Ќазаќстан Республикасыныѕ индустрия жјне


Параграф 1. Іздеу бағдарламаларымен ГТ, ТГТ және АГӘҚЗ материалдарды аралық және қорытынды камералды өңдеу



жүктеу 0,98 Mb.
бет5/14
Дата20.11.2018
өлшемі0,98 Mb.
#21983
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Параграф 1. Іздеу бағдарламаларымен ГТ, ТГТ және АГӘҚЗ материалдарды аралық және қорытынды камералды өңдеу
162. Материалдарды аралық камералды өңдеуде жұмыс құрамы. Дайындау - қорытынды операциялар. Жұмыс орнына қызмет көрсетумен байланысты операциялар. Жинақталған топтама материалды қосымша зерттеу және өңдеу. Химиялық – сараптаманың және өзге зерттеулердің (бұрынғы жұмыстардың материалдарын қоса) деректерін жүйеге келтіру. АКТМ кең пайдаланумен осы деректерді өңдеу. Дала кітапшаларын (күнделіктерін), каталогтарын, бағандарын, тіліктерін жаңа деректермен толықтыру. Қосымша және көмекші карталардың (сұлбалардың) алдын – ала нұсқаларын құрастырумен қажетті арнайы зерттеулерді (литолого – фациалды, литолого – стратиграфиялық және т.б.) жүргізу. Даланың геологиялық карталарын, іздеу жұмыстарының жергілікті аудандарының карталары мен сұлбаларын және алдын – ала бағалау объектілерін алынған деректерді есепке алып толықтыру және нақтылау. Пайдалы қазбаларды орналастыру заңдылықтарын зерттеу. Тірек геологиялық аңызды толықтыру және нақтылау. Алдағы дала аралығының толық бағдарламасын құрастыру. Жұмыстар аяқталған участкелер бойынша авторлық түрде қорытынды міндетті карталарды, сұлбаларды және өзге графикалық қосымшаларды құрастыру. Аяқталған объектілер және тақырыптар бойынша есеп берудің жеке бөлімдерін (бөлімшелерін) жазу. Пайдалы қазбаларды іздеу нәтиежелері туралы баяндама жазбасын құрастыру. Ағымдағы әкімшілік – шаруашылық және қойма – көмекші жұмыс.

163. Материалдарды қорытынды камералды өңдеуде жұмыс құрамы. Дайындау - қорытынды операциялар. Жұмыс орнына қызмет көрсетумен байланысты операциялар. 159 т. баяндалғандарға сәйкес соңғы дала мезгілінің материалдарын өңдеу. Соңғы өңдеулер, жалғастырулар және дала, зертхана және әдеби материалдарын, сонымен қатар осы аумақта іздеу, барлау, арнайы жасалған, іздеу және пайдалану жұмыстарын өткізген материалдарды жалпылау. Зерттеулердің келеші бар аумақтарына және пайдалы қазбалардың кен орындарын айқындау шекараларындағы жеке объектілеріне болжас жасау және пайдалы қазбалардың осы аумағы үшін сәйкес профилденетін дәрежелерінің болжамды қорларын бағалау. Бұрғылау және тау – кен жұмыстарын жүргізумен байланысты міндетті карталарды, тірек геологиялық аңыздарды, тіліктерді, геологиялық сұлбаларды және өзге материалдарды қорытынды толықтыру және нақтылау, және олардың таза авторлық түпнұсқаларын құрастыру. Есеп беру мәтінін және оған мәтіндік қосымшаларды жазу. Ағымдағы әкімшілік – шаруашылық және қойма – көмекші жұмыс.

164. Көмекші (арнайы) карталарды және сұлбаларды құрастырудың сметалық құны, олардың тізілімі сәйкес нормативті құжаттармен және жұмыс жобасымен анықталады, СҚЕ орнатылады.

165. ГТ, ТГТ, АГӘҚЗ (82-84 кестелер, 7 қосымша) материалдарын қорытынды камералды өңдеуін жүргізетін геологиялық партияда әр маманның еңбек шығындары (адам – кезеңде) сан жағынан осы жұмысты орындауға уақыт мөлшерлемелеріне тең (95-97 кестелер, 8 қосымша).

166. Өлшеуіштің қабылданған мәндері ауытқуларында уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары коэффициенттермен түзетіледі (94 кесте, 7 қосымша).

167. ГТ, ТГТ және АГӘҚЗ материалдарының аралық камералды өңдеуіне уақыт мөлшерлемелерін анықтау үшін 95-97 кестелерінде (8 қосымша) және 165 т. көрсетілген уақыт мөлшерлемелері пайдаланылады, оларға келесі коэффициенттер қолданылады: К=0,66 (95 және 97 кесте, 8 қосымша 165 т.; К=0,79 (96 кесте, 8 қосымша және 165 т.).


Параграф 2. Г, ТГГТ, АГГӘҚЗ, И таспаға түсіру материалдарын аралық және қорытынды камералды өңдеу
168. Материалдарды аралық камералды өңдеуде жұмыс құрамы. Дайындау - қорытынды операциялар. Жұмыс орнына қызмет көрсетумен байланысты операциялар. Жиналған топтама материалды қосымша зерттеу және өңдеу. Тәжірибе, химиялық – сараптама және өзге зерттеулер деректерін жүйеге келтіру және жалпылау. АКТМ кең пайдаланумен барлық деректерді өңдеу. Дала кітапшаларына (күнделіктеріне), каталогтарына, бағандарына, дала карталарына, сұлбаларына, тіліктеріне және т.с.с. зертхана, тәжірибе және өзге жұмыстар нәтижелері бойынша толықтырулар мен өзгертулер енгізу. Гидрогеологиялық (инженерлі – геологиялық) аңыздарды толықтылу және нақтылау. Жұмыстар аяқталған участкелер бойынша авторлық түрде қорытынды міндетті карталарды, сұлбалар және өзге графикалық қосымшаларды құрастыру. Аяқталған объектілер және тақырыптар бойынша есеп берудің жеке бөлімдерін (бөлімшелерін) жазу. Ағымдағы әкімшілік – шаруашылық және қойма – көмекші жұмыс .

169. Материалдарды қорытынды камералды өңдеуде жұмыс құрамы. Дайындау - қорытынды операциялар. Жұмыс орнына қызмет көрсетумен байланысты операциялар. 168 т. баяндалғанға сәйкес соңғы дала мезгіліндегі материалдарды өңдеу. Дала, зертхана және әдеби материалдарды қорытынды өңдеу, жалғастыру және жалпылау. Әр түрлі әдістермен және жұмыс түрлерімен (таспаға түсірумен, ландшафтты – индикациялық, геофизикалық, гидрохимиялық, тау – бұрғылау, тәжірибе, тәртіпті, изотопты, зерттеу, барлау) алынған нәтиежелерді қорытынды біріккен түрлендіру. Қорытынды толықтыру және міндетті карталарды, тіліктерді, сұлбаларды және өзге материалдарды нақтылау, осы материалдар бұрғылау және тау жұмыстарын жүргізумен, гидрогеологиялық (инженерлі – геологиялық) аңыздарға және олардың таза авторлық түпнұсқаларын құрастырумен байланысты. Есеп берудің мәтінін және оған мәтіндік қосымшалар жазу. Ағымдағы әкімшілік – шаруашылық және қойма – көмекші жұмыс.

170. Көмекші (арнайы) карталарды және сұлбаларды құрастырудың сметалық құны, олардың тізілімі сәйкес нормативті құжаттармен және жұмыс жобаларымен анықталады, СҚЕ орнатылады.

171. Г, ТГГТ, АГГӘҚЗ, И (86, 87 кесте, 7 қосымша) таспаға түсіру материалдарына қорытынды камералды өңдеуді жүргізетін гидрогеологиялық (инженерлі – геологиялық) партияның әр маманының еңбек шығындары (адам – кезеңде) сан жағынан осы жұмысты орындаудың уақыт мөлшерлемелеріне тең (98-100 кестелер, 8 қосымша).

172. Өлшеуіштің қабылданған мәндері ауытқуларында уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары коэффициенттермен түзетіледі (94 кесте, 7 қосымша).

173. ГТ, ТГТ және АГӘҚЗ таспаға түсіру материалдарының аралық камералды өңдеуіне уақыт мөлшерлемелерін анықтау үшін 98-100 кестелерінде (8 қосымша) және 171 т. көрсетілген уақыт мөлшерлемелері пайдаланылады, оларға келесі коэффициенттер қолданылады: К=0,86.


Параграф 3. ГТ, ГГЧ, ГЧ, ГИЧ, ГИ біріккен таспаға түсіру материалдарын аралық және қорытынды камералды өңдеу
174. Біріккен таспаға түсірулерді камералды өңдегенде жұмыс құрамы біріккен таспаға түсіруді құрастыратын (163, 164, 169, 170 тт. қараңыз) біріккен таспаға түсірулердің материалдарын аралық және қорытынды өңдегенде жұмыс құрамымен анықталады.

175. Біріккен таспаға түсіру материалдарын қорытынды камералды өңдеуге уақыт мөлшерлемелерін есептеу үшін кешендеу коэффициенттері пайдаланылады (101 кесте, 8 қосымша), олар біріккен таспаға түсірулерге кіретін біріккен таспаға түсірулерді орындауға уақыт мөлшерлемелерінің сомасына қолданылады.

176. Біріккен таспаға түсіру қорытынды камералды өңдеуді жүргізетін аралас партияның әр маманның еңбек шығындарын (адам – кезеңде) орнату ұстанымдары дәл сол сияқты (175 т. қараңыз). Сонымен бірге партия құрамы (жұмысшыларсыз) 85 кесте (7 қосымша) (ГТ және ТГТ үшін) және 86 кесте (7 қосымша) (ГЧ, ГИЧ және ГИ үшін) бойынша қабылданады.

177. Біріккен таспаға түсіру материалдарын аралық камералды өңдеуге уақыт мөлшерлемелерін анықтау үшін кешендеу коэффициенттерін қолданумен (101 кесте, 8 қосымша) аталмыш таспаға түсіру материалдарын аралық камералды өңдеуге уақыт мөлшерлемелерінің мәндері қолданылады.


Параграф 4. Іздеу жұмыстары кезінде 1:10 000 және 1:5 000 масштабтарының геологиялық картаға түсіру материалдарын қорытынды камералды өңдеу
178. Жұмыс құрамы. Дайындау - қорытынды операциялар. Жұмыс орнына қызмет көрсетумен байланысты операциялар. Қорытынды өңдеу, дала, зертхана және әдеби материалдарды, сонымен қатар осы аумақта арнайы және іздеу жұмыстарын жүргізгенде алынған материалдарды жалғастыру және жалпылау. Міндетті карталарды (геологиялық – литологиялық карталарды және нақты материал картасын) қорытынды толықтыру және нақтылау, геологиялық аңызды, тіліктерді және олардың таза авторлық түпнұсқаларын құрастыру. Іздеу жұмыстары өткізілгені туралы есеп берудің сәйкес бөлімін жазу.

179. Көмекші (арнайы) карталарды құрастырудың сметалық құны, олардың тізілімі сәйкес нормативті құжаттармен анықталады, СҚЕ орнатылады.

180. Геологиялық картаға түсіру (75 кесте, 6 қосымша) материалдарын қорытынды камералды өңдеуді өткізетін өндірістік топ маманының еңбек шығындары (адам – кезеңде) сан жағынан осы жұмысты орындауға тиесілі (102 кесте, 8 қосымша) уақыт мөлшерлемелеріне тең. Іздеу партиясы басшысының еңбек шығындары - 0,20 адам – кезеңде.

181. Есептеулерді жеңілдету мақсатында (камералды жұмыстардың түрлік құрам жағдайында), дала материалдарын камералды өңдеудің сметалық құны дала жұмыстарының сметалық құнынан пайызбен анықталуы мүмкін. Осы жағдайда камералды жұмыстарға шығындар камералды жұмыстардың барлық кешендеріне орнатылады: геохимиялық, геофизикалық, тау өтпелі, бұрғылау және басқалары (соның ішінде дала материалдарын аралық және қорытынды өңдеу, есеп беруді және сызба – рәсімдеу жұмыстарын құрастыру, оның ішінде компьютерді пайдаланумен) уақытша құрылыс бойынша жұмыстарға шығындарсыз объектіде дала жұмыстарының сметалық құннан пайызбен. Камералды жұмыстарға шығындар мөлшерлемелері геологиялық құрылым (орташа өлшенген ретінде есептеледі) және тау бұрғылау жұмыстарына (103 кесте, 8 қосымша) шығындардың меншікті салмағына тәуелді анықталады.

182. Тікелей есептеумен камералды жұмыстарға шығындарды анықтаған жағдайда 180 т. қабылданбайды.
Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму Министрінің 2018 жылғы "___" мамырдағы №_____ бұйрығына 2-қосымша

ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ТАСПАҒА ТҮСІРУ ЖҰМЫСТАРЫНА УАҚЫТ МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІ

2-бөлім. Кен – барлау жұмыстары

1. Жалпы ережелер
1. Осы тау – кен өту жұмыстарын жүргізуге уақыт мөлшерлемелері (әрі қарай – уақыт мөлшерлемелері) Қазақстан Республикасында жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу саласында геологиялық зерттеулерді орындайтын орындаушылардың еңбек шығындарынан және уақыт мөлшерлемелерінен тұрады. Осы уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары республикалық бюджет есебінен орындалатын 1:200 000 және 1:50 000 масштабтарының геологиялық таспаға түсіру жұмыстары объектілерінің кешенінде жұмыстардың сметалық құнын анықтау үшін пайдаланылатын бірлік және кешенді бағалауларды анықтау үшін тағайындалған.

2. Уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары Қазақстан Республикасының аумағында 1:200 000 және 1:50 000 масштабында ГТТЖ кезінде анағұрлым кең тараған тау – кен, барлау жұмыстарының түрлеріне және әдістеріне жобаланған.

3. Уақыт мөлшерлемелері анағұрлым тиімді әдістемелерді, техниканы, технологияны және еңбекті ұйымдастыруды пайдалануды негіз етіп жобаланған және сәйкес жұмыс түрлерін өткізу үшін қажетті өндірістік процесстер кешенін ескереді. Жұмыс құрамдары уақыт мөлшерлемелері (жасап өту) кестелері алдында келтірілген.

Мөлшерлемелерде жұмыстың негізгі түріне шығындардан басқа олармен технологиялық байланысқан жұмыстарға шығындар ескерілген, оларды орындау қолданыстағы ережелерге, әдістемелік нұсқауларға және өзге нормативті актілерге сәйкес міндетті болып табылады.

Әр бөлім жұмыс шарттарынан, жұмыс құрамынан, тұрады, оларда бөлімге орналастырылған жұмыс түрлеріне қатысты мәліметтер, жұмыстың физикалық көрсеткішін орындауға уақыт мөлшерлемелері (өтудің 1 м, өтудің және тау қазбаларын көмудің 1 м3 және т.б.) және жұмыстың физикалық көрсеткішіне лауазымдар мен мамандықтар бойынша орындаушылардың мөлшерлемелі еңбек шығындары көрсетіледі.

Жұмысшылар, жетекшілер, мамандар және өзге қызметкерлер мамандықтарының және лауазымдарының атаулары, оларға тарифті разрядтар және дәрежелер, жұмыстар және жұмысшылар мамандықтарының Бірлік тарифті – біліктілік анықтамасына және геологиялық саладағы мекемелерде жұмыс істейтін жұмысшылардың Түрлі біліктілік сипаттамаларына сәйкес орнатылады.

Уақыт мөлшерлемелері жұмыс орнына қызмет көрсету бойынша уақытты және демалыс және жеке қажеттілік уақытын ескерумен жобаланған.

4. Құжатта келтірілген, дейін деп көрсетілген сандық көрсеткіштердің мәндері (тереңдік, қашықтық және т.с.с.) қосымша қабылдаған жөн.

Мөлшерлемелерде жұмыстың негізгі түріне шығындардан басқа олармен технологиялық байланысқан жұмыстарға шығындар ескерілген, оларды орындау қолданыстағы ережелерге, әдістемелік нұсқауларға және өзге нормативті актілерге сәйкес міндетті болып табылады.

5. Дайындау – қорытынды операцияларға келесілер енгізілген: нақты жұмысты орындауға тапсырма, материалдар, әр түрлі құжаттар, соның ішінде технологиялық құжаттарды беру және алу; жұмыспен және технологиялық құжаттамалармен таныстыру, жұмысты орындау тәртібі туралы және оны қауіпсіз өткізу туралы ережелер; жұмыс басында құралдарды қайрау және түзету; құралды, әр түрлі құжаттарды және орындалған жұмысты қабылдау және тапсыру.

6. Жұмыс орнына қызмет көрсету бойынша операцияларға келесілер жатқызылған; жұмыс орны шеңберінде еңбек заттарын және жабдықтарын қажетті орын ауыстырулар; оларды қарап шығу (тексеру), тозған және өзге заттарды ауыстыру; тапсырманы орындау аралығында өтпей қалған құралды қайрау; жұмысты орындап болғаннан кейін еңбек құралдарын ретке келтіру және майлау; жұмыс орнын жинау.

7. Мазмұнда атап өтілмеген, бірақ олардың ажырамас бөлігі болып табылатын жұмыс элементтері ерекше төлем жасауға жатпайды.

8. Дала жұмыстары үшін оларды жүргізудің келесі шарттары қабылданған:

ашық жұмыс орнында ауа температурасы + 50 –ден + 300 С – ге дейін;

жергілікті жердің абсолют биіктігі 1500 метрге дейін;

жартасты беткейлердің тіктілігі 350 дейін;

20 кг дейін жүкпен құрғақ қатты топырақ бойынша жаяу жүріп өту;

жел жылдамдығы 14 м/сек дейін.

9. 8 т. алдын – ала көзделген шарттардан өзге болатын жағдайларда жұмыстарды орындағанда уақыт мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері қолданылады, олардың ерекше шарттары және мәндері уақыт мөлшерлемелеріне арналған 1 кестеде (1 қосымша) келтірілген.

10. Дала жұмыстарын жүргізуге уақыт мөлшерлемелерін есептегенде алты күндік 40 сағаттық жұмыс аптасы қабылданған. 36 сағаттық алты күндік жұмыс аптасына уақыт мөлшерлемелерін қайта есептеген жағдайда, абсолют биіктігі 2300 метрден асатын таулы аймақтарда жұмыстарды өндіргенде кестелерде келтірілген уақыт мөлшерлемелері 1,11 коэффициентіне көбейтіледі.

Камералды жұмыстарды өткізгенге уақыт мөлшерлемелерін есептегенде 40 сағаттық бес күндік жұмыс аптасы қабылданған.

11. ИТҚ еңбек шығындарында геологиялық партия басшылары есепке алынған.

12. Мөлшерлемелермен орындаушылардың тек жұмыс орны шеңберінде орын ауыстырып отыруы ескерілген. Орындаушылардың бір жұмыс орнына екінші жұмыс орнына орын ауыстыруы, жалпы сипаттағы дала жұмыстарын жүргізгенде жұмыс орнына жақындау немесе көлікпен жақындау және жұмыстарды орындап болғаннан кейін шоғырлану орнына қайтып келумен байланысты қозғалыстар жеке мөлшерленеді.

13. Жұмысты орындаудың өзге шартарында (8 т. көрсетілгендерге ұқсамайтын) шығындар сметалық – қаржылық есепті (әрі қарай – СҚЕ) құрастыру жолымен есептелу керек.

Жұмыс көлемдері, оларды өткізу шарттары, өту дәрежелері, геологиялық құрылым күрделіліктері және өзге факторлар жобаның геологиялық - әдістемелік бөлігімен дәлелденеді.

2. Еңбекті ұйымдастыру
14. Еңбек мөлшерлемелерінің сандық мәні келесі шарттарды сипаттайтын жағдайлар үшін орнатылған:

жөнделген еңбек амалдарымен жұмыстарды орындау;

жұмыс мазмұнына, қызмет көрсететін жабдықтар мен мәшинелерге, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелеріне сәйкес жұмыстарды сан жағынан және біліктілігі жинақталған ұжымдармен орындау;

жұмыс түрлері үшін және оларды орындау шарттарының тиімді еңбекті ұйымдастыру үлгілері және өндірісі, сонымен қатар технологиясы.

15. Кен өту жұмыстарын орындайтын негізгі өндірістік бірлік геологиялық таспаға түсіру партиясы (отряды) болып табылады, оның құрамында осы жұмысты орындау үшін топ орналасады.

Жұмысты өткізуге жауапты тұлға партия басшысы болып табылады, оның жетекшілігінің астында жұмыстың барлық кешені орындалады (яғни, мөлшерлемелерде оның үлестік қатысуы ескеріледі: бағдарламаны құрастыру; ұйымдастырушылық – дайындау жұмыстары; дала және қатар жүретін барлық жұмыстар: бұрғылау, сынап көру және т.б.; есеп беруді құрастыру және геологиялық карта және оған түсіндірме жазбасының беттерін басып шығаруға дайындау.

Партия басшысының лауазымына анағұрлым біліктілігі жоғары геолог – маман тағайындалады.

Жұмыс көлеміне және сипатына тәуелді таспаға түсіру партиясының құрамында арнайы отрядтар ұйымдастырылған болуы мүмкін: бұрғылау, кен өтуші, сынап көру жұмыстарының және т.б.

Жұмыстарды негізгі орындаушылар геологтар, техник – геологтар, тау-кен шебері, бұрғылау қондырғысын жүргізуші, жұмысшылар, жүргізушілер болып табылады. Әрі қарай әр жұмыстың түрі бойынша мөлшерлемелерде нақты орындаушылардың құрамы ұсынылған.

16. Осы жинақтың мөлшерлемелері анағұрлым тиімді әдістемелерді, техникаларды, технологияларды және жұмыс ұйымдастыруларын пайдалануды негіздеп жобаланған және сәйкес жұмыс түрлерін өткізу үшін қажетті өндірістік процестер кешенін ескереді.

Жұмыс орындаушылардың еңбек және демалыс тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде реттеліп отырады.

3. Мөлшерлемелік бөлім
17. Бөлімшеде Қазақстан Республикасы аумағында 1:200 000 және 1:50 000 масштабтың ГТТЖ таукен – барлау жұмыстарын өткізудің анағұрлым кең тараған түрлері мен амалдарына уақыт мөлшерлемелері берілген.

18. Уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары жобалауларының негізіне, олар жыныстар қаттылығына тәуелді, жыныстардың топтастырылуы жасалған, ол 19 кестеде келтірілген (3 Қосымша).

19. Уақыт мөлшерлемелері копуштардың, тазалаулардың, қарықтар және шурфтар тереңдіктеріне және көлденең қималарына қатысты анықталған. Тау – кен барлау қазбаларының көлденең қималарының пішіндері мен өлшемдері жобамен анықталады.

20. Жұмыс құрамында мөлшерлемелермен ескерілген негізгі жұмыс процесстерінің кешені көрсетілген.

21. Мөлшерлемелермен ескерілмеген және қосымша алдын – ала келесілер көзделеді: лядтарды дайындау, шурфтар, қарықтар айналасын сақтандыру құрылғыларымен қоршау, жұмыс участкесін қардан тазарту, су өткізгіш және ауа өткізгіш құбырларды, желдеткіштерді және т.б. бөлшектеу.

22. Уақыт шығындарын есептегенде 5 м дейін тереңдікте жұмыстың жер бетінде және шурфтарда 7 – сағаттық жұмыс күні қабылданған, 5 м асатын тереңдікте 6 – сағаттық жұмыс күні қабылданған.

23. Бір аралықтан асатын тереңдігі бар, бірақ келесісіне жетпеген қарықтар мен шурфтарды өтуге уақыт мөлшерлемесін қазбаның сәйкес тереңдігі бойынша қабылдаған жөн. Мысалы, қарық тереңдігі 3,8 м болғанда 0 – 4 м аралық бойынша; шурф тереңдігі 12 болғанда алғашқы 5 м уақыт мөлшерлемелері 0 - 5 м аралық бойынша қабылдау, ал қалған 7 м – 5 – 20 м аралық бойынша қабылдау.

24. Тау – кен жұмыстары өндірісінің есепті шарттардан нақты шарттары ауытқығанында уақыт мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері қолданылады, олар 1 кестеде (2 Бөлім, 1 Қосымша) келтірілген.

25. Ашық ауада және жылытылмайтын бөлмелерде қыс мезгілінде жұмыстарды өндіргенде уақыт мөлшерлемелеріне 2 кестеде (2 Бөлім, 1 Қосымша) келтірілген коэффициенттер қолданылады.

26. Температуралық аймақтарға (аймақтан тыс) жатпаған жергілікті жерлерде, сонымен қатар кез келген жыл мезгілінде ауа температурасы теріс болатын таулы аймақтарда жұмыстарды орындағанда уақыт мөлшерлемелеріне 3 кестедегі коэффициенттері (2 Бөлім, 1 Қосымша) қолданылады.

27. 2, 3 кестелерде (2 Бөлім, 1 Қосымша) келтірілген түзету коэффициенттерімен келесілер ескеріледі: жылы киіммен жұмысшылардың қозғалысына келетін ыңғайсыздықтар; жұмысты қиындататын көру қабілетінің төмендеуі және қолайсыз жағдайлар (жел, қар жауу, тұман, аяқ – киімнің, материалдардың, құрал – жабдықтардың мұздауы және т.б.); жұмыс орынын периодты түрде тазалауға және жабдықтарды қар мен мұздан тазалауға қосымша уақыт шығындары; төмен температурамен шақырылған технологиялық проецесстердегі өзгерістер.

Әр нақты жағдайда коэффициенттерді қолдану қажеттілігі геологиялық барлау жұмыстарының өндірісіне жобамен дәлелденеді.

28. Әр түрлі факторлардың бір уақытта әсер етуін ескеретін жалпы түзету коэффициент сәйкес коэффициенттер қосындысымен анықталады.
Параграф 1. Копуштар
29. Техникалық деректер: копуштардың көлденең қимасының ауданы 0,16 м2 және 0,24 м2, тереңдігі 0,8 м дейін. Өту жыныстарды төмпешіктерге үйумен қолмен жүзеге асырылады. Егер төмпешіктерге жыныстарды үю алдын – ала көзделмеген болса, онда уақыт мөлшерлемелеріне 0,85 түзету коэффициентін қолдану қажет.

30. Жұмыстар құрамы. Дайындау - қорытынды операциялар. Жұмыс орнына қызмет көрсетумен байланысты операциялар. Копушты (тастарды, өсімдік түптерін және т.б. алып тастау) салу үшін орын дайындау, қопсыту, лақтыру және төмпешікке жыныстарды үю, жазбаларды дайындау және орнату. Қашықтығы 100 м дейін өзге қазбаға құралдарды өткізу және тасымалдау.

31. Бос жыныстарда қолмен копуштарды өтуге уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындарының мөлшерлемелері 4,5 (2 Бөлім, 2 Қосымша) кестелерде келтірілген.
Параграф 2. Тазартулар
32. Тазарту – техникалық тағайындау ауданын жоспарлауға немесе түпкі жыныстарды жалаңаштау мақсатында 1 м дейінгі тереңдікке 100 м2 дейін тау жыныстарының беткі қабаттарын аудандық жобалау.

33. Техникалық деректер: көлденең бойынша 3 м дейін қашықтыққа және тік бойынша 1,5 м дейін қашықтыққа қолмен тау салмағын лақтыруға уақыт мөлшерлемелері бірдей.

Осыған байланысты тазартуларды өндіруге уақыт мөлшерлемелерінде тау массасын қазумен немесе бос жыныстарды жарумен жүзеге асырылатын бірінші лақтыру 1 м дейін қарықты өтуге уақыт мөлшерлемелері бойынша ескерілген, ал кейінгі лақтырулар – бос тау массасын лақтыруға уақыт мөлшерлемелері бойынша ескеріледі.

Қолмен тазалау үшеуден аспайтын тау массасын лақтыру санында жөн болады.

34. Жыныстарды алдын – ала қопсытусыз тазалау өндірісі бойынша жұмыстар күрек, кайлалар, сындырғыш көмегімен орындалады.

35. Жұмыстар құрамы. Дайындау - қорытынды операциялар. Жұмыс орнына қызмет көрсетумен байланысты операциялар. Тазалау ауданын дайындау (жиекті белгілеу, тастарды, бұталарды, діңгектерді алып тастау). Тазалау жиегінің шегінен тыс төмпешікке лақтырумен жынысты қабат – қабат бойынша шешу. Тазалау профилінің қалыптасуы.

36. Жыныстарды алдын – ала қопсытпай тазалау өндірісіне уақыт мөлшерлемелері 6 кестеде (2 Қосымша) келтірілген.

37. Бульдозермен тазалау өндірістерінің техникалық деректері. Бульдозердің бір рет өтуіне шешілетін жыныс қабатының қалыңдығы 10 – 15 см дейін. Қазу тереңдігі 1 м дейін. Қазбаға тау массасының тасымалдау қашықтығы – 30 м дейін. Жартасты жыныстар бойынша қазбаларды өндіргенде техникалық құрылыстар үшін аудандар астына тау массасын тасымалдау қашықтығы 50 м дейін ұлғаяды.

38. Жыныстарды алдын ала қопсытпай қазу Т-100 немесе Т-130 тракторлары базасында 79 немесе 118 кВт қаттылығы бар бульдозермен өндіріледі.

39. Жұмыстар құрамы. Бульдозерді жұмыс күйіне келтіру. 15 см дейін тереңдікке бір – екі өтуге өсімдік қабатын кесу. Жүріс кезінде тиеумен, көтерумен және түсірумен тау массасын орын ауыстыру, бульдозерді қайтару. Қазу профилін қалыптастыру.

40. Жыныстарды алдын ала қопсытумен қазу Т-130 тракторы базасында 119 кВт (160 л. с.) қуатымен ДП-26С түрімен қопсытумен қазу.

41. Жұмыстар құрамы. Агрегатты жұмыс күйіне келтіру. Бір өтуге 0,5 м дейін қопсыту тереңдігінде қопсытуы бар бульдозермен көлденең өтумен жыныс қопсытулары.

Қопсытқыш пен қазғышты көтеріп – түсірумен тазалау шеңберінен тау массасының орнын ауыстыру. Агрегаттың бұрылулары.

42. Жыныстарды алдын ала қопсытусыз бульдозермен қазуды өндіруге уақыт мөлшерлемелері 8 кестеде (2 Бөлім, 2 Қосымша), алдын – ала қопсытумен жұмыстар 9 кестеде (2 Бөлім, 2 Қосымша), еңбек шығындарының мөлшерлемелері – 10 кестеде (2 Қосымша) келтірілген.


жүктеу 0,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау