«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бойынша салыстырмалы кесте



жүктеу 14,34 Mb.
бет27/213
Дата24.02.2018
өлшемі14,34 Mb.
#10655
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   213

Реттеуші әсер етуді талдау

2 тармақ бойынша Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты қолданыстағы әсер ету тәсілдерін бағалауды күшейту, сонымен қатар жоғары талаптарды қысқарту мақсатында.

4 тармақ бойынша РӘТ процедурасын ЖАО шешімдеріне таратумен және РӘТ жүргізілуін қадағалау функциясын ЖАО-ға тапсырумен байланысты, сонымен қатар оған сәйкес енгізуге дейін және кейін РӘТ жүргізілетін КК 83 б. 2 т. талаптарын ескеріп,

билік деңгейлері арасында құжаттарды нақты шектеу қажет.

5 тармақ бойынша КК 82 б. 1 т. сәйкестендіру.

6 тармақ бойынша КК 83 б. 2 тармағына ауыстырылды.

7 тармақ бойынша Органдардың аймақтарда қабылдайтын шешімдеріне РӘТ процедурасының таралуына байланысты, мемлекеттік басқару деңгейлері арасында уәкілеттіктерді шектеу ұсынылады. Және де уәкілетті органның ҮЕК және басқа тұлғалардың РӘТ қарастыру тәртібі реттеледі.

7-1 тармақ бойынша. Органдардың аймақтарда қабылдайтын шешімдеріне РӘТ процедурасының таралуына байланысты, мемлекеттік басқару деңгейлері арасында уәкілеттіктерді шектеу ұсынылады.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 б. 1 т. 4) тт. ескеріп.

8 тармақ бойынша Редакциялық түзету.




84-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу саласындағы құзыретi

1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретiне мыналар жатады:

1) кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту;

2) жұмыскерлердің жылдық орташа санын және жылдық орташа кірісті есептеу қағидаларын бекіту;

3) Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті әзірлеу және бекіту қағидаларын бекіту.

4) Жоқ



84-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу саласындағы құзыретi

1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретiне мыналар жатады:

1) кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларын бе;

2) жұмыскерлердің жылдық орташа санын және жылдық орташа кірісті есептеу қағидаларын бекіту;

3) Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті әзірлеу және бекіту қағидаларын бекіту;

4) ақпараттық құралдардың толық тізімін бекіту.


Ақпараттық құралдар

Үкіметке ақпараттық құралдардың түпкі тізімін бекіту құзыретін беру мақсатында.

Осындай амал бір жағынан ақпараттық құралдар санының еркін кеңеюін болдырмау мақсатында Үкіметке олардың санын бақылауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан кәсіпкерлік субъектілері үшін құқықтық анықтылық қамтамасыз етеді.



85-бап. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган және оның кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу саласындағы құзыретi

 2. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган:

10) реттеуші мемлекеттік органдардың реттеушілік әсерді талдау жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы есептерін қарайды;




14) жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асырады.

15) жоқ;

85-бап. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган және оның кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу саласындағы құзыретi

 2. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган:

10) реттеуші мемлекеттік органдардың және кәсіпкерлік саласында басшылықты жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының реттеушілік әсерді талдау жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы есептерін қарайды;




14) жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асырады;

15) Ақпараттық құралдардың толық тізімін бекіту туралы Үкімет қаулысы жобасын әзірлейді.

Реттеуші әсер етуді талдау

10) тт. бойынша. РӘТ процедурасын ЖАО барлық шешімдеріне таратуға байланысты

10) тт. бойынша. Уәкілетті органға ақпараттық құралдардың түпкі тізімін әзірлеу құзыретін беру мақсатында.




85-1-бап. Жоқ.

85-1-бап. Мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы құқықтық статистика және арнайы есепке алу бойынша уәкілетті орган

1. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу бойынша уәкілетті орган өз құзіреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу және мемлекеттік органдардың тексерулерін үйлестіру саласында статистикалық қызметті жүзеге асырушы орган болып табылады.

2. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу бойынша уәкілетті орган:

1) бақылау және қадағалау органдарын тексеруді және алдын ала бақылауды үйлестіреді;

2)  тексерулерді тағайындау туралы актілерді, тоқтату, жандандыру, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар құрамының өзгеруі және тексеру мен оның қорытындысы туралы ақпараттық есептік құжаттар ұсыну туралы хабарламаларды тіркеу тәртібін әзірлейді;

3) тексерулер тағайындау туралы акт, тексеру нәтижелері туралы акт, анықталған бұзушылықтарды жою туралы жазба нысандарын әзірлейді;

4) тексерулер есебін жүргізеді және міндетті ведомстволық есептілік қалыптастырады;

5) мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізуді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;

6) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген басқа да қызметтерді жүзеге асырады.

жүктеу 14,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   213




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау