«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бойынша салыстырмалы кесте


-параграф. Тексерулерді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барумен алдын ала бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі



жүктеу 14,34 Mb.
бет38/213
Дата24.02.2018
өлшемі14,34 Mb.
#10655
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   213

2-параграф. Тексерулерді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барумен алдын ала бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

140-бап. Тексерудің және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барумен алдын ала бақылаудың және қадағалаудың жалпы мәселелері

1. Тексеру және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) барумен алдын ала бақылау және қадағалау келесі әрекеттердің бірін жасау жолымен бақылау және қадағалау органдары өткізетін бақылау және қадағалау нысандарының бірі болып табылады:


1) мемлекетік органның лауазымды тұлғасының бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) баруы;

2) алынып тасталсын;

  


3) бақылау және қадағалау субъектiсінiң осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды сақтауы туралы ақпарат алу мақсатында оны шақырту.

2. Бақылау және қадағалау субъектісінің бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) барумен алдын ала бақылау және қадағалау мәні осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды сақтауы тексерудiң нысанасы болып табылады.

3. Осы Кодекстің 154-бабының 2 және 3-тармақтарын, 157-бабын қоспағанда, осы параграфтың және осы Кодекстің 137 бабының күшi осы Кодекстің 129 бабының 2 тармағының екінші бөлігіндегі 1) және 3) тармақшаларына сәйкес келесілермен байланысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға таралмайды:



7) жануарлардан және (немесе) өсімдіктерден алынатын өнім мен шикізатты өткізетін сауда нарықтарында және көтерме сауда объектілерінде, жануарлардан және (немесе) өсімдіктерден алынатын өнімдер мен шикізаттарды бірыңғай технологиялық циклде өндіруді, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдарда ветеринария және өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға;

8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және мемлекеттiк орман қоры аумағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы талаптардың сақталуына, сондай-ақ жануарлар және өсiмдiктер дүниесi объектiлерiнiң санкциясыз алып қойылуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында;

9) Жануарлар әлемін қолдануға тыйым салу және шектеу, тыйым салынған жануарларды қолдана отырып оның өміршеңдігін, өнімдерін заңсыз қолдану, жануарлар әлемін қолдану үшін рұқсаттың болкын бақылау;



14) алынып тасталсын;


16) жиырма бірге дейінгі жастағы тұлғаларға алкоголь өнiмдерiн, он сегіз жасқа дейінгі тұлғаларға темекі өнімдерін сатуды, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерiнде болу тәртiбiн регламенттейтiн Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуына;



17) алынып тасталсын;

18) жол бойында жолаушылар поездарында жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау қағидаларының сақталуын бақылауға;

19) жергiлiктi атқарушы орган белгiлеген орындардан тыс жерде сауда жасауға;

20) алынып тасталсын;
21) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттiк органдар күзететiн Қазақстан Республикасының объектiлерiн қоспағанда, террористiк тұрғыдан осал объектiлердiң терроризмге қарсы қорғалу жағдайына және олардың басшыларының Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы iс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтауына бақылауды жүзеге асыруға;

22) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына;



23) алынып тасталсын;


24) алынып тасталсын;


25) алынып тасталсын.
Бұл ретте құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда міндетті тіркелуге осы тармақтың бірінші бөлігінің 15) (ішкі аудит қызметтерінің тексерулерін қоспағанда), сондай-ақ осы баптың 5-тармағында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылатын тексерулер жатады.
8. Шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты (қайта ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғалар мен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорларынан басқа) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жыл бойы тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулер, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барумен алдын ала бақылауды және қадағалауды жүргізуге тыйым салынады.

Мемлекеттік бақылау және қадағалау

1 тармақ бойынша:

Кәсіби бақылау енгізумен байланысты редакциялық түзету.

Сондай-ақ тексеру тәсілінен ақпаратты сұратуды алып тастау ұсынылады, себебі таңдаулы тексерулер жойылған соң, осы кодекстің 141 бабы 2 тармағында айқындалған салалар ғана арнайы тәртіппен тексеріледі, тексеру субъектісіне (объектісіне) барып тексеру міндетті, ал эоспардан тыс тексерулер нақты мәселе (жолданымда көрсетілген) бойынша жүргізіледі. Енгізіліп жатқан профилактикалық бақылау осы кодекстің 137 бабында келесі тәсілдерге бөлінген: барумен және бармай.

3 тармақ бойынша:

7) тт. тексерілетін субъектілер тізімін қысқарту және «сауда нарықтарын» ғана ескермеу ұсынылады, себебі «ішкі сауда объектілеріне» барлық сауда объектілері, оның ішінде ұсақ дүкендер, және де қоғамдық тамақтану объектілері жатады.


жүктеу 14,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   213




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау