3. Осы Заңның 1-бабы 52-тармағының 1) тармақшасы екінші абзацының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұрған кезеңде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«8) мемлекеттік аудитор – мемлекеттік аудитті және (немесе) қаржылық бақылауды жүзеге асыратын, мемлекеттік аудитор сертификаты бар мемлекеттік қызметші, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшісі;».
4. Қарыздар беру бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар (есептік тіркеуден өткен және микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізілген, микроқаржы ұйымдары ретінде тіркелген тұлғаларды, кредиттік серіктестіктерді және ломбардтарды қоспағанда) 2020 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес микроқаржы ұйымы ретінде мемлекеттік қайта тіркелуге тиіс.
Микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер және ломбардтар ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен және микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізілмеген заңды тұлғалар «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде есептік тіркелуге тиіс.
Қарыздар беру бойынша қызметті осы тармақтың бірінші және (немесе) екінші бөліктерінде белгіленген талаптарды сақтамай жүзеге асыруды жалғастырған жағдайда, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру не көрсетілген тұлғаларды тарату туралы сотқа қуыным беруге құқылы.
Осы тармақтың талаптары банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 715-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларға, сондай-ақ жұмыс берушінің өз қызметкеріне, заңды тұлғаның өз құрылтайшыларына (акционерлеріне, қатысушыларына) қарыз түрінде ақша беру жағдайларына қолданылмайды.
5. Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір ай ішінде клиенттердің шоттарын номиналды ұстаушы ретінде жүргізу құқығымен бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға қайтаруға міндетті.
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды құрғанға дейін осы Заңды іске асыруға қажетті және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның құзыретіне кіретін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау құқығына ие болады деп белгіленсін.
7. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің, оның ішінде осы Заңды іске асыру мақсатында қабылданған нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мирасқоры болып табылады деп белгіленсін.
8. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің атынан орталық банктермен, басқа мемлекеттердің бақылау және қадағалау органдарымен, халықаралық және өзге ұйымдармен ынтымақтастық және ақпарат алмасу, оның ішінде құпия ақпарат, бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны, банктік құпияны, сақтандыру құпиясын немесе банк қызметін, сақтандыру нарығына қатысушылардың, бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға қажетті заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын ақпарат алмасу туралы халықаралық шарттар және келісімдер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құқықтық мирасқоры болып табылатыны белгіленсін.
|
Өтпелі ережелерді және заң жобасының жекелеген нормаларының қолданысқа енгізілу мерзімдерін белгілеу мақсатында
Заң жобасы шеңберінде Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторға мемлекетке, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі немесе уәкілетті органның лицензиясынсыз оларға қатысты мемлекеттің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мүліктік құқықтары бар бағалы қағаздарды номиналды ұстауды жүзеге асыру құқығын беретін түзетулердің енгізілуіне байланысты
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері бойынша бұрын жасалған шарттар мен келісімдер бойынша құқықтық мирасқорлығын белгілеу мақсатында
|