6.1.Геологиялық құрам және іздеу жұмыстарында таспаға түсіруде жердегі бағдарлар
109. Бөлімде жердегі геологиялық бағдарларды өткізуге нормативті материалдар келтіріледі, олардың сан мөлшері, ұзақтылығы (км) және бағыттары АКТМ дешифрлау мен бұрын өткізілген жұмыстардың материалдарын мұқият зерттеу мен талдау негізінде жұмыс жобасымен анықталады.
110. Нормативті материалдар өндірістік (бағдарлы) топтардың түрлі құрамдарына орнатылған (69-71 кестелер, 6 қосымша), олар белгілі зерттеу көлемін және онымен байланысты жұмыстарды (бақылау объектілерін зерттеу және сипаттау, үлгілер мен сынамаларды алу, жердегі жұмыстар, бұрғы – геолог түріндегі қолдық жинақпен ұңғымаларды бұрғылау) орындауды қамтамасыз етеді.
111. Геологпен басқарылатын өндірістік топ өткізетін жердегі бағдарлар, геологиялық партиясы басшысының немесе іздеу партиясы басшысының үлестік қатысуымен орындалады, ол сәйкес дайындау – қорытынды опреацияларға және жұмыс орнына қызмет көрсетумен байланысты операцияларды атқарады (10-11 және 118 тт. қараңыз).
Параграф 2 Жердегі геологиялық бағдарлар
112. Бөлімше 1:1 000 000 – 1:25 000 масштабтарын таспаға түсіру жұмыстарында жердегі геологиялық (іздеу – түсіру) бағдарларына, 1:10 000 масштабында (белгілі құрамдағы (69-71 кестелер, 6 қосымша) өндірістік топтармен орындалатын тірек стратиграфиялық (литологиялық) тіліктерді құрастыру бойынша жердегі геологиялық бағдарларға және «ашық» аумақтарға) іздеу жұмыстарында жердегі геологиялық іздеу – таспаға түсіру бағдарларына нормативті материалдармен ұсынылған.
113. Барлық жердегі геологиялық бағдарлар үшін жұмыс құрамы жалпы. Дайындау - қорытынды операциялар. Жұмыс орнына қызмет көрсетумен байланысты операциялар. Стереоскоп астында аэрофотосуреттерді қарау. Жергілікті жерге бағдарлау. Тау жыныстарының табиғи жалаңаштануларын тазарту. Географикалық, геоморфологиялық және бағдардың бастапқы бекеті мен бағдар бойынша бақылау объектілерінің биіктікті байланысы. Радиометриялық зерттеулер (өткізген жағдайда). Үлгілер мен сынамаларды қарап шығу және қысқартау. Дала кітапшасында (күнделігінде) жазбаларды түзету. Бағдар бойынша қорытындылар жазу. Сәйкес журналдарда үлгілер мен сынамаларды тіркеу.
114. Жердегі геологиялық бағдардың алуан түрлілігіне тәуелді жұмыс құрамына көрсетілген 113 т. қосымша келесілер қосылады:
Таспаға түсіру және іздеу жұмыстары процесінде геологиялық бағдарларды өткізгенде: бақылау объектісін жалпы қарап шығу (тау жыныстарының табиғи жалағаштануын, экзогенді геологиялық процестерді (ЭГП) және т.б.); копуштарды өту (қажет болған жағдайда); бақылау объектілерін зерттеу және сипаттау (соның ішінде бояуды және фото суретке түсіруді, тау жыныстары үлгілерін және сынамаларын алуды, үлгілер мен сынамаларды этикеткалауды және қораптауды, пайдалы қазбалар көріністерін іздеп бағалауды, зерттеумен байланысты бақылау объектісі шеңберінде орындаушылардың орнын ауыстыруды қоса); копуштардың геологиялық құжаттамасы; бақылау объектілерінің арасында бағдар бойынша жергілікті жерді үзіліссіз геологиялық және геоморфологиялық зерттеу және сипаттау және АКТМ дешифрлау нәтиежелерін тексерумен, геофизикалық деректерді түрлендірумен, тау жыныстарының және құрылымдық элементтерінің фотобейнелерінің ерекшеліктерін белгілей отырып; су алқаптары мен арналары (жылғалар) бойынша тауып алынған кендер мен тау жыныстарының бөлшектерін үздіксіз бақылау, оларда кенге жақын өзгерістер іздері бар, жылалы аллювиде тау жыныстарын зерттеумен және сипаттаумен; кандар мен шурфтар жатыстарының орнын көрсету; бағдар картасында (аэрофотосуретте) бақылау нүктелерін, орнатылған шектерді, жатыс элементтерін, геологиялық белгілерді, қазбалы органикалық қалдықтардың табылған орындарын көрсету және тушьпен бекіту, контурларды түрлі – түсті қарындаштармен бояу және бағдар картасына литология белгілерін тушьпен салу;
тірек стратиграфиялық (литологиялық) тіліктерді құрастыру бойынша бағдарларды өткізуде: бағдар бойынша тау жыныстарының табиғи жалаңаштануын жалпы қарап шығу; тау жыныстарының табиғи жалаңаштануларын үзіліссіз зерттеу және сипаттау (соның ішінде жүріс азимутын және еңіс бұрышын табуды, бояу және фото суретке түсіруді, үдгілер мен сынамаларды алуды, олдың этикеткалануы мен қорапталуын, АКТМ дешифрлау нәтижелерін тексеруді, тау жыныстарының және құрылымдық элементтердің алуан түрлілігінің фото бейнесі ерекшеліктерін белгілеуді қоса); бағдар картасында (аэрофотосуретте) тау жыныстары тіліктерінің орналасуын тушьпен бекіту; көрінетін қабаттар (пласттар) қалыңдықтарын қайта есептеу; барлық қажетті деректерді шығарумен абриса мен бағандарды жұмыс сызуының тушымен сызып шығу;
Шымтезек, сазды және құмды тау жыныстарының кең тараған аумақтарында дымқыл төртінші сатылы түзілулерге таспаға түсіру жұмстарын жүргізгенде копуш өтулерінің орнына бағдарда бұрғы – геолог түріндегі жинақпен ұңғымаларды қолмен бұрғылау және олардың геологиялық құжаттамасы алдын – ала көзделген.
115. Нормативті материалдармен келесі тау жыныстарының үлгілері мен сынамалары ескерілген:
Төртінші сатылыққа дейін және төртінші сатылы түзілулер процесінде және іздеу жұмыстарында таспаға түсіру процесінде геологиялық бағдарларды жүргізгенде: геологиялық үлгілер; шлифтарды (аншлифтарды) дайындау үшін тау жыныстарының бөлшектері; тау кесектерінің үлгілері және таудың жолсерік – жыныстар бөлшектері; микрофлора және микрофаунаға тау жыныстарының үлгілері; абсолют жас мөлшерін, химиялық және минералогиялық құрамын анықтау үшін тау жыныстарының үлгілері, шурфтар;
тірек стратиграфиялық (литологиялық) тіліктерді құрастыру бойынша геологиялық бағдарларды жүргізгенде: бұрын аталып өткен тау жыныстарының үлгілері және сынамалары, сонымен қатар палеонтологиялық және палеоботаникалық үлгілері және палеомагнитті талдау үлгілері;
дымқыл төртінші сатылы түзілулердің таспаға түсіру процесінде геологиялық бағдарларды жүргізгенде: палинологиялық, гранулометриялық және минералогиялық талдауларға сынамалар; тау кесектерінің және арналы аллювиальды түзілулерден тау жынысты – жолсеріктер кесектерінің үлгілері.
116. Жердегі геологиялық бағдарлар келесі шарттарды орындалады:
бақылау объектілерін «жалғау» – визуалды;
копуштардың өтуі, табиғи жалаңаштануларды тазалау – дымқыл мұз қатпаған тау жыныстары бойынша;
копуштардың аудан қимасы – 0,16 м2, тереңдік – 0,5 м;
ұңғымалар бұрғылауының диаметрі – 30 мм, орташа тереңдік – 3,0 м, бұрғылау кешенінің салмағы – 15 кг, мұз қатпаған топырақтар;
тау жыныстарының үлгілерін және сынамаларын алу – балға мен найза көмегімен қолмен алу;
үлгілер мен сынамаларды белгілеу, оларды орнатылған үлгідегі дайын бланкты жапсырмаларға тіркеу.
117. Нормативті материалдар 72-74 кестелерде (6 қосымша) және 123 т. көрсетілген.
118. Жердегі геологиялық бағдарларды өткізетін өндірістік топта (69-71 кестелерді қараңыз, 6 қосымша) әр орындаушының еңбек шығындары (адам – кезеңде) сан жағынан осы жұмысты орындаудың уақыт мөлшерлемелеріне тең. Геологиялық партия басшысының еңбек шығындары – 0,1 адам – кезең.
Параграф 3. Іздеу жұмыстарында 1:5 000 масштабында геологиялық картаға түсіру
119. «Ашық» (жалаңаш) аумақтарда геологиялық картаға түсіру жүргізіледі, онда тамырлы тау жыныстары барлық жерлердің беткейлерінде шығады, ал жер бедерінде төмендеулер, егер олар қалыңдығы бірнеше метр дымқыл төртінші сатылы түзілулермен толтырылған болса, өлшемдері бойынша үлкен емес және олардың бар болуы аумақтың геологиялық құрылымын анықтауға кедергі келтірмейді.
120. Жұмыстар іздеу партиясынмен өндірістік (таспаға түсіру) тобымен (75 кесте, 6 қосыша) орындалады, олардың басшысы сәйкес дайындау – қорытынды опреацияларға және жұмыс орнына қызмет көрсетумен байланысты операцияларды атқарады (10, 11 және 126 тт. қараңыз).
121. 75 кестеде (6 қосымша) келтірілген орындаушылар құрамы үлгілер мен сынамалардың белгілі сан мөлшерін алмен бірге барлық жердегі визуалды зерттеулер кешенін орындауды қамтамасыз етеді.
122. Жұмыс құрамы. Дайындау - қорытынды операциялар. Жұмыс орнына қызмет көрсетумен байланысты операциялар. Жобалау жұмыстарының және дала жұмыстарына дайындалу нәтижелерінде алынған және алдын – ала дайындалған геологиялық картада көрсетілген жергілікті жерде деректерді тексерумен аумақтың жалпы көрінісі. Визуалды геологиялық бақылаулар, олар қажетті геоморфологиялық және гидрогеологиялық зерттеулермен және аэрофотоматериалдарды дешифрлаумен үйлесімді: бағдардың бастапқы бектінің және бағдар бойынша бақылау объектілерінің географиялық, геоморфологиялық және биіктікті жалғауы; тау жыныстарының табиғи жалаңаштануларын тазалау (қажет болған жағдайда); олардың үздіксіз зерттелуі және сурет салмен және фото суретке түсірулерімен, үлгілерін алумен, тау жыныстары сынамаларын және су сынамаларын алып сипаттау, соның ішінде су және ауа температурасын өлшеумен, жапсырма жабыстыру және қораптау; стратиграфиялық, литологиялық, интрузивті байланыстарды, тектоника, сығылмалар мен тастамырлар, аумақтар мен тау жыныстары элементтерін, жылжымалы құрылыстардың, жер бедерінің элементтерін картаға түсіру (бақылау және картада көрсету); геофизикалық және геохимиялық деректерді түрлендіру; тау жыныстары мен құрылымдық элементтердің түр өзгерістерінің фото бейнелерінің ерекшеліктерін белгілеу; бұлақтардан су шығындарын өлшеу; жер бетіне табиғи шығулары бойынша жинақталған деректер бойынша жерасты суларының жалпы таралу сипаттамаларын алу. Радиометриялық зерттеулер (оларды жүргізген жағдайда. Бағдар картасында бақылау нүктелерін, шөгінділер элементтерін, орнатылған шекараларды (байланыстарды), геологиялық белгілерді, табылған органикалық қалдықтарды және т.б. тушьпен бекіту. Бағдар картасында литология белгілерін тушьпен салу және шекараларды түрлі – түсті қарындаштармен бояу. Үлгілер мен сынамаларды қарап шығу және қысқарту. Дала кітапшасында (күнделігінде) жазбаларды түзету. Қорытындыларды жазу. Сәйкес журналдарда үлгілер мен сынамаларды тіркеу.
123. Нормативті материалдармен келесі тау жыныстарының үлгілері мен сынамалары ескерілген: тау жыныстарының геологиялық үлгілері, шлифтарды (аншлифтарды) дайындау үшін олардың кесектері; микрофауна және микрофлораға тау жыныстарының үлгілері; палеонтологиялық және палеоботаникалық үлгілер; абсолют жас мөлшерін, химиялық минералогиялық құрамын анықтау үшін тау жыныстарының сынамалары; штуфтар.
124. Келесі шарттарды геологиялық картаға түсірулер жүргізіледі: бақылау объектілерін «жалғау» – визуалды; тау жыныстарының үлгілерін және сынамаларын алу – балға мен найза көмегімен қолмен алу; үлгілер мен сынамаларды белгілеу, оларды орнатылған үлгідегі дайын бланкты жапсырмаларға тіркеу.
125. Нормативті материалдар 76 кестелерде (6 қосымша) және 126 т. көрсетілген.
126. Геологиялық картаға түсіруді өткізетін өндірістік топта (75 кестені қараңыз, 6 қосымша) әр орындаушының еңбек шығындары (адам – кезеңде) сан жағынан осы жұмысты орындаудың уақыт мөлшерлемелеріне тең (76 кесте, 6 қосымша). Іздеу партиясы басшысының еңбек шығындары – 0,10 адам – кезең.
Параграф 4. Түпшаймалар әдісімен іздеудегі бағдарлар
127. Түршаймаларды алу көзі қазіргі кездегі өзенмен (бұлақпен) шайылатын арналы аллювий, дымқыл төртінші сатылы түзілулер, сабақтас жайылмалар, жайылмалар үстіндегі террасалар, жаңа немесе жаңартылған гидрожелі шарттарында шығыңқы конустары болып табылады.
128. Нормативті материалдар өндірістік (бағдарлы) топтың түрлі құрамына ыңғайластырып жобаланған, топ екі орындаушыдан тұрады: геолог және геологиялық таспаға түсіру және іздеу жұмыстарында жұмысшы. Бағдарлар геологиялық партия басшысының немесе іздеу отрядының басшысының үлестік қатысуымен орындалады, ол сәйкес дайындау – қорытынды опреацияларға және жұмыс орнына қызмет көрсетумен байланысты операцияларды атқарады (10 және 11 тт. қараңыз).
129. 128 т. көрсетілген өндірістік топтың құрамы белгілі сынамалардың (77 кесте, 6 қосымша) сан мөлшерін алу мен жууды қамтамасыз етеді.
130. Жұмыс құрамы. Дайындау - қорытынды операциялар. Жұмыс орнына қызмет көрсетумен байланысты операциялар. Стереоскоп астында аэрофотосуреттерді қарау. Жергілікті жерде бағдар алу. Геологиялық-геоморфологиялық жағдайды бағалау. Сынама алу жерін таңдау. Сынама алу орны мен өзге бақылау нүктелерінің географиялық, геоморфологиялық және биіктікті жалғасуы. Сынамалар алу үшін копуштарды өту (қажет болған жағдайда) Сынамаларды алу. Сұрыптаумен сынамалар материалын зерттеу және сипаттау, жапсырмалар жабыстыру және тау жыныстары кесек бөлшектері үлгілерін қораптау. Сынамаларды алу жерін геологиялық – геоморфологиялық зерттеу, соның ішінде суреттеулер. Сынамаларды жуу үшін орынды құру. Жуу жеріне сынамаларды жақындату. Сынамаларды жуу, соның ішінде суға салып қоюды қоса. Бақылау объектісін геологиялық – геоморфологиялық зерттеумен, сынмаларды алу және жуумен байланысты жұмыс орнының шеңберінде орындаушылардың орын ауыстыруы. Түпшаймаларды кептіру. Түпшаймаларды кептіріп болғаннан кейін зерттеу (магнитті фракцияның қатал талдауы, лупа астында түпшаймаларды қарап шығу, қалайы айнасына реакция). Түпшаймаларды қағаздан жасалған капсулаларға (пакеттерге) салу. Түпшаймаларға жапсырмалар жабыстыру. Үзіліссіз геоморфологиялық зерттеу және негізгі геологиялық элементтерге бақылау жүргізумен сынама алу бекеттерінің арасында бағдар бойынша жергілікті жерді сипаттау. Сынама алу бекеттерін және өзге бақылау нүктелерін, орнатылған шекараларды, байланыстарды және т.б. бағдар картасында көрсету және тушьпен бекіту. Бағдар картасына белгісі бар жүктемелерді тушьпен салу және контурларды түрлі – түсті қарындаштармен бояу. Бағдар бойынша қорытындылар жазу. Үлгілерді қарап шығу және қысқарту. Дала кітапшасында (күнделігінде) жазбаларды түзету. Сәйкес журналдарда түпшаймаларды және үлгілерді тіркеу. Қағаздан жасалған капсулаларды (пакеттерді) дайындау.
131. Түпшаймалар әдісімен іздеуде бағдарлар келесі шарттарды сақтағанда орындалады: сынамаларды алу орнын және өзге бақылау объектілерін «жалғау» – визуалды; бір сынама көлемі - 0,02 м3, ыдыста сынамаларды жуу; копуштар тереңдігі – 0,5 м дейін; қима ауданы – 0,16 м2, топырақтар қатпаған; сынамаларды жуу орнына жақындату қашықтығы 10 м аспайды, сынамаларды жуу – «орташа» түпшаймаларға дейін, түпшаймаларды кептіру – қара темірден жасалған қалақшада кіші от үстінде; үлгілерді, сынамаларды шартты белгілеу және оларды тіркеу – дайын бланк жапсырмаларында және орнатылған үлгідегі журналдарында.
132. Нормативті материалдар 78 кестеде (6 қосымша) және 133 т. келтірілген.
133. Түпшайма әдісімен (128 т. қараңыз) іздеудегі бағдарларды жүргізетін өндірістік топта әр орындаушының еңбек шығындары (адам – кезеңде) сан жағынан осы жұмысты орындау мөлшерлемесі уақытына тең (78 кесте 6 қосымша). Геологиялық партия басшысының немесе іздеу отряды басшысының еңбек шығындары – 0,10 адас – кезең.
Параграф 5. Геологиялық қарап шығу әдісімен іздеулерде бағдарлар
134. Жұмыс дайын геологиялық негізде участкелердің геологиялық құрылымын бөлшектеп визуалды зерттеу жолымен жүргізіледі, осы участкелерде бұрын пайдалы қазбалардың жанама немесе тікелей белгілері орнатылған.
135. Бағдарлар геологиялық партия басшысы немесе іздеу отряды басшысының үлестік қатысуымен өндірістік (бағдарлы) топпен (75 кесте, 6 қосымша) орындалады, ол сәйкес дайындау – қорытынды опреацияларға және жұмыс орнына қызмет көрсетумен байланысты операцияларды атқарады (10 т., 11 және 140 т. қараңыз).
136. Жұмыс құрамы. Дайындау - қорытынды операциялар. Жұмыс орнына қызмет көрсетумен байланысты операциялар. Стереоскоп астында аэрофотосуреттерді қарау. Жергілікті жерде бағдар алу. Бақылау объектісін жалпы қарап шығу. Тау жыныстарының табиғи жалаңаштануларын тазалау. Бағдардың бастапқы бекеті мен бағдар бойынша бақылау объектілерінің географиялық, геоморфологиялық және биіктікті жалғаулары. Бақылау объектілерін зерттеу және сипаттау (соның ішінде сурет салу мен фото суретке түсіруді, үлгілерді және сынамаларды алуды, оларға жапсырмалар жабыстыру мен қораптауды, бұрынғы зерттеу жұмыстарымен айқындалған және бағдарды өткізу процесінде ашылатын пайдалы қазбалар көріністерінің іздеу бағасын, зерттеумен байланысты бақылау объектілерінің шеңберінде орындаушылардың орын ауыстыруын қоса). Бағдар бойынша жергілікті жерді үздіксіз зерттеу (іздеу көз қарасынан) және сипаттау. Геологиялық картаны (қажет болған жағдайда) түзету. Радиометриялық зерттеулер (оларды жүргізген жағдайда). Бағдар картасында тушьпен бекіту арқылы бақылау байланыс нүктелерін, орнатылған шекараларды, бағдар сызықтарын және өзге элементтерді көрсету. Бағдар бойынша қорытындылар жазу. Дала кітапшасында (күнделікте) жазбаларды түзету. Сәйкес журналдарда үлгілер мен сынамаларды тіркеу.
137. Бағдарларды өткізу процесінде тау жыныстарының геологиялық үлгілері, олардың шлифтарды (аншлифтарды) дайындау үшін сынықтары, кесектері алынады.
138. Бағдарлар келесі шарттарда орындалады: бақылау нүктелерін "жалғау" – визуалды; тау жыныстарының үлгілерін және сынамаларын алу – балға мен найза көмегімен қолмен алу;үлгілер мен сынамаларды белгілеу, оларды орнатылған үлгідегі дайын бланкты жапсырмаларға тіркеу.
139. Нормативті материалдар 79 кестеде (6 қосымша) және 140 т. келтірілген.
140. Геологиялық қарап шығу әдісімен (75 кестені қараңыз, 6 қосымша) іздеулерде бағдарларды жүргізетін өндірістік топта әр орындаушының еңбек шығындары (адам – кезеңде) сан жағынан осы жұмысты орындауға (79 кесте, 6 қосымша) кететін уақыт мөлшерлемелеріне тең. Геологиялық партия басшысы немесе іздеу отряды басшысының еңбек шығындары – 0,10 адам – кезең.
Параграф 6. Жердегі гидрогеологиялық және инженерлі –геологиялық бағдарлар
141. Жердегі гидрогеологиялық және инженерлі – геологиялық бағдарларды өткізу үшін негіз орындалатын таспаға түсіру масштабындағы немесе одан ірі масштабтағы дайын геологиялық карта болып табылады.
142. Осы бағдарларды өткізу бойынша жұмыс құрамы гидрогеологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге уақыт мөлшерлемелерінде келтірілген, олар 05.05.2011 жылы № 124 Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар Министрінің – Қазақстан Республикасының Премьер – Министрі Орынбасарының бұйрығымен бекітілген. Мұнда тек 1:100 000, 1:50 000 және 1:25 000 (80, 81 кестелер, 6 Қосымша) масштабтарының бағдарлары келтірілген.
143. Гидрогеологиялық және инженерлі – геологиялық бағдарларды өткізетін (69 кестені қараңыз) өндірістік топ ішіндегі әр орындаушының (адам – кезеңде) еңбек шығындары сан жағынан осы жұмыстарды орындауға кететін уақыт мөлшерлемелеріне тең (80 және 81 кестелер, 6 Қосымша). Партия басшысының еңбек шығындары (гидрогеологиялық, инженерлі-геологиялық) – 0,10 адам – кезең.
Параграф 7. Материалдарды далада камералды өңдеу
144. Бөлімшеде дала алдындағы және дала жұмыстарында жинақталған іздеу бағдарлары бар немесе оларсыз геологиялық құрамды таспаға түсіру нәтижелерін далада камералды өңдеуге нормативті материалдар ұсынылған, соның ішінде:
төртінші сатылыққа дейін және төртінші сатылы түзілулерді ГТ және ТГТ іздеу бағдарларымен;
түпшаймалар әдісімен іздеулерде дымқыл сатылы түзілулердің ГТ және ТГТ;
іздеу бағдарларымен төрінші сатыға дейінгі және төртінші сатылы түзілулерді зерттегенде АГӘҚЗ және ГМКТ;
іздеу бағдарларымен төрінші сатыға дейінгі және төртінші сатылы түзілулердің ГТ және ГГИ;
Г, ТГГТ, ТСГ, ТСГИ, ГИ, И;
АГГӘҚЗ;
іздеу жұмыстарында 1:10 000 және 1:5 000 масштабтарды геологиялық картаға түсіру.
145. Нормативті материалдар белгілі жұмыс көлемін (құрастыру, толықтыру, дәлдеу және дала карталарының ережелерімен алдын – ала ескерілген жұмыс рәсімдеулер және т.б.) орындауды қамтамасыз ететін іздеу – таспаға түсіру (түсіру) партияларының немесе өндірістік топтардың түрлік құрамына (75 кестелер (6 қосымша), 82-87 (7 қосымша) орнатылған.
146. Іздеу жұмыстары кезінде 1:10 000 және 1:5 000 масштабтарының геологиялық картаға түсіруінің материалдарды далада камералды өңдеуі іздеу партиясының өндірістік тобымен орындалады (75 кесте (6 қосымша) және 121 т. қараңыз).
147. Еңбек мөлшерлемелері орнатылған өлшеуішпен келесілер қабылданған:
1:200 000 – 1:25 000 масштабтарындағы геологиялық құрамы бар тісірілім материалдарын далада камералды өңдегенде – жұмыс масштабында топографиялық негізі бар 1 тізілім парағы;
іздеу жұмыстары процесінде 1:10 000 және 1:5 000 масштабтарында геологиялық картаға түсірудің тісірілім материалдарын далада камералды өңдегенде – геологиялық картаға түсіру жүргізіліп жатқан аумақтың 10 км2.
148. Жұмыс құрамы таспаға түсіру алуандылығына тәуелсіз. Дайындау - қорытынды операциялар. Жұмыс орнына қызмет көрсетумен байланысты операциялар. Тау жыныстарының жұмысшы үлгілер топтамасын қосымша зерттеу, өңдеу және қысқарту. Дала анықтамалары бар жиналған органикалық қалдықтарды қарап шығу. Дала кітапшаларын, жапсырмаларын, сәйкес журналдарды және каталогтарды тас материалдарын және дала талдауларын қосымша зерттеудің нәтижелері бойынша түзету. Үлгілер мен сынамалардың құжаттамаларын құрастыру, зертхана зерттеулерін құрастыруға тапсырыстарды рәсімдеу. Жәшіктерге үлгілер мен сынамаларды қораптау және тағайындалған жерлерге жөнелту. Жаңа алынған ақпараттарды ескере отырып АКТМ, геофизикалық және геохимиялық материалдардың қосымша дешифрирлануы және түрлендірілуі. Барлық дала бақылауларын өңдеу, дәлдеу және байланыстыру, оларды талдау және салыстыру. Геологиялық – геоморфологиялық беттерді құрастыру. Алдын – ала жасалған міндетті карталарды толықтыру және дәлдеу. Дала карталарын және сұлбаларын жұмысшы рәсімдеу. Барлық мақсатты сұрақтар бойынша жаңа деректерді сипаттаумен қысқаша дала есеп беруін (жазбасын) құрастыру. Ағымдағы әкімшілік – шаруашылық және қойма – қосымша жұмыс.
149. ГТ, ТГТ, ГМКТ, АГӘҚЗ, ГГ және ГГИ материалдарын іздеу бағдарларымен далада камералды өңдегенде Жұмыс құрамына 149 т. көрсетілгендерден қосымша келесілер қосылады: алдын ала жеке дара стратиграфиялық (литологиялық) бағандарды және тау қазбалары мен тірек табиғи жалаңаштанулары бойынша (бұрғылау ұңғымалары) геологиялық тіліктерді құрастыру; алдын – ала корреляциялық сұлбаларды құрастыру; кен және өзге кесектерді зерттеу; түпшаймаларды қорытынды өңдеу және олардың минералогиялық зерттелуі, соның ішінде түпшаймалардың талдау карточкаларын толтыруды қоса.
150. Нормативті материалдар 88-92 кестелерде (7 қосымша) және 153-154 тт. келтірілген.
151. ГГ, ГГИ, ГЧ, ГИЧ, ГИ геологиялық құрамы бар біріккен таспаға түсірулердің материалдарын даладағы камералды өңдеуге уақыт мөлшерлемелері кешенге кіретін таспаға түсірулер кезінде осы жұмысты орындауға уақыт мөлшерлемелерінің қосындысына кешендеу коэффициенттерін қолдану жолымен (93 кесте, 7 қосымша) анықталады.
152. Геологиялық құрамы бар (82-87 кестелерді, 7 қосымша және 146 т. қараңыз) таспаға түсіру материалдарына далада камералды өңдеуді жүргізетін партия немесе өндірістік топтың әр орындаушысының еңбек шығындары (адам - кезеңде), сан жағынан осы жұмысты орындаудың уақыт мөлшерлемелеріне (88-92 кестелер, 7 қосымша) тең. Геологиялық картаға түсіру кезінде іздеу партиясы басшысының еңбек шығындары - 0,1 адам – кезең.
153. Топонегіздің бірнеше тізімдеме парақтарында орындалған геологиялық құрамы бар таспаға түсіру материалдарын далада камералы өңдеу үшін коэффициенттер пайдаланылатын (94 кесте, 7 қосымша) 88, 89, 91 кестелерде көрсетілген (7 қосымша) уақыт мөлшерлемелері пайдаланылады. Партияда әр орындаушының еңбек шығындары 153 т. баяндауларға сәйкес анықталады.
7. Таспаға түсіру жұмыстары материалдарын камералды өңдеу
154. Бөлімде геологиялық құрамы бар таспаға түсірулердің бастапқы деректерін камералды аралық (дала мезгілдерінің арасында) және қорытынды өңдеудің нормативті материалдары келтіріледі:
іздеу бағдарларымен төртінші сатылыққа дейін және төртінші сатылы түзілулердің ГТ және ТГТ;
түпшаймалар әдісімен іздеулермен дымқыл төртінші сатылы түзілулердің ГТ және ТГТ;
іздеу бағдарламаларымен төртінші сатылыққа дейін және төртінші сатылы түзілулердің АГӘҚЗ;
іздеу бағдарламаларымен ГГ және ГГИ;
Г, ГГГС, ГЧ, ГИЧ, ГИ, И;
АГГӘҚЗ;
іздеу жұмыстары кезінде 1:10 000 және 1:5 000 масштабтарын геологиялық картаға түсіру.
155. Нормативті материалдар тек жұмыс құрамына сәйкес жинақталған деректерді камералды өңдеуге ғана ұсынылған (163, 164, 169, 170, 179 тт. қараңыз).
156. Материалдарды камералды өңдеуге сонымен бірге сынап көру және аралық камералы периодтың жұмыстар нәтижелерін қабылдау және сәйкес мекеменің ҒТК қорытынды есеп беруді қарастыру, сонымен қатар алғашқы құжаттарды сақтауға тапсыру кіреді. Осы жұмыстардың сметалық құны СҚЕ анықталады.
157. Нормативті материалдар іздеу – таспаға түсіру (таспаға түсіру) немесе өндірістік топтың түрлі құрамдарының астына жобаланған, оларың құрамы 75 (6 қосымша), 82-87 (7 қосымша) кестелерде келтірілген (онда жұмысшылар есепке алынбайды). Мамандардың осы дәрежесінде мөлшерлемелер 71-1 кесте (6 Қосымша) бойынша орнатылады.
158. Уақыт мөлшерлемелері анықталған өлшеуіштермен келесілер қабылданған:
ГТ, АГӘҚЗ, Г, АГГӘҚЗ, И таспаға түсіру материалдарын камералды өңдегенде – жұмыстар масштабында топографиялық негіздің 1 тізілімдеме парағы;
сол сияқты іздеу жұмыстарында геологиялық картаға түсіру – геологиялық картаға түсіру орындалған аумақтың 10 км2.
159. Уақыт мөлшерлемелері 95-100 кестелерде (8 қосымша) және 162 және 168 тт. ұсынылған, бір атаулы таспаға түсірулердің материалдарын камералды өңдеу ғана қамтылған. Біріккен таспаға түсірулерді жүргізгенде (ГГ, ГГИ, ГЧ, ГИ, ГИЧ) дәл сол мөлшерлемелер пайдаланылады, бірақ кешендек коэффициенттері есепке алынады (101 кесте, 8 қосымша).
160. Таспаға түсіру материалдарын аралық камералды өңдеуге уақыт мөлшерлемелері коэффициенттерді пайдаланумен (168, 174, 178 тт.) 95 – 100 кестелері (8 қосымша) және 166 және 172 тт. бойынша орнатылады.
161. Іздеу жұмыстары кезінде геологиялық картаға түсіруге уақыт мөлшерлемелері 102 кестеде (8 қосымша) және 181 т. ұсынылған.
Достарыңызбен бөлісу: |