«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»



жүктеу 0,56 Mb.
бет388/591
Дата19.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#33443
1   ...   384   385   386   387   388   389   390   391   ...   591
Салыстырма кесте

3) активтерін инвестициялайды;

4) арнайы резерв қалыптастырады;

5) конкурстық негізде агент банкті депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындаған тәртіпте таңдайды;




Кепілдік берудің тиімді жүйесінің 17-ші негізгі қағидатын сақтау мақсатында, оған сәйкес салымшылар олардың сақтандырылған қаражатына тез қол жеткізуі тиіс. Көрсетілген шара қаржылық қызметтерді тұтынушылардың депозиттерге кепілдік беру жүйесіне және қаржы жүйесіне деген сенімінен оң көрініс табады.

Швейцария, Аргентина, Бразилия сияқты елдердің халықаралық тәжірибесіне сәйкес сақтандыру жағдайы қадағалау органының не депозиттерді сақтандыруды жүзеге асыратын ұйымның лицензиядан айыру күні болып танылады. Мұндай тәсіл Ресей Федерациясы, Беларусь, Молдова, Украина және Өзбекстан сияқты ТМД елдерінде көзделген.

ҚДКБҚ туралы заңның 7-бабының 2-тармағы 7) тармақшасының, 9-бабы 4-тармағының және 22-бабының 1-тармағы 5) және 6) тармақшаларының талаптарына сәйкес келтіру мақсатында.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚДКБҚ активтерінің жеке бухгалтерлік есебі енгізілді. Осыған байланысты активтер екі портфельге бөлінген: арнайы резерв бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету болып табылатын портфель және арнайы резерв пен басқа активтердің арасындағы инвестициялық кірісті бөлуге мүмкіндік беретін басқа да активтерді басқару жөніндегі портфель.

Кепілдік беру жүйесін тиісінше қорландыру мақсатында ҚДКБҚ жеке тәртіпте ҚДКБҚ-ның арнайы резервінің қаражатын және арнайы резерв құрамына кірмейтін (ҚДКБҚ-ның арнайы резерв құрамына кірмейтін жарғылық капиталының үлесі және осы үлесті орналастырудан түсетін инвестициялық кіріс) өзге де (өз) активтерін (түрлі инвестициялық қоржындарға) инвестициялауды жүзеге асырады.

Агент банкті таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын анықтау құзыретін тікелей ҚДКБҚ-мен бекітілуі ұсынылады.

ҚДКБҚ туралы заңға сәйкес, ҚДКБҚ жеке өзі банктердің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қосылуы шарттарын, олармен жарналарды төлеу тәртібі мен мөлшерін айқындайды, сондай-ақ жарналарды толық әрі уақытылы төлеуіне бақылау жасайды.

ҚДКБҚ туралы заңның 5 - бабына сәйкес, ҚДКБҚ депозиторлар-жеке тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі міндетін атқару үшін агент банкті конкурстық негізде таңдау бойынша қызметті жүзеге асырады.

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған агент банкті таңдау жөніндегі конкурсты өткізу тәртібі тікелей ҚДКБҚ-мен асырылатын агент банкті таңдау бойынша конкурстың нәтижелерін бекітуді қоса алғанда, сондай-ақ уәкілетті органның қатысуынсыз (мақұлдауынсыз), ішкі процедураларды қамтиды.






6-бап

1-тармақ


2-тармақ

бірінші бөлік


жаңа екінші бөлік

жаңа үшінші бөлік

жаңа төртінші бөлік


6-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның кепілдіктерi

1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап оның депозиторларына кепілдік берілген өтемді төлеу жөнінде өзіне міндеттеме қабылдайды.

2. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның депозиторларға кепiлдiк берiлген өтемдi төлеу жөнiндегi мiндеттемелерi қатысушы банктi мәжбүрлеп тарату туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тiзiлiмiне енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн, бiрақ қатысушы банктi мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап кем дегенде бес жылдан кейiн тоқтатылуға жатады.


жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   384   385   386   387   388   389   390   391   ...   591




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау