Жылутехникада өлшеу мен бақылау пәнінен
Жарғақты тартуарын өлшерлерді зерттеу және тексеру
Зертханалық жұмысына әдістемелік көрсетулер (ішкі қолдану үшін)
Жұмыс мақсаты
Жұмыс мақсаты микроқысымөлшерлер, тартуөлшерлер, орынөлшерлер тартуарынөлшерлердің көмегімен аз қысымдар мен сиретілерді өлшеу бойынша іс жүзінде тәжірибе алу болып табылады.
Жұмысты орындау барысында студент міндетті :
жарғақты тартуөлшерлер, орынөлшерлер және тартуарынөлшерлердің жұмыс істеу принципін және құрылмаларын оқып меңгеру.
ММН типті көлбеу түтігі бар сұйықтық микроқысымөлшердің жұмыс істеу принципін және құрылмасын оқып меңгеру.
Сұйықтық микроқысымөлшер көрсетулеріне түзетулер еңгізу әдістерімен танысу.
Тексеру стендтің сүлбесімен танысу.
Сұйықтық микроқысымөлшер арқылы тарту және орынөлшер, тартуарынөлшердің тексеруін өткізу.
Аспаптың пайдалануға жарамдылығы жайында қорытынды жасау.
Жарғақты тарту және орынөлшерлер, тартуарынөлшерлер.
Мұндай типті аспаптар жегі емес (жексіз ) газдардың 40 кПа (4000кгс/м) аспайтың шамалы артық (орынөлшерлер) және сиретілу (тартуөлшерлер) қысымдарын өлшеу үшін қолданылады.
Қарастырылатын аспап түрлерінде серпімді,сезгіш түзгілері ретінде берілшілік қоланың металлдың қорытпасынан жасалған жарғақтық қораптар қолданылады.
Сондықтан оларды әдетте жарғақты аспаптар деп атайды.
Жарғақты аспаптарды жатық кескінді (профильді),кейде концентірлі (дөңгелекті) өлшемесі бар көрсететін аспаптар түрінде орындайды.Жұмыс істеу принципі жағынан олпрдың құрылғылары бірдей болады,тек серпімді қорапбымен санау құрылғысын қосып біріктіретін беріліс тетіктерінің кейбір түзгілері ,өлшеме мен тұрқы пішіндері әр түрлі болуы мүмкін.1-суретте ТМП жарғақты тартуөлшері сүлбелі көрсетілген.Серпімді сезгіш түзгісі ретінде жарғақты қорап 1 қолданылады.
Жарғақты қораптың ішкі газдың сиретілу қысымы өлшенетін кеңістігімен штуцерге 14 қосылатын түтік арқылы қосылады.Өлшенетін газдың сиретілуі 4 қосылған үстіңгі жарғақтың қатты кіндіктің ауытқуына апарады.Бұл ауытқудан жазық 6 бар келдекті 7 бұрады.Келдек 7 тартқыш 9 және келдек 10 көмегімен өлшеме бойымен көрсеткіш жебешесін 5 белгілі бір бұрышқа жылжытады.
ТМП типті жарғақты тартуөлшер.
Келдекті тетікте саңылауларды болдырмау үшін көрсеткіш жебешенің белінде шиыршықты….13 орнатылған.
Аспап өлшемесін түзету үшін келдекті тетікте бұрыштық жетілдіру ескерілген.Жетілдіру жебеше втулкасын 11 келдек 10 орнатылғаны бар бел втулкасына 12 қатысты жылжыту арқылы орындалады.Жебеше втулкасын бекіту үшін бұранда 15 қолданылады.Келдек 10 және жебеше 5 арасындағы бастапқы бұрышын 36-дан 0 дейін өзгертіп келдекті тетіктің бейсызықтығын 2-ден 12% дейін өзгертуге болады.
Жебешені өлшеменің нольдік белгісіне орнату жетілдіргіш 3 көмегімен орындалады.
НМП орынөлшерлері және ТНМП тартуарынөлшерлері өзінің құрылғысы жағынан қарастырылған тартуөлшермен ұқсас.
Жарғақты аспаптардың дәлдік топтары 1,5 және 2,5.Қоршаған ауаның температурасы 20+-5с градустан 5-тен 50с дейінгі температуралар аралығында өзгеруінен болатын қосымша температуралық қателік әр 10с градусқа мұндай шамадан аспауы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |