|
20-бап
1-тармақ
екінші бөлік
2-тармақ
|
20-бап. Агент банк
1. ...
Агент банкті таңдау жөніндегі конкурсты өткізу тәртібі және агент банкке қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
2. Егер қатысушы банктердің бірде-біреуі агент банкке қойылатын талаптарға сай келмеген жағдайда депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілдік берілген өтемді Ұлттық почта операторы арқылы төлейді.
|
20-бап. Агент банк
1. ...
Агент банктi таңдау жөнiндегi конкурсты өткiзу тәртiбiн және агент банкке қойылатын талаптарды депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқару органы айқындайды.
2. Егер қатысушы банктердiң бiрде-бiреуi агент банкке қойылатын талаптарға сай келмеген, немесе конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдер болмаған жағдайда, депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым кепiлдiк берiлген өтемдi Ұлттық пошта операторы арқылы төлейдi.
|
Агент банкті таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын анықтау құзыретін тікелей ҚДКҚ бекітілуі ұсынылады.
ҚДКҚ туралы заңға сәйкес, ҚДКҚ жеке өзі банктердің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қосылуы шарттарын, олармен жарналарды төлеу тәртібі мен мөлшерін айқындайды, сондай-ақ жарналарды толық әрі уақытылы төлеуіне бақылау жасайды.
ҚДКҚ туралы заңның 5 - бабына сәйкес, ҚДКҚ депозиторлар-жеке тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі міндетін атқару үшін агент банкті конкурстық негізде таңдау бойынша қызметті жүзеге асырады.
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған агент банкті таңдау жөніндегі конкурсты өткізу тәртібі тікелей Қормен асырылатын агент банкті таңдау бойынша конкурстың нәтижелерін бекітуді қоса алғанда, сондай-ақ уәкілетті органның қатысуынсыз (мақұлдауынсыз), ішкі процедураларды қамтиды.
Ұсынылған өзгерту уәкілетті органының банктердің қызметіне бақылау және қадағалау жүргізумен, сондай-ақ агент банкті таңдау бойынша конкурсты өткізу тәртібін реттеу қажеттілігімен, сонымен қатар мұндай таңдаудың критерийлерін анықтаумен байланысты мүдделерінің қақтығысын жояды. Өйткені, агент банкті таңдаудағы негізгі критерийлер депозиторлар – жеке тұлғаларға кепілдік берілген өтемді төлеу жөнінде үздік шарттарын ұсыну қағидаты және Қормен айқындалатын қатысушы банктің тұрақтылығын бағалау болып табылады.
ҚДКҚ туралы заңның 21-бабының 1-тармағына сәйкес келтіру мақсатында. Агент банкті таңдаудың мүмкін еместігі талаптарға сәйкес келмеу жағдайын ғана емес, сондай-ақ конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдердің болмау жағдайларын да қамтиды.
|
|
|
21-бап
1-тармақ
бірінші бөлік
жаңа екінші бөлік
2-тармақ
3-тармақ
4-тармақ
5-тармақ
|
21-бап. Кепілдік берілген өтемді
1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап он төрт жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мемлекеттік және орыс тілдерінде таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялау арқылы қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату және кепілдік берілген өтемді төлеуді жүзеге асыратын агент банктің (не агент банкті таңдау мүмкін болмаған жағдайда Ұлттық почта операторының) атауын көрсете отырып, кепілдік берілген өтемді төлеудің басталғаны, төлеу кезеңі мен орны (орындары) туралы не осы Заңның 23-бабында көзделген жағдайда, кепілдік берілген өтемді төлей бастау мерзімін кейінге қалдыру туралы хабарлайды.
|