе хабарламада көрсетілген уақыт аралығы шегінен шығатын кезеңде тексеру тағайындау.

Сәйкес уәкілеттігі жоқ тұлғаларға тексеру немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылау жүргізуді тапсыру;

Осфы Кодекстің 147 бабының 6 тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, бірнеше тексерілетін субъектілерді тексерулерді немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылауды тағайындау туралы бір актіде көрсету ;
тексеру немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылау мерзiмдерi осы Кодексте белгiленген мерзiмнен асырып ұзартылған;

осы Кодекстің 156-бабының 2-тармағына сәйкес осы Кодекстің талаптары өрескел бұзылған жағдайларда;



2) егер жүргiзiлетiн тексерудiң немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылаудың нысанасына жатқызылмаған немесе актiде көрсетiлген кезеңге жатқызылмаған болса, мәлiметтер бермеуге;

3) тексерудi немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылауды тағайындау туралы актiге, тексерудiң немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылаудың нәтижелерi туралы актiге және мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасауға;

4) бақылау және қадағалау органдарының немесе лауазымды адамдардың тексерiлетiн субъектiлердiң қызметiн шектейтiн, заңға негiзделмеген тыйым салуларын орындамауға;

5) тексерудi немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылауды жүзеге асыру процесiн, сондай-ақ лауазымды адамның қызметiне кедергi келтiрместен, аудио- және бейнетехника құралдарының көмегiмен лауазымды адамның тексеру шеңберiнде жүргізген жекелеген әрекеттерiн тiркеуге;

6) өз мүдделерi мен құқықтарын бiлдiруі, сондай-ақ үшiншi тұлғалардың осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген әрекеттердi жүзеге асыруы мақсатында үшiншi тұлғаларды тексеруге немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылауға қатысуға тартуға құқылы.

2. Бақылау және қадағалау органдары тексерулер немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылау немесе тексерілетін объектіге бару арқылы бақылаудың және қадағалаудың өзге нысандарын жүргiзген кезде тексерiлетiн субъектiлер не олардың уәкілетті өкілдері:

1) осы Кодекстің 146-бабы 1-тармағының талаптары сақталған кезде, тексерiлетiн субъектiнiң аумағына және үй-жайына бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының кедергiсiз кiруiн қамтамасыз етуге;

2) коммерциялық, салықтық не өзге де құпияны қорғау талаптарын сақтай отырып, бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына қағаз және электрондық жеткiзгiштердегi құжаттарды (мәлiметтердi) не тексерудiң немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылаудың нәтижелерi туралы актiге қоса тiркеу үшiн олардың көшiрмелерiн ұсынуға, сондай-ақ тексерудiң мiндеттерi мен нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділік беруге;

3) тексерудi немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылауды тағайындау туралы актiнiң екiншi данасында алғаны туралы белгi қоюға;

4) жүргiзiлген тексерудің немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылаудың нәтижелерi туралы актiнiң екiншi данасында ол аяқталған күні алғаны туралы белгi қоюға;

5) егер осы Кодексте не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, тексерудi немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылауды жүзеге асыру кезеңiнде тексерiлетiн құжаттарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге жол бермеуге;

6) объектiге тексеру немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылау жүргiзу үшiн келген адамдардың осы объект үшiн белгiленген нормативтерге сәйкес зиянды және қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерiнен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге;

7) хабарлама алған жағдайда, тексеру немесе бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) баруымен алдын ала бақылау тағайындалған мерзімде тексерілетін объект тұрған жерде болуға мiндеттi.

жүктеу 14,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   213




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау