724-1-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган
1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстiң 91 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, және он екінші бөліктерінде), 186, 208, 211 (екінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 211-1, 211-2, 213 (төртінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші бөліктерінде), 220, 222, 223, 224, 225, 226, 227 (бірінші (банктерге, Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінің филиалдарына, банктердің ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне, банк конгломератының құрамына кіретін банк холдингтеріне, Қазақстанның Даму Банкіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензиясының негізінде қызметін айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты), екінші, үшінші (эмитенттерге, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты), төртінші және бесінші бөліктерінде), 228 (бесінші, тоғызыншы, оныншы, он екінші, он алтыншы, он жетінші және он тоғызыншы бөліктерінде), 229, 230 (бірінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 231, 232, 239 (үшінші және төртінші бөліктерінде қаржы ұйымдарына (Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензиясының негізінде қызметін айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінің филиалдарына және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты), 247 (төртінші және сегізінші бөліктерінде), 255, 256, 257, 259, 260, 261, 262, 264, 265, 286, 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшысы, оның орынбасарлары және уәкілетті қызметкерлері құқылы.
3. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғандығы туралы хаттама жасауға құқығы бар қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерi осы Кодекске сәйкес айқындалады.
|
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен жеке мемлекеттік органға беруді заңнамалық тұрғыдан бекіту мақсатында.
|
|
804-бап
екінші бөлік
жаңа 2-1-бөлік
|
804-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға құқығы бар лауазымды адамдар
…
2. Соттар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасауға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің уәкілетті жұмыскерлерінің де құқығы бар (86 (төртінші бөлігі), 185, 211 (бірінші бөлігі), 214 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 245, 251, 252 (екінші бөлігі), 462, 463, 464 (екінші бөлігі)-баптар).
|
Достарыңызбен бөлісу: |